Вы здесь

XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы ортағасырлық Қазақстан тарихы

09 мая 2014 | 3372

Жоспар

Кіріспе 3

I-Тарау:
Ортағасырлық Қазақстан тарихы мәселелері ХІХғ. соңы – ХХ ғ. басындағы орыс зерттеушілері мен шығыстанушыларының
еңбектерінде
1.1. Қазақ өлкесі мен оның тарихын зерттеудің барысында тарихи
мәліметтердің жинақталуы мен сипаты. 7
1.2. Ортағасырлық Қазақстан тарихы мәселелері орыс
зерттеушілерінің еңбектерінде. 16

II- Тарау:
Ортағасырлық Қазақстан тарихы мәселелері XIX ғ. соңы-
ХХ ғ. басындағы ұлт зиялыларының еңбектерінде.
2.1. Түркі және моңғол дәуірі кезіндегі Қазақстан тарихы мәселелерінің зерттелуі. 26
2.2. Қазақ халқының қалыптасуы мен оның мемлекеттілігі туралы мәселеге ұлт зиялыларының көзқарасы. 38

Қорытынды 53

Пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі 55

Кіріспе

Еліміздің тәуелсіздік алуы мен қоғамдық ой-сананың дамуында соңғы 10-15 жылда орын алған өзгерістер нәтижесінде тарихи зерттеулер мен еңбектердің де ғылыми бағыты мен сапасы жаңа арнаға бет бүрды. Өмірдің өзі әкелген өзгерістер нәтижесінде тарихшы ғалымдарымыз отандық тарихымыздың ақтандақ түстарын жан-жақты зерттеуге ден қойды. Әсіресе тарихымыздың кеңестік кезендегі ақтаңдақтары: 1930-33 жылғы ашаршылық, 1937 жылғы саяси репрессия, Алаш қозғалысы, т.б. мәселелер кең көлемде көтеріліп, қоғамдық пікір-талас тудырды. Арада біраз уақыт өткен кезенде ғалымдар кеңес саясатын жаппай сынға алу бағытынан біраз ауытқып, күрделі тарихи проблемаларға назар аударып, жүйелі түрде зерттеуге көшті. Осы тұрғыдан келгенде ортағасырлық Қазақстан тарихы мәселелерін зерттеуте баса назар аударлып отыр.

Себебі қазақ халқының қалыптасуы, оның мемлекеттілігі, төл мәдениетінің бастаулары және сипатты ерекшеліктері сияқты күрделі проблемаларды шешу мен олардың нақты ғылыми негізделген түжырымдамасын үсыну қажеттілігі туды. Осы орайда аталған проблемаларды зерттеуді бастамастан бұрын мәселенің тарихнамалық негіздеріне талдау жүргізу маңызды болып табылады.

Себебі ортағасырлық Қазақстан тарихының зерттелу тарихнамасын қарастыра отырып тарихи ойдың дамуы, тарихи білімдердің жинақталуы және соның нәтижесінде өмірге келген тарихи зерттеулердің ғылыми-методологиялық негіздерін, бағыттарын, сипатын анықтаймыз. Аталған мәселенің тарихнамасы өзіндік дәстүрі бар, кең ауқымды зерттелген мәселелер қатарына жатады десек те, мұның да ақтандақ түстары жоқ емес. Мәселен ұлттық тарихымызды ұлт тілінде, ұлттық бағытта, төл деректерімізді пайдаланып зерттеген қазақ зиялыларішың еңбектері соңғы жылдары ғана тарихнамалық тұрғыдан зерделеніп, мәселе енді ғана көтеріліп отыр. Сондықтан бітіру жүмысының тақырыбы ретінде алып отырған XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы ортағасырлық Қазақстан тарихы мәселелерінің зерттелуін жеке проблема ретінде алып қарастырудың өзектілігі айқындала түспек.

Аталған хронологиялық шек тұсында ортағасырлық Қазақстан тарихын зерттеу бойынша берік шығыстанушылық зерттеулер мен деректік негізге ие болған орыс зерттеушілері мен ұлттық деректер мен ерекшелігін терең білген ұлт зиялыларының аталған мәселені зерттеудегі бағыттары, жеткен жетістіктері, ерекшеліктері мен сипаты туралы тарихнамалық талдау жасаудың маңызы зор деп есептейміз.

Бітіру жұмысының тарихнамасы: XIX ғасырдың соңы —XX ғасыр басындағы Қазақстан тарихы мәселелерінің зерттелу проблемасы арнайы монографиялық тұрғыдан жеке тақырып ретінде қарастырылмаған. Дегенмен, аталған хронологиялық шек кезіндегі зерттеушілер мен олардың еңбектеріне жасалған Тарихнамалық талдауды ортағасырлық Қазақстан тарихы мәселелерін қамтитын жаңа шыққан Қазақстан тарихы (5 томдық) академиялық басылымының 2-ші және 3-ші томдарынан табуға болады /1/.
XIX ғасырдың соңы —XX ғасыр басындағы ортағасырлық Қазақстан тарихы бойынша ғылыми талаптарға негізделген және ғылыми сынның үрдісінен шыға білген көлемді зерттеу еңбектеріщказған белгілі зерттеуші В.В. Бартольд еңбектері тарихнамада біршама таңданған. Аталған зерттеушінің ғылыми зерттеу жүмыстарына жан-жақты баға берілді, тіпті жеке "Бартольд тану" мектебі қалыптасты десек те болады. Қазақстандық зерттеушілер де В.В.Бартольдты "ортағасырлық Қазақстан тарихын зерттеуші тарихшы әрі археолог ғалым ретінде" бағалап, лайықты бағасын берді /2/.

Қарастырып отырған кезең бойынша тарихнамада соңғы жылдары ғана көтеріліп, енді-енді тарихи тұрғыдағы бағаларын алып жатқан зерттеушілер ұлт зиялылары болып табылады. Қоғамдық өмірде орын алған өзгерістер нәтижесінде бұл ақтандақтардың да орны толтырыла бастады. Ұлт зиялыларының жеке түлғаларының қоғамдық-саяси және ғылыми-шығармашылық қызметтерін диссертациялық деңгейде зерттеу бел алды. Мәселен М. Тынышбаев /3/, М. Дулатов /4/, Ә. Бөкейханов /5/, басқаларының қоғамдық-саяси және ғылыми-шығармашылық қызметтеріне лайықты бағалары берілді.

Сондай-ақ ұлт зиялыларының отандық тарихымызда алатын орны мен қызметі туралы жалпы зерттеу еңбектері /6/ жарық көріп, бұл еңбектер куғындалған қазақ зиялыларының тарихтағы айшықты орнын жоғарыда деңгейде бағалап, осы бағыттағы зерттеу еңбектерінің теориялық-методологиялық негіздерін қалады.

Дегенмен аталған еңбектерде ұлт зиялыларының тарихи көзқарастары мен тарихи еңбектеріне жалпы баға беріліп, арнайы зерттеу нысаны ретінде қарастырылмады. Бұл кемшіліктің орны Ш.Т. Омарбековтың "Саяси куғындалған қазақ зиялыларының тарихи көзқарасы" атты тақырыптағы диссертациясында толықтырылды /7/. Автор тұңғыш рет ұлт зиялыларының отандық тарих проблемалары тұрғысындағы зерттеулері мен олардың сипаты, бағыты, ерекшеліктері туралы тарихнамалық зерттеуді жүзеге асырды.

Тақырыбымыздың тарихнамалық тұрғыдан зерделену барысы, бағыты мен сипаттарына тоқтала келіп, мынандай қорытындылар жасаймыз. Ортағасырлық Қазақстан тарихы мәселелерінің зерттелу кезендерін хронологиялық тұрғыдан алып қарастырғанда XIX ғасыр соңы-ХХ ғасырдың басы аса жемісті кезең болғандығын көреміз. Бірақ осы кезеңдегі зерттеушілерінің еңбектерінің нәтижелері неліктен және қалай бұрмаланды? Мұның себебі, егер орыс зерттеушілеріне байланысты айтар болсақ мынадай еді. Берік деректанушылық негізде жазылған іргелі зерттеулер кеңестік кезенде "қоғамның таптық сипатымен олардың күресін көрсете алмауы" тұрғысынан сыналды. Ал, ұлт зиялыларының еңбектері "халық жаулары" мен "ұлтшылдардың," "кертартпа," "еш ғылыми негізі жоқ" еңбектері ретінде тіпті аталуына тиым салынды. Осылайша тарих ғылымының отандық тарихымызда зерттеуіміз обьективті бағыты бұрмалаушылықтарға үшырады.

Бітіру жұмысының деректік негізін XIX ғасырдың соңы - XX ғасыр басында жазылған, орта ғасырлық Қазақстан тарих мәселелерін қамтыған зерттеушілердің: В.В.Бартольд, В.В.Радлов, Н.Н. Пантусов, В.Г. Тизенгаузен, В.В. Вельяминов-Зернов, И.И. Веселовский, В.Р.Розен, И.А.Аристов, Ә.Бөкейханов, М. Тынышпаев, А.С.Чулошников, С. Афендяров, Ш. Күдайбердиев, М. Шоқай, т.б. еңбектері қүрайды.

Бітіру жүмысының хронологиялық шегі ретінде XIX ғасырдың соңымщ XX ғасыр басындағы орта ғасырлық Қазақстан тарихының зерттелуі алынды. Себебі XIX ғасырдың соңымен - ХХ ғасыр басында орта ғасырлық Қазақстан тарихын зерттеу мәселесі аса бай деректік негізге ие болып, іргелі зерттеу еңбектері пайда болды. Бұл деректер топтамасымен зерттеу еңбектері осы күнге дейін зерттеушілердің тірек нысанына айналып, өз маңызын сақтап отыр.

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысын жазу барысында XIX ғасырдың соңымен- XX ғасырдың басында жарық көрген, орта ғасырлық Қазақстан тарихы проблемаларына арналған зерттеулерге тарих/намалық талдау жасау арқылы, тарихи зерттеулердің бағыттары, сипаты, ерекшеліктері туралы ой қорытуды мақсат етіп қойдық.
Осы мақсатымызға жету үшін мынандай міндеттерді анықтадық:

  • XIX ғасырдың соңымен XX ғасырдың басында тарихи білімдердің, деректермен мәліметтердің жинақталуы және олардың сипатына тоқталу;
  • Аталған кезеңдегі орыс шығыстану ғылымының көрнекті өкілдерінің еңбектері және орта ғасырлық Қазақстан тарихы мәселелерінің зерттелуі, деректік негіздері және сипатына талдау жасау.
  • Ұлт зиялылары еңбектеріндегі түркі және моңғол дәуірі кезіндегі Қазақстан тарихы мәселелерінің зерттелуін қарастыру.
  • Қазақ халқының қалыптасуымен оның мемлекеттілігі туралы мәселедегі ұлт зиялыларының көзқарастарын саралау.

Бітіру жұмысының кұрылымы: Бітіру жұмысы кіріспе, қорытынды бөлімдерімен қатар екі тараудан (әр тарау екі бөлімнен) және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 3000 теңге
QIWI терминалы арқылы төлеу:
  1. Экранда «Оплата услуг» бөлімін таңдау:
  2. «Электронная коммерция» бөлеміне кіру:
  3. "QIWI Кошелек" таңдау:
  4. "QIWI Кошелек" нөмерін теру:
    +7 707 855 00 01
  5. Чекті алу
  6. Төлегеннен кейін Чектің номерін форма арқылы жіберіңіз
Қысқаша шолу
Пән: Қазақстан тарихы
Көлемі: 55 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу