Вы здесь

Реестр. Реестр бөлімдері және оның мазмұны.

21 апреля 2013 | 2975
Реестр. Реестр бөлімдері және оның мазмұны.

Реестр – операциялық жүйенің конфугурациялық мағлұматтан түратын деректер қоры. Физикалық түрде реестрде барлық ақпарат бірнеше файлдарға бөлінген. Windows 9х және NT реестрларында жартылай айырмашылық болады. Windows 95/98-та Windows каталогында тұратын реестр екі файлдан тұрады SYSTEM.DAT және USER.DAT. Windows Me-да тағы да бір файл қосылады. Ол CLASSES.DAT.

Microsoft ойының астарында операциялық жүйелердің алдыңғы нұсқаларына бағытталған, ескә бағдарламалармен үйлесімділігі үшін қалдырлған ini файлдарды толық айырбастау керек болатын.

Не үшән ini файлдардан реестрға өтті? Оның мағынасы бұл файлдарға бірнеше салмақты шек қоюлар таңуға болады және солардың ішінде ең негізгісі бұндай файлдардың шегі көлемі 64Кб құрайды.

Бірқатар концептуалды шек қоюлары бар ini-файлдардың орнына, Windows 3.1 ОЖ реестр түсінігі енгізілген болатын — ОЖ түрлі баптаулары мен қосымшалары сақталатын тіркелу деректер қоры. Алғашында реестр OLE обектілер туралы мағлұматты сақтау үшін арналғн болатын (Object Linking and Embedding — обектілерді ендіру және біріктіру) және файлдар аты мен кеңейтіліміне қарап қосымшаны қою, алайда кейініреконың құрылымы мен қолдану аясы кеңейтілді. Windows әр түрлі нұсқаларының реестрларында айырмашылық болады; мұны reg-файлов файлдарды импорттау кезінде ескеру қажет. Windows 2000 және XP –да реестр архитектурасына ОЖ берілген компонентінің функционалдығын арттыратын маңызды жаңалық енгізілді. Реестр бинарлы түрде (екілік) сақталады, сондықтан қолда жұмыс істеу үшін арнайы реестр редакторы бағдарламасы қажет. XP-де ол Regedit.exe, NT –дің басқа нұсқаларында реестрмен қосымша мүкіндігі болатын Regedit.exe және Regedt32.exe болады (Regedt32.exe XP де бар, бірақ шындығында ол Regedit.exe шақырады). Одан басқа бағдарламалар бар оның ішінде консолды (Reg.exe). Қолмен реестр параметрлерін модификациялауды кеінірек қарастырамыз, қазір осы деретер қорында сақталған негізгі мағлұматтар топтарын қарастырамыз.


ЕСКЕРТУ:
Егер Сіз сізге дәл ол керектігіне толық көзіңіз жетбесе, ешқашан реестрде ақпаратты ауыстырып немес өшіріп жібермеңіз. Кері жағдайда деректер қате өзгертілсе Windows жұмысының дұрыс жұмыс істемеуіне әкеліп соғады және жақсы жағдайда ақпаратты резервті көшірілімінен алып қалпына келтіру амалын қарастыруға болады.
RegEdit редакторы және реестр құрылымы

Реестр жазбаларын редакторлеу және көру үшін негізгі құрал ретінде арнайы «Реестр редакторы» утилиті қызмет етеді. Оны жүктеу үшін (Пуск->Выполнить) командасын орындап regedit командасын жазуыңыз керек

сол жағында сырт көзге диск құрылымын көрсететін Сілтеуші –ге ұқсас реестр ағашы көрінетін, ал оң жағында таңдалған бөлімде сақталған бағдарламаның терезесі ашылады. Редактор көмегімен мәнін редакторлеу, реестрді импорттап және экспорттап, іздеу салуға болады. Реестр құрылымын тереңірек қарастырайық. Реестр алты түпкі бөлімнен тұрады. Олардың әрбірінде терезенің сол жақ бөлігінде бума белгісі түрінде көрінетін ішкі бөлімдері болады оларды төменде тереңірек қарастырамыз. Реестр ағашының соңғы элементі үшке бөлінетін кілттер немесе параметрлер болады:

  • - қатарлық (мысалы. "C:\Windows");
  • - Екілік (мысалы. 10 82 A0 8F). Мұндай кілттің максималды көлемі 16Кб;
  • - DWORD. Бұл кілттер типі 4 байт болады және оналтылық және ондық түрде көрінеді (мысалы. 0x00000020 (32) – жақшада кілттің ондық мәні көрсетілген).

Енді түпкі бөлімдерді қарастырайық, нақтырақ айтсақ онда қандай ақпараттар сақталады.. Ендеше ретімен бастайық:
HKEY_CLASSES_ROOT. Мұнда Windows тіркелеген файл типтері тураы ақпарат сақталады. Бұл оларды тышқанды екі рет шертіп ашуға мүмкіндік береді және OLE мен drag-and-drop операциялары үшін ақпарат жазылады.

HKEY_CURRENT_USER. Мұнда Windows енген қолданушының қаптамасының баптауы сақталады (мысалы, жұмыс столы, "Пуск" мәзірі, ...). Олар HKEY_USER\name ішкі бөлімі мазмұнын қайталайды, name – қолданушы аты. Егер компьютерде бір ғана қолданушы жұмыс істеп отырса Windows –қа жай кіру жолы қолданылса, онда бөлім мәні HKEY_USERS\.DEFAULT ішкі бөлімінен алынады.

HKEY_LOCAL_MACHINE. Бұл бөлім компьютерге қатысты орнатылған бағдарламалық қамсыздандыру мен оның HKEY_USERS баптауларының драйверлері туралы ақпараттан тұрады. Барлық қолданушылар үшін қаптама баптауларынан тұрады. Жоғарыда айтылғандай, дәл осы бөлімнен ақпарат HKEY_CURRENT_USER бөліміне көшіріледі. HKCU барлық өзгерістер ( HKEY_CURRENT_USER бөлімнің толық аты) автоматты түрде HKU өтеді.
HKEY_CURRENT_CONFIG. Бұл бөлімде Plug&Play құрылғыларының конфигурациясы туралы ақпарат сақталады және аппараттық құралдардың айнымалы құрамы мен компьютер конфигурациясы туралы ақпараттан тұрады.

HKEY_DYN_DATA. осы жерде қолданушы компьютерінде орнатылған түрлі құрылғылардың жағдайы туралы динамикалық деректерін сақтайды. Осы тарамның мазмұны басқару панелінен шақырылған "Устройства" пуктінің "Свойства: Система" терезеснде көрінеді. Бұл бөлімнің деректері операциялық жүйенің өзімен өзгертіледі, сондықтан қолмен өзгеріс енгізуді ұсынбайды.
Ең көп қызықтыратын тарам HKEY_CURRENT_USER и HKEY_LOCAL_MACHINE. Нақ осы жерде сіздің операциялық жүйеңізді қолайлы түрге келтіруге мүмкіндік беретін баптауларынан(настройка) тұрады

Regedit.exe реестріне қараған кезде бірінші ойға келетін ұқсастық — файлдық жүйеге қалй ұқсатығы! Сыртықы құрылымы ағаш бұтағы тәріздес. Бұл жерде бумаларға кілттер(keys) немесе бөлімдер, ал файлдарға –параметрлер (values) сәйкес келеді. Бөлімдер ішкі бөлімдерден де тұруы, параметрлері де солай болуы мүмкін. Бұ иерархияның жоғарғы деңгейінде түпкі бөлімдер тұрады (root keys).

Reg-файлдар құрылымы

Windows реестрін reg-файлдарды жазып білмей толық білемін деуге болмайды. Reg-файл - бұл реестрға импорттала алатын, белгілі құрылымы бар және ақпараттан тұратын файл. Егер реестр редакторымен жұмыс жасау блокалса, онда реестрді редакторлеудің ең тиімді жолы болып reg-файлдарды құру және импорттау (әрине, DOS-қа шығып, қорғалған режимде, басқа бағдарламаларды қолданып, осының бәрі күрделі, бірақ ұзақ қызметі).
reg-файлдарға құрылымы бойынша белгілі талаптар қойылады. Файлдың бірінші қатарында міндетті түрді енгізілу керек: (Windows 9x үшін)
REGEDIT4

немесе (Windows 2000/XP үшін)
Windows Registry Editor Version 5.00
Әріптер тек қана үлкен болатынына назар аударыңыздар. Одан басқа бірінші қатарда ештеңе болмауы керек. Бұл мәтіннен кейін міндетті түрде бос қатар болуы керек. Одан кейін қандай да параметрді өзгерту немесе жазба қосатын реестр бөлімі көрсетіледі. Бөлім аты квадрат жақшаның ішіне алынып жазылуы керек. Төменгі жағында қосу керек параметрлер қатарға бір параметрден жазылады. Егер сізге бірнеше бөлімдерге өзгеріс енгізу керек болса, онда алдыңғы бөлімнің соңғы параметрімен және келесі бөлімнің аты арасында бір бос қатар қалдыру керек. Бұл бірнеше шиеленіскен болуы мүмкін, бірақ былай көрінуі керек:

REGEDIT4

[HKEY_CURRENT_USER\Software\ Microsoft\Internet Explorer\Main]
"Start Page" = "http://winchanger.com.ru/"
Файлда соңғы қатар бос болуы керек. Осындай файлды құрып болғаннан кейін бағдарлама сияқты жүктесеңіз, сізге реестрде өзгерту енгізу туралы сұраныс жіберіледі, егер сіз осы сұранысқа келісім берсеңіз ақпарат файлдан импортталады. Импорттау нәтижесін Windows осыдан кейін шыққан терезеде хабарлайды.

Параметрлерді өшіру(жою)
reg-файлдар көмегімен жаңа параметрлерді енгізгеннен басқа оларды өшіруге де болады. Мысалы, реестрлен бөлімді өшіру үшін оның атының алдында квадратты жақшада "-" символын қоюға болады. Бұл қалай көрінеді:
[-HKEY_LOCAL_MACHINE\Software\ QuickSoft\QuickStart]

Қысқаша шолу
Пән атауы: Информатика
Көлемі: 4 бет
Жұмыстың түрі: Реферат

Жүктеу үшін авторизация жасаңыз