Вы здесь

Дешті Қыпшақ оның ішінде Шығыс Дешті Қыпшақ территориясындағы Ақ Орда мемлекетінің ХІІІ-ХV ғасырлардағы саяси және этникалық тарихы

18 марта 2015 | 2489

Жоспар

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

1 XIII-XV ҒҒ. АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ДЕШТІ ҚЫПШАҚТЫҢ САЯСИ ТАРИХЫ
1.1 Орда Ежен ұлысы және XIV ғасырдағы Ақ Орда.............................................9
1.2 XV ғысырдағы Шығыс Дешті Қыпшақтың саяси жағдайы. Ақ Орданың құлдырауы...........................................................................................................23

2 XIII-XV ҒҒ. ДЕШТІ ҚЫПШАҚТЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 XII ғғ. соңы мен XIII ғ. басындағы Дешті Қыпшақтың этникалық жағдайы.................................................................................................................35
2.2 XIV-XV ғғ. Қазақстан аумағында этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы...........................................................................................................48

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................57

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................59

Кіріспе

XIII ғасырдың басында Монғол империясының құрылуы ортағасырларда Еуразия аймағының саяси тарихында маңызды кезең болып табылады. Моңғолдардың Қазақстан мен Орта Азия территориясын жаулауы аталған аймақтың саяси картасын түбегейлі өзгеріске ұшыратты. Бұл жағдай ХІІІ-ХV ғасырлардағы Қазақстан тарихына тікелей байланысты. Ол Дешті Қыпшақтың, әсіресе, Шығыс Дешті Қыпшақ территориясының мемлекеттік жүйесіне, оның бұдан арғы дамуына маңызды этникалық, саяси және әлеуметтік өзгерістер әкелді.
ХІII ғасырдың II жартысынан бастап Монғол империясындағы жергілікті халықтардың саяси өміріндегі рөлі өсе бастайды. Бұл процесс монғол хандарының орталық билігінің әлсіреуімен қатар жүріп, нәтижесінде жергілікті этникалық топтарға негізделген Шыңғыс хан ұрпақтарының мемлекеттері пайда болды. Қазақстан жеріндегі монғол жаулап алушылығынан кейінгі дәуірде жергілікті этникалық топтар негізінде құрылған алғашқы мемлекетке - Орда Ежен әулетінің мемлекеті немесе Ақ Орда мемлекеті жатады.

Дешті Қыпшақтың оның ішінде Шығыс Дешті Қыпшақ территориясындағы Ақ Орда мемлекетінің тарихы арқылы ХІІІ-ХV ғасырлардағы әлеуметтік-этникалық, саяси этникалық және мәдени процестерді анықтауда, сондай-ақ ХV ғасыр ортасында қалыптасқан Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары мен қазақ халқының қалыптасуы барысындағы этникалық процесті біле аламыз. Сондықтан да Ақ Орда мемлекеті тарихының Отандық тарихта, оның ішінде ортағасырлық Қазақстан тарихында алатын орны ерекше. XIII ғасырдан XV ғасырдың бірінші ширегіне дейін қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген Ақ Орда хандығының территориясы, этникалық құрамы қалыптасып, жүйеленіп болды да, одан кейінгі ғасырларда саяси және этникалық тұрақтану XV ғасырдың ортасында қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы мен қазақ хандығының құрылуына алып келді.

Маңызы жоғары тақырып болса да әлі күнге дейін Ақ Орда тарихына арналған арнайы ғылыми жұмыстар жеткілікті емес. Оның себептеріне: тақырыптың өте күрделілігі мен ауқымдылығы, дерек мәліметтерінің тапшылығы, қарамақ-қайшылықты пікірлердің көптігі (бір ғана Ақ Орда және Көк Орда атауларына байланысты он шақты пікірлер бар) және т.б. жатса керек. Аталған жәйттер тақырыпты зерттеуге мүмкіншілік жоқ деген ой тудырмайды. 60-70 жылдардың ішінде Ақ Орда тарихына байланысты көптеген мәселелер қарастырылады. Әлі де болса, жазба деректердің аздығына байланысты Ақ Орда тарихының көптеген мәселелері, атап айтсақ: ішкі құрылымы, хандықтың ру-тайпалық құрамы, этникалық мәселелері, ішкі саяси жағдайымен дамуы, тіпті хандықтың құрылған мезгілі, шекаралары және тағы басқа мәселелері толық зерттеусіз қалып отыр. Тіпті әлі күнге дейін ХІІІ-ХV ғғ. Дешті Қыпшақтың басым бөлігінде құрылған мемлекеттік құрылымның атауы жөнінде ортақ бір пікір жоқ. Міне, сондықтан да біз диплом жұмысы үшін осы тақырыпты таңдай отырып, аталмыш тақырыптың зерттелуіне азды-көпті үлесімізді қосуды мақсат тұттық.

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 3000 теңге
QIWI терминалы арқылы төлеу:
  1. Экранда «Оплата услуг» бөлімін таңдау:
  2. «Электронная коммерция» бөлеміне кіру:
  3. "QIWI Кошелек" таңдау:
  4. "QIWI Кошелек" нөмерін теру:
    +7 707 855 00 01
  5. Чекті алу
  6. Төлегеннен кейін Чектің номерін форма арқылы жіберіңіз
Қысқаша шолу
Пән: Қазақстан тарихы
Көлемі: 59 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу