Вы здесь

Индустрияландыру барысы, мәселелері мен нәтижелері

02 июня 2013 | 5293

Қазақстан өнеркәсібінің дамуында индустрияландыру жылдары шешуші қадамдар жасалды. Елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуында индуртрияландыру үлкен рол атқарды, ол қоғам өміріндегі орасан зор өзгеріс болды, аграрлық, артта қалған елден индустриялды-аграрлық мемлекетке айналуға жағдай жасады. Қазақстан тұтастай халықшаруашылық кешенінің ажырағысыз бөлігі болғандықтан индустрияландыру жүзеге асыру мәселелерін де мемлекет шеңберінде қарастыру қажет.

Индустрияландыру жүзеге асыру қажеттілігі даусыз еді. Оған көз жеткізу үшін 20-30 жылдардағы елдің жағдайын қарастыру керек, өйткені нақ осы жылдар ел өмірінің шешуші кезеңдері, сонымен бірге әкімшілік-әміршілік жүйенің болуымен күрделі болды.

ГОЭРЛО жоспары бойынша халық шаруашылығын қалпына келтіру ғана емес, сондай-ақ сол уақыттағы алдыңғы қатарлы техниканы қалыптастыру қажеттігі атап көрсетілді. Жаңа экономикалық саясат жағдайында әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай қадам жасалды. 20-жылдардың орта шеніне қарай ел экономикасын қалпына келтіру аяқталып, бірінші кезектегі міндет жұмыс істеп жатқан зауыт, шахта, мұнай кәсіпшіліктерін қайта жарақтандыру ғана емес, сондай-ақ жаңа кәсіпорындар құрлысын бастау болды. Қалпына келтіру кезеңінің соңына қарай ел бұрынғыша айтарлықтай аграрлық, шаруашылық болып қала берді.

Елдің техникалық экономикалық жағынан ең алдымен өнеркәсіппен ауыл шаруашылығының артта қалушылығы, қол еңбегінің толықтай үстемдік етуі - жаңа, барынша жоғары техника негізінде қайта құру қажеттілігін білдірді, ал оның маңызды бөлігі - елді социалистік индустриянандыру еді. Ең алдымен барлық өзге шаруашылық салаларының негізі ретінде ауыр машина жасау индустриясын дамыту қажет болды. Нақ машина жасау жеңіл өнеркәсібінің шапшаң дамуы мен ауыл шаруашылығын қайта құруды қамтамасыз етіп, еңбекшілердің материалдық әлауқаты мен мәдени деңгейін көтеру тиіс еді. Бірінші бесжылдық жылдарында елдің орталық аудандарының дамуымен қатар, ұлттың алыстағы елді мекендерде де өнеркәсіптің дамуына айтарлықтай көңіл бөлінді.

Қазақстанда фабрика-зауыт өнеркәсібі тек Кеңес өкіметі жылдары пайда болды. Республика елдің ең артта қалған аудандарының бірі еді: шаруашылықтың негізгі саласын көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы құрады, қазақ ауылы капиталистік құрылысқа дейінгі, патриархалды-феодалдық қатынастар сатысында болды, егіншілік көбінесе қоныс аударушылар шаруашылықтарында басым дамыды. Өнеркәсіп - жергілікті шикізатты өңдеумен айналысатын жартылай қолөнершілер шеберханалары түрінде дамыды. Өте қарапайым Қарағандының көмір шахталары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері, мыс пен полиметалл рудаларын өндіруші шетел кондессионерлеріне (жалға алушылар) өтті.

Капиталистік емес даму жолының яғни “социализмге қысқартылған, төте жол” жобасы, капиталистік даму сатысынан өтпеген халықтар үшін, өз алдына бұрыннан артта қалған халықтардың мемлекеттік, мәдени және экономикалық тұрғыдан біршама елдерде қуып жетуіне, яғни солардың қатарына қосылуына көмектесу міндетін қойған ұлттық саясатта көрініс тапты. Осы міндеттерді орындаудың негізгі жолы - социалистік индустрияландыру болды. Тек соның негізінде ғана шаруашылық құрылысының тездетілген қарқынына қол жеткізіп, ұлттық аудандардың өте зор экономикалық және мәдени артта қалушылығын жоюға, ол жерлерде сол кезеңге сай кәсіпорындар ашып, қалалар салуға, жұмысшы табы мен техника жағынан зиялылардың ұлттық тобын қалыптастыруды тездетуге мүмкіндік болатын еді.

Бұл жылдарда индустрияландырудың басты мақсаты тұжырымдалды, ол КСРО-ны сырттан машиналар мен жабдықтар алып тұтынатын елден, капиталистік ортаның қоршаған жағдайында экономикалық жағынан өз алдына дербес мемлекет болуы үшін, оларды өндіретін елге айналдыру болды. Оның ішкі көздері: шикізатты, материалдарды, жанар - жағар майларды үнемдеу есебінен, кәсіпорындар мен көлік құралдарының пайдасынан және сыртқы сауда, банктер есебінен қарастырылды. Өдірістің барлық салаларында өте қатаң үнемдеу мен халық қорларын (ішкі заям, баға саясаты, салық жүйесі) жұмылдыру есебінен жүзеге асырылды. Күрделі қаржы жалпы көлемінің 90% - тен астамы ауыр өнеркәсіпті дамытуға және тек қана 10%-і ауыл шаруашылығының, сондай - ақ жеңіл және тамақ өнеркәсіптері салаларының дамуына жұмсалды, ал бұл олардың бұдан былайғы дамуына кері әсерін тигізді.

Қазақстанда индустрияландыруды жүргізудің басты қағидалары мен әдістері негізінен тұтастай бүкіл елдегідей болды, бірақ мұнда оны жүзеге асыруда өлкенің экономикалық жән мәдени артта қалушылығымен байланысты үлкен қиыншылықтарға кездесті. Көшпелі халықтан маманданған жұмысшыларды даярлау мәселесі барынша күрделі болды.
“Елді жеделдету” саясаты бесжылдық жоспарды бекіткеннен соң бір аптадан кейін-ақ металлургия, машина жасау және химия сияқты жетекші салаларда “нашар болсада көп болғаны жақсы” қағидасымен маңызды тапсырмаларды қайта қарауды жүзеге асырудан байқалды. Сондықтан көрсеткіштерге ұмтылыс қорларды талан-таразға салуға олардың ыдырауына, жұмысты кездей соқ қауырт істеуге алып келді, жоспарын кезкелген жолмен сапалық көрсеткіштерге зиян келтіре отырып орындау елдің қаржылай жағдайына кері әсер етті.

Негізгі күш пен қорларды басты бөлімше - ауыр өнеркәсіптің дамуына шектен тыс шоғырландыру – “Б” тобындағы салалар мен көліктегі оның да қиын жағдайда шиеленістерді, ал ол “ең алдымен станок, көмір, мұнай, ал содан соң тұрғын үй, мектеп және басқалары” - деген қағидасы бойынша жүргізілген әрекетімен әлеуметтік саясатқа, еңбекшілердің жағдайына айтарлықтай әсер етті.

Бірақ сонда да индустрияландырудың қағидалы түрде маңызды нәтижесіне - техникалық-экономикалық артта қалушылықты жою мен экономикалық тәуелсізділікке қол жеткізгендігін назардан тыс қалдыруға болмайды. Еліміз ауыл шаруашылық машиналары мен тракторларын, мақтаны сырттан әкетуді тоқтатты, сауда балансының кіріс бөлігі артып, пайдаға жетті. Өнеркәсіп өндірісінің құрылымы бойынша КСРО әлемнің дамыған елдер деңгейіне көтерілді, өнеркәсіп өнімінің көлемі жағынан тек АҚШ -қа ғана жол беріп Англия, Германия, Францияны басып озды.

Қазақстанның индустриялдық дамуы КСРО-ның тұтастай алғандағыға қарағанда барынша жоғары қарқында жүзеге асырылады. Одақ бойынша 1913-1940жылдары мұнай өндіру үш есе, Қазақстан бойынша 569 есеге ,көмір тиісінше 5.7 және 70 есе,электр энергиясын өндіру –23,7 және 486 есеге артқан.

Алғашқы өнеркәсіп кәсіпорындар бір-бірінен жүздеген километр алшақ жатқан шикізат көзі бар аудандарда құрылғандықтан ең алдымен байланыс және көлік құралдары мәселесін шешу қажет еді. Сондықтан жаңа темір жолдарын салу зор маңызға ие болды. Бұл тұста 1500 км ұзындықтағы Түркістан-Сібір темір жолының құрлысы ерекше тарихи рөл атқарды. Оның құрлысына 200млн. сом қаржы бөлінді. Бұл ірі темір жол пайдалануға берілді. Қазақстанның экономикалық және мәдени өркендеуі мен қазақ пролетариатын қалыптастыру мәселесін шеше отырып, Түрксіб республикасының капитализмге дейінгі шаруашылық формаларына оны социалистік жолмен қайта құруға барынша тезірек өтудің алғышартын жасады 1930 жылдан бастап Түрксіб облыстың бір жағынан, Оңтүстік-шығыс Қазақстан аудандары мен және Сібірмен, екінші жағынан елдің Еуропалық бөлігімен және Орта Азия республикаларымен көліктік байланысын қамтамасыз етті. Осы уақыттан бастап Оңтүстік Қазақстанның өнеркәсібі үздіксіз өсіп өркендеді. 1930 жылы Қаратау полиметалы орынының негізінде елдегі аса ірі қуаты жағынан Одақта бірінші және әлемде үшінші орын алатын Шымкент қорғасын зауытының құрлысы басталды. 1932 жылдың соңына қарай республикадағы темір жолдар ұзындығы 5186 км. болды.

Индустрияландырумен қатар көптеген курстар мен мектептер ашу арқылы маманданған кадырларды даярлау процесі жүргізілді. Жүмыскерлер қатары өсті, құрылыста ондаған мың жұмысшы еңбек етті, оның 50% - тен астамын қазақтар құрады.

Соғысқа дейінгі бес жылдықтарда ашылған кен орындары негізінде ірі, уақыттқа сай Шымкент қорғасын, Ащысай полиметалл, Балқаш мыс балқыту, Ақтөбе химия комбинаттары, Кенді Алтайдың түсті металлургия зауыттары, электр станциялары, Қарағанды көмір шахталары, тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары салынған болатын. Қазақстан түсті металлдар өндірісі ьойынша Одақта екінші орынға, мұнай өндіруде - үшінші орынға шықты.

Республика экономикасында өнеркәсіппен ауыл шаруашылығы арасындағы өзара қатынас алғашқысының пайдасына өзгерді. Оның себептері шапшаң индустриялдық өсу ғана емес, сондай - ақ тездетілген ұжымдастыру барысында ауыл шаруашылық өндірісінің күрт түсуі еді.

Мысалға, 1940 жылы халық шаруашылығында өнеркәсіп өнімінің үлес салмағы 1932 жылғы 39.5% орнына 60%-ды құрап, ауылшаруашылығының өнімінен 1.5 есе артық болды.
Бұл жылдары өнеркәсіп өндірісі дамуының маңызды ерекшелігі - индустрияландырудың алғашқы жылдары құрылған өнеркәсіп алыптарының орнына негізінен орташа көлемде кәсіпорындар салынды. Бұл құрылыспен өндірістік қуатты, іске қосу мерзімдерін айтарлықтай қысқартты, сондай-ақ республиканың әр түрлі аймақтары бойынша өнеркәсіпті барынша тиімді орналастыруға мүмкіндік берді.

Өнеркәсіптің бірқатар жаңа салаларының пайда болуы 1941-1945жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде кәсіпорындарды орталықтан елдің шығыс аудандарына көшірумен байланысты болды. Мұнда 249- дан астам өнеркәсіп кәсіпорындары көшірілді. Қазақстанның алдында майдан мен тылды азық-түлік және өнеркәсіп өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесі қойылды. Қазақстан қорғаныс өнеркәсібін негізгі түсті металдармен жабдықтаушы болды, оның кәсіпорындарында әскери техника, қару- жарақ, оқ-дәрі шығарылды.Қарағанды көмірімен Орал, Поволжье, темір жолдар қамтамасыз етілді.