Вы здесь

Абай ауданының ауылшаруашылығы бөліміндегі тәжірибиелік есебі

18 сентября 2013 | 3940
Жоспары

Кіріспе

І. Абай ауданы Әкімі аппаратының басқару нысандары, негізгі қызметтері
1.1 Абай ауданы Әкімі аппаратының регламенті
1.2 Абай ауданы Әкімі аппаратының негізгі қызметтері

ІІ. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
2.1 «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне сипаттама
2.2Мемлекеттік мекеменің негізгі қызметтері мен міндеттері, атқарылып жатқан іс-шаралар

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

Кіріспе

Мекеме туралы қысқаша айтып өтсем: «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңды тұлға мәртебесіне, агроөнеркәсіп кешенінің жұмысын үйлестіру жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған атқарушы орган болып табылады. Абай ауданы Әкімдігі берген өкілеттіктер шегінде ауылшаруашылық саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі функцияларды іске асырады.

«Мекеме» Абай ауданы Әкімдігінің 14 қаңтар 2006 жылғы № 929 қаулысы негізінде құрылды. Өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының құқықтық актілеріне, облыс, аудан Әкімдігінің қаулыларына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Оқу танымдық тәжірибе бойынша есеп жазуымның басты мақсаты теориялық білімімді жетілдіре отырып іс жүзінде қолдана білу. Сонымен қатар, тәжірибе өткен орнымның перспективалық даму бағыттарымен, өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымымен, жоспарлау және персоналды басқару жүйесімен танысу, соған байланысты ұсыныстар әзірлеу.
Оқу танымдық тәжірибе бойынша есебім кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

І. Абай ауданы Әкімі аппаратының басқару нысандары, негізгі қызметтері
1.1 Абай ауданы Әкімі аппаратының регламенті

1. «Абай ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -аппарат) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте аудан әкімімен құрылатын, Абай ауданы әкімдігі мен Әкімінің іс- қимылдарын ақпараттық-аналитикалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырушы мемлекеттік болып табылады.
2.Аппаратты аудан Әкімі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады. Аппарат туралы ережені, құрылымы мен штаттық кестесін берілген лимит шегінде аудан Әкімі бекітеді.
3. Аппарат өз іс-қимылында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан. Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін және осы регламентті басшылыққа алады.

4. Аппарат іс-қағаздарын жүргізу және аудан әкімдігі мен Әкімнің адресіне түсетін корреспонденцияларды өңдеу аудан Әкімі аппаратының кеңсесіне (бұдан әрі кеңсе) «әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және іс-қағаздарды жүргізу жөніндегі басқа да нормативтік актілерде белгіленген тәртіпте жүктеледі.

5. Аудан әкімдгі және аппаратының мүдделерін соттарда ұсыну мен қорғауды, сондай-ақ прокурорлық ден қою актілерін қпрпуды аудани Әкімі аппараиы кадр және мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімі мүдделі құрылымдық бөлімдермен және мемлекеттрік органдармен бірге жзеге асырады.

6. Аудан Әкімінің құзыретіне жататын кадр мәселеслерін шешуді аудан Әкімі аппараты кадр және мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімі (бұдан әрі –кадр және мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімі) «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.

1.2 Абай ауданы Әкімі аппаратының негізгі қызметтері

Жұмысты жоспарлау

7. Аппараттың жұмысы перспективалық және ағымдағы жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады. Перспективалық жоспарлар ұзақ мерзімге жасалады және оған Қазақстан Респуликасы Президентінің нормативтік құқықтық актілері негізінде әзірленген аудандыф әлеуметтік-экономикалық дамытудың мақсатты бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар енгізілген.

8. Аппарат бөлімдері әр тоқсанға арналған жұмыс жоспарын әзірлейді, оны тоқсанның соңғы айының 25- жұлдызынан кешіктірмей осы бөлімдерге жетекшілік ететін аудан Әкімінің оынбасарлары мен аппарат баксшысвы бекітеді. Бөлімдердің жұмыс жоспарларыныңкөшірмесі осы мерзімде кадр және мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөліміне беріледі.
Аудан Әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы бөлім меңгерушлерінің бөлімдердің жұмыс жоспарларының орындалуы туралы есептерін тоқсан сайын тыңдайды.

9. Аудан әкімдігінің отырыстарында қарау үшін мәселелер тізбесінкадр және мемлеккеттікқұқықтық бөлімі аудан әкімдігі мүшелерінің, бөлім меңгерушілерінің, жергілікті бөджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларының ұсыныстары бойынша келесі жартыжылдыққа дейін он бес күн қалғанда жартыжылдыққа жасайды.
Әкімдік отырысында қарауға жоспарланатын мәселелер тізбесін аудан Әкімі бекітеді. Жоспарланған мәселелердің бекітілген тізбесі әкімдік мүшелеріне, атқарушы органдар басшыларына таратылады.
10. Әкімдік отырыстарын дайындау және өткізутәртібі аудан әкімдігінің регламентімен белгіленеді.

Әкімдік отырыстарын дайындау және өткізу тәртібі

11. Әкімдіктің іс-қимылдарын ақпарттық-аналитикалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді аудан Әкімі аппараты жүзеге асырады.
12. Әкімдіктің іс-қимылдарын құжаттамалық қамтамасыз етуді кеңсе жүзеге асырады.

Аудан Әкімінің шешімдері мен өкімдері жобаларын әзірлеу, ресімдеу және келісу тәртібі

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабының 3 тармағына сәйкес аудан әкімі нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдер мен әкімшілік-өкімдік, оперативтік және жекедара сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады.

Аудан Әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеуді аппарат бөлімдері мен атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде және орындау үшін және «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

Жобалар мемлекеттік тілде мүдделі органдармен келісумен бірінші басшының немесе оны ауыстыратын адамның қол қоюымен жолданады.

Жобаларға «ескертулермен» келісу болған кезде жобалармен келіспеушілік туралы қажетті түсініктемесі бар, бірінші басшы немесе оны ауыстыратын адам қол қойған анықтама қоса беріледі. Жобаларды әзірлеуге қатысушы органдар арасында келіспеушілік туған кезде аудан Әкімінің орынбасары аппарат кеңесін шақыра алады, оның нәтижелері хаттамалармен рәсімделеді. Келіспеушілікті жойған кезде тиісті орган белгіленген мерзімде жобаны пысықтайды және оны қол қоюға береді. Талқыланған мәселе бойынша келісім болмаған жағдайда аудан Әкімінің орынбасары, аппарат басшысы бұл жөнінде аудан Әкіміне немесе оны ауыстырушы адамға ақырғы шешім қабылдау үшін хабарлайды.

Жобаларды дер кезінде сапалы әзірлеу және аппаратқа бәру үшін жаапкершілікті оны әзірлеуші органның бірінші басшысы атқарады.

Жобалар аудан Әкімінің орынбасарлрында келісу міндеттерді бөлісуге сәйкес жүзеге асырылады. Оларда мазмұнды сипатта ескертпелер туған жағдайда аудан Әкімінің орынбасарлары қажет болғанда кеңес шақырады, оның нәтижелері хаттамамен рәсімделеді. Аудан әкімінің аппаратында сараптаудан өткізілгеннен кейін жобаға аппарат басшысы бұрыштама соғады және ол шешімді қабылдау үшін аудан Әкіміне немесе оны ауыстыратын адамға баяндайды.

Аудан Әкімінің аппаратында ішкі тәртіпті ұйымдастыру

Аудан Әкімінің лауазымды адамдарды қызметтік мәселе бойынша тағайындауы туралы мәселенә аудан Әкімі аппаратының басшысы шешеді.

Аудан Әкімі азаматтарды әр аптаның сәрсенбісінде қабылдайды, аудан Әкімінің орынбасарлары және Әкім аппаратының басшысы – аудан Әкімі бекіткен кесте бойынша. Аудан Әкімінің, оның орынбасарларының тапсырмаларын орындау үшін бақылауды кеңсе жүзеге асырады. Тапсырмаларды орындаудың нәтижелері туралы Әкімге аппарат басшысы баяндайды.

Басқа ауылдардың азаматтарын қабылдау аппарат басшысымен, оның орынбасарларымен келісім бойынша олардың өтініш берген күні жүзеге асырылады. Азаматтардың өтініштерін қарау үшін аудан басқармаларының, комитеттердің, бөлімдердің, кәсіпорындармен мен ұйымдардың басшылары таныстырылады.
Кеңсе жеке мәселелері бойынша қабылдау жөніндегі істің жағдайы туралы аппарат басшысына хабарлайды.

Аудан Әкімінде және оның аппаратында кеңестер өткізудің тәртібі

Аудан әкімі аппаратының барлық бөлімдері, аудандық басқармалардың, ведомстволық бағыныштығына қарамастан барлық мекемелер мен ауылдық округтердің әкімдері әр айдың 25-жұлдызына дейін кадр және мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөіміне келесі айда өткізілетін саяси-мәдени шаралар, кеңестер мен отырыстар, мерей тойлар, атаулы күндерге байланысты болатын шаралар тізбесін береді.

Кадр және мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімі өткізілтін кеңестердің және басқа іс-шаралардың материалдарын жинауды, қорытуды және мерзімдерін үйлестіруді қамтамасыз етеді, оларды кейін аудан Әкімі бекітеді. Іс-шаралар тізбесіаудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдеріне жолданады және бөлім меңгерушілеріне бекіткен жіберу көрсеткішіне сәйкес жіберіледі.

Жоспардан тыс іс-шаралар , кеңестер, семинарлар өткізу қажеттігі туған жағдайда аудан Әкімінің орынбасарлары мәселені аудан Әкімімен келіседі, ал атқарушы органдардың басшылары жетекшілік ететін аудан Әкімінің орынбасары арқылы аудан Әкімімен оны өткізуден бұрын бір аптадан кешіктірмей келіседі және ол туралы кадр және мемлекеттік құқықтар жұмыстар бөліміне хабарлайды.

Қайталауды, ауылдық округтердің әкімдерін, олардың орынбасарларын, бөлімдердің басшыларын әр түрлі кеңестерге жүйесіз шақыруды болдырмау мақсатында негізгі іс-шарларды өткізудің мынадай тәртібі белгіленеді:

  1. адан әкмдігінің отырыстары - әр айдың алғашқы сейсенбісі;
  2. аудан Әкімінің оперативтік кеңесі- әр айдың бірінші дүйсенбісі;
  3. аудан Әкімі орынбасарларының, ауылдық округтер әкімдерінің, бөлім басшыларының қатысуымен кеңесі-бейсенбіде;
  4. аудандық бөлімдердегі, басқармалардағы, комитеттердегі кеңестер-сәрсенбіде;
  5. қоғамдық ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдарының лауазымдық тұлғаларының қатысуымен кеңестер және басқа да іс-шаралар өткізу мерзімдерін белгілеуді аппарат басшысы жүзеге асырады.

ІІ. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2.1 «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне сипаттама

«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңды тұлға мәртебесіне, агроөнеркәсіп кешенінің жұмысын үйлестіру жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған атқарушы орган болып табылады. Абай ауданы Әкімдігі берген өкілеттіктер шегінде ауылшаруашылық саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі функцияларды іске асырады.

«Мекеме» Абай ауданы Әкімдігінің 14 қаңтар 2006 жылғы № 929 қаулысы негізінде құрылды. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады
«Мекеме» құрамына енетіндер:

  1. басқару /бөлім бастығы/
  2. ауылшаруашылығы бөлімі /бір маман, екі жетекші маман/

«Мекеме» өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының құқықтық актілеріне, облыс, аудан Әкімдігінің қаулыларына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Мекеменің толық атауы:

«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы ауылшаруашылығы бөлімі»
Мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы Құнанбай көшесі 14.
Мекеменің заңды мәртебесі

Мекеменің дербес балансы ШҚО, Абай ауданы қазынашылық бөліміндеесеп айырысу шоты, Мемлекеттік елтаңба бейнеленген қазақ және орыс тілдерінде атауы берілген мөрлері мен мөртаңбалары бар.

«Мекеме» мемлекеттік меншікті иеленуі, пайдалану, қолдау құқығы белгіленген тәртіппен берілген мекемелерден басқа заңды тұлға құра алмайды. Өз міндеттемелері бойынша өзінің қарауындағы қаражатпен жауап береді. Мекемедегі қаржы жетіспеген жағдайда оның міндеттемелері бойынша Құрылтайшы жауапкершілікте болады. Ол аудан Әкімдігі бекіткен мемлекеттік тапсырыстың толық көлемде орындалуы үшін оған пайдалануға берілген мемлекеттік мүліктің сақталуы үшін жауапкершілікте болады.

2.2 Мемлекеттік мекеменің негізгі қызметтері мен міндеттері, атқарылып жатқан іс-шаралар

Мекеменің негізгі қызметі мен міндеттері:

  1. Құрылтайшының ауылшаруашылығы саласындағы мекеме және кәсіпорындармен байланысын орнату;
  2. Арнайы тапсырма бойынша Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс және аудан Әкімдігінің қаулыларын, облыстық ауылшаруашылық департаментінің қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету;
  3. Ауыл Әкімдерінің, мекеме-кәсіпорындардың даму бағдарламаларын, жоспарларының әзірленуін және орындалу нәтижелерін жинақтапқорытады, қажет болған жағдайда заң актілерінің орындалуына кедергі болған себептерді жою жөнінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің қаулыларын, облыс, аудан Әкімдерінің, облыстық департаменттердің актілерін орындамайтын, не болмаса бұзатын лауазымды қызметкерлерді жауапкершілікке тарту жөнінде аудан Әкімінің қарауына ұсыныстар енгізу.
  4. Аудан ауылшаруашылығын дамыту жөнінде ұсыныстар, болжамдар әзірлеу, ауылшаруашылығы саласының мәліметтерін даярлау.
  5. Ауданда ауылшаруашылығына саласына байланысты ақпараттар мен мәліметтерді ұсыну;
  6. Ауылшаруашылығы және басқа да тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестік орта тудыру мақсатында бағдарламалар әзірлейді, оларды орындау жөніндегі мекеме, кәсіпорындар қызметтерін үйлестіру;

Мекеме құқылы:

  1. Аудан ауылшаруашылығындағы рефрмаларды жетілдіру және осы саладағы іс-қимылдарды ұйымдастыру жөнінде аудан Әкіміне ұсыныстари енгізуге;
  2. Аудан Әкімдігі бекітетін аймақтық бағдарламалар әзірлеуге қатысуға;
  3. Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша аудан әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің жобаларын даярлайға;
  4. Бөлім өзіне қарасты мекемелерге, лауазымды адамдарға, тапсырмалар беруге, олардың орындалуын талап етуге;
  5. Бөлім бастығы мен бөлім қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде: аудан Әкіміне тікелей қарасты департаменттер, комитеттер, коллегияларына, жергілікті атұарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысуға;
  6. Жергілікті Әкімдерден, ұйымдардан, мекемелерден аудан Әкімі апаратындағы, лауазымдық міндеттерді орындау үшін ақпаратпен материалдар сұратуға және алуға құқылы.

Мемлекеттік органның іс-қимылдарые ұйымдастыру
Шығыс Қазақстан Облысы, Абай ауданы Әкімі аппараты мемлекеттік органның құрылтайшысы болып табылады.
Құрылтайшы заңдылық бергіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  • Мемлекеттікмекемеге мүлікті бекітіп береді.
  • «Мекемені» ұстауға сметаны бекітеді.
  • «Мекеменің»Ережесін бекітеді, өзгертулер мен толықтырулар енгізеді.
  • «Мекемеге» берілген мүлікті тиімді пайдалану және сақтау үшін бақылауды жүзеге асырады.
  • «Мекеменің» құрылымын және шекті штатты санын бекітеді.
  • Заңдылық белгіленген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Мемлекеттік органның басшысы мемлекеттіки органның жұмысын ұйымдастырады, басқарады және мемлекеттік органға жүктелген міндеттерді орындаушы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапкершілікте болады.

«Мекеме» басшысы дарабасшылық принципіне ірекет жасайды және мекеменің іс-қимылдары мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасы және осы Ереже белгілеген оның құзырына сәйкес өз бетімен шешеді.

Мекеменің іс-қимылдарын жүзеге асыру кезінде басшы заңдылық белгіленген тәртіпте:

  • мекеме атынан сенім хатсыз іс-қимылдар жасайды
  • барлық кәсіпорындар мен ұйымдарда «Мекеменің» мүдделерін қорғайды
  • заңдылық белгілеген жағдайда және шекте мүлікке иелік етеді.
  • шарттар жасайды
  • сенім хат береді, банкте шоттар ашады, қаржылық тәртіпті сақтау үшін жауапкершілік атқарады.
  • барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрыұтар шығарады және нұсқаулар береді
  • Мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді

Мекеменің мүлкін құру және іс-қимылдарын қаржыландыру тәртібі

  • Мекеменің мүлкі оған мемлекет берген мүліктер есебінен қалаптастырылады және негізгі қорлар мен айналым қаражаттарынан, сондай-ақ құны мекеменің балансында көрсетілген басөа мүліктерден тұрады.
  • Мекеменің іс-қимылдарын қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
  • «Мекеме» бухгалтерлік есеп жүргізеді және заңдылыққа сәйкес есеп береді.
  • Мекеменің қаржылық-шаруашылық жқмысын тексеруді өкілетті орган заңдылық белгілеген тәртіпте жүзеге асырады.

Абай ауданы бойынша 2009 жылы ауылшаруашылығы жәрмеңкелер аудан орталығы Қарауылда-5 рет, Көкбай ауылдық округінде-3 рет, Саржалда- 3 рет, Архатта- 3 рет, Құндыздыда -2 рет. Жиыны: 16 рет жәрмеңкелер өткізілді.

Осы өткізілген жәрмеңкелерде сатылған қой еті- 4,5 тонна бағкасы 1млн 700 мың тенгеге, сиыр еті- 3,5 тонна бағасы 1 млн 470 мың тенгеге, жылқы еті- 1,21тонна бағасы 700 мың тенгеге, сары май - 420 кг бағасы 256 мың тенгеге, сүт- 520 литр 100 тенгеден бағасы 52 мың тенгеге, құрт- 230 кг бағасы 43 мың тенгеге, қымыз- 340 литр 200 тенгеден бағасы 69 мың тенгеге, т.б. ауылшаруашылығы өнімдері сатылды.

Барлық ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасы - 4700000 мың тенгеге сатылды.
Бруцеллез ауруын.а қарсы малдәрігерлік- профилактикалық және эпидемиологиялық санитарлық іс-шаралар 2006-2010 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау барысында, бруцеллезбен ауырған малдарды алу және алынған малдардығ иесіне малдың құнвн төлеу үшін, мал қораларына, мал сою аландарына, мал ұстайтын орындар,а дезинфекциялық жұмыстар жүргізуге, дезинфекциялау үшін қажетті дәрі-дәрмектер сатып алуға жергілікті бюджеттен қаражат бөлуге, аудандық маслихаттың кезекті сессиясына сұраныс беріліпғ қаражзат көздері қарастырылуда.
2009 жылы Қарауыл ауылдық округіне 400 мың тенге бөлініп, жаңадан типовой мал қорымының құрылысы басталды. Қалған ауылдық округтерге де мал қорымдарын жаңғыртуға қажетті жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, сұраныстар берілді.

Қорытынды

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының ауылшаруашылық бөліміндегі оқу танымдық тәжірибем бойынша есепті қортындылай келе, осы өткен оқу танымдық тәжірибе менің теориялық білімімді нығайтуға ықпал еткендігін атап өткім келеді.

Мен өткен тәжірибе барысында университет қабырғасында алған білімді іс жүзінде нығайта отырып қолдандым. Мемлекеттік қызметкер ретінде қажетті дағдылар мен біліктілікке қол жеткіздім деп ойлаймын. Ең бастысы- колектив ортасында жұмыс істеу шеберлігі мен адамдар арасында орын алатын қарым- қатынастың қалыптасуына қажетті адами қасиеттерді игердім,ұжыммен бірлесе жұмыстар атқаруды үйрендім.

Тәжірибеден өту барысында Кадр бөлімінің ұйымдастыруымен тәжірибе өтушілерге арналған Абай ауданы Әкімі аппаратының әрбір бөлімінің қызметімен таныстыру дәрісі өтті, оның барысында бөлім өкілі өз бөлімінің құрамымен, қызметінің бағытымен, ұйымдастырылуымен таныстыру баяндамасын оқыды. Лекция барысында сұрақ-жауап, пікір алмасу болып, мемлекеттік басқару, экономика және т.б. мәселелер көтерілді.

Сонымен қатар, тәжірибе барысында мекемеге келген хаттармен, сауалдармен танысып, құзіретті органдарға хаттар жаздым. Қазақстан Республикасының басқа да құзіретті органдары мен мекемелерінен келген хаттар мен құжаттарды ақпарат базасына енгізіп сәйкесінше тіркеу жұмыстарын атқардым.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Абай ауданы әкімі аппаратының регламенті /2005ж, наурыз/
3. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже /2006ж, қаңтар/

Қысқаша шолу
Пән атауы: Экономика
Кол-во страниц: 10 бет
Жұмыстың түрі: Тәжірибиелік есеп


Достармен бөлісу