Вы здесь

Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы кеңес мектебі.

15 мая 2013 | 3748

Соғыс жылдарындағы совет мектебі: Екінші бесжылдықтың (1933-1937) аяғында КСРО-дасоциалистік қоғам негізінен құрылып, өзінің дамуында жаңа – социализм құру дәуірін аяқтау және коммунизмге бірте-бірте өту дәуіріне аяқ басты. 1939 жылдың наурыз айында болған партияның ХVІІІ съезі еңбекшілерге коммунистік тәрбие берудің, адамдар санасындағы капитализмнің қалдықтарын жоюдың шешуші мәнін ерекше атап өтті. Съезде қабылданған үшінші бесжылдық жоспар іске асырылатын мәдени құрылыстың программасын белгіледі, қалада жаппай орта білім беруді, селолық жерлерде жаппай жеті жылдық оқуды жүзеге асыруда аяқтау міндеті белгіленді.

Орта мектепті бітірушілердің ерекше көбеюіне байланысты, олардың белгілі бөлімі тікелей еңбекке араласатындықтан, келешек жұмысқа даярлау мәселесі күн тәртібіне қойылып отырғаны съезде аталып өтті. Съезд қарарлары мектептің барлық жұмыс сапасын жақсартуды батыл талап етті. Оқушыларды ғылым негізімен қаруландыруда совет мұғалімдері едәуір табыстарға ие болды. Мұғалімдердің талабының артуына қарамастан, оқушылардың сабақ үлгерімі жақсарады, класта екі жыл қалып қоюшылардың саны азайды, балалардың сауатын жақсартуға көп көңіл бөлінді. Сонымен қатар мектеп жұмысында елеулі кемшіліктер орын алып келді: оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмыстарға араласуы әлсіреді, оқытуда көбінесе кітапқа, сөзге негізделеген әдістер басым орын алды, оқушылардың білімінің өмірімен байланысына аз көңіл бөлінді, политехнизм мен еңбек тәрбиесі нашарлады.

1940 – 1941 оқу жылында совет мектебінде жаңа оқу жоспары еңгізілді. Бұл алғашқы қала және ауыл мектептеріне де бірдей міндетті жоспар еді. 1940 жылы мектепке жаппай оқытуға жататын балалардың толық есебі алынды, олардың мектепке оқуына қатаң бақылау қойылды. Мектеп жөніндегі партия съездерінің қарарлары, партия Орталық Комитеті мен Совет өкіметінің қаулылары мектеп жұмысының жақсаруына, педагогика ғылымының дамуына игілікті әсер етті. Педагогтық институттар үшін педагогикадан оқулық даярланып, басылып шықты. Бұл оқулық совет педагогика курсының мазмұнын белгіледі. Дидактика мәселелеріне арналған бірнеше жұмыстар жарық көрді. Совет дидактикасы бірнеше дидактикалық принциптерді белгіледі (саналық, көрнекілік, жүйелілік, теорияның практикамен байланысы, оқушылардың белсенділігі). Сабақтың түрлері белгіленді. Оқушылардың білімін күнделікті есепке алу, бағалау жүйесі енгізілід, оқушылардың білімін тексерудің және баға қоюдың нормасы белгіленді. Бұл дәуірдегі педагогика саласындағы зерттеу жұмыстарында дидактика мәселесіне көп көңіл бөлінді және бұл салада көп жұмыстар істелінді. Ал аз зерттелінген мәселе мектептегі тәрбие жұмысы болды. Бұл салада Н.К.Крупскаяның «Пионерлерге хат» деген жинағының мәні өте зор. Жинақта коммунистік тәрбиенің негізгі мәселелері қамтылды. Әсіресе тәртіптілікке тәрбиелеу мәселесіне бұл дәуірде көп көңіл бөлінді. 30-жылдың аяғындағы зерттеулерде политехникалық оқыту және еңбек тәрбиесі мәселелеріне назар аударылды.

Қаралып отырған дәуірдегі совет педагогикасының ірі жетістігі – мектепке дейіңгі тәрбие жүйесінің теориялық жағынан қалыптасуы еді. Педагогика тарихының мәселелері де кең зерттелінді.
Мұғалімдер даярлау ісі: Жаппай бастауыш оқуды жүзеге асыруға байланысты педагогикалық училищелердің саны өте тез өсті. Оларда оқитын оқушылар саны 1930 және 1933 жылдардың арасында 2,5 есе өсті. 1934-1935 оқу жылында 772 педучилище болды. 115 педагогтық институтта 67 мың студент оқыды. Жеті жылдық және он жылдық мектептердің санының өсуіне байланысты, 1933 жылдан бастап екі жылдық оқытушылар институттары ашыла бастады.

Қазықстандағы саутсыздықты жою мен мектеп білімін өркендетудің тарихы – мәдени ревалюцияның лениндік жоспары салтанатының тарихы еді. 1939 жылы республика халқының 76,3 порценті сауттанды. Қазақстан қысқа мерзім ішінде сауттылықтың Кеңес Одағы бойынша алғандағы орта деңгейіне жетті. Қазақстан мектебін дамытуда қиыншылдықтар да аз кездескен жоқ. Территория жағынан шашырандылығы міндетті оқуды орындауға кедергілер туғызды. Республика үкіметінің шешімі бойынша интернатар көптеп ұйымдастырылды. Малды ауданда тұратын он мындаған балаларды оқуға тартуға бұл шара мүмкіндік берді. Республика үкіметі мен халық ағарту органдары орта мектепті дамытуға үнемі көңіл бөліп отырды. Қазақ АССР-інің Халық Комиссарлар Советі 1935 жылдың қарашасында «Қазақстан мектептерінің құрылымын зерттеу және қазақ орта мектебін дамыту туралы» қаулы қабылдады. Россияның көптеген мәдени орталықтарының жоғары және орта оқу орындары Қазақстан үшін болашақ мамандары оқытты және даярлады. Жиырмасыншы және отызыншы жылдары Кеңес Одағының Москва, Киев, Ленинград және басқа қалаларынан Қазақстанға жіберілген жоғарғы оқу орындарын бітірушілер мен ғалымдар және басқа мамандар республикада жоғарғы және орта оқу орындарын ұйымдастыруға, педагог кадрларын даярлауға көмектесті. Ұлт мектептеріне мұғалімдер даярлайтын педагогикалық орындарының саны өсті. 1939 жылы ұлт республикаларында 411 педагогтық училище (оларда 116 мың оқушы оқыды), 93 педагогтық институт (оларда 54 мың студент оқыды) және 4 оқытушылар институты (оларда 15 мың студент) болды.

Ұлы Отан соғыс жылдарындағы мекетеп және педагогика: Совет халқының фашистік Германияға қарсы соғыс көптеген материалдық күшті керек етті, еңбекке жарайтын милиондаған адамдарды бейбітшілік еңбектен бөлді. Соғыстың ауыр зардабы еліміздегі халық ағарту ісіне, совет мектебінің өміріне әсер етпей қойған жоқ. Сан мыңдаған жоғарғы класс оқушылары, мұғалімдер мен студенттер Кеңес Армиясықатарына халық ополчениесіне, партизандық күреске аттанды. Мектептерде қоғамдық пайдалы еңбекке араласу жұмысы кең өріс алды. Соғысқа жақын жерлердегі балалар тылға көшіріліді. Жергілікті жерлерде балалар үшін үлкен қамқорлық жасалды. Мектеп-интернаттар ұйымдастырылды. Немістер уақытша жаулап алған жерлерде он мыңдаған мектептер қиратылды және талан-таржаға түсіріліді. Балалардың панасыздығымен және бақылаусыздығымен күрес ерекше маңызға ие болды. Соғыс жылдарында мыңдаған бала ата-анасынан айырылды. Оларға деген барлық қамқорлықты мемлекет өз міндетіне алды. Қазақстанның барлық облыстарында да жаңадан балалар үйлері ашылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның балалар үйлеріне 45 мың бала тәрбиеленді. Соғыстың қатерлі алғашқы жылдарында шалғай тылдағы республика ретінде Қазақстанға күнбе-күн дерлік балаларды тиеген эшелондар келіп жатты.

Бұлар Ресей Федерациясының, Украинаның, Беларуссияның майдан шебіндегі аудандарының балалар үйлерінің тәрбиеленушілері еді. Қазақстанға Мәскеудің Совет,Пролетар, Таган аудандарының әкелері майданға, шешелері қорғанысқа еңбек етуге кеткен төменгі класс оқушыларын әкелді. Олар үшін Алматы, Жанбыл және Қызылорда облыстарында интернаттар ұйымдастырылды. Қазақстанда Польша балалары үшін балалар үйлері ашылды. Мектепке мұғалімдердің және оқу құралдарының жетімсізідігіне қарамастан, соғыс жылдарында балаларды жаппай оқуға тарту жұмыстары тоқтатылған жоқ, жеке пәндерді оқытуда балаларды патриоттық идеяда тәрбиелеу мәселесіне көп көңіл бөлінді, дене тәрбиесі дамытылды, жастарға ауыл шаруашылығына араласуға қажетті агротехникалық білімдер берілді. Мектепке жаппай оқытуды ұйымдастыру мақсатымен қосымша мектептер ашылды. Тез қарқынмен мұғалімдер даярланды, оқуға тартылатын балалардың есебі мұқият жүргізілді. 1944-1945 оқу жылынан бастап оқушылар мектепке жеті жасынан алына бастады.

Мектепті тастап, еңбекке араласқан жастар үшін 1943 жылдан бастап кешкі мектептер ашылды. 1943 жылдан бастап «Оқушылар ережесі» енгізілді. Мұнда оқушылардың мектеп, мұғалімдер, ата-ана және жолдастары алдындағы міндеттері, олардың мектептегі және мектептен тыс мінез-құлқы белгіленді. Мектептің оқу-тәрбие жұмысын жақсаруында «Оқушылар ережесін» енгізудің мәні өте зор. 1944 жылдың қаңтарында балалардың сабақ үлгеріміне бес балдық баға қою жүйесі енгізілді. Бұл жаңалық мұғалімдерден баға қоюға жауапты баға қоюға жауапты қарауды талап етті. 1943 жылы енгізілген ер балалар мен қыз балалар бөлек мектептерде оқыту 1954 жылы қате шешім ретінде өзгертілді. Совет мектебі және педагогикалық ғылымдарды дамыту мақсатымен 1943 жылы РСФСР Педагогикалық ғылымдар академиясы құрылды. Бұл академияға жалпы және арнаулы педагогика, педагогика тарихы, психология, мектеп гигиенасы және пәндерді оқыту методикасын зерттеу мәселелерімен шұғылдану міндеті жүктелді. Көптеген мұғалімдердің Кеңес Армиясы қатарына алынуы олардың орнына қысқа мерзімде даярланған мұғалімдерді қызметке алуға мәжбүр етті. Сондықтан мұғалімдердің білімін жетілдіру мәселесі ерекше көңіл бөлуді талап етті. Бұл салада мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары елеулі міндет атқарылды.