Жер қойнауын пайдалану құқығы: теориялық және тәжірибелік мәселелері

01 апреля 2015 | 371

Жоспар

Кез келген мемлекеттің экономикасының қарқынды даму жолында жер қойнауы мен өзге де табиғи ресурстар маңызды орын алады. Жер қойнауын пайдалануды құқықтық реттеу жаңа институт болып табылады, сол себепті ол әлі теоретикалық танудан, ғылыми талдау мен кешенді саралаудан жеткілікті түрде өткен жоқ.
Айта кету керек, жер қойнауын пайдалану құқығы тәжірибелік маңызға ие. Жер қойнауын пайдалануды құқықтық ұйымдастыру неғұрлым сапалы болса, соғұрлым ел болашағының жарқындығына баға беруге болады. Осы тұрғыдадипломдық жұмыс тақырыбымның өзектілігі қазіргі кездегі қоғамдық қатынастардың ішіндегі Қазақстанның жер асты байлықтарын зерттеу және пайдалануға байланысты қатынастараның ерекше стратегиялық маңыздылығымен байланыстырылады. Оның өзі кездейсоқтық емес. ҚР мұнай, газ, көмір, бағалы металлдардың қоры бойынша әлемдегі алдыңғы қатардағы елдердің бірі болып отыр. Ел территориясында барлау-іздестіру жұмыстары нәтижесінде Менделеев кестесінің 70 элементі анықталған, ал 56 элементі Мемлекеттік қор балансы ретінде есептеледі.Республикадағы тау кен саласының балансында пайдалы қазбалар қоры жоғарғы көрсеткіште ие болып отыр: 30 жылға дейін алюминий,80 жылға полиметаллдар, 300 жылға дейін көмір қоры. Олардың дұрыс және тиімді қолданылуы мемлекеттік маңызды мәселе болып отыр.[1]
Жалпы, меніңше, дәл қазіргі қалыптасқан нарық заманында және әлем елдерінің дағдарысқа ұшырау жағдайында, Қазақстан үшін ең өзекті мәселелердің бірі –қазақ жер байлығының құқықтық реттеуін дұрыс ретке келтіріп, қандай да болмасын кемшіліктер жібермеу болып отыр. Яғни, заңшығарушы бұл салаға қатысатын барлық субьектілердің құқықтарын бірдей қорғайтындай болуы тиіс, мейлі ол шетел инвесторы болсын, мейлі Қазақстан тұлғалары, не жеке мелекет болсын. Неге десеңіз, қазір Қазақстанға тек дәстүрлі Еуропа елдері мен АҚШ қана емес, сонымен қатар Қытай, Үндістан, Жапония сияқты географиялық жағынан алыс орналасқан елдер де қызығушылық білдіруде. Кез келген мемлекеттің мемлекеттік басқаруы мен экономикасын дамыту шетел инвестициясының үлесінсіз болмайтынын барлығы біледі – олар бізге ауадай қажет. Сәйкесінше, бұл мемлекеттер мен транснационалдық компаниялар, егер де Қазақстанда жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынасқа қатысушылардың барлығының құқықтары мен мүдделерін қорғай алайтындай тұрақты заңнама болса ғана біздің аймаққа келеді.
Әрине, қазіргі таңда бұл сала аясында шоғырланған заңдар, нормативтік құқықтық актілер, ережелер, қаулылар жетклікті. Алайда, оларды кіршіксіз деп айтуға болмайды, сондықтан да заңшығарушылық алдына мақсат ретінде - тәжірибеде қолданыстың саралануын, ғылыми негізділігін, кемшіліктерін анықтау менжер қойнауын пайдаланудың құқықтық механизмінің дамуына ұсыныстарды енгізуді қойып отыр.
Сонымен қатар, экологиялық қауіпті алпауыт обьектілерді соғу жағдайында қоршаған ортаға және жер ресурстарына деген теріс әсер ету қарқыны күшеюде. Ол ең алдымен, ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлерге ауыртпалығын тигізеді, себебі дәл осы жерлерге негізгі жүктеме бұйырған.
Жерді белсенді пайдалану – осы саладағы құқық бұзушылық үшін жауаптылық шараларын көтеруді және оларды қатаң қорғау режимін бекітуді қажет етеді.

Қысқаша шолу
Пән атауы: Құқық
Кол-во страниц: 72 бет
Жұмыстың түрі: Диссертация


тел. 8 777 422 26 68

email: support@izden.kz

Достармен бөлісу