Қазақстан Республикасы жергілікті өзін-өзі басқару көрсеткіштерінің дамуын талдау

01 апреля 2015 | 375

Жоспар

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк билiктiң толық кестесiн қарастыра келiп, қазiргi күнi «жергiлiктi өзiн-өзi басқару» бiзде мүлде жоқ деген тұжырым жасауға болады. Неге екенiн түсiндiрiп көрелiк. Бүгiнгi күнi қызмет етiп отырған өкiлеттi органдар - мәслихаттар дәл қазiр жергiлiктi атқару органдарын жасақтай алмайды; жергiлiктi әкiмшiлiктiң басшысы (жергiлiктi өзiн-өзi басқарудағы) әкiм болып табылады, оның өзi жергiлiктi тұрғындардың өкiлi емес, Президенттiң өкiлi болып саналады. Бiзде өкiлеттi органдар аудандық деңгейге дейiн ғана жасақталады және ауылдық (селолық) елдi мекендерде құрыла алмайды; жалпымемлекеттiк мүдделердi есепке ала отырып сәйкес әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк тұрғындарының сұраныстарын бiлдiруге және оны жүзеге асыруға тиiс өкiлеттi органдар ретiнде саналса да, аталмыш өкiлеттi органдар жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары деп аталмайды. Сондықтан да осы Магистрлік жұмыстың тақырыбы болып табылатын мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың өзара әрекетiн қарастыра отырып, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын танытатын жүйенiң жоқтығы проблемасына назар аудармауға болмайды.

Қысқаша шолу
Пән атауы: Құқық
Кол-во страниц: 67 бет
Жұмыстың түрі: Диссертация


тел. 8 777 422 26 68

email: support@izden.kz

Достармен бөлісу