Вы здесь

Өнеркәсіп. ХХғ. басындағы Қазақстандағы шетел капиталы

04 июня 2013 | 3161

Ресей капитализмінің кеңейе дамуы оның үлтық шет аймақтарға жылжыуы өнеркәсіптердің дамуына алып келді. Сонымен бірге Қазақстанда да кіші өнеркәсіптердің саны да ұлғайды. 1900 жылы 2668 өнеркәсіп болса, 1913 жылы оның саны 6000-ға жетті.

Өнеркәсіптердің дамуы еліміздің экономикасына, жергілікті халықтың сұранысына қанағаттандырмады, керсінше Ресей империясының қажеттіліктерін қамтамасыз ету еді. Қазақстан өнеркәсіптері тек шикізаттарды жеткізуші ролін атқарған, сондықтан да өнеркәсіп өнімдері өндірілмеді, ірі өндіруші өнеркәсіптер болмады. Барлық құрал саймандар, машиналар,күрек,ломдар Уралдан әкелінді. Күнделікті тұрмыстық жағдайда қажет ететін қант, күкірт,керосин, металдарда әкелінетін болған.

Ресей патшалығы Қазақстанда ауыр өнеркәсіптің дамығанын қаламаған. Мысалы: ең бірінші пайда болған және шикізатқа өте бай тау-кен кәсіпорындарға өте баяу дамыған. ХХ ғасырдың басында егіншілікпен және шаруашылығы өнімдерін өндіруі алғы орынға қойып, тау-кен қазу жұмыстарын кейінге қалдырған.

Қазақстанның өндіріс кәсіпорындары техника-экономикалық қатынаста ХХ ғасырда кіші және ескі техниканы қолданды, осының арқасында қарапайым қол еңбегі артты. Кәсіпорындардың көп бөлігі мерзімді жұмыс істеді, олар жүн жуатын, тері илейтін, май жасайтын және т.б. Мерзімдік жұмыспен істемейтін кәсіпорындар да (тау және метал өңдейтін) үзіліспен жұмыс істеді. Кәсіпорындардағы жұмысшы күшінің көп бөлігі көктемнен жазға көшіп-қону кезінде, пайда табу үшін келген кедей қазақтардан құрады. Кедей қазақтар қыстауға кеткен кездерінде заводтар мен рудниктер тоқтап қалды.

Империализм ғасырында Қазақстанның байлы табиғи шикізаттары шетел финанс капиталының объектісі болды және ол операциялар патшаның көмегімен жүргізілді. Кәсіпорындар жүргізу үшін шетел капиталдары салынды.

Қазақстанда 1917 жылғы көрсеткіш бойынша, акционерлік капиталы құрған 9 ірі акционерлік қоғам болды, оған кірген орыс және шет ел банкілерінің монополі 71,0 мың.руб. ақшаны құрады. Оның ішінде акционерлік қоғамның тау кәсіпорнына 42.3 мың., мұнай кәсіпорнына- 28.7 млн. руб. Бірінші орында Британ шет ел капиталы болды.
Қазақстан жеріндегі акционерлік қоғам «Спасск мыс кенің мен акционерлік қоғам “атбасарлық мыс кенші” түрлі-түсті кәсіпорындар қаржылардың қолында болды. Спасск компаниясына ағылшын және француз капиталистер қызықты. Спасск қоғамының акциясын ұстаушылар тек англо-француздарға ғана емес, сонымен бірге Америка, Германия, Швеция, Австрия, Испания және басқа да елдердің қолында болды.

ХХ ғасырдың бірінші 10-жылдығында шетел капиталы барлық шаруаларды Орал-Ембі ауданының өте бай мұнай кен орнын өз қолдарына алу үшін барлық шараларын қолданды. Банкілер мен ірі акционерлік компаниялардың саясаты Ембі ауданындағы мұнай жерін монополияландыру еді және көздеген мақсаттары еліміздегі мұнайдың бағасын монопольді жоғары бағада ұстап, оңай пайда табу болды.

Сол кездердегі Қазақстандағы пайда болған үлкен тау кәсіпорындары еліміздің экономикалық дамуына септігін тигізді. Осы шикізаттардың арқасында Қазақстан Ресейдің басқа да аймақтармен қарым-қатынаста болып жергілікті фабрика-зауыттарын үлкейтті. Сонда да, Ресеймен және шетел капиталымен құрылған кәсіпорындар, отарлық саясатта жүргізілді, салынған капиталдарды тез және өте үлкен пайдамен қайтаруды көздеді. Елімізде еңбек күші арзан болғандықтан, құрал-сайман жабдықтары ескі немесе кіші көлемде ғана қамтамасыз еттілді. Алынған шикізат өнделмеген түрде шетелдерге жіберіліп отырды, елімізде өндірілмеді. Алынған пайдалар жергілікті жердің экономикасын көтеру үшін емес өз қалталарында, өз пайдаларына жұмсалды.