Вы здесь

Шешедік өнер

13 марта 2014 | 16951

Жоспар

КІРІСПЕ 4

1 ШЕШЕНДІК ӨНЕР ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ БАСТАУЫ 4
1.1 Шешендік өнер туралы түсінік 9
1.2 Шешендік өнердің тарихы, қазақ халқының шешендік өнері 13
1.3 Шешендік дағдылар мен біліктіліктер 21
1.4 Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру 25

2 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 30
2.1 Қазақ билерінің шешендік сөздеріндегі дидактикалық мәселелері 30
2.2 Шешендік сөз өнерінің тәрбиелік маңыздылығы 38 2.3 Шешендік өнердегі мақал- мәтелдер мен нақыл сөздер, жұмбақ айтысы, жаңылтпаш мәселелері 43

3 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 48
3.1 Шешендік өнердің психологиялық аспектісі 48
3.2 Шешеннің жалпы мәдениетінің қалыптасуы 49
3.3 Сөйлеу техникасы және шешеннің көпшілік алдында сөз
сөйлеуге психологиялық дайындық 52
3.4 Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнер
рөлін анықтап,дамыту жолдары 70

ҚОРЫТЫНДЫ 85

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 87

ҚОСЫМШАЛАР 89

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Елімізде шешендік өнер демей «Қазақ шешендік өнері» деп айшықтап, меншіктеп атауымыздың мәні бар. Шешендік өнер Еуропа елдерінде сонау көне заманнан бермен қарай ғылым болып қалыптасып, арнайы зерттеліп келеді.

Шешендік-сөзбен жүзеге асыратын әрі сөзбен барша жетістіктерге жеткізетін өнердің саласы.Шешен сөзінің дәлелдігін-оның әділдікті жан-тәнімен қолдап қорғауы барлығына түсінікті болғанда айқын көруге болады-деп Квинтилиан айтқан екен.

Шешендік өнер- адамзат өркениеті тудырған рухани-мәдени құндылықтардың бірегейі. Сондықтан шешендік өнер мен оның тарихы-адамзат мәдениеті тарихының сабақтас бір бөлігі.

Көне дәуірде б.з.д. Ү-ІҮ-ғасырларда Грециядан басталып, Римде б.з.д. бірінші ғасырда - Цицерон заманында өркендей түскен шешендік өнерінің гүлдену кезеңдерінің тарихы әлемге әйгілі. Өйткені, сол кезеңдерде-ақ көне Греция мен Римде шешендік өнері өркендеп қана қойған жоқ, шешендік өнері туралы ғылымның –риториканың да негізі қаланды. Көне риториканың жетістіктері гректің ұлы шешені, саяси қайраткері әрі мәмлегері Демосфеннің есімімен тығыз байланысты.
Шешендік сөздің түр-түрін ажыратып, жүйелеп топтастыру да күрделі істің бірі болып табылады.

Шешендік сөздің құрылымы да жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Шешендік дәстүр, шешендік мектеп бізде бүгінге дейін түрен тимеген мәселе күйінде қалып отыр десек, артық айтқандық емес.

Халықтың өмірі, тарихы, елдің тұрмыс тіршілігі қазақ көкірегінен жыр-дастан, өлең-ән, ертегі-аңыз, күмбірлеген күй болып төгілді. Табиғатынан көзі ашық, көкірегі ояу, өзінің кең жазира туған даласындай дарқан дарынды ойын-сауықшыл халқымыз осы баға жетпес қазананы киелі дүниедей қастерлеп, ұрпақ санасына сіңістіріп, болашаққа мәңгі өлмейтін мұра етіп қалдырды. Барша қазақ мәдениетінің түп қазығы саналатын осы теңдесі жоқ қазына бүгін халқымыздың рухани сусындайтын шалқыған шалқар дариясына айналып отыр.

Халқымыздың мақтанышына айналған қазақтың көне ауыз әдебиетінің арада талай ғасырлар өтсе де ұрпақтан-ұрпаққа тарап, ел зердесінде мықтап орныққан, танымдық мәнін, тәрбиелік мазмұнын әсте жоймаған заман ағымына қарай қайта жасарып, айрықша көпшілік ілтифатына ие болып отырған түрі шешендік сөздер, тағылымдар. Қазақ-табиғатынан ділмар, шешен халық. Қазақ тарихында елдің елдігін, халқының бірлігін, бүтіндігін көксеген, елді адалдыққа, адамгершілікке, жақсылыққа үндеп, халқының мұң-мұқтажын, мүддесін көздеп ғұмыр кешкен ділмарлар көптеп саналады. Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билер-заманында қоғамдық қайраткерлер дәрежесіне көтерілген ірі тарихи тұлғалар, қара қылды қақ жарған әділ шешендер. Барша ғаламға ортақ аспан әлемінде Шолпан жұлдызы біреу-ақ. Ал қазақ деген ұлы халықтың ұлы көшін бастаған билер керуенінде мәңгі өшпейтін, өшпек өз алдына елдік көшіміз керуенін жалғастырып, ұзаған сайын қарсы алдынан жарқырай түсетін үш Шолпан жұлдызы бар. Олар-Төле, Қазыбек, Әйтеке.
Ел аузында «Әйтеке жарып айтады, Қазыбек қазып айтады, Төле тауып айтады»деген ұлағатты сөз бар [1.,15б].

Бұлар-қазақтың әлем алдында ортақ тұтар, қайталанбас дара тұлғалар. Бұл үшеуі тұрғыдан, жақсыны жаман жараламайды, елімізді дау араламады. Өйткені, үшеуі жер бөліспеді, дау бөліспеді, жау бөліспеді, бәрін қазаққа ортақ санап, енші бөліспеді.
Шешендік өнердің қалаптасуында билердің орны айрықша. Билік жүйенің қалыптасуы, дамуы және тоқырауы халқымыздың әлеуметтік өмірмен тікелей байланысты екені мәлім. Билік жүйе жойылды. Бірақ шешендік өнер жойылған жоқ.

Қазақ шешендік өнерде сөз ойға тәуелді болады. Егер керісінше болса, айтайын деген ойдың мәні солғындайды. Ұлы Абайдың «Көңілдегі көрікті ой, ауыздан өңі қашады», - деуі содан. Демек, ұтқыр ой мен көркем сөз тең түсіп отырса ғана сөз әсерлі де тартымды, әрі қуатты болады, тыңдаушыны баурап алып, еріксіз мойындатады [1.,27б].
Қазақ шешендері сөздің осы екі жағын тең ұстаған. Би-шешендер ойдың логикалық қисынының бұлтармас тиянақтылығына баса назар аударған. Қаз дауысты Қазыбек, Төле би сияқты хас шешендер, ой байламын заттық қатынастардан емес, ойды оймен қудалау арқылы тудырған. «Ойды ой қозғайды»; «Сөз сөзден туады, сөйлемесе қайдан туады»,-дейді халық. Бұл диалектикалық логикаға тән байлам [2]. Қазақ шешені өзінің ой тұжырымын көркем сөзбен көркейіп, қарсыласын өз ойын мойындауға көндіреді немесе қарсыласының ойы ақиқатқа сәйкес болса, оны мойындайды: алғашқысы-жеңіс, соңғысы-жеңіліс. Сонда шешендік сөздің екі жағы бар екен: қисынды ой, көркем сөз. Қазақ би-шешендерінің шешендік сөздері мен тағылымдары жасөспірім тәрбиесінде алатын орны зор.

«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деген дей, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді арман етіп, «шыншыл, әділетті иманды болу сонау ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміз»дейді де, кейінгі ұрпақтың ата салтын мықтап ұстауын талап еткен. Ата-бабамыздың-төкпе ақындық пен сұңғыла жыршылық, айыр көмей шешендік пен төгілдірген күйшілік секілді киелі өнерлеріміздің ірге тасы бала санасына сәби шақта қалатынын ерекше ескеріп, осынау балдәурен балалық кезеңге айрықша мән берген. Көшпенді ата-балаларымыз ұрпақ тәрбиесіне қатысты жайыттарды топтастырғанда да ғылым үшін аса маңызды жүйелілік принципіне ерекше мән берген.Осы айтылғанға орай жас буын тәрбиесін бесіктен бастап бұларды ақыл-ой, имандылық, еңбек, көркемдік, сымбаттылық секілді сан салаға жұптастырған. М.Әуезовтың: «Ел болу үшін бесігінді түзе» деген сөздің мән-мағынасына ой салсақ, тәлім-тәрбие ісі жас ұрпақ дүниеге келгеннен басталады екен [3].
Ілгеріде айтқандай Европа елдерінде шешендік өнер, шешендердің сөздері ертеден-ақ зерттеліп келеді. Ал біздің елімізде билердің, шешендердің сөздері көбінесе халық жадында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша беріліп келеді. Ертеректе мұндай сөздерді жинау ісімен Шоқан, Абай, Ыбырайлар айналысты. Шешендік өнерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, зерделеу ісі сонау бабамыз Әл-Фарабидің еңбегінен алса, кейінгі кезде Шоқан Уәлиханов, Құбанғали Халид, Ш.Құдайбердіұлы, Ә.Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, Г.Ә.Мәметова, Б.Адамбаев, Р.Сыздықова, Ә.Нұрмаханова еңбектерінде өрісін тапқан [4].

Сонымен қатар шешендік сөз өнерінің теориялық мәселелерімен көне Грецияның ұлы ойшылдары Платон мен Аристотель, Эпикур мен Демокрит те айналысты. Шешендік өнерді зерттеуші ғалымдар Н.Н.Кохтев, Г.З.Апресян, Е.В.Клюев, А.Н.Ефимов.

Соның нәтижесінде болашақ ұрпақтың танымдық деңгейін шешендік өнер арқылы жетілдіруде осы зерттеу жұмысының маңыздылығы зор деп есептеп,диплом жұмысымның тақырыбын: « Баланың танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнердің рөлі » деп алдым.

Зерттеудің мақсаты. Оқыту мен білім беру және тәрбиелеу үрдісінде болашақ ұрпаққа шешендік өнер негізінде тәрбиенің маңыздылығын көрсету. Шешендік өнердің жасөспірім тәрбиесіндегі тәлім-тәрбиелік маңыздылығының ерекшелігін айқындау.

Зерттеудің міндеттеріі:

  1. Шешендік өнерді ұлттық психологияның бастауы ретінде қарастыру.
  2. Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру жолдарын зерттеу.
  3. Шешендік өнердің тәлім-тәрбиелік маңыздылығын айқындау.
  4. Шешендік өнердің психолого-педагогикалық тұрғыдан ықпалдастығын қарастыру.
  5. Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнердің рөлін айқындау.

Зерттеу нысаны. Жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың бойына шешендік дарытып, олардың тіл байлығын, ой-өрісін кеңейту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.

Зерттеу пәні. Шешендік өнер элементтерін элементтерін пайдалана отырып, тәрбие беру процесі.

Зерттеу кешені. Ақмола облысы Абылай хан орта мектебінің оқушылары

Зерттеудегі ғылыми болжам. Егер қазіргі жастарды тәрбиелеуде және оқудан тыс мерзімде өткізілетін іс-әрекеттердің өзара байланыстылығы ескерілсе, әрі оған жастарды баулуда шешендік өнерді мақсатқа сай пайдаланса, болашақ ұрпақ бойында сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, шешендік өнерді оқу-тәрбие үрдісінде ұтымды қолдана білсек, онда жасөспірім балалар бойында адамгершілік, патриоттық, эстетикалық қасиеттерді қалыптастыруға болады.

Зерттеу әдістері. Жалпы білім беретін мектептерде халықтық дәстүрде тәрбие беру процесіндегі озық тәжірибелерді зерттеп қорыту, педагогикалық эксперимент нәтижелерін қорыту,оқушының таным деңгейін жетілдірудегі шешендік өнердің рөлін айқындау барысындағы оқу-тәрбие жұмысының шараларын қарастыру.

Зерттеудің теориялық маңызы. Әдебиетші Б.Ә. Шканованың «Шешендік өнердің жанр ерекшелігі», философ Қ.Ш.Бейсеновтың «Қазақ топырағындағы қалаптасқан ғақлатты ой кешу үрдістері»,заңгер А.С.Қосжановтың «Сырым Датыұлын әрі шешен, әрі би ретінде зерттеу», т.б. сияқты әр саладан зерттелген диссертацияларына сүйене орындалды. Құбанғали Халид, Ш.Құдайбердіұлы, Ә.Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, Г.Ә.Мәметова, Б.Адамбаев, Р.Сыздықова, Ә.Нұрмаханова еңбектеріндегі теориялық ой-пікірлер негізге алынған.

Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеудің нәтижелерін оқытудың мазмұны мен тәсілдерін жетілдіру үшін оқулықтарға қосымша ретінде халықтық педагогика негіздерін пайдалануға болар еді. Жұмыс жанұядағы және түрлі білім мекемелері мен ұйымдарда мелекеттік тілді жетілдіру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру барысындағы іс шараларды дамытуға өзіндік үлес қосары сөзсіз.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы.Зерттеу материалдары бағдарламаларда, оқулықтарда, әдістемелік құралдарда әдіскер мамандарға мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Баланың танымдық деңгейін жетілдіруде шешендік өнердің педагогикалық потенциалын жоғарылатуға ықпал ететін тәсілдер мен құралдарды анықтау.

Зерттеудің әдіснамалық негіздері. Шешендік өнер - ұлттық тәрбие жалпы тәрбие теориясының негізгі саласы, құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан шешендік өнерге баулу тәрбиесінің әдіснамасы мен ғылыми-әдістемелік мазмұны педагогика ғылымында тәрбие теориясына негізделеді. Қазақстанда тәрбие беру мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, түрлері мен құралдарын жетілдіру бойынша Ш.Абдраманның,Қ.Ж.Аганинаның, Қ.М.Арынғазинның, Е.З.Батталхановтың,А.А.БейсенбаеваныңА.Байсеркенің, Қ.Қ.Жампейсованың, А.А.Калюжныйдың, Л.К.Керімовтың, А.А.Қалыбекованың, Н.Ә.Мыңжановтың, Қ.Б.Сейталиевтің, т.б. еңбектері шешндік өнерді тәрбиенің құрамдас бөлігі ретінде оқып-үйренуге мүмкіндік берді.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
«Шешендік өнер ұлттық психологияның бастауы атты» бірінші тарауда: шешендік өнер туралы түсінікке анықтама беріліп, шешендік өнердің тарихына бағдарлы шолу жасалынып, шешендік дағыдалар мен біліктіліктер және сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру негізіндегі шешеннің жеке басының ерекшеліктері жайлы зерттеулер қарастырылды.

«Шешендік өнердің тәлім-тәрбиелік маңыздылығы» атты екінші тарауда: қазақ билерінің шешендік сөздеріндегі дидактикалық мәселелер мен шешендік сөз өнерінің тәрбиелік маңыздылығы және шешендік өнердегі мақал- мәтелдер мен нақыл сөздер, жұмбақ айтысы – жаңылтпаш мәселелері талданды.

«Шешендік өнердің психолого-педагогикалық негіздері» тарауында шешендік өнердің психологиялық аспектісі мен шешеннің жалпы мәдениетінің қалыптасуы және сөйлеу техникасы және шешеннің көпшілік алдында сөз сөйлеуге психологиялық дайындық жолдары қамтылып, оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнер рөлін анықтап,дамыту мәселелері көрсетлді.

Қорытындыда зерттеудің негізгі нәтижелері,қағидалары тұжырымдалады, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 3000 теңге
QIWI терминалы арқылы төлеу:
  1. Экранда «Оплата услуг» бөлімін таңдау:
  2. «Электронная коммерция» бөлеміне кіру:
  3. "QIWI Кошелек" таңдау:
  4. "QIWI Кошелек" нөмерін теру:
    +7 707 855 00 01
  5. Чекті алу
  6. Төлегеннен кейін Чектің номерін форма арқылы жіберіңіз
Қысқаша шолу
Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті
Көлемі: 97 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу