Вы здесь

Қазақстанда өндіруші шаруашылықтың қалыптасуы мен дамуы

02 июня 2013 | 3754
Өндіруші шаруашылықтың пайда болуы

Еліміздің тарихы қоғамдық - экономикалық формация - алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Белгілі бір әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына байланысты бірнеше жүйелі кезеңнен өтті. Олардың негізгі еңбегі еңбек құралдарын жетілдіру мен оған байланысты еңбек өнімділігінің, материалдық және рухани мәдениеттің өсуі болып табылады.
Көне тас ғасырының дәуірі - адам мен оның шаруашылығының қалыптасу мезгілі өнідіргіш күштің төменгі деңгейімен сипаталады.

Бұл дәуірдің ерекшелігі адамдар дайын тұрған табиғаттың сыйын пайдаланды: барлық жабайы аңдарды, балықтарды аулады, жеміс жидектер жинады. Бүның бәрі еңбекке жатады бірақ, ежелгі адамдар өздері ұдайы өндіре алмады. Сондықтан адамдар ұжымының өмірі сыртқы табиғи және ауа-райы жағдайларына, тапқан ол жанның молшылығына немесе жеткіліксіздігіне, ашаршылық пен өлім-жетім кезеңімен алмасып тұратын кездейсоқ сәттілікке тәуелді болды.

Ежелгі адамдардың өмір сүру үшін қолайлы аудандардың бірі Қаратау жотасы болған. Ол кезеңдері Қазақстанның кең байтақ жерлерінде адамдар саны өте аз болды және баяу өсті.
Жаңа тас ғасыры (неолит) тас өңдеу техникасының әбден кеміген кезі және жабайы аңдарды аулау ісін барынша жеңілдеткен садақ пен жебені ойлап табудан басталады.
Дайын өнімдерді жинап теру мен аң, балық аулаудың орнына өндіруші шаруашылықтың, мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының пайда болуы. Бұл егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы сол дәуірдің аса маңызды белгісі болып табылады.
Шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуы адамзат қоғамының дамуы үшін үлкен маңызға ие болды. Адамның еңбек іс-әрекетінің ауқымын кеңейтті және сондай-ақ оның сипатын сапа жағынан өзгертті. Адамдардың экономикалық қызметінің барлық көп жылдық тарихы, осы екі шаруашылықты дамытуда.
Неолит дәуірінде адамдар тас құралдарын пайдалана отырып азық қорын жинады. және аңшылық тұрмыс қалпынан жануарларды қолға үйретті. Малды қолға үйрету мен өсіру азық-түлік ет, май, сүт түрінде тұрақты көзін жасау, сондай-ақ киім-кешек пен аяқ-киім үшін тері мен жүн алуға мүмкіндік берді. Кейінірек адамдар егіншілікпен айналысты, егін шаруашылығы адамдарды өсімдік тағамдарының қорымен қамтамасыз етті.

Осылайша, көне тас ғасыры дәуірі қарпайым шаруашылық қызметімен сипатталған болса, яғни табиғаттың дайын өнімдерін тұтынумен шектелген болса, неолит кезеңінде шаруашылықтың екі жаңа түрі дамыды. Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы, яғни өндіруші шаруашылық пайда болды. Алғашқы қауым халқының өндіргіш күштерді дамытудағы неолит дәуірі тұсында қол жеткен деңгейі басқа да мәдениет - тұрмыстың жаңалықтардың ашылуына ықпалын тигізді. Сол кезеңнен бастап тау-кен ісі мен тоқымашылықпен айналысты, олар керамикалық ыдыстар шығарудың да сырын білген.

Ұжымдық еңбек пен өндіріс құралдарына қоғамдық меншіктің үстемдік жасап тұрған кезеңі болды. Сонымен бірге ол қоғамды ұйымдастырудың бұрынғыдан да жоғары түрлері: тайпалар мен тайпалық бірлестігі құрылған.

“Қазақ даласының негізгі халқы қола дәуірінде “андроновтың мәдениетін” таратушылар еді. Бұл мәдениет шамамен 8-9 ғасыр бойына созылды. Андроновтықтар отырықшы елді мекендерде өмір сүрді, бидай, тары және басқа да дәнді дақылдар екті оны тас кетпенмен өндірді. Егін шаруашылығы тағамның азықтар өндірудің аса маңызды көзі болды, бірақ өзінің сипатына қарай қарапайым болып қала берді және мал шаруашылығымен салыстырғанда қосымша рольді атқарды. Андроновтықтар кезеңінде отырықшылықтың өзінің ерекшеліктері мен кемшіліктері болды. Малды күнде кешкісін сауу үшін және басқа адамдар ұрлап кетпес үшін ауылға қайта айдап келіп отырған, мұндай жағдайда жайылымды жерді шектеді, ол жайылым жерлер тез арада тапталып осының арқасында тұрғындар елді мекендерін тастап, әр мезгіл сайын жаңа жерлерге көшіп отыруға мәжбүр болды. Уақыт өте келе мал шаруашылығының жаңа түрі табынды мал шаруашылығы пайда болды. Табынды мал шаруашылығы даланы игерудің барынша тиімді тәсіліне - көшпелі шаруашылыққа өтудің кезекті санына айналды. Алдымен көшу мезгіл сайын, маусымды болды, кейіннен мал шаруашылығын жүргізудің негізгі түріне айналды. Көшіп қону жыл бойы маусымды жайлымдарды пайдаланды.

Адамдар үй тіршілігіне қажетті іс-әрекеттің бәрін де жасай берген жіп иіру, тоқу, теріні өңдеу, киім-кешек пен аяқ киімді, бәрін де игерген. Матаға қажетті жіпті мал жүнінен иірген. Ол кезде тоқыма станогі де, ұршық та белгілі болған.

Осылайша, көшпелі мал шаруашылығы - қоғамның өндіргіш күштерінің дамуында ілгері қадам басу болды.