Вы здесь

Қазіргі Оңтүстік Кореядағы ғылым мен техниканың даму мүмкіндігі мен ерекшеліктері

23 ноября 2014 | 4043

Жоспар

КІРІСПЕ

1. ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

1.1.Ғылым мен техниканың рөлі және оның негізгі бағыттары
1.2.Ғылым мен техниканы дамытудағы ұзақ мерзімді жоспар мен заңнамалық базалары

2. ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ

2.1. Инновациялық технологияның дамуы мен рөлі
2.2.Мемлекеттік инновациялық саясаттың аймақтық тәжірибесі (Ульсан қаласының мысалында)

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе

Қазіргі таңда ғылым мен техниканың жаңа тарихи кезеңі басталып кетті деп нақ сеніммен айта аламыз. ХХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХІ ғасырдың басында ғылыми білім экономиканың дамуының басты себепкері болып отыр. Қоғамның заманауи дамуы экономикалық ірі державалардың ғылым мен техниканың келешегі бар бағытын айқындауымен сипатталады.

Көптеген елдер жаңа технологияны дамыту арқылы индустриалдық қоғам құру болатын. Оған мысал ретінде Израиль, Тайвань, Гонконг, Сингапур және Оңтүстік Корея және т.б. елдер жатады. Сондықтан қазіргі таңда экономикалық инновацияны құруда, ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру мен әрекет етуі үшін әлемдік қоғамды зерттеу маңызды болды. 2001 жылы Экономика саласында Нобель сыйлығының лауреаты Э.Энкерлофа, М.Спенса және Д.Стиглиц ғалымдарының пікірлері бойынша мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы қоғамдық тенденцияға байланысты деп ойлайды.

Өндіріс саясаты жаһандануға қарсы жауап ретінде инновацияға бағыттап, келешекте қоғамда ерекше орын алатындай өндіріс түрлерінің дамытып, ҒЗТҚЖ-ның күрделендірді. Оңтүстік Кореяның күрт экономикалық дамуы сыртқы елдердің қызығушылығын тудырып отыр. Экономика саласындағы мемлекеттің саясаты стратегиялық мақсаты әлеуметтік бағыт болатын инновациялық экономика құруға негізделуі керек. Инновaциялық дaму жүйелік көзқaрасты қaжет етеді, өйткені ол тек қана ҒЗТҚЖ және инновацияларға апaрaтын жолдaрды ғaна емес сонымен қатар әлеуметтік, экономикалық ұйымдacтырушылық және т.б. факторлaрдың кері байланысын сондай-ақ қарым-қатынас үрдісін қарастырады. Мемлекеттің иннoвация саласына әсер етудегі мaқсаты зерттеу жүргізудегі тәуекелдерді төмендетуге және нарықты реттеуге бағытталған жaқсы инновациялық саясат құру керек болатын.

1960 жылдары Корея Республикасы үкіметінің басқаруымен маңызды экономикалық өсу мен мемлекеттің әлеуметтеік дамуына қатысты мемлекетті дамыту жоспары қабылданған болатын. 2007 жылы халық табысы 20 000 американ долларын құрады, ол 1962 жылдары небәрі 87 американ долларын құраған еді. Табыстың қарқынды дамуының қатар өмір сүру ұзақтығы артылып, бала өлімі азайды. Әлеуметтік-экономикалық саясат мемлекетке оң нәтиже берді.1988 жылдары авторитарлық корей қоғамы демократиялық басқару режиміне ауысады. Бұндай өзгерістің негізгісі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы өндрісі технологиясының өзгеруіне байланысты.

60-жылдары индустрия дамымаған кезде ауыл шаруашылықтың дамуы өте қажет болды. 1980 жылдан бастап мемлекеттің экономиканы басқару түрі өзгертіледі. Үкімет нарықтық экономиканың дамуына назар аударып, корей нарығын құруды жоспарлаған еді.

Өндіріс саясаты жаһандануға қарсы жауап ретінде инновацияға бағыттап, келешекте қоғамда ерекше орын алатындай өндіріс түрлерінің дамытып, ҒЗТҚЖ-ның күрделендірді. Оңтүстік Кореяның күрт экономикалық дамуы сыртқы елдердің қызығушылығын тудырып отыр. Экономика саласындағы мемлекеттің саясаты стратегиялық мақсаты әлеуметтік бағыт болатын инновациялық экономика құруға негізделуі керек. Инновaциялық дaму жүйелік көзқaрасты қaжет етеді, өйткені ол тек қана ҒЗТҚЖ және инновацияларға апaрaтын жолдaрды ғaна емес сонымен қатар әлеуметтік, экономикалық ұйымдacтырушылық және т.б. факторлaрдың кері байланысын сондай-ақ қарым-қатынас үрдісін қарастырады. Мемлекеттің иннoвация саласына әсер етудегі мaқсаты зерттеу жүргізудегі тәуекелдерді төмендетуге және нарықты реттеуге бағытталған жaқсы инновациялық саясат құру керек болатын.

Соңғы он жылда мемлекеттің саясаты экономикалық жоспарлауға, экспортқа тауар шығаруға, белгілі өндіріс түрлеріне ғана мемлекет тарапынан инвестиция құюға, әлеуметтік салада инвестицияны көбейту, адам ресурстарын дамыту, макроэкономикалық тұрақты отандық өнімдерді қорғауға бағытталған. Корея Республикасының соңғы 10 жылдығында экономика айтарлықтай өседі, нарық пен капитал мөлшері ұлғайып, үкіметтің бұндай комплексті басқаруы қиындай түседі. Дегенімен, үкіметтің нарыққа араласуы тоқтаған жоқ. Корея Республикасының үкіметі денсаулық қорғаудың қаржы нарығында, білім беру саласында, мәдениетте, ақпараттық-коммуникалдық технологияда, сондай-ақ іргелі ғылым саласын зерттейтін ұйымдарға әлі күнге шейін араласып келеді.

Оңтүстік Корея қарқынды экономикалық дамуымен әлемді таң қалдырған болатын. Оған бірден бір себеп мемлекеттің ғылым мен техника саласының дамуына тікелей көмек беруінде болатын. Оңтүстік Кореяның ғылым мен техника саласы-елімізде әлі күнге шейін зерттеле қоймаған тақырыптардың бірі. Қазақстан сияқты дамушы елдер үшін даму моделіне айналған Корея экономикасының қай саласы болмасын, тың тәжірибелер мен үйренуге тұрарлықтай тарихи сабақтарға толы. Сондықтан Оңтүстік Кореяның ғылым мен техникасының даму ерекшеліктері зерттеу өзектілігі болып табылады.

Зерттелу деңгейі. Кореядағы ғылым мен техниканың даму деңгейі 70-80 жылдары жаңа сатыға көтеріледі. ХІХ ғасыр мен-ХХ ғасырда Кореяның технологиясы жаңа деңгейге көтеріліп, әлемдегі ғылым мен техниканың дамыған елдерінің ұздік орнында болады.

Бітіру жұмысында зерттеу тақырыбына байланасты Корея Республикасының Ұлттық кітапханасынан алынған материалдар мен статистикалық мағлұматтар және басқа да ғылыми еңбектер жүйеленіп талданды. Зерттеу тақырыбына қатысты деректер ағылшын, корей және орыс тілдерінде жарық көрген деректерден тұрады.

Деректердің бірінші тобы ғылым мен техниканың ежелгі кезеңін қамтып, қазіргі заманда дамуына әсер етуі туралы айтылады. Олардың қатарында Ең алғаш корейлік оқу орны Ұлттық конфуцийшілдік академия Тхэхак (үлкен оқу) қытайлық нұсқа бойынша б.з.372 жылы Кореяда пайда бола басталғаны туралы айтылады. Сонда-ақ 682 ж Біріккен Силла (668-935) кезінде де сондай мектеп Кукхак (мемлекеттік мектеп) құрылды. Бұл мектептерде қытай тілін және канондық конфуцийшілдік шығармалар жазуды үйретткені туралы қысқаша айтылады. Кореяға ғылым мен техника ең алғаш Қытай елінен келгені туралы да айтылады. Кейін қазіргі кездегі ғылым мен техниканың бағыттары туралы оның қоғамдағы рөлі жайлы баяндалады.

Деректердің екінші тобын Корея Республикасының мемлекеттік статистикалық агенттігі мен Кореяның аймақтық статистикалық жылдық кітаптарынан алынған мәліметтер, Ғылым мен білім Министрлігінің статистикалық жүйесі мен заңнамалары , жоспарлары туралы айтылады. Ғылым мен техниканы дамытудағы ұзақ мерзімді жоспарлар мен заңнамалық базаларға ерекше мән беріледі.

Деректіктердің үшінші тобына ағылшын, корей және орыс тілдерінде шет елдік мерзімді басылымдарда жарияланған түрлі ақпараттық материалдар жатады. Оларға «Вестник Санкт-Петербургского Университета», «Сеульский вестник», «European Planning Studies» «Development and Society ,Seoul» журналдарында жарық көрген мәліметтерді жатқызуға болады. Америка географтары қоғамдастығы мен Британ географиялық институты жарыққа шығарған «Географиялық журнал» («The Geographical Journal»), «Қазіргі Корея» («Modern Korea»), «Кездейсоқтық пен дағдарысты басқару журналы» («Journal of Contingency and Crises Management»), «Азия-Тынық мұхит аймағының дамуы журналы» («Asia-Pacific Development Journal») сияқты баспасөз беттерінде жарық көрген түрлі мәліметтерді жатқызуға болады.

Бітіру жұмысын жазу барысында деректердің төртінші тобын құрайтын әлемдік электронды интернет жүйесінде жарық көрген түрлі ақпараттық материалдар да мәселені жан-жақты қарастырып, талдауға мүмкіндік берді.

Корея Республикасында ғылым мен техниканың даму барысына қатысты қабылданған заңнамаларды ағылшын, орыс тіліндегі нормативті документтерден алдым. Оларға «Закон о содействии иностранным инвестициям (Foreing Investment Promotion Act), «The Constitution of the Republic of Korea Chapter», « The Promotion of Basic Science Research Law», «Закон о поощрении и развитии технологий» жатады. Сондай-ақ Кореядағы өндірісті дамытудағы инновациялық технологияның ерекшеліктері мен мүмкіндіктері туралы ақпаратты ағылшын тіліндегі кітапдардан алдым. Оларға: « South Korea Profile», «South Korea Red Star operating system details emerge», «Research on South Korea Science and Technology» жатады.

Бітіру жұмысын жазу барысында аталған еңбектерден алынған деректер мен жасалған тұжырымдарды ғылыми саралаудан өткізуге тырыстық. Жалпы алғанда, Кореяда ғылым мен техниканың дамуы едәуір зерттелгендігіне қарамастан, оның қазіргі кездегі дамуы мен мемлекеттің экономикалық өсу саясатына әсері мен ерекшеліктері туралы жеткіліксіз назар аударылған. Оның үстіне зерттеулердің басым көпшілігі ағылшын және орыс тілінде жарық көріп, мемлекеттік тілде жазылған жұмыстар өте аз болумен ерекшеленеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазіргі Оңтүстік Кореядағы ғылым мен техниканың даму мүмкіндігі мен ерекшеліктерін зерттеу.

Осы мақсаттан төмендегідей міндеттер туындады:

  • ғылым мен техниканың қалыптасуы мен дамуы;
  • ғылым мен техниканың рөлі және оның негізгі бағыттары;
  • ғылым мен техниканы дамытудағы ұзақ мерзімді жоспар мен заңнамалық базалары;
  • Өндірісті дамытудағы инновациялық технологияның ерекшеліктері мен мүмкіндіктері;
  • инновациялық технологияның дамуы мен рөлі;
  • мемлекеттік инновациялық саясаттың аймақтық тәжірибесі (Ульсан қаласының мысалында);

Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі. Бітіру жұмысының әдіснамасы жалпыға ортақ теориялық әдістеме қағидаттарына негізделіп құрылды. Бітіру жұмысында Кореяда, АҚШ-та және басқа шет елдерде жарық көрген деректік материалдар мен ғылыми еңбектерді сараптау, салыстырмалы талдау және қорыту әдістері пайдаланылды. Бітіру жұмысында қолданылған бұл әдістер зерттеу нысанының ең негізгі бағыттарын ашуға, оларды бір жүйеге жинақтауға мүмкіндік берді.
Зерттеу нысанына Корея Республикасының қазіргі кезеңіндегі ғылым мен техниканың даму үрдісін айтамыз.
Зерттеу пәні. Қазіргі замандағы Корея Республикасының мемлекеттің ғылыми-зерттеу саясаты.

Зерттеу жаңалығы:

  • Қазіргі замандағы Корея Республикасының ғылым мен техниканы дамытудағы негізгі кезеңдерін айтып өтілді
  • ғылым мен технологияға қатысты заңнамалық базаларға анализ жасалды
  • соңғы 50 жылда Корея Республикасының ғылыми-техникалық нәтижелеріне жалпылама анализ жасалынды
  • аграрлық аймақтан әлем бойынша ғылым мен техниканың дамыған орталығына айналу үрдісіне мемлекет тарапынан қолдау қарастырылғаны көрсетіледі.
  • қазақ және орыс тілді корейтанушылардың еңбектерінде жарық көрмеген корей, ағылшын дерек көздері пайдаланылды.

Жұмыстың практикалық маңызы. Кореядағы Ғылым мен техниканың негізгі бағыттарына зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, зерттеу нәтижесі Кореяның сыртқы саясатына қатысты мәселелерді талдауда жоғары маңызға ие болады деп ойлаймын. Зерттеу нәтижесінде алынған тұжырымдар корея тарихын зерттейтін корейтанушыларға пайдасын тигізуі мүмкін.
Бітіру жұмысының құрылымы кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер, қосымша тізімі болып жалпы көлемі 61 бетті құрады.

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 5000 теңге
QIWI терминалы арқылы төлеу:
  1. Экранда «Оплата услуг» бөлімін таңдау:
  2. «Электронная коммерция» бөлеміне кіру:
  3. "QIWI Кошелек" таңдау:
  4. "QIWI Кошелек" нөмерін теру:
    +7 707 855 00 01
  5. Чекті алу
  6. Төлегеннен кейін Чектің номерін форма арқылы жіберіңіз
Қысқаша шолу
Пән: Экономика
Көлемі: 66 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу