Вы здесь

Қазақстан Республикасының ақпараттық нарығы

07 июня 2013 | 6906

Нарықтық шаруашылық тұтынушылық игіліктердің келесідей төрт микросекторын қарастырады: тұтыну игіліктері, өндірістік құрылымдар, еңбек және ақша мен бағалы қағаздар. Ал қазіргі кезеңдегі өндіріс бесінші сектор, яғни ақпараттар нарығынсыз қызмет етуі мүмкін емес.

Бүгінгі күні экономикалық және әлеуметтік даму деңгейіне тәуелсіз экономиканың ақпараттық саласының дамуына байланысты қоғамдағы әлеуметтік, саяси және мәдени өзгерістерден көптеген мемлекеттердің құрылымы қайта құрылуда. Оның дәлелі ақпараттық қызметтегі қызметкерлер санының өсуі, яғни ақпаратты өндіру, өңдеу, сақтау мен тарату қызметтері . Өз кезегінде ақпараттық қызметтер мен тауарлар нарығы бүгін ең қарқынды дамушы нарық болып табылады. Ақпараттық бизнес нарыққа жаңа көптеген кәсіпкерлерді тартуда. Әр түрлі деңгейлердің ақпараттық қажеттіліктері шапшаң қарқынмен өсуде. Ол өз кезегінде ақпараттық айналым мүмкіндіктерін кеңейтеді, жаңа ақпараттық өнімдердің пайда болуына алып келеді, ақпарат қызметтерінің барлық түрлерінің дамуын ынталандырады.

Қазақстан Республикасының экономикасына келсек, біздің еліміздегі ақпараттық нарық әлі де болса қалыптасуда. Мемлекетіміздің ақпараттық нарығының даму келешегі осы саладағы мемлекеттің ойластырылып, өлшенген саясатына байланысты.

Ақпараттық сала тауарлар мен қызметтердің кең ауқымын алады. Ақпарат нарығы келесідей секторларды қарастырады: коммуникация, білім, ғылыми-техникалық зерттеулер, басылым, кино, жарнама, басқару қызметтері және тағы басқалары. Әлі күнге дейін ақпараттық тауарлар мен қызметтер нарығының жалпы қабылданған нақты классификациясы жоқ. Ф.Махлуп ақпарат саласын бес топқа бөліп қарастырған: білім, ғылыми зерттеу мен әзірлеулер, бұқаралық ақпарат құралдары мен байланыс, ақпараттық машиналар мен құрал-жабдықтар, ақпараттық қызметтер. Ал В.Томбовцев ақпараттық нарықтың мынадай бес топқа бөлген: ғылыми-техникалық өнімдер, көркем әдебиет объектілер, басқарушылық мәліметтер мен хабарламалар, тұрмыстық ақпараттар, қызметтер мен білім.
Экономиканың ақпараттық инфрақұрылымын ақпаратты талдау мен өңдеудің орталық ұйымдары, ақпараттық айналым каналдары, коммуникациялар мен байланыс желілері, сондай-ақ ақпарат құралдары қалыптастырады.

Қолданып жүрген технологиялардың ішіндегі маңыздысы қазіргі жаңа ақпараттық технологиялар (НИТ). Формальді түрде ақпараттық технологияларды негізгі екі ірі өзара байланысты класқа бөлуге болады: қазіргі жаңа ақпараттық технологияларды жобалауға бағытталған ақпараттандырудың бағдарлама-математикалық аспаптық құралдары мен шешімдерді қабылдау мен қолдауды қамтамасыз ететін қолданбалы ақпараттық технологиялар. Аспаптық ақпараттық технологияны құрушы топтағы көптеген технологиялар ЭВМ құрылуымен бір уақытта арнайы және жалпы бағдарламалық қамсыздандыру түрінде, әр түрлі кластар мен белгілеулердің операциялық жүйелер мен қолданбалы бағдарламалар жиыны ретінде пайда болды. Ал жаңа ақпараттық технологиялар қатарына есептеуіш техника құралдарының жаңа техникалық мүмкіндіктеріне байланысты гипертекстік технологиялар, машиналық графика, қол жетерлік телекоммуникациялық әдістер, CASE-технологиялары, жасанды интеллект жүйелері, мультимедиа жатады.

Гипертекст − өзара байланыс типін белгілеу арқылы бір фрагменттен келесі бір фрагментке өтуіне мүмкіндік беретін, ақпараттық ұйымдастыру формасы. Берілген технологияның пайдалылығы жаңа әлеуметтік-экономикалық концепцияларды құрастырған кезде оның нормативті-құқықтық құжаттармен дәл сәйкестілігіне сенімді болу.

Телекоммуникациялар.Соңғы уақытта аспаптық технология құрамына нарықтық экономикада белсенді түрде қоғамдық компьютерлік жүйелер енгізілуде, олар: тақырыптық сипаттағы берілгендердің коммерциялық негіздері, электронды биржа мен жарнама тақталарының жүйесі, хабарламалар, ақпараттық, қаржылық және тағы да басқа қызмет түрлерін ұсынушы құрылғылар.

CASE-технологиялар − бүтіндей экономикалық кешеннің күрделі логико−аналитикалық моделдерін өңдеу процесін қарастыра алады. Олар жүйелік талаптарды суреттеу үшін текст не диаграмма түрінде қолданылатын жобалау мен бағдарламалаудың құрылымдық немесе объективті бағытталған әдістемелеріне, жүйенің модельдері арасындағы байланыстар, жүйе сипаттамасының қарқыны мен бағдарламалық құралдардың архитектурасы.

Жасанды интеллект жүйелері. Информатикадағы ғылыми-тәжірибелік талпыныс интеллектуальді жүйелер индустриясының қалыптасуына алып келді. Осы саладағы неғұрлым маңыздысы мен қарқынды дамушы бағыты білімге негізделген технологияларды өңдеу. Ақпараттық іздеу, логикалық және эксперттік жүйелерді қолдану арқылы қолданушы берілген тапсырмаларды шапшаң және толықтай орындай алады. Интеллектуальді ақпараттық іздеу жүйелері білім базасынан қажетті мәліметтерді тауып, басқарушылық және экономикалық мәселелерді шеше алады.

Мультимедиа − бұл интерактивті жүйе тек суреттер мен тексттерді ғана емес, сонымен бірге видео, анимациялық компьютерлік графикамен, жоғары сапалы дауыспен қамтамасыз етеді. Мультимедиа жүйесінің пайда болуы әлемдік нарықтағы жеке сұраныстарын іздестіруге, сатылатын өнімдердің видеокаталогтарын жасауға, коммерциялық базаларға, анықтамаларға, іскерлік видеоконференцияларды өткізуге бизнес, білім салаларындағы түбегейлі өзгерістерге алып келеді.

Жаңа шаруашылық механизмдерін қолдау үшін нарықтық қатынастарға барабар жаңа ақпараттық технологияларлар дайындау керек. Қазіргі кезеңде банктік және инвестициялық қызметтер өзгерістерге ұшырауда, салық салу жетілдірілуде, басқарушылық қызмет пен нарық субъектілерінің жаңа түрлері пайда болуда.

Банктік жүйе. Банктік құрылымдардың дамуы мен жетілдірілуі қаржы мекемелерінің жаңа қызметтерге қажеттілігін тудырады. Банктік жүйелердің орталықтандырылуы жеке бөлімдердің қызмет етуінің тиімділігін арттыру мақсатында кешенді ақпараттандыру тұжырымдарын өңдеуін талап ететін жаңа ұйымдарды қалыптастырады. Банктік ақпараттық технологиялар төлемдерді ұйымдастыру кезінде жеткілікті оперативтілікті қамтамасыз етуі керек.
Биржалық технологиялар. Тәжірибе бойынша биржалық компьютерлік кешенді жобалау логикалық күрделі, уақыты бойынша ұзақ болатын және де оны орындау үшін жоғары мамандандырылған мамандарды қажет ететін жұмыс болып табылады.

Менеджмент технологиялары. Нарықтық жағдайда өндірістік менеджменттің барлық процедурасы ішкі және сыртқы ақпараттар ағымына байланысты. Шешім қабылдау үшін менеджерге келіп түсетін көптеген ақпараттардың ішінен тек негізгілерін анықтауы керек, ал қалғандары ақпараттық шу деп аталады. Коммуникация мәселелерін шешуде кәсіпорынның тиімді жұмысын ақпараттың түсу жылдамдығы, оның уақыттылығына байланысты. Мысал ретінде оған қазір мемлекетіміздегі электронды үкіметті айта аламыз.
Маркетинг технологиялары. Маркетингтің ақпараттық ағынын кешенді зерттеу коммерциялық және статистикалық сипаттағы ірі массивті мәліметтерді талдауды талап етеді. Маркетингтік ақпараттық технологиялар − келешек және ағымдағы маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыруға негізделген әдістер мен процедуралардың жиынтығы.

Салықтық ақпараттық жүйелер. Салықтық жүйенің өзгеруі өзімен бірге сәйкесінше ақпараттық технологияларының жаңаруын қажет етеді. Ресми нарықтық саясатты жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты жинау мен өңдеудің тиімді технологиялар жасалуда. Оларға салықтық қызметтер үшін кешенді ақпараттық аналитикалық жүйені құру, жүйедегі ақпараттық айналымды қамтамасыз ететін қазіргі коммуникациялық жүйені құру, жаңа ақпараттық нарықта сәйкес кадрларды дайындау жатады.

Инвестициялық жобаларды басқару технологиялары. Қазіргі ақпараттық технологияда инвестициялық жобаларды басқаруды құру автоматтандырылған түрде тапсырыс беруші, инвесторлар, жобалық және эксплуатациялық кәсіпорындар арасындағы ақпараттық айналымды ұйымдастыруға негізделген. Бұл мәселе бүкіл шешілетін міндеттерді басланыстыруға мүмкіндік беретін әмбебап ақпараттық базаны талап етеді. Сонымен қатар ақпараттың құрылымына, көрсеткіштердің идентификациясына, техникалық экономикалық мәліметтерді кодтаудың классификациясына бірыңғай жол. Инвестициялық жобаларды басқарушы жаңа ақпараттық технологиялардың негізін мамандандырылған бағдарламалар кешені құрады. Қолданылатын технологиялардың бағдарламалық қамсыздандыру есеп формасының санымен, құжаттардың сапасымен, мәміметтерді алмастыру ыңғайлылығымен, графикалық интерфейстің болуымен, сыртқы құрал жабдықтарды қолданумен сияқты сипаттамаларымен ерекшеленеді.

Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу экономикалық ақпаратты өңдеу жүйесін толық өзгеруін талап етеді. Мемлекетте күрделі экономикалық мәселелерді бағаламау мен маңыздылығын елемеу, сәйкес ақпараттық технологияларды қолдамау күтілетін нәтижеден теріс мәнге әкеледі. Сондықтан да экономикалық талдауды жүргізгенде, экономикалық, басқарушылық, ғылыми техникалық, заңнамалық, коммерциялық және басқа да ақпарат түрлерін өңдеудің тиімді жүйелерін құрудың кешенді мәселесі шешілу қажет.

Қазақстан Республикасы ақпараттық нарығын бәсекеге қабілеттілігін дамыту Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясына сәйкес. Онда ғаламдық ақпараттық кеңістікті және Қазақстан Республикасының ақпарат нарығын дамытудың негізгі үрдістері, қазіргі заманғы ақпарат нарығындағы бәсекеге қабілеттіліктің өзекті проблемалары талданады. Мемлекеттік саясаттың ақпарат саласындағы негізгі қағидаттары, стратегиялық мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ оларды іске асыру тетіктері айқындалды.

Бәсеке қазіргі заманғы ақпарат нарығының аса маңызды сипаттамасы болып табылады. Бәсекеге қабілеттілік - күрделі экономикалық санат, ол мынадай бірнеше деңгейде:

  • тауардың немесе көрсетілетін қызметтің бәсекеге қабілеттілігі;
  • тауар өндірушінің немесе қызмет көрсетушінің бәсекеге қабілеттілігі;
  • салалық бәсекеге қабілеттілік;
  • ақпарат нарығының бәсекеге қабілеттілігі;
  • елдердің бәсекеге қабілеттілігі ретінде қарастырылуы мүмкін.

Бүкіл осы деңгейлердің арасында тығыз ішкі және сыртқы тәуелділік бар. Елдегі және саладағы бәсекеге қабілеттілік түптеп келгенде нақты тауар өндірушінің немесе қызмет көрсетушінің бәсекеге қабілетті тауар шығарудағы немесе қызмет көрсетудегі қабілетіне байланысты.
Әлемдік тәжірибеде дамыған бәсекеге қабілетті ақпарат кеңістігінде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

  • бәсекелестік артықшылық – бәсекелес шаруашылық субъектілерінің тиісті көрсеткіштерімен салыстыру арқылы нарықта анықталатын артықшылық және шаруашылық жүргізуші субъектінің бәсекеге қабілеттілігін айқындайды. Маңызды бәсекелестік артықшылыққа: өндірістің табыстылығы, инновациялық қызметтің сипаты, еңбек өнімділігінің деңгейі, стратегиялық жоспарлау мен менеджмент тиімділігі, нарықтық өзгермелі талаптары мен жағдайларына жылдам бейімделу қабілеті жатқызылады. Шаруашылық субъектісінде (фирмада), оның ішінде қазіргі ақпарат өрісінде бәсекелестік артықшылықтары жиынтығы мен олардың сапалық сипаттамалары жоғары болған сайын, оның нарықта жемісті қызмет істеуі үшін неғұрлым қолайлы алғышарттар мен жекелеген нарықтық сегменттерде барынша орнықты тұғырларды иеленеді;
  • ақпарат өнімінің бәсекеге қабілеттілігі – ақпараттық өнімнің ішкі, сондай-ақ сыртқы нарықта табысы ретінде анықталатын тұтынушылық, бағалық және сапалық сипаттамаларының кешені. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін ұқсас тауарлармен салыстыру арқылы ғана анықтауға болады;
  • салыстырмалы артықшылық тұжырымдамасы – экономикалық ілім тұжырымдамасы, оған сәйкес елдің нақты қоғамдық және экономикалық өмірі салаларындағы табысы өндірістік факторлардың барынша тиімді пайдаланылуымен түсіндіріледі, оның үстіне нарықтық күштердің өздері елдің ресурстарын олар барынша тиімділікпен қолданылуы мүмкін тұстарға тоғыстырады;
  • еңбек өнімділігі – ақпараттық тауардың нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі, өйткені бәсекенің материалдық негіздері нақ өндіру үдерісінде қалыптасады, ол нарықта бағалар мен пайданың салыстырмалы деңгейі арқылы көрінеді;
  • тік өсім – бір өнімді түрлі сатыда өңдеуші өндірісті кеңейтуге байланысты өсім. Мысал ретінде меншіктегі баспахана базасын, көтерме-бөлшек саудада тарату желісін құру есебінен кеңейтілетін баспалық бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) келтіруге болады. Тік өсім бір медиа-кәсіпорын шеңберінде барлық өндірістік-маркетингтік тізбектерді біріктіруді көздейді;
  • көлбеу өсім – компанияны өз бизнесін жүргізетін салада кеңейту, өндірісті кеңейту (өндірілетін ассортименттерді жаңа ұқсас тауарлар есебінен кеңейту) арқылы немесе ұқсас компанияларды сатып алу (бәсекелес құрылымдарды сатып алу немесе басқа географиялық нарықтарға шығу) есебінен компанияның нарықтық үлесін ұлғайту;
  • қиғаш өсім - бірдей өнімдер шығармайтын және ортақ өндірістік үдеріске қатыспайтын компаниялардың бірігуін білдіреді. Бұл қазіргі кезде барынша кең тараған стратегия болып табылады, өйткені ол баға белгілеуді бақылауға, ресурстарды құрылымдар ішінде қайта бөлуге қабілетті көпсалалы әртараптандырылған құрылымдар құруға әкеледі.
  • Ақпарат саласында стратегия негізінде ірі медиа-кәсіпорындар құрылады, оларға: телерадио хабарларын тарату компаниялары, баспа өнімдері, баспаханалар, компьютерлік және желілік ақпараттық қызметтер ұсыну жөніндегі компаниялар, медиалық емес кәсіпорындар кіруі мүмкін. Осының нәтижесінде бір немесе көптеген мемлекеттер аумақтарында түрлі бейіндегі кәсіпорындарды иеленетін және оларға бақылауды жүзеге асыратын ұлттық конгломераттар мен трансұлттық корпорациялар құрылады;
  • жергілікті нарық - бір елді мекеннің және сонымен іргелес аудандар нарығын білдіреді. Қазақстанда осы нарықта облыстық, қалалық және аудандық БАҚ: Алматы қаласында «Алматы ақшамы», «Вечерный Алматы» және Астанада «Астана қаласының теледидары», «Эра-ТВ» және басқалары жұмыс істейді, менің ойымша еліміздің жергілікті нарығы тек жаңалықтар аясында ғана дамыған, бағдарламалар көбінесе шетелдік бағдарламалардың көшірмесі болып келеді.
  • өңірлік ішкі нарық - онда бір-біріне іргелес және жақын (халқының құрамы, тарихи өткені, дүниетанымы жағынан) аумақтардағы аудиториялардың көрермендері үшін ақпарат тарататын БАҚ-тар жұмыс істейді. Мәселен, АҚШ-та солтүстік-шығыс (Жаңа Англия), оңтүстік-шығыс (Алабама, Қос Каролина, Вирджиния, Флорида, Джорджия), оңтүстік (Луизиана, Джорджия, Техас, Аризона), жартасты (Миннесота, Иллинойс, Юта, Қос Дакота), батыс (Калифорния, Орегон, Вашингтон) өңірлері болып бөлінеді. Қазақстанда осы нарықта «КТК», «31-арна», «Рахат ТД», «Астана қаласының теледидары» және басқалар жұмыс істейді; осы сала облыс көлемінде ғана тараған.
  • жалпыұлттық нарық - жалпыұлттық аудитория үшін ақпарат таратушы БАҚ-тар жұмыс істейді. АҚШ-та ол «US NEWS and World Report» газеті, «CNN» телекомпаниясы, Ұлыбританияда – «Independent», «Guardian» газеттері, «SKY», «BBC» компаниялары. Жалпыұлттық БАҚ-ға қатысушылар қатарына «MTV», «History», «Discovery», «ЕSPN», «FOX Movie Network», «MS-CNBC» (АҚШ), «RAI Utile», «RAI Sport» (Италия) сияқты мамандандырылған тақырыптық құрылымдарды (спорттық, іскер, мәдени, ғылыми, білім беру, көркем-деректі, музыкалық, басқаларын) жатқызуға болады. Осы нарықта Қазақстанда «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан», «Панорама» сияқты газеттер, «Континент», «Мысль» сияқты журналдар, «Қазақстан», «Хабар», «Ел арна» сияқты телеарналар, «Мир» ХТРА-сы және басқалар жұмыс істейді;
  • Өңірлік сыртқы нарық - екі және одан да көп мемлекеттермен іргелес аумақтардың аудиториялары үшін ақпарат тарататын БАҚ-тар жұмыс істейді. БАҚ-тың осындай бағдары Батыс Еуропада таралған. Мысалы, неміс телеарналары, газеттері мен журналдары өзінің ұлттық аудиториясына ғана емес, сонымен бірге неміс тілінде сөйлейтін іргелес мемлекеттердің – Австрияның, Швейцарияның, Италияның, Польшаның, Данияның, Францияның аудиторияларына да бағдарланған. АҚШ-та белсенді ақпараттық қызмет, оның ішінде солтүстік Мексика, оңтүстік және оңтүстік-шығыс Канада, Кариб бассейнінің аралдағы мемлекеттерімен іргелес аумақтардағы франко- және испан тілдес БАҚ-тар жұмыс істейді. Осы нарықта ішінара алғанда «Қазақстан», «Хабар», «Ел арна» телеарналары сияқты отандық БАҚ-тар жұмыс істейді, «Мир» ХТРА Қазақстан Республикасының оңды бет-бейнесін жасауда 10 жылдан астам уақыт жемісті жұмыс істеп келеді.
  • Құрлықтық нарықта - бірнеше іргелес өңірлер деңгейінде ақпарат тарататын БАҚ-тар жұмыс істейді. Мысал ретінде «Euronews», «RAI Africa» телеарналарын келтіруге болады. Қазақстан осы нарықта әзірге жалғыз «Caspionet» спутниктік арнасымен көрінуде;
  • ғаламдық нарықта - негізінен элиталық, тиісінше элиталық сипатқа ие ғаламдық аудитория үшін ақпараттар тарататын БАҚ-тар жұмыс істейді. Олардың қатарында – америкалық баспалық БАҚ-тар: «Time», «Newsweek», «National Geographic», «CNN Internatiоnal» телеарналары, британдық «The Economist» журналы, «BBC One» телеарнасы бар. Ғаламдық нарықта жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралдарының көпшілігі мемлекеттің шетелге хабар таратуы жөніндегі арнаулы құрылымдары ретінде әрекет етеді. Олардың қатарында жапондық «NHK», немістің «Deutsche Welle», италиялық «RAI Uno», қытайлық «CCTV», ресейлік «ОРТ-әлемдік желі», «РТР-Планета» телеарналары бар. Ғаламдық нарықта отандық БАҚ-тар жұмыс істемейді;

Бұқаралық ақпарат құралы (БАҚ) – мерзімді баспасөз басылымдары, радио- және телебағдарлама, киноқұжаттама, дыбыс және бейнежазба мен көпшілік ол жеткізе алатын телекоммуникациялық желілердегі (Интернет және басқалары) WEB-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз жария таратудың басқа да нысаны;

елдің бәсекеге қабілеттілігі – елдің еркін бәсеке жағдайында әлемдік нарықтың талаптарына сәйкес тауарлар шығару мен қызметтер көрсету, оларды өткізу арқылы елдің және оның жекелеген азаматтарының әл-ауқатын арттыру қабілеті. Елдің бәсекеге қабілеттілігі тауар мен тауар өндірушінің бәсекеге қабілеттілігін біріктіретін және елдің әлемдік нарықтағы жағдайын сипаттайтын жиынтық көрсеткіш болып табылады;

тауардың бәсекеге қабілеттілік факторлары – тауардың құны мен сапасына әсер ететін және тауардың бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын өндіріс шығыны, еңбек өнімділігі мен қарқындылығы сияқты факторлар. Қазіргі уақытта әлемдік бәсекеге қабілеттілікте бағалық емес факторлар алғы шепке шығып отыр, оның ішінде тауардың сапасы, оның жаңалығы мен ғылымды қажетсінуі аса маңызды сипат алуда. Сондықтан әлемнің көптеген елдері өз тауарларының бәсекеге қабілеттілігін ғылыми-техникалық әлеуетін дамытпайынша оларды жасау мүмкін болмайтын инновацияларды пайдалану, жоғары технологиялы өнімдер әзірлеу есебінен қамтамасыз етеді.

Әлемдік ақпарат нарығы өзінің мәні жағынан тауарлар мен қызметтердің дәстүрлі нарығы болып табылмайды. Оның сыры - оған стратегиялық сипаттағы саяси, идеологиялық, мәдени-дүниетанымдық себептер бойынша мазмұны әлемдік экономикалық (ақпараттық) қатынастар субъектілері арасында еңбекке мамандану және сонымен ілесе жүретін біріктіру болып табылатын классикалық халықаралық еңбек бөлінісі тән емес. Осыған байланысты ақпарат нарығында экономикалық бәсекенің классикалық формуласы барлық уақытта бірдей әрекет ете бермейді, әдеттегідей, біріншіден нарық талап ететін өнімдерді - тауар немесе қызметтерді; екіншіден, сапасы өте жоғары және үшіншіден, өткізу құны ең төмен өнімді кім шығарса, сол ұтады.

Бұл ақпарат саласындағы бәсекеге қабілеттілік (ақпараттық бәсекеге қабілеттілік) ұлттық бәсекеге қабілеттілікпен ұштасып жататынын білдіреді және тұтастай алғанда сол арқылы айқындалады.

Тұтас алғанда мемлекеттердің ақпарат кеңістігіндегі және атап айтқанда, ақпарат нарығына кәсіби қатысушылардың жеделдете ғаламдану мен ақпараттық қоғам құрудың қазіргі заманғы жағдайында бәсекеге қабілеттілігіне тікелей әсер ететін шешуші жаңа факторлар мыналар болып табылады:

  • адам ойының бүкіл сана шегінен және биологиялық мүмкіндіктерінен де тысқары қолжетімді ақпараттың ұлғаюы. Ол ақпарат шоғырының үзіндісі, бір жағынан қалың жұртшылықты қамту, екінші жағынан адамдар үшін ақпараттар ақысын тез және тиімді сұрыптау мүмкіндігін жасау мақсатында ақпараттың барынша қарапайым және егжей-тегжейлі берілу үрдісін айқындайды, яғни жеке адамның саналы түрде таңдау құқығы өте нақты іске асырылады;
  • ақпараттар ағынының трансшекарасы мезеттік және сапалы ақпарат хабарларын таратуға арналған мейлінше жетілдірілген арналар арқылы ұсынылатын ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен көрсетілетін қызметтердің арзандауы есебінен жұртшылықтың кез келген ақпаратқа шектеусіз қолжетімділігінің кеңеюі:
  • ішкі (ұлттық) ақпараттық кеңістікті қатар жұмыс істейтін екі – бұқаралық (тек қана жергілікті жерге тән қолжетімді және кейде кабельді теледидар; жергілікті баспалық БАҚ) және элиталық (ғаламдық спутниктік теледидар, ақпарат агенттіктері, баспа басылымдары) бөлікке біртіндеп сегменттеу. Қазірдің өзінде, әлемнің барлық елдерінде қоғамда принципті түрдегі әр түрлі екі дүниетанымның және ұстанымның - бұқаралық және элиталық ұстаным үлгілерінің бар екені анық;
  • ақпараттың мазмұнды бөлігін (контентті) көпшіліктің қабылдауына қолайлы ойын-сауық, оның ішінде жаңалық, саяси, әлеуметтік, мәдени шоу нысанына көшіру. Сонымен бірге контенттің ойын-сауық (әзіл, ток-шоу, танымдық бағдарламалар) форматындағы зияткерлік әсері күшейтіледі, ол саясилану үрдісіне ие болады;
  • ағылшын-америкалық (англосаксондық) форматты тіл, ой мен таптаурындар тұрғысында, сондай-ақ пайдаланылып жүрген регламенттеу, тетіктер мен құралдар мағынасында да ғаламдық және ұлттық ақпарат кеңістігінің базалық және үстем форматы ретінде орнықтыру.

Бұл факторлар жаңа қатерлер мен сын-тегеуріндердің пайда болуын білдіреді, сондай-ақ ғаламдық ақпарат кеңістігінің барлық деңгейінде де бәсекенің күшейе түсуін көрсетеді.
Осыған байланысты мынадай тұстарға назар аудару қажет:

  • мәдениетті, дүниетанымды, әлеуметтік психологияны, таптаурындарды әмбебап ету үрдістерінің пайда болуы, ол ғаламдық тұтыну қоғамын қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасайды;
  • ұлттық бірегейлік қағидаттарының ара жігін ажыратпайтын сан алуан идеологиясының дамуы;
  • ақпарат нарығын бақылап-реттейтін ақпарат кеңістігінің негізгі субьектілерінің мүмкіндігінің әлсіреуі;
  • өз мүдделерін ілгерілету мақсатында өңірлік және ғаламдық ақпарат кеңістігіндегі өктем ақпараттық-насихаттық қызметке жетекші «әлемдік ойыншыларды» тарту;
  • жекелеген жобалар мен бағдарламаларға тапсырыс беру мен оларды қаржыландыру, өздерінің ақпараттық бөлімшелерін құру, өз мүдделеріне орай үкіметтерге және халықаралық құрылымдарға ықпал ету мақсатында ақпарат нарығының жұмыс істейтін кәсіби қатысушыларына бақылау орнату жолымен ақпарат нарығына ғаламдық трансұлттық (салалық, оның ішінде энергетикалық және синдикаттық) компанияларды белсенді енгізу.

Осы жағдайда Қазақстан Республикасының ақпарат кеңістігі ақпараттың дербестігінен айырылу баламасының алдында тұр, ол мемлекеттілік пен тәуелсіздікке төнген тікелей қауіпті білдіреді, не сыртқы тәуекелді факторларға иммунитетті қалыптастыратын (заңнамалық, материалдық-техникалық, технологиялық, мазмұндық) және тіпті әлемге өзінің бәсекеге қабілетті өнімін ұсына алатындай дәрежеге дейін дамуы мүмкін. Үшіншісі – «темір қоршау» түріндегі қатал жасанды кедергілерді құру – қазіргі заманғы жағдайларда мүмкін емес.
Қазіргі уақытта ақпарат нарығының, бірінші кезекте бұқаралық ақпарат құралдарының субъектілері өз назарын мынадай аумақтық деңгейлерге (эшелондарға):

  • жергілікті нарыққа;
  • өңірлік ішкі нарыққа;
  • жалпыұлттық нарыққа;
  • өңірлік сыртқы нарыққа;
  • құрлықтық нарыққа;
  • ғаламдық нарыққа аударып, өзара бәсекелес күрес жүргізеді.

Қазіргі заманғы әлемдік практика көрсеткендей, неғұрлым өткір бәсеке ақпарат нарығының екі «эшолонында» – жергілікті және ғаламдық нарықтарда орын алуда. Жергілікті нарықта жергілікті ақпарат пен күнделікті қолданбалы пайдалануға жарамды ақпараттық өнімдер алуға мүдделі көпшілік аудитория үшін күрес жүруде. Ғаламдық нарықта элиталық аудитория – шешімдер қабылдауға немесе бұқараға қатысты шешімдер қабылдауға ықпал ететін өкілеттіктері (саясаткерлер, шенеуніктер, кәсіпкерлер, басқалар) және мүмкіндіктері (көпшілікке белгілі тұлғалар («басқарушы үлгілер») – спортшылар, өнер мен мәдениет, ғылым қайраткерлері, қоғам қайраткерлері, басқалар) бар адамдар топтары үшін күрес жүруде.

БАҚ қызметінің және Қазақстан Республикасы ақпараттық нарығының жұмыс істеуінің негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндікке кепілдік береді, цензураға тыйым салады, сонымен қатар әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар екенін айқындайды, идеологиялық және саяси әралуандылықты таниды.

Қазір Қазақстанда ақпарат нарығының негізгі, елеулі элементтері қалыптасқан. Мәселен, 1990 жылға дейін республикада барлығы 10 республикалық мемлекеттік газет пен журнал басылса, эфирге 21 теле- және радиоарна шығарылса, ал 2006 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 7281 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Мемлекеттік емес БАҚ-тардың үлесі 78-ге жуық процентті құрайды. Тіркелген БАҚ-тың жалпы санынан 2479 бұқаралық ақпарат құралы тұрақты негізде жұмыс істейді.
Елімізде БАҚ-ты кең тұрғыда тақырыптық саралау орын алып отыр. Қазіргі уақытта баспалық БАҚ-тың үлесі масс-медианың жалпы санының 50 процентін, қоғамдық-саяси – 16 процентті, ғылыми – 9 процентті, жарнамалық – 10,5 процентті, балалар, жастар, әйелдер және діни басылымдар шамамен әрқайсысы 2 процентті құрайды.

Қазақстан Республикасында 212 электрондық БАҚ жұмыс істейді. Аса ірі жалпыұлттық электрондық БАҚ-тар Қазақстан Республикасы аумағының: «Хабар» телеарнасы – 95,70 процентін, «Қазақстан» - 96,25 процентін, «Ел арна» - 75,50 процентін, «Еуразия – бірінші арна» - 78,60 процентін, Қазақ радиосы – 86,99 процентін қамтиды. Орталық Азия, Орта Шығыс, Еуропа және Солтүстік Африка елдерінің аумақтарында хабар тарататын «Caspionet» спутниктік арна жұмыс істейді. Елімізде кабельдік және эфирлі-кабельдік телевидение желілерінің 80-нен астам операторы іске қосылған, ол отандық және шетелдік электрондық БАҚ арқылы хабар тарату қызметін көрсетеді. Олардың ішінен ең ірісі «Алма-ТВ» (еліміздің 13 қаласына хабар таратады), «Қазақпараттелеком», «Секател» және «Қазорталық-ТД» (5 қала бойынша), «КВК» (4 қала) болып табылады. Қазақстанның ішкі ақпарат нарығында 2309 газет пен журналды, 83 телерадио бағдарламасын қоса алғанда, 2392 шетелдік бұқаралық ақпарат құралы таратылады.

Қазақстан Республикасында спутниктік телевидение және деректерді компьютермен беру жүйелер арқылы ақпарат өнімдерін қабылдауды бір мыңға дейінгі шетелдік телеарналармен, электрондық форматтағы баспалық БАҚ-тың шектеусіз саны арқылы қабылдауды жүзеге асыруға болады. Қазақстан Республикасында шетелдік бұқаралық ақпарат құралының 80-нен астам өкілі аккредиттелген. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары атауларының жалпы санының 90 процентке жуығы орыс тілінде, 5 проценті – ағылшын тілінде, 5 проценті әлемнің басқа тілдерінде таратылады. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік БАҚ-тың аса ірі желілері «Қазпошта» акционерлік қоғамы (АҚ), «АиФ-Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) біріккен кәсіпорны, «Еуразия-пресс» АҚ, «Алма-ТД» АҚ, «Секател», «Қазорталық-ТД», «Кателко+» ЖШС болып табылады. Осы құрылымдар тарататын масс-медианың жиынтық көлемі жалпы көлемнің 70 процентін құрайды. Қазақстанда жалпыұлттық «эшелонға», көбіне басқаларға, бірінші кезекте жергілікті жердегілерге залал келтіре отырып, шектен тыс баса назар аударылады.

Мұндай көзқарас жергілікті және өңірлік ақпарат нарығының және бұқаралық ақпарат құралдарының дамымауымен, сыртқы ақпарат нарығында жүйелі жұмыстың болмауымен ерекшеленеді. Қазақстан Республикасында, қоғам үшін әлеуметтік маңызы бар және аса маңызды тақырыптарды жариялауға мемлекеттік тапсырыс жүйесінің жұмыс істеуін қоса алғанда, БАҚ-ты мемлекеттік қаржылық қолдаудың бірқатар тетіктері жасалған. Ұлттық ақпарат нарығын оның бүгінгі таңдағы болмысы жағынан бәсекелес емес деп айқындауға болады, өйткені онда нарықтың экономика қағидаттары таза және толық көлемде қолданылмайды. Осыған байланысты ақпарат нарығында мынадай теріс сипаттағы құбылыстар байқалады:

  • қазіргі заманғы ақпарат нарығының талаптарына сәйкес келетін кәсіби мамандардың жеткілікті санының – менеджерлердің, шығармашылық қызметкерлердің, журналистердің, талдаушылардың, тележүргізушілердің, стрингерлердің, технологтардың, заңгерлердің және басқалардың болмауы;
  • ақпарат нарығы субъектілерінің, бірінші кезекте БАҚ-тың техникалық жағынан нашар жабдықталуы, ол ақпарат өнімдерін өндіру мен тарату жөніндегі материалдық-техникалық базаның әлсіздігінен, ақпараттарды тарататын телекоммуникациялар мен арналарға, әсіресе өңірлерде, қолжетімділіктің шектеулі болуынан туындап отыр;
  • ақпарат нарығының субъектілері, бірінші кезекте БАҚ өте төмен табыстылықпен жұмыс істейді, көп жағдайларда мемлекетке және қаржы-өнеркәсіп топтарға тікелей қаржылай тәуелділікте болады және көбіне өз қызметінде олардың мүдделерін білдіреді;
  • нарықтық ақпарат сыйымдылығының, соның ішінде жарнаманың аздығы;
  • халықтың бір бөлігінің төлем қабілетінің аса жоғары болмауы, ол жеке және заңды тұлғалардың ақпарат өнімдеріне аз шығын жұмсауымен түсіндіріледі;
  • жергілікті, өңірлік және жалпыұлттық телекоммуникация инфрақұрылымының және ақпараттар беру мен тарату инфрақұрылымының дамымауы, соның ішінде ақпаратты беру мен таратудың монополиялы түріне жақын жай-күйіне байланысты туындап отыр.

Қол жеткізген даму деңгейіне сәйкес ішкі ақпараттық нарықтың дамуының заңнамалық базасын дер кезінде жетілдіру мәселесі ерекше байқалуда. Бұл стратегиялық мәселелерді отандық медиа-нарықты одан әрі ырықтандыру мен дамытуға жағдай жасай отырып, дәйекті түрде шешу қажет. Осы мәселені шешу мақсатымен тұжырымдама жасалынды.
Тұжырымдаманың мақсаты – қазіргі әлемдік стандарттарды және олардың бәсекеге қабілеттілігінің артуын ескере отырып, отандық БАҚ жұмысының сапасын жақсартуға жағдай туғызу. Бәсекелік ортаны ынталандыру бәсекеге қабілеттіліктің маңызды шарты болады және ақпараттық саладағы мемлекеттік саясаттың басты міндеті болып табылады. Мемлекет бәсекеге қабілеттіліктің өзіндік қозғаушысы рөлін атқаруға тиіс. Мемлекеттік саясат халықаралық нарықта елдің бәсекелестігінің артықшылығын анықтайтын элементтердің екі негізгі тобының дамуына:

  • ақпараттық нарықтағы табысты бәсекелестік үшін қажетті факторлық жағдайларға (салықтық, инвестициялық саясат, құқықтық реттеу);
  • ақпараттық және ақпараттық-телекоммуникациялық нарықтың қатысушылары ұсынатын өнім мен қызмет көрсетуге деген сұраныс талаптарына ерекше назар аударуы қажет.
  • Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігі – мемлекеттік ақпараттық ресурстардың жай-күйінің, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуге;

ақпарат секторы өкілдерінің құқықтық және экономикалық біліктілігі деңгейін арттыруға; шетелдік ақпараттар нарығында ұлттық мүдделер мен отандық кәсіби қатысушылар мүдделерін білдіруге негізделуге тиіс.

Ұлттық ақпарат саласындағы бәсекеге қабілеттілікті арттырудың мемлекеттік саясаты мыналарды қамтуға тиіс:

  • ақпарат саясаты саласындағы біртұтас мемлекеттік көзқарасты қалыптастыру және стратегияны әзірлеу;
  • Қазақстан Республикасында ақпарат нарығын реттеудің кешенді нормативтік құқықтық негізін жасау;
  • отандық ақпарат нарығы субъектілеріне қолайлы жағдай жасау;
  • қазіргі заманғы ұлттық ақпарат және ақпараттық-телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту;
  • мемлекеттік БАҚ-ты тиімді дамытуды және бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ету;
  • тәуелсіз отандық БАҚ-ты нығайту және дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;
  • отандық ақпарат өнімдерін өндірушілердің сыртқы нарыққа шығуын ынталандыру;
  • Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Қазақстанның ұлттық мүдделерін халықаралық аренада және өңірлік, құрлықтық және ғаламдық ақпараттық кеңістікте ілгерілету.

Ақпарат саласындағы елдің бәсекеге қабілеттілігін дамытуда мемлекеттік саясаттың басымдықтары:

  • отандық БАҚ-ты жан-жақты дамыту;
  • ішкі нарықта бәсекелестікті күшейту;
  • инновациялар өндірісін ынталандыру болып табылады.

Елдің бәсекеге қабілеттілігін қолдау және арттыру жөніндегі мемлекеттік шаралар кешеніне мыналар кіреді:

  • ақпарат (салықтық, инвестициялық саясат, құқықтық реттеу) саласын дамытуға қолайлы ортаны жасайтын факторлық жағдайларға мемлекеттің ықпал етуі;
  • ақпараттық өнімге сұранысты дамытуға ықпал ету: бастапқы кезеңдегі сұранысты, ішкі бәсекелестікті, инновациялар өндірісін ынталандыру мақсатында мемлекеттік сатып алу мен мемлекеттік тапсырыстар;
  • өнімдер мен үдерістерді регламенттеу, ең алдымен сапасыз өнімді нарықтан ығыстыру үшін техникалық және технологиялық стандарттардың айқын жүйесін құру;
  • сатып алушылар рөліндегі салалар құрылымына ықпал етуі;
  • тікелей емес кредиттеу тетіктерін пайдалану үшін жағдай жасау;
  • тұтынушыларға толық және сапалы ақпарат беру;
  • техникалық стандарттарды енгізу;
  • шетелдік кооперацияны және халықаралық, саяси байланыстарды пайдалану
  • интернационалдандыру;
  • ішкі нарықтағы бәсекелестікті регламенттеу;
  • шетелдік инвестицияларды тарту.

Ақпарат нарығын монополиядан қорғау қағидаттарын айқындау және енгізу бөлігінде айқын заңнаманы әзірлеу қажеттігінің ерекше маңызы бар.
Бұл тұрғыдан ақпараттық компаниялардың коммерциялық мүдделері және адамның іргелі құқықтарын, сөз бостандығын қорғау мен ақпарат тарату, бәсекелестікті қамтамасыз ету, біржақты пікірлер мен мүдделерді таңуға жол бермеу жөнінде мемлекет пен қоғамның мүдделері арасында барынша оңтайлы теңгерім табу маңызды болмақ.
Отандық БАҚ-тардың бәсекеге қабілеттілігін дамыту мақсатында мынадай негізгі өлшемдер бойынша бәсекелестік басымдыққа жету қажет:
1) мазмұнды бөлігі (контент) бойынша:

  • ақпарат пен ақпараттық өнімнің даралығы;
  • өндірілетін және таратылатын ақпараттық өнімнің сапасы;
  • ақпараттық өнімді өндіру және тарату жеделдігі;
  • тақырыптық қамту ауқымдылығы;
  • мамандану;
  • сүйемелдеу (БАҚ-ты қатар қолдайтын өнімдердің, Интернет-қолдау: Интернет портал, электрондық жіберілімнің болуы, т.б.);

2) экономикалық көрсеткіштер бойынша:

  • табыстылық;
  • жарнама берушілер мен демеушілерді тартуы;
  • қызмет саласын әртараптандыруы.

3) өндіріс технологиясы, ақпарат беру мен тарату бойынша: қазіргі заманғы ақпарат беру мен тарату жүйелер пайдалануы;
4) ұйымдастыру бөлігі бойынша:

  • тиімді менеджмент;
  • икемді ұйымдық құрылым;
  • кәсіби кадрлар;
  • икемділік, жеделдік.

Тәуелсіз БАҚ-тарды дамыту және мемлекеттік БАҚ-тардың тиімді қызметін қамтамасыз ету мынадай бағыттарда:

  • мемлекеттік БАҚ-тардың виртуалдық кеңістікке қатысуының кеңеюі және имидж саясатының жүзеге асырылуы;
  • шет елдерде мемлекеттік БАҚ-тардың хабар таратуын одан әрі дамыту сияқты бағыттарда іс-шаралар өткізудің нәтижесінде жүзеге асырылуға тиіс.

Мемлекеттік БАҚ-тар (мемлекеттік ақпарат компанияларының жүйесі) ұлттық ақпарат кеңістігі мен нарығында жүйе құрайтын рөл атқарады.
Мемлекеттік БАҚ-тар жүйесінің даму сапасы мен деңгейі бүкіл ұлттық ақпарат нарығының даму деңгейі мен оның бәсекеге қабілеттілік дәрежесін айқындайды.

Қазіргі уақытта Қазақстанғы мемлекеттік БАҚ-тар бірқатар проблемалық жағдайлармен бетпе-бет келуде. Олардың қатарында:

  • стратегиялық жоспарлау қызметінің әлсіздігі мен тиімді менеджменттің жеткіліксіздігі;
  • бюджет қаражатын жеткілікті түрде тиімді пайдаланбау;
  • материалдық-техникалық және технологиялық базаны жаңғыртудың жеткіліксіздігі;
  • мемлекеттік БАҚ қызметінің коммерциялық құрамдасының дамымауы;
  • нарықтық ынталандырудың жеткіліксіз пайдалануы мемлекеттік БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілік әлеуетін төмендетуге әкеліп соғатыны.
  • коммерцияландыру.

Цифрлық теледидарды енгізу - телекоммуникация инфрақұрылымын жаңғырту Қазақстан Республикасының, Қазақстандың қоғам мен экономиканың дамуының, елдің халықаралық қоғамдастыққа кешенді және толыққанды кірігуінің, әлемдік шаруашылық байланыстар мен ғаламдық ақпарат кеңістігі жүйесіне енуінің жаңа сапалы серпілісі үшін айқын бастапқы шарт болып табылады. Қазақстанда телерадио хабарлар саласы бір жағынан, бейне- және аудиосигналды цифрлық өңдеудің жаңа технологиясының пайда болуымен, екінші жағынан, спутниктік технологиялардың кеңінен таралуымен байланысты қарқынды дамуды бастан кешірді. Бұл қабылдақыштық немесе таратқыштық жұмысын таңдаулы қашықтықтан бақылаудан бастап Интернет-файлдар түріндегі компьютерлік желілер бойынша теледидар бағдарламаларын жіберетіндей жаңа сапалы мүмкіндіктер береді.

Ақпараттық технологиялардың шапшаң дамуына, әсіресе, телерадио хабарларының ұқсас форматтан цифрлық форматқа көшуіне байланысты әлемде қазіргі бар мемлекеттік телерадиоарналардың техникалық базасын күрделі жаңғырту қажеттігі туындауда.

Бүгінгі күні күллі Қазақстан Республикасы бойынша жерүсті эфирлік хабарларын тарату ұқсас болып отыр. Жиілік спектрінің толықтығы республика аумағында телерадио хабарларын таратудың дамуын едәуір тежейді.

Ақпарат-телекоммуникация саласының стратегиялық проблемаларына:
  • деректер таратудың ұқсас жүйесінің үстемдік етуі мен цифрлық және спутниктік инфрақұрылымның дамымауы;
  • Қазақстан Республикасының ақпарат-медиа және телекоммуникация секторларында технологиялық артта қалушылығы;
  • ғарыш инфрақұрылымының дамымауы жатады.

Телерадиокоммуникация саласын дамыту әлеуетті аудиторияны сапалық және сандық тұрғыдан ұлғайтуға мүмкіндік беретін телехабарлары мен спутниктік байланыс мүмкіндіктері саласында жаңа цифрлық технологияларды пайдалану жолымен жүруге тиіс. Радиожиілік ресурстары шектеулі болуы жағдайында жалпы әлемдік теледидар жерүсті цифрлық теледидар хабарларын (одан әрі – ЖЦТХ) жасау жолымен дамитын болады. Қолданыстағы ұқсас телеарна 8 МГц-ті (бір жиілікте – бір бағдарлама) иеленеді, ал ЖЦТХ бір жиілікте көп бағдарламалы теледидар деп аталатын бірнеше телебағдарламаларды таратуға мүмкіндік береді. Қазақстан өз өңірінде бірінші болып ЖЦТХ-ны енгізуге және одан әрі дамытуға мүмкіндігі бар, ол біздің геосаяси мәртебемізді көтереді және ақпарат саласында кейіннен арта түсуіне жағдай жасайды.
Осы орайда:

