Вы здесь

Нарықтық қатынас жағдайындағы аймақтың ролі

07 июня 2013 | 1338

Нарықтық қатынас жағдайында Қазақстанның экономикасынның ойдағыдай табысты дамуына көбінесе негізінен өнеркәсіп потенциалдарының алдыңғы қатарда, индустриалды дамуы толығымен анықтайды.

Қазақстан Республикасы “Қазақстан - 2030” ұзақ мерзімді бағдарламасы мен он жылдық стратегиялық жоспарға сәйкес ілгері дамып, бүкіл әлемдік қауымдастық алдында беделі өсіп келеді. Сонымен қатар, өндірістік инфрақұрылымды, өңдеуші өнеркәсіптерінің дамуы, агроөнеркәсіп секторларының дамуы, Республиканың, сонымен бірге оның ішіндегі аймақтарының әлеуметтік - экономикасының жоғары өсіміне қол жеткізуде.
Қазіргі таңда Республиканың халық шаруашылығында өндірістік және халықтың тұрмыстық тұтынуына қажетті өнім өндіретін 100 – ден астам және жан – жақты дамыған салалары бар.

Сонымен бірге, еліміздің егемендігін нығайта түсетін, толық экономикалық тәуелсіздікке жетудің негізі мен Қазақстанның экономикасын дамытудың және жандандырудың негізгі факторы мемлекет ішіндегі облыстар мен аймақтардың әлеуметтік - экономикасының дамуы мен өсуі, жандануы, қаржы жағдайының тұрақтылығы мен оң сальдода болуы, өнеркәсіп инфрақұрылымын дұрыс бағытта қызмет етуі.

Сонымен қоса, Республиканың әлеуметтік – экономикалық даму жүйесінде әрбір аймақтың орны мен ролі, оның табиғи – экономикалық ерекшелігімен өндірісті мамандыру деңгейімен, халықтың өмір сүру деңгейінің сапасын жоғарлату мен тиімді қарым қатынастың дамуымен, сыртқы экономикалық іс - әрекеттерді нығайту және шаруашылықты кешенді дамыту мен анықталады.

Республиканың әлеуметтік – экономикалық дамуындағы Оңтүстік Қазақстан облысының ерекшелігінің бірі оны өндіріс құралдарымен қамтамасыз ету бағытындағы, оның көп салаларының: ауыл шаруашылығымен, өнеркәсіптерімен, орман шаруашылығымен қарым қатынасы, сонымен қатар ауыл шаруашылық өнімін, орман шаруашылық өнімін, өнеркәсіп өнімдерін өңдеу, халықтың тұтынуын қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік жағдайын, құрылысты жандандыруымен жақсарту.

Оңтүстік Қазақстан облысының соңғы жылдардағы іс - әрекетін талдау нәтижесінде, облыс өнеркәсібінің, мемлекетте, аймақта қолданылып жатқан шаралардың нәтижесінде тұрақты дамуын байқаймыз. 2004 жылы өнеркәсіп өндірісінің кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар, үй шаруашылығын қоса алғанда ) кәсіпорындарда қолданылып жүрген бағамен 134125,7 млн. теңгенің өнімін өндіріп, нақты көлем индексі 2003 жылдың деңгейіне 99,1% болды. Кен өндіру өнекәсібінде нақты көлем индексі 136,2%, өңдеу өнеркәсібінде - 95,4%, электр қуатын, газ бен су өндіруде және оларды бөліп таратуда - 110,7% құрады. Облыстың кен өндіру, электр қуатын, газ бен су өндіруде және оларды таратуда бірқалыпты даму себебі жаңа шағын бизнестердің құрылуы, тоқтап қалған кәсіпорындардың іске қосылуы және кеңеюінен. Өңдеу өнеркәсібінде мұнай өнімдерін, химия өнеркәсібінде, ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдарды шығару өнеркәсібінде өнім көлемі төмендеген.

Республика бойынша өнеркәсіп өндірісінің өнімдерін өндіруде Оңтүстік Қазақстан облысы соңғы қатардың бірінен орын алды, мысалы: Қазақстан бойынша 2004 жылы өнімнің үлес салмағы - 3,8%-ды, өнеркәсіп өндірісіндегі персаналдардың үлес салмағы - 6,3 %-ды және өнеркәсіп саласындағы негізгі капиталға бағытталған инвестицияның үлес салмағы – 2,5 % - ды құрады.

Қазіргі таңда, 2004 жылы Оңтүстік Қазақстан облыс бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны – 668 данасы оның 1147 бірлігі немесе жалпы санының 11,2% өнеркәсіп өндірісінің шағын кәсіпорындары қызмет жасауда. Шағын кәсіпорындардың өндірген өнімдердің көлемі – 6469,7 млн. тенгені құрды.
Оңтүстік Қазақстан облысында 2004 жылы өнеркәсіп өндірісінде өндірілген өнімдерді халықтың жан басына шаққанда 57193 мың теңгені құрап және Республика бойынша оның үлес салмағы небәрі 22,9% - ды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтар арасында ең соңғы орынның бірінде тұр.

Өнеркәсіп өндірісінің өнімдерін өндіруге 43164 мың өндіріс персаналдары іс әрекет жасады, оның ішіндегі 6,0 мыңдайы адамы шағын кәсіпорындарда жұмыс істейді. Өнеркәсіп саласындағы негізгі капиталға бағытталған инвестиция 38405,3 млн. тенге құрады.
Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп өндірісінің өнімдерін жан басына шаққандағы көрсеткіші Республикалық орта есеппен жан басына шаққандағы көрсеткіштен әлде қайда артта қалады.

Сонымен бірге, соңғы жылдары, ескі, тоқтап қалған өнеркәсіптерді іске – қосу, жаңа кіші кәсіпорындар өндірістерінің құрылуы қорларымен, халықтың тауарларды сатып алу қаблеттігінің артуынан облыста өнеркәсіптің даму индексінің көрсеткіші 1998 жылы 0,2 % - дан, 2004 жылы 0,4 % - ға жоғарлады. Сонымен қатар, облыста өнеркәсіп өндірісі өнімін орта есеппен жан басына шаққандағы үлес салмағының Республикалық осы көрсеткішке қатынасы 1998 жылы 41,17% - дан, 2004 жылы 89,4% - ға жоғарлады.
Республиканың халықшаруашылық саласында облыстың орны мен ролін анықтайтын, өндірістің негізгі маманданған саласының бірі, жеңіл және тамақ өнімдерін өндіретін өндірістер. Сонымен қатар, облыстың өндіріс көлемінің едәуір бөлігін (4,8%) өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарына тиеселі. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінің 31.4 % - ы азық – түлік өнімдері, сусындар мен темекі өнімдерін өндіру құрады. Облыста соңғы кездері тағамдық азықтардың мынадай түрлерін өндіру едәуір алға басты: үй құстарының еті және тағамдық ішек қарындары ( 79,1% ), кептірілген нан және печенье, кондитерлік эаттар және ұзақ мерзімге сақтайтын тәтті нан (70,8%) дәннен және өсімдіктен жасалған ұн; олардың майда тартылған қоспасы (40,3%), сары май (32,6%), ірімшік және сүзбе (10,9%).

Сонымен қатар, Республика бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы өсімдік майын өндіруде (30,37%) бірінші орын алады, тағамдық азықтар мен ұн (12,61%) дайындауда алдыңғы қатарда тұр.

Облыста тоқыма және тігін өнеркәсібінің өндіріс көлемі өңдеу өнеркәсібінің 13,2 % - н құрайды Облыста тоқыма тігін өнеркәсібінің алдыңғы қатарда өндіретін өнімдері: ерлер мен ер балаларға арналған сырт киімдер, трикатаждан басқа (35,5%) төсек жаймалары (38,9%) және мақта иірімжіптері (82,1%). Оңтүстік Қазақстан облысының тоқыма және тігін өнеркәсібінің тағы бір ерекшелігі карда және тарақпен түтілген мақта талшығын өндіруде Республикалық өндіріс бойынша үлес салмағы 100% - ды құрап, мемлекет бойынша, аймақ мақта талшығын жалғыз жабдықтаушы қызметін атқарады.

Машиналар мен жабдықтар өндірісі өнеркәсіптері облыстың аймақтарында орналасқан, Кентау қаласындағы «Экскаватор» заводында негізінен экскаваторлар – 46,2%, бұрғылайтын немесе үңгірлейтін машиналардың немесе топырақты қазуға арналған машиналардың және крандардың бөлшектерінің -64,1%, Шымкент қаласындағы заводтарында ауыл шаруашылығына және орман шаруашылығы машиналарына арналған бөліктерінің -39,2% және ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы машиналарының -20,0% өндірілді.

Оңтүстік Қазақстан облысында шаруа қожалықтарының санының (2004жылы оның саны 67121-ге жетті), көбеюіне байланысты ауылшаруашылығына және жем өндіруге арналған бөліктер, жабдықтар, құралдар, мұқаммалдар мен машиналарға, нарықта сұраныстың көбеюіне байланысты өндірісін жылдан жылға көбейтуді көздеуде.

Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласындағы бұрынғы қорғасын зауыты – «Южполиметалл» акционерлік қоғамы қорғасынның жоғарғы маркасын шығарады. Осы қалада «ҚазИнтерком» ашық акционерлік қоғамда түрлі көліктер қолданатын шинаны тапсырыс пен өндіреді. Кентауда қаласындағы «Экскаватор», «Электроаппарат» және «Трансфарматор» зауыттарының өнімі тек мол сұранысқа ғана ие емес, сонымен бірге, әлемдік стандартқа жауап беретін ірі бәсекелестікке ие, сонымен қатар, экскаватордың жылына 19 данасын шығарса және трансфарматорлардың 346,8 мың квт түрлерін өндіруден Республика бойынша бірінші орында түр.
Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс материалдарының шикізатына бай болса да индустиясы өте баяу дамыған, обылыс құрылыс заттарын өндіруден Республикалық өндіріс бойынша ең соңғы қатардың бірінен орын алады.

2004жылы Республиканың өнеркәсіп саласына негізгі капиталға бағытталған инвестиция 1530600 млн теңге, оның ішінен аймақтың өнеркәсіп саласына 20252,5 теңге бөліп, оны жеке меншіктегі кәсіпорындар мен ұйымдар игерген. 1998 – 2004 жылдары Республиканың және Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп өнімдерінің орта жылдық өсу деңгейі және жалпы республикалық деңгейдегі облыстың үлес салмағының өзгеруі, (%) – бен.
Мұндай жағдай өз кезегімен облыстың өнеркәсібінің дамуына тиеселі әсерін тигізеді.

Сонымен бірге тағы айтып кететін жағдай, Республикалық өнеркәсіп өндірісінде Оңтүстік Қазақстан облысының өндірісінің үлес салмағы 1998 жылы 5,3% болып, 2001 жылы 5,9%-ға жоғарласа, 2004 жылы оның үлес салмағы 3,9% болып төменгі көрсеткішті көрсетуде, себебі Республика бойынша өндірілген өнім 2001 жылдан 2004 жылыға 2есе шамамен артса, облыс бойынша мұнай өнімдерін өндіруде, химия өнеркәсібінде, ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдарды шығару өнеркәсібінде, ------------ тек 105% - ға, аз мөлшерде ғана артып отыр.

Сонымен бірге, Оңтүстік Қазақстан облысында өнекәсіп өндірісіндегі өндіріс персаналының үлес салмағы жылдан жылға артуда. Сонымен, егер 2001жылы аймақтың өнеркәсіп өндірісіндегі персаналдардың Республикалық көрсеткіштегі үлес салмағы 6,3% -ды құраса, 2004жылы оның көлемі 6,9% - ға көтерілді. Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсібінің өндіріс деңгейі мен қарқының дамуына, негізінен оның демографиялық ерекшелігі әсер етті.

Аймақтың демографиялық ерекшелігіне тоқталып кететін болсақ, онда соңғы он жыл көлемінде Қазақстанның кейбір аймақтарында халық саны (мысалы, Солтүстік Қазақстан облысы орта есеппен әр жылда адам саны 11700 – ге кеміп отыр, Павлодар облысында әр жылда орта есеппен 15433 кеміп) азайып отырса, Оңтүстік Қазақстан облысында жылдан жылға адам басы (орта есеппен әр жылы 29120 адам басы қосылып отырған) көбейіп, Республикалық көрсеткіштерінің оң сандық көрсеткішіне, әсіресе осы аймақ көп әсерін тигізіп отыр.

Облыста халық санының көбеюінің себебі халықтың ертеңгі күніне сенімділігің артыуы (табыстың көбеюіне және аймақтың экономикасының тұрақтануынан) нәрестенің туылу санының көбеюі мен өлімнің кемуінен, оралмандар есебінен жән халық санының және еңбек ресурстарының көптігі аймақтың өндіргіш күшін дамытудың негізгі факторы бола түра, бірнеше әлеуметтік мәселелерді туындатады, олар маманданған кадырлар дайындау, материалдық қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын өмір сүру деңгейін жоғарлату, рационалды жұмыспен қамтамассыз ету және т.б. Сондықтан, Оңтүстік Қазақстан облысының өндіріс қарқынының өсуінде, осы мәселелерді шешуге көп көңіл бөлінуі қажет.
Сонымен қатар, өндіріс тиімділігін жоғарлату мен ғылыми техникалық прогресті жеделдету негізінде, кіші, орта, ірі масштабты өңдеуші өнеркәсіпті құру және салалар арасындағы байланыстар жүйесін қалыптастыру, өсу қарқындары мен өндіріс тиімділігін жоғарлату, өндірісті интенсивті дамыту міндеті тұр. Бұның бәрлығы өндірісті индустиряландыру мен интенсивті дамыту жолдарын қарастырып, территориялық құрылымды және оның салаларын жетілдіру мен кешенді дамыту. Бұл үшін жұмыстың келесі бөлімінде аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуының қазіргі жағдайы мен бағасына талдау жасалынады.