Вы здесь

Ауылда тоталитарлық жүйенің орнығуы

07 июня 2013 | 1016

Теория жүзінде Ленин сол уақытта-ақ социализмге өтудің әр түрлі жолдарының мүмкіндігі жөнінде айтқан. Бірақ олардың анық тұжырымы әлі жасалмады, сол себепті тек жалпылай тәжірибе кейінгі мәліметтерді анықтады. Сондықтан да партия бағдарламасын бағалауға, әсіресе кейбір жұмысшылардың тұтыну кітапшаларындағы міндетті жазбалар немесе үй шаруашылығын отбасылардың үлкен топтарының “азықтандыруымен” алмастыру сияқты Бухарин тарихи тұрғыдан қарауға шақырды. Партиялық теориялар мемлекеттік өндіріс пен бөлуді қалыптастыру арқылы социалистік құрылысқа тікелей өту туралы маркстік жорамалға негізделеді.

“Әскери коммунизм”, пролетарлық революцияның жеңісінен кейін құн заңының күші, тауар-ақша қатынастары мен нарық жойылады және оның орнына тікелей азық-түлік айырбасы орнайды деген ескі түсініктерді білдіреді. Революциямен азамат соғысы жағдайында тәрбие алған көптеген коммунистерге қатаң орталықтандыру, жаппай қоғамдастыру, әскери бұйрық жүйесі социализмге апаратын жолды қысқартатындай болып көрінді. Әскери коммунизм саясатын құрамдас элементтері - барлық өндіріспен жабдықтауға жоғарыдан мемлекеттік үстемдік ету (монополия), тұтыну коммуналары, тегін бөліп тарату, сауда мен нарыққа тиым салу, ақша айналымын тоқтатуы, теңгермешілік болды.

Азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру, шаруа қожалықтарынан алынатын өнімдер мөлшерін шектеу, еркін саудаға рұқсат беру, кооперативтік қозғалыс пен аренданың кеңінен дамуы, қала мен ауыл эквиваленті (тепе-тең) айырбас қалыптастыру, тұрмыс-жағдайын көтеруін қажетті шарты ретінде ауыл шаруашылығын бірінші кезекті қалпына келтіру мен дамыту осының бәрі жаңа экономикалық саясат түсінігіне біріктіріліп, шаруаның өз тағдырының қожасы ретінде қалыптасуы мен өмір сүру деңгейін айтарлықтай арттыруына жағдайлар жасады.

20-жылдардың 2-ші жартысында жаңа экономикалық саясат елдегі тұтастай халық шаруашылығын күрделі жағдайында туындаған бір қатар қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтарға тап болды. Жаңа экономикалық саясатты тоқтатудың себептерін бүгінде қалай түсіндірген жағдайда да бір нәрсе анық, ол ауылдың дамуы елдегі материалдық-техникалық негіздің нашарлығы мен артта қалушылығына барып тіреледі, осы жағдай индустрияландыруға бағыт алуға себепші болды. Жаңа экономикалық саясат дағдарысы кеңестік ауылдың одан арғы дамуының жолдары мен варианттарын іздестіруді ынталандырды.

Жаңа экономикалық саясатқа бағытталу дербес шаруашылық жүргізушілерді артықшылықтарынан айыруды білдіретін тікелей конфискелеуді де болдырмайды “жаңа экономикалық саясат бағытының” жақтастары, жетекшілері - Н.Бухарин, Н.Рыков пен М.Томский бұл тұрғыда экономикалық және құқықтық реттеу механизмдері барынша әсерлі бола алады деп санады. Жаңа экономикалық саясаттың алғашқы жылдар тәжірибесі мұндай мүмкіндікті дәлелдеді.