  • цифрлық телерадиохабарларын енгізудің;
  • цифрлық технологияларды телерадиохабарлары бағдарламаларын тарату желісінде қолдануды қоса алғанда, мемлекеттік телерадиохабарлары желісіне цифрлық технологияларды енгізудің, сондай-ақ мемлекеттік телерадиохабарлары бағдарламаларын эфирде таратудың цифрлық желісін дамытудың;
  • Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және тиісті шетел өңірлерінде хабар таратуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін спутниктік байланыс жүйесі бойынша хабар таратуды жүзеге асырудың; көпбағдарламалы теледидар қызметтерін қоса алғанда, тікелей қабылдайтын спутниктік хабарлар таратудың цифрлық желісі қызметтерін енгізудің;
  • халықты мемлекеттік телерадио бағдарламаларымен қамтуды ұлғайту және өңірлік телерадио хабарларын дамыту мақсатында жердегі қабылдау-тарату спутниктік станциялары желілерінің құрылысына мемлекеттік жәрдем көрсетудің;
  • кабельдік, эфирлік-кабельдік және спутниктік хабар тарату қызметтерінің пакетіне мемлекеттік телерадио хабарларын таратуды енгізу мақсатында желілердің отандық және шетелдік операторларымен өзара іс-қимыл жасаудың;
  • республика жұртшылығының мемлекеттік телерадио бағдарламаларын эфирден қабылдауын 100% қамтуға кезең-кезеңмен қол жеткізудің;
  • радиожиілік ресурсын бөлу және эфирде цифрлық телерадио хабарларын тарату жүйесін тәжірибелі пайдалануды ұйымдастырудың;
  • өңірлік телерадио хабарларын тарату желілерін дамыту үшін радиожиілік спектрін бөлудің;
  • Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және шетелдер аумағында мемлекеттік телерадио хабарларын спутниктік хабар таратумен қамту аймағын кеңейту, ол үшін Қазақстандық «Kazsat» спутниктік желісін спутниктік ресурстарға көшіру қажеттігінің;

Интернеттің, спутниктік хабар таратудың серпінді дамуына мүмкіндік беретін, өз кезегінде Қазақстанмен қоса, таяу шетелдерге таратылатын, Қазақстанның өз өңіріндегі көшбасшы ретіндегі шеп-тұғырын нығайтатын геостационарлық орбитада «Kazsat» байланыс және хабар тарату спутнигі сияқты спутниктер тобын орналастырудың мүмкіндіктері мен орындылығын қарау қажет.
Еліміздің дамыған және бәсекеге қабілетті ақпараттық кеңістігін қалыптастыру – шынайы тәуелсіз, құқықтық, демократиялық және әлеуметтік мемлекет Қазақстан Республикасының нығайып, одан әрі дамуы үшін стратегиялық шарт болып қалады.

Бүгінгі күні Қазақстанда іс-әрекетке қабілеттілігі бар ақпараттық нарық құрылды. Бұған мемлекеттік емес БАҚ-тардың басымдылық сегментінің пайда болуын, ақпараттық тематикалық құрлым дифференциациясын, айтарлықтай үлкен медиа-компаниялардың құрылуы мен жұмысын айтуға болады.

Егер 1990 жылға дейін республикада бар болғаны 10 республикалық (мемлекеттік) газет-журналдар басылып, 21 теле- және радиоарналар хабарласа, 2001жылдың 1қаңтарына Қазақстанда 1827 БАҚ , соның ішінде: 1202 газеттер, 483 журналдар, 124 теле- және радиокомпаниялар, 15 ақпараттық агенттіктер қызмет істейді. Тек 2005 жылда ғана БАҚ-тардың саны 19%-ке өсті.

Қазақстандағы мемлекеттік емес БАҚ-тар 80%-ті құрайды. 159 басылымдардың меншік иелері қоғамдық бірлестіктер, 11-і саяси партиялар мен қозғалыстар, 10-ы діни бірлестіктер.
Сонымен медиа-нарықтың анағұрлым тематикалық дифференциациясы көз алдында. қоғамдық-саяси сипаттағы газет-журналдармен қатар, жарыққа ақпараттық-жарнамалық, көңіл көтеретін, діни, әйелдер, жастар, балалар, ғылыми, техникалық және тағы басқа көптеген арнайы басылымдар шығарылады.

Интернет, эфирлік-кабельдік және кабельдік теледидар динамикалық даму үстінде. Еліміздің ақпараттық нарығы кең түрде жаңа технологияларды қолдануда: жалпыұлттық теле- және радиоарналар спутникалық теледидардық ұлттық жүйесі арқылы таратылады, Қазақстандық теледидар мен радиоарналарында кең түрде цифрлік форматтағы технологиялық кешендер қолданылады. 2002 жылы CaspioNet (оператор - Eutelsat) спутникалық арнасы жұмыс істей бастады.

Елімізде BBC, Deutsche Welle, “Свобода” радиосы, поляктардың “Полония” теледидары, ресейлік БАҚ-тар бағдарламалары кең тараған; әлемнің жиырма елдерінен 80-нен жоғары шетел БАҚ-тарының өкілдері тіркелген, соның ішінде – “Би-Би-Си”, “Ассошиэйтед пресс”, “Интерфакс”, “Франс пресс”, “Синьхуа”, “Рейтер”, “ИТАР-ТАСС”, “Бридж ньюс” және тағы басқа ірі ақпараттық агенттіктер бар.

Мұндай әр алуан және көп тілділік өз Қазақстандық БАҚ-тардың белсенді дамуына себепші болады.Бұл процестердің негізін либеральдық және демократиялық мемлекеттік ақпарат саясаты құрайды. Оның негізгі тетіктері:
сөз бостандығы, ақпаратты алу мен тарату бостандығы, цензураға тыйым салу принциптеріне заң кепілдіктері мен іс-жүзінде қамтамасыз ету;
БАҚ қызметінің заң базасын тұрақты жетілдіру.

БАҚ-тардың өсуіне экономикалық жағдайлар жасау. Қазақстандағы барлық басылымдар мен телеарналар қосымша құнға салынатын салықтан босатылады. Радиожиілілік спектрді қолданғанға жыл сайын дерлік ақы төмендетілуде;

БАҚ-тардың қоғамдық бірлестіктермен, ассоциялармен, халықаралық ұйымдармен, медиа-зерттеу институттарымен даму мәселелері бойынша тұрақты және сындарлы өзара іс-қимыл жасау. Елімізде Қазақстан журналистері одағы, Қазақстанның телерадио таратушыларының ассоциациясы, халықаралық ұйымдардың өкілдері: Адам құқығы жөніндегі Халықаралық бюро, «Internet network», «Әділ сөз» және т.б. сияқты журналистер құқығын қорғау бойынша қоғамдық бірлестіктер жемісті қызмет істеу үстінде;
журналист кадрларды дайындауға басыңқы назар аудару, бұл мақсатта мемлекет жыл сайын осы мамандық бойынша оқытуға гранттар бөлуде; Телевизиялық журналистік мектебі ашылды.