Ауыл шаруашылығы саласын әлеуметтік – экономикалық дамытудың мәселелері

01 апреля 2015 | 450

Жоспар

Елдегі ауыл шаруашылығының дамуынсыз Қазақстанда жоғарғы әсерлі ұлттық экономиканы қалыптастыру мүмкін емес. Әлемдегі дамыған елдерде ауыл шаруашылығы көбіне экономикалық өсім ырғағын, ұлттық жалпы өнімнің құрай отырып, оның құрылымын және сапасын анықтайды. Ауыл шаруашылығы қоғамдағы орта топтың қалыптасуының негізгі іргетасы болып табылады және оның қызмет ету саласының ұлғаюы республикамызда айқын көрініп тұрған әлеуметтік жіктелудің әлсіреуіне әкелуі мүмкін.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы туралы тоқталып, оны дамыту бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі екендігін атап өтті: «... біздің ауыл шаруашылықты дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Біз бизнес ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек» [1].
Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында қабылданған бірнеше мемлекеттік бағдарламалар болса да, елімізде ауыл шаруашылығы экономиканың ерекше секторы ретінде әлі құралмады. Оның дамуына «тежегіш» болып тұрған себептер бірнеше. Соның негізгілерінің бірі болып жетілмеген несиелеу жүйесі табылады.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламалары қабылданып және солар іске асырылуда.
Қазақстанда осы сектордың қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуына әсері жалпы ішкі өнімнің жартысынан астамы оның үлесіне тиетін Батыс Еуропаның, Американың және Оңтүстік Шығыс Азияның өнеркәсібі дамыған елдердегідей аса елеулі болмағанымен, ауыл шаруашылығы біздің елімізде іскерлік өмірдің бұқаралық, серпінді дамушы бөлігі болып отыр.
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту мақсатында жеке секторды қосылған құны жоғары өндірістерді құруға ынталандыратын ауыл шаруашылықты қолдаудың таяу перспективаға арналған, оның ішінде бизнес ахуалды, бәсекелі ортаны қалыптастыруға, жоғары қосылған құны бар жеке секторды ынталандыратын қоғамдық институттар жүйесін қалыптастыру жөніндегі негізгі бағыттарды айқындады.

Қысқаша шолу
Пән атауы: Агрономия
Кол-во страниц: 83 бет
Жұмыстың түрі: Диссертация


тел. 8 777 422 26 68

email: support@izden.kz

Достармен бөлісу