Вы здесь

Эллипс қисығына негізделген Эль-Гамаль криптографиялық жүйесiн құру

03 декабря 2014 | 2099

Жоспар

КІРІСПЕ.......................................................................................... 6
АҚПАРАТЫН ҚОРҒАУ МОДУЛДІК ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ ......... 8
1.1 Ақпараттық жүйелерді қорғау................................................. 8
1.2 Асимметриялық алгоритмдер................................................... 12
1.3 Ақпараттарды қорғау жүйесі...... ............................................. 13
1.4 Идентификация және аутентификация
2 КРИПТОГРАФИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІ ҚҰРУ 17
2.1 Шифрлеу әдістерін қолдану 17
2.2 Криптография негіздері 28
2.3 Эль-Гамаль криптографиялық жүйесін құру 40
2.4 Қорғаныш жүйелерінің моделін құру

3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
3.1 Жалпы мәселелер 60
3.2 Жобаның экономикалық тиімділігін анықтау 62
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
4.1 Санитарлық – эпидемиялық ережелер және нормалар
4.2 Есептеу орталығында жасанды жарықтануды есептеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША А

Кіріспе

Ақпараттардың мәнді ағымын тез және үздіксіз өңдеу кез келген ірі қаржылық ұйымдардың басты міндеттерінің бірі болып табылады. Осыған сәйкес, барлық өспелі корпоративтік ағымдарды қорғауға көмектесетін есептеу жүйесін енгізу қажеттілігі туындайды, осы көрсеткіштер дипломдық жүйенің өзектілік көрсеткіштері болып табылады. Сонымен қатар, ақпаратты қорғаудың іргетасы болып сеанстық кілттерді пайдалана отырып, шифрлеу тәсілі – қазіргі кездегі шифрлеу бойынша ең қолайлы, сенімді және тез тәсіл болып табылады. Оның негізіне сеанстық кілттерді тасымалдау үшін эль-Гамаль асимметриялық алгоритмі пайдаланған. Ақпаратты қорғау үшін осы тәсіл криптографиялық жүйенің модулінде қолданылады.

Диплом жұмысының шеңберінде криптографиялық жүйе, оның бағдарламасы құрылып және оның криптографиялық тұрақтылығына талдау жүргізілді. Келесі сұрақтар нақтырақ қарастырылды:

  1. Криптография тәсілін ақпаратты шифрлеу тәсілі ретінде қарастыру.
  2. Криптографиялық алгоритмдерді талдау.
  3. «Эллипс қисығына негізделген эль-Гамаль криптографиялық жүйесін құру.

Бұл дипломдық жобада Эллипс қисығына негізделген эль-Гамаль криптографиялық жүйесін құру қорғау әдістері қарастырылған. Яғни, эллиптикалық қисықтағы дискретті логарифм мәселесі: қисықтағы нүктелер санынан тұрады, эллиптикалық қисықта G нүктесі және осы қисықта Y нүктесі берілген. Y = xG, яғни, Y нүктесі G-дің х-ші нүктесі болатындай х-тің жалғыз нүктесін табу керек.

Эллиптикалық қисықтағы криптография технологиясы шифрлеу үшін аз ұзындықтағы кілтті пайдаланатындықтан кешенді және қолайлы моделді ұсынады. ECC RSA-ге қарағанда сенімді және қолайлы. Осы алгоритм ресурстарды аз пайдаланады және кең қолданылады.

Эллиптикалық қисықтың технологиясы көптеген миллион бизнестің қорғанысын сеніп тапсыратындай толық зерттелген жоқ. RSA сенімділігі осы алгоритмді жалғыз таңдау ретінде сипаттайды.

Дипломдық жұмыстың алдына қойылған мақсат: қазіргі кездегі криптографиялық жүйелерге талдау жасап, олардың алгоритмдері мен құрамын қарастырып, қажетті программалық өнімді таңдап алу, сонымен қатар, оған жасалатын қорғаныс түрлеріне шолу жасау. Криптографиялық жүйе негізінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті тәсілдерді таңдап алу және осы тәсілдерді қолданып программа құруды қарастыру.

Ақпарат қауіпсіздігін сақтау үшін криптографиялық жүйелер таңдалып алынып, осы алгоритмді эллипс қсығына негіздеп іске асыратын бағдарламаны құру. Құрылған бағдарламалық құрал, ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бірнеше тәсілдер негізінде, толығымен жүзеге асырады.

Осыған байланысты өзекті міндет мәліметтерді қорғау қауіпсіздік шараларын арттыру болып саналады. Басты орынға ашық каналдар арқылы ақпаратты тасымалдауда ақпаратты қорғау әдісі шығады. Сонымен, ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау мақсатында ақпаратты қалыптастыру әдістерінің бірі криптография болып саналады.
Шифр (шартты белгі) деп аталатын криптографиялық алгоритм шифрлеу және қайта шифрлеу үшін пайдаланылатын математикалық функция түрінде болады. Симметриялық алгоритмдердің шифрлеу кілті қайта шифрлеу кілті бойынша есептелетін алгоритмдерден тұрады [1, с.12].
Симметриялық алгоритмдердің көпшілігінде шифрлеу және қайта шифрлеу кілті бірдей.

Асимметриялық алгоритмдер немесе ашық кілт жүйесі қайтарымсыз, біржақты функцияларға негізделген. Корпоративтік жүйенің әр көздері белгілі бір ереже бойынша байланысқан екі кілт болып саналады. Бір кілт ашық, екіншісі жабық болады. Ашық кілт адресатқа дерек жібергісі келетін кез келген адам үшін ашық. Жабық кілт құпия күйінде сақталады. Бастапқы мәтін адресаттың ашық кілтімен шифрленеді және оған жіберіледі. Шифрленген мәтін ашық кілтпен шифленуі мүмкін. Деректі қайта шифрлеу тек қана адресатқа белгілі жабық кілтті пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Симметриялық және асимметриялық алгоритмдердің жақсысын біріктіретін “гибридті жүйеде” жұмыс жасайды.
Берілген диплом жобасы қорғанысты құру үшін шифрлеудің “гибридті жүйесі” бойынша ақпаратты қорғау жүйесін өңдеу үшін арналған.
Аймақтық кеңселерді бір-бірімен тікелей байланыстыру қажеттілігі "бірден-бірге" топологиясы өзекті болып саналады. Өз мәні бойынша осы топология жоғары сенімділігімен және жүктемелердің жоқтығымен ерекшеленеді. Ақпараттық орталық кеңселерінің әртүрлі бөлімдері – есептік, несиелік, талдамалық, техникалық немесе кез келген басқалары - әртүрлі жерде орналасса, яғни, "қайта орталықтандырылған бас кеңсе" жағдайында болса, онда тәжірибе жүзінде, көп санды аралас топология нұсқалары таңдалып алынады.

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 5000 теңге
QIWI терминалы арқылы төлеу:
  1. Экранда «Оплата услуг» бөлімін таңдау:
  2. «Электронная коммерция» бөлеміне кіру:
  3. "QIWI Кошелек" таңдау:
  4. "QIWI Кошелек" нөмерін теру:
    +7 707 855 00 01
  5. Чекті алу
  6. Төлегеннен кейін Чектің номерін форма арқылы жіберіңіз
Қысқаша шолу
Пән: Информатика
Көлемі: 78 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу