Вы здесь

Қозғалмалы құрамды коммерциялық тексеру уақытын қысқарту

11 ноября 2014 | 1603

Жоспар

Кіріспе
1. ТБА-лі Жезқазған станциясы жайлы жалпы мағлұматтар (техническалық-басқарушы акт) ....................................................
1.2 Жезқазған станция жұмысының анализі.........................................................
2. 2. Вагондарды танып білу жүйесін еңгізу арқасында Жезқазған станциясында коммерциялық тексеруді қысқартудың арнайы бөлімі...............
2.2 Енгізу.............................................................................................................
2.3 Есептеу ........................................................................................
2.3.1 Енгізуден кейінгі жұмыстар.....................................................................
3 Экономикасы ......................................................................................................
4. Еңбекті қорғау қауіпсіздігі шаралары...................................................
Қорытынды.........................................................................................

Кіріспе

Темір жол біздің елімізде көліктің басты түрі, мемелекетке деген маңызы зор. Халқаралық байланыстың дамуына, және халықтың, мәдениеттің, жоғарлауына халықттың өзара қатынасын кеңейтуге әсер етті. Темір жол әр түрілі инжнерлік құрылғылармен техниканың құралдармен жабдықталған ең негізгісі темір жол жылжымалы құрамды локомативті вагондар шаруашылығымен құрылыс, және құрылғы сигналдар электір жабдықтарына байлансты, станция тораптары.
Темір жол көлігі Қазақстан экономикасын дамытуда басты роль ойнап, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың негізгі бөлігін атқару арқылы мемлекеттің көлік жүйесінің негізі болып табылады. Қазақстан темір жол торабының инфрақұрылымы республиканың барлық аймақтарын өзара байланыстырып, басқа көрші мемлекеттердің темір жол тораптарымен 15 байланыс нүктесіне ие, оның ішінде он бірі Ресей Федерациясымен.
Қазақстан темір жолдарының халықаралық қызметінің мақсаты- жолаушылар мен жүктерді тиімді тасымалдауды қамтамасыз етуде әртүрлі мемлекеттердің теміржол әкімшіліктерінің ынтымақтастығына жан-жақты көмек ету. Тәуелсіздігін алғалы Қазақстан темір жолдары өздерін екі жақты негізде және көптеген мемлекет аралық ұйымдар мен құрылымдар құрамында өзара пайдалы ынтымақтастықты көздейтін тең және егеменді серіктес ретінде дүниеде жариялады.
Үлкен территорияны алып жатқан Қазақстан үшін барлық аудандарды қосатын екі жақты теміржол тораптары қажет. Қазірдің өзінде 2000 жылдан бастап жүк айналымының өсуіне байланысты қолданылып жатқан теміржолдар жалпы жүк айналамының көлемін тасымалдауға қанағатсыз жағдайда. Яғни, Қазақстан теміржолдарының көбісі бір жақты болғандықтан, тасымалдау кезінде уақыт жағынан ұтылады. Жоғарыда айтылған теміржол бағыттарының кемежайларымен байланысы және өнеркәсіптік жерлермен өтуі экономикалық тұрғыдан пайдалы. Дегенмен, дамушы мемлекетіміз үшін бұл қанағаттанарлықсыз, сондықтан да біз 2030 бағдарламасын толығымен орындауымыз үшін, еліміздің көлік және коммуникация саласына да көңілімізді аударуымыз тиіс.
Темір жолдар жүзеге асырып отырған жолаушылар мен жүктерді тасымалдау үдерісін тұғырнамалық тұрғыдан өзара байланысты екі процеске – тасымалдауларды жүзеге асыру мен осы сөздің кең мағынасында алғандағы қызмет көрсетуге бөлу көзделген болатын.
Қазақстан экономикасының өсімі үшін темір жол жүк тасымалдауларының маңыздылығымен бірге, Қазақстан темір жолдары жолаушыларды тасымалдаумен қамтамасыз етуде тіршіліктің маңызды рөлін атқарады.
Темір жол көлігінің жүйелік қызметі жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру және ұйымдастыру болып табылады. Негізгі қызметті жүзеге асыру үшін техникалық құралдар қолданылады. Темір жол көлігінің жүйесінде қызметтің бөлігі тасымалдау барысында қолданылатын техникалық құралдарды жөндеумен және оларға күтім жасаумен байланысты.
Теміржол көлігінің спецификалық ерекшеліктеріне орай оның активтерінің 80% ұзақ мерзімді активтер құрайды. Сондықтан да саланың техникалық қарулануы көліктің негізгі қызметінің – жолаушылар мен жүктерді тасымалдау тиімділігін арттыру үшін анықтаушы ролге ие.
Мемлекеттің экономикалық өсуі жағдайында теміржол көлігінің тиімді қызмет етуі үшін негізгі талаптары болып, өзіндік шығындарды азайту, тасымалдаудың үлкен көлемдерін жүзеге асыру, сұраныстың өзгеруіне икемді әрекет ету,тасымалдау қауіпсіздігін сақтау табылады.
Теміржол саласын реформалау процесі, мемлекеттің жалпы және инвестициялық саясатын, сонымен қатар басқару процесін де өзгертуі керек. Жалпы айтқанда, Қазақстанның теміржол көлігінің тиімді қызмет етуіне жету үшін бірталай күрделі жұмыстар жасау керек. Мені бұл мәселелер іштей өте қызықтырды. Сондықтан да мен бітіру жұмысымның тақырыбын осы мәселелерге сай таңдадым. Бұл жұмысымда өзім өскен Жезқазған қаласының станциясындағы теміржолдың жалпы жағдайы, мәселелері және оны шешу жолдарына назар аударылған.

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 3000 теңге
QIWI терминалы арқылы төлеу:
  1. Экранда «Оплата услуг» бөлімін таңдау:
  2. «Электронная коммерция» бөлеміне кіру:
  3. "QIWI Кошелек" таңдау:
  4. "QIWI Кошелек" нөмерін теру:
    +7 707 855 00 01
  5. Чекті алу
  6. Төлегеннен кейін Чектің номерін форма арқылы жіберіңіз
Қысқаша шолу
Пән: Металлургия
Көлемі: 74 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу