Ұжымдық шарт мәні, тараптары, мазмұны

01 апреля 2015 | 442

Жоспар

Еліміздің еңсесі көтеріліп егеменді ел болып қалыптасқалы қоғамымыз ілгері қарай дамып демократиялық мемлекеттер қатарына кірдік. Өткен кеңес одағының қысымынан арылып бетке ұстар Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары деп ең жоғарғы заңдық күшке ие Ата заңымызды қабылдадық [1] . Жас мемлекетіміздің уақыт өткен сайын бұғанасы қатайып құқықтық базасы мен әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсара түсті. Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет ретінде орнықтыру арқылы қарастыратын болсақ, құқықтық мемлекеттілік теориясының негізгі ережесі болып кез-келген жағдайда тұлғаның мүддесі мемлекет мүддесінің алдында басымдыққа ие болады. Сондықтан құқықтық мемлекет-адам құқықтары мен бостандықтарын жан-жақты және іс жүзінде құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері, құқық пен заңның жоғарылығы, заңның тікелей әрекеті, азаматтардың мемлекет алдындағы және мемлекеттің азамат алдындағы өзара жауаптылығы, тәжірибеде қолданылатын еңбек қатынасындағы азаматтардың еңбек ету құқығы, еңбек пен кәсіпті тандау еркі, еңбек құқығының бұзылу салдары бойынша оны қалпына келтіру деген сияқты белгілер мен сипатталатын жағдайларды атауға болады.

Қысқаша шолу
Пән атауы: Құқық
Кол-во страниц: 90 бет
Жұмыстың түрі: Диссертация


тел. 8 777 422 26 68

email: support@izden.kz

Достармен бөлісу