Вы здесь

XIX ғасырдағы туризм

11 июня 2013 | 8471

Жоспар

1.Кіріспе ..................................................................................... 3
2.Негізгі бөлім
Табиғаты, тарихы, экономикасы ......................................... 4
Туристік фирмалар.................................................................. 7
Қонақ үйлер............................................................................... 9
Мейрамханалар, ойын-сауық орындары............................10
Мұражайлар.............................................................................. 12
Ескерткіштер............................................................................ 13
Қорықтар мен қорықшалар.................................................. 14
Саябақтар.................................................................................. 14
Спорттық кешендер................................................................ 15
Курорттар.................................................................................. 16
3. Қорытынды........................................................................... 17
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Австралия Одағы – оңтүстік жарты шарда, Австралия материгінде, Тасмания аралында және басқа да жақын кішігірім аралдарда орналасқан. Солтүстігінде – Тимор теңізі, Арафур теңізі және Торрес бұғазымен; оңтүстігінде – Басс бұғазы және Үнді мұхитымен, батысында – Үнді мұхитымен шайылады. Аумағы – 7682300км2 , халқы 19,4млн. (2001ж.). Орташа тығыздығы - 1км2 жерге 2,4 адамнан келеді. Көбіне мемлекет еуропалықтармен қоныстанған (ағылшындар мен ирландықтар) – 95%, азиаттар - 4%, аборигендер - 1%. Тұрғындардың негізгі бөлігі – христиандар (англикандықтар-26%, протестанттар-20%, католиктер-26%, православные-4%, одан басқа иудейлер, мұсылмандар, буддисттер). Мемлекеттік тілі – ағылшын. Астанасы – Канберра қаласы.

Австралия – БҰҰ, Британ Ұлттар Бірлестігінің мүшесі. Мемлекеттік құрылым – федералдық-парламенттік. Мемлекет басшысы Ұлыбритания біріккен корольдігінің королевасы Елизавета ІІ болып есептеледі, оның өкілі жергілікті генерал-губернатор болып саналады. Үкімет басшысы – премьер-министр. Заң шығарушы органы - өкілдер палатасы мен сенаттан тұратын 5 палаталы парламент. Саяси партиялары: Австралияның Ұлттық партиясы, Австралияның Лейбористік партиясы, Австралияның Либералдық партиясы,
Австралияның демократиялық партиясы.

Әкімшілік тұрғысынан 6 штаттан тұрады: Оңтүстік Австралия, Батыс Австралия, Жаңа Оңтүстік Уэльс, Виктория, Квинсленд, Тасмания), және 2 территорияға бөлінеді: Солтүстік территория, Австралия астанасының федералдық территориясы. Ірі қалалары: Сидней (3600 мың адам), Мельбурн (3100 мың адам), Брисбен (1380 мың адам), Перт (1200 мың адам), Аделаида (1100 мың адам), Хобарт (300 мың адам).

Табиғаты

Жерінің басым көпшілігі жазық болып келеді. Негізін Австралия платформасы мен шығыс Австралия геосинклиналь белдеулері құрайды. Платформасының түпкі негізі күшті метаморфтық салдарынан гнейс пен гранитке айналған, құрамды жанартаулық жыныстар мен терригендік шөгінділерден тұрады. Австралияның барлық аудандарында температура тұрақты болып келеді. Ол жыл бойы жазда 20°С және қыста 12-20°С аралығында. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 250 мм.-ден аспайды. Австралияда шөл, шөлейт аймақ басым болғандықтан ағыны тұрақты өзендер аз. Ең ірісі: суы мол Муррей өзені (5300км.), Дарлинг өзені. Үлкен көлдер: Эйр, Торренс, Амадиес, Гэрднер.

Шығысында - солтүстіктен Кейп-Йорк түбегінен оңтүстіктегі Бассов бұғазына дейін жалғасқан және Тасмания аралымен 3300км.-ге созылған Үлкен суайрық жотасы орналасқан. Жота Нью-Ингленд платосынан, Көк таулар және Австралия тауларынан тұрады. Мемлекеттің ең биік нүктесі – Австралия тауларының оңтүстігінде орналасқан Костюшко тауы (2228м.). Австралияның батысында 4 шөлі бар Үлкен батыс платосы орналасқан: Үлкен Виктория шөлі, Үлкен Құмды шөл, Гибсон шөлі және Симпсон шөлі. Пайдалы қазбалары: көмір, темір рудасы, мыс, күміс, уран, никель, вольфрам, қалайы, цинк, алмаздар және кішігірім көлемде табиғи газ бен мұнай.

Австралияның өсімдік әлемі өте уникалды: 20000 өсімдік түрлерінен 15000 эндемиктер (тек сол территорияда ғана өсетін) болып табылады. Солтүстікте көбіне тропикалық ормандар, ал солтүстік-шығыста тропикалық ағаштардан басқа жапырақты ағаштар көрінеді. Мемлекеттің орталық бөлігі эвкалипт, папоротниктер бар ормандардан тұрады. Оңтүстікте Австралия территориясында 500-ге жуық түрі бар акациялар кездеседі.

Австралияның ерекше белгісінің бірі жыртқыштардан гөрі шөппен қоректенетін жануарлардың болуы. Уникалдылығына қарамастан фаунаның әр түрлілігі үлкен емес: 236 сүтқоректілер түрлері, 715 құстардың түрлері, 415 жорғалаушылардың түрлері бар. Сүтқоректілердің арасында қалталылар көпшілікте (кенгуру, утконос, қалталы дъявол т.б.). Австралияның су әлемі кең және таңғажайып, кораллдардан басқа Австралия суларында акулалар, медузалар, теңіз жыландары, осьминогтар және балықтардың көп түрлері мекен етеді.

Тарихы

Австралияның байырғы тұрғындары австралиялық нәсілге жатады. Олар бұл құрлықта 40 мың жыл бұрын кейінгі палеолит дәуірінде Оңтүстік-шығыс Азиядан көшіп келген деп жорамалданады. 1788ж. Австралияға ағылшындар алғаш рет қоныс тепкенде аборигендер саны 300 мыңнан 1 млн. Адамға дейін болған. Сол кезден 20 ғ.-дың ортасына дейін олардың саны 5-6 есе азайып кетті. Құрлықты алғаш ашқан голландықтар болды (17 ғ.-дың басы). Алайда тым шалғайлығына байланысты оның зерттеуі ұзаққа созылып, бұл істі британдықтар 19 ғ.-дың басында ғана аяқтады. Ұлыбритания Солтүстік Америкадан айрылғаннан кейін ғана Австрлияны отарлауға шындап кірісті.

Австралияда 19 ғ.-дың бас кезінде қой шаруашылығы жедел дами бастады. Ал сол ғасырдың 50-жылдарында Викторияда алтын кенінің ашылуы нәтижесінде өндіріс өркендеп, Австралияға Ұлыбританиядан көшіп келушілер күрт көбейді. Бұлар елдің бірқатар аудандарына өзін-өзі басқару құқығы берілуін талап етті. 20 ғ.-дың басында алты отар ауданды (Жаңа Оңтүстік Уэльс, Виктория, Квинсленд, Оңтүстік Австралия, Батыс Австралия, яғни (Тасмания) «Австралия Одағы» федерациясына біріктіру жөнінде заң қабылданды. Сөйтіп, бұл одақ доминион мәртебесін, ал бұрынғы отарлар штат құқығын алды. Австралия ұлтының қалыптасуы жеделдеді. 1901ж. Австралия Одағы жарияланып, ол Британ Достастығы құрамында өзін-өзі билеу құқығын алды. Австралия Одағы Британ армиясының құрамында І дүниежүзілік соғысқа қатысты. ІІ дүниежүзілік соғыста Англия жағында Германияға қарсы соғысты. Соғыстан кейін 20 жылдан аса уақыт (1972 жылғы желтоқсанға дейін) елдегі билік басында екі ірі партияның (либералдық және аграрлық) коалициясы болды. Австралияның ішкі саясатында АҚШ-тың ықпалы ерекше күшейді.

Австралия аумағында Американың соғыс базалары мен объектілері орналастырылды. 1951ж. Австралия әскери Өзара қорғаныс жөніндегі шарт (АНЗЮС), 1971ж. Малайзия мен Сингапурды қорғау жөніндегі 5 жақты келісім одағының (АНЗЮК) мүшесі болды. 1972ж. билікке лейбористер келген соң, Австралия бірқатар дамушы елдермен қарым-қатынасты дамытуға бет бұрды. Алайда 1975ж қарашада либералды және аграрлық партиялар лейбористерді биліктен тайдырды. 1983ж наурызда парламент сайлауында лейбористер партиясы қайтадан жеңіске жетті. 1984,1987,1990ж сайлауларда көпшілік дауыс алды. Лейбористер тұсында жалақыны көбейту, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту бағытындағы шаралар қолға алынды. Ұлыбритания Біріккен корольдігі билігіне ресми бағыныштылығы тоқтату туралы алғашқы қадамдар жасалды.
Азия-Тынық мұхит аймағы елдерімен байланыс жасауға, қарым-қатынастардың (әсіресе, экономика саласында) дамуына ерекше көңіл бөлінді.

Экономикасы

Австралия индустриялы-аграрлы ел. АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, ГФР сияқты елдермен экономикалық қатынасы жақсы дамыған. Пайдалы қазбаларға бай. Көмір, қорғасын, темір, мырыш, мыс, боксит, алтын, күміс өндіріледі. Қара және түсті металлургия өндірістері, мұнай айыру өнеркәсібі дамыған. Өңдеуші өнеркәсіп салаларынан металлургия мен машина жасау, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, қағаз және полиграфия, ағаш кесу және мебель өнеркәсіптері, әсіресе, машина жасау, автомобиль өнеркәсібі, кеме жасау, электротехникалық приборлар құрастыру кәсіпорындары елдің әр түрлі аймақтарында орналасқан. Австралия шаруашылығының маңызды саласы – қой шаруашылығы. Ол ауыл шаруашылығының 60-70%-ін құрайды. Ауыл шаруашылық дақылдарынан бидай, сұлу және арпа өсіріледі. Жер көлемінің 90%-ін жайылымдар, жемшөп алқаптары алып жатыр. Австралияның ұлттық табыс көлемі 288,1 млрд. Американ доллары, жан басына шаққанда 16 мың доллардан келеді. Экспортқа жылына құны 65 млн долларлық өнім шығарылып, 12 млн долларлық импорттық өнім әкелінеді. Австралияның дүниежүзілік ішкі жиынтық өнімдегі үлесі – 1,1%. Негізгі сауда партнерлері: Қытай, Жапония, Египет, Индонезия және бұрынғы КСРО мемлекеттері. Ақша бірлігі – австралиялық доллар.

Туристік фирмалары:

  • Australian Travel Marketing
  • Accommodation Down Under
  • Abercrombie & Kent
  • Marina Gomberg
  • Adventure World (Adventure Pacific)
  • Agtour Australia Pty Ltd
  • All Pacific Travel Concept
  • Amazing Australia
  • Ananda Travel Service
  • American Express Travel Related Services
  • Around Australia Tour Service
  • Asian Connections Tour
  • Asian Connections Tour
  • Asian Travel Service
  • A.T.S. Pacific (Cairns)
  • A.T.S. Pacific Pty Ltd (Sydney)
  • Australia Bound
  • Australia New Zealand Travel Marketing
  • Australia One
  • Paul Hayter (Managing Director)
  • Ursula Brenner (Managing Director)
  • Australian Exposure
  • Australian Holidays
  • The Australian Outback Travel Company Pty Ltd
  • Australian Splendour
  • Australian Tourmasters
  • Karen Chinnery (Marketing Manager)
  • Auswest Travel
  • Beng Tan (Managing Director)
  • Aviation Travel Services
  • AWT Adventure Travel
  • Beehive Australian Inbound Tour Service
  • Best of the Kimberley
  • Trevor Tough (Managing Director)
  • Bob Wood South Pacific Tours Pty Ltd
  • Bookrite (Pan Pacific Travel, Tour Contractors Pacific)
  • Tanya Warman (Manager)
  • Australian Cultural & Business Tours Pty Ltd
  • Christopher Tours
  • Club Tours (WA) Pty Ltd
  • Ted Kelley (Director)
  • Concept Connections International
  • Hock Lean (CEO
  • Contiki Holidays (Australia) Pty Ltd
  • CP Tours
  • Davis Tours
  • Brian Davis (General Manager WA
  • Debrett's Tours Australasia
  • Downunder Destination Services
  • Encounter Australia Pty Ltd
  • ERM Travel Brisbane Pty Ltd
  • Expanding Horizons
  • Experience Tours Australia (NSW)
  • Experience Tours Australia Pty Ltd (VIC)
  • Extragreen Holidays (Aust)
  • Finesse South Pacific Travel
  • General Travel Australia Pty Ltd (NSW)
  • General Travel Australia (QLD)
  • Globus & Cosmos Tours
  • Golden World Travel
  • Goway Travel Pty Ltd
  • Great Aussie Holidays
  • Griffiths AustAsia Tours
  • Group Specialists Australasia Pty Ltd
  • GTA Australasia Pty Ltd
  • Helen Wong's Tours
  • Holiday Pacific (QLD)
  • Holiday Pacific (S.A.)
  • I.D. Tours South Pacific Pty Ltd
  • Iris Tours Australia
  • Inta-Aussie Tours
  • Southern Sky Travel
  • Southern World Vacations (Australia) Pty Ltd
  • Star Express Australia Pty Ltd
  • Study Venture International
  • Sunbeam Tours (NSW) Pty Ltd
  • Thomas Cook Ltd
  • Tigerline
  • Time Travel Pty Ltd
  • Tour Esino Pty Limited
  • Tour Hosts Pty Ltd
  • Tour Pacific Australia
  • Tournet Australia Pty Ltd
  • Tours of Distinction
  • Transglobal Tours Pty Ltd
  • Travel for Sports
  • Triumph Tours
  • United Travel
  • Visit Australia Pty Ltd
  • Victory Travel Services
  • Was Yes Travel
  • Wattleland Pty Ltd (NSW)
  • Wattleland Pty Ltd (QLD)
  • Wattleland Pty Ltd (VIC)
  • Wel-Travel

Қонақүйлер:

Сидней

  • Park Hyatt *****
  • The Observatory*****
  • The Regent of Sydney*****
  • Sir Stamford at Circular Quay*****
  • The Westin Sydney*****
  • Crowne Plaza Coogee Beach****

The Observatory***** (Сидней) –Сиднейдегі аса керемет отельдердің бірі.Ол қаланың ең көркем және тыныш жерінде орналасқан. Бөлме интерьері европалық үлгідегі классика.Ауыр перде , мамық дивандар және жұмсақ кілемдер – барлығы сарғылт түсте сақталған. Отельде демалуды және ойын – сауықты қалайтындарға ресторан және барлар ашық. Іскер адамдарға конференц зал және хатшы қызметі қарастырылған.

Отельде: 77 номері deluxe, suite дәрежелі 10 номер, junior suite дәрежелі 12 номер, ресторан Galileo, коктейль –бар,SPA- орталығы және денсаулық , тренажерлық зал, 20- метрлік жылытқыш бассейні, сауна.

Мельбурн

  • Grand Hyatt Melbourne*****
  • Le Meridien at Rialto*****
  • The Windsor-An Oberoi Hotel*****

Алтын жаға

  • Sheraton Mirage Gold Coast*****
  • Palazzo Versace*****
  • Ana Gold Coast*****
  • Hyatt Regency*****
  • Marriott Surfers Paradise Resort*****

Palazzo Versace***** (Алтын жаға) – Шығыс жағалауында орналасқан, Versace империя сәнімен жасалған отель. Ресторанда - әрбір зат, жихаздан бастап асхана аспабына дейін әйгілі сән үйінің дизайнерлері жасаған. Осыған қоса – беделді Алтын жағада орналасуы, көркем асхана, номерлер, қазіргі орталық SPA… Барлық елден демалуды жақсы көретіндердің осы жерге келетіндері - таңғаларлықтай емес.
Отельде: 205 номерлер, 3 ресторан, 2 бар, ашық жылытқыш бассейн, жағажай, орталық SPA, конференц-залдар.

  • Кэрнс/Порт-Дуглас
  • Angsana Resort & SPA*****
  • Kewarra Beach Resort****
  • Sheraton Mirage Port Douglas*****
  • Sofitel Reef Hotel Casino*****
  • Thala Beach Lodge****

Angsana Resort & SPA***** - Жағажайда орналасқан, Кэрнстағы жалғыз отель болып табылады. Бұл жерде табиғаттың әдемілігі және қазіргі кездегі жайлылық бір – біріне сәйкес келеді. Отельдегі барлық номерлер suite дәрежелі. Отель - халықаралық Кэрнс аэропортынан 20 минуттық жердегі Пальм-Коувта орналасқан.
Отельде: suite дәрежелі 69 номер, ресторан, 3 бар, 3 бассейн, сауықтыру орталығы, дүкендер. Спорт: дайвинг, виндсерфинг, парасейлинг.

  • Үлкен Барьерлық риф
  • Bedarra Island Resort*****
  • Brampton Island *****
  • Dunk Island Resort*****
  • Lizard Island Resort*****
Мейрамханалар

Қаладағы асхана туралы айту оңай емес: осы ел сияқты олда әлі жас болып келеді. Бұл жерде жегілікті тұрғындардың экзотикалық тағамдарын ғана жасамайды, сонымен бірге бұрынғы кездегі салт – дәстүр бойынша тағамдарды да жасайды. Австралиядағы ресторандардан кенгуру құйрығынан жасалған сорпаны, қолтырауыннан жасалған бифштекс немесе түйеқұс жұмыртқасынан жасалған омлеттен дәм тата аласыз. Бірақ бұл біз үшін ғана экзотика болып табылады, - ал, Австралияның байырғы тұрғындары барлық мемлекеттер сияқты қолының астында не бар, сомен тағам жасауға үйреніп кеткен. Жергілікті тұрғындар сонымен бірге түйеқұс етін жиі қолданады. Австралияда қояннан жасалған тағамдар фермерлердің бірінші жауы болып келеді.Қоянды пісіреді және бұқтырады.

Бұл елде ең көп тараған және сүйікті деп қуырылған етті айтуға болады. Австралиялықтар өздерінің ұлттық тағамы қандай деген сұраққа олар «Ет үзімі» деп жауап береді. Шынында, бұл азық – түлікті қолдану арқылы австралиялықтар ағылшындарды анықтады.

Сонымен бірге Австралияны теңіз қоршап тұр, дәлірек айтқанда мұхит, онда асшаяндар, лангусттар, мидиялар және т.б теңіз азық – түлігі жүреді.Судың жағасынан макрельді және басқа да балықтарды аулауға болады. Туристтерге акуладан жасалған тағамдар ұнайды. Ғалымдардың айтуы бойынша, Австралияның байырғы тұрғындарының тағамы, япондықтардікі сияқты көбінесе балық және теңіз азық – түліктерінен тұрады.

Жаңа ауланған балықтардан тағам дайындау, жергілікті тұрғындардың өзіне тән әдісі болып табылады. Бықсып жатқан көмірге қалың шөпті қояды, оның үстіне балықты, содан соң тағыда шөп, үстінен – көмір қояды. Жергілікті тұрғындар тағамды қоянның, кенгурудың, түйеқұстың етінен дайындайды. Балыққа көбінесе алмадан жасалған дәмқосар береді.Австралияда соңғы уақытта барбекюді лаулап тұрған көмірге дайындау атақты болып барады . Балықтан жасалған дәмді тағамдарды «Джордан», ресторанында әзірлейді, ол Дарвинг-Харбореде орналасқан, атақты Сидней шығанағынан алыс емес жерде. Түрлі теңіз азық – түлігінен жасалған түскі ас толығымен $12-15 болады. Австралияда қытай ресторандары бар, онда $6 ғана түскі немесе кешкі ас ішуге болады. Ал, француз ресторандары әлдеқайда азырақ, бағасы өзіне сәйкес болып келеді $20-25-дан жоғары.

Австралиялықтарға теңіз және теңіз азық – түлігі ғана бұйырған жоқ, сонымен бірге климатымен . Бұнда жыл бойы жемістер және көкөністер өседі. Олардан көптеген тәттілерді жасайды: балмұздақтар, торттар және т.б. Австралиялықтардың ең бір жақсы көретін тағамы ол – анцакс.

Ойын-сауық

Аңшылық – түсініксіз ойын - сауық. Бір жағынан қатыгез сияқты, ал бір жағынан – еркектердің табиғи айналысы болып табылады. Бірақ көп адамдар үшін аңшылық ол – хобби, күш-қуаттың және рухтың қайнар көзі. Осы мағынада аңшылық Австралияға тамаша келеді. Онда әртүрліше аң ауланады: джиппен және жаяу, түнде. Австралияның тамашасы – онда, таңдау бар , айналасы – алуан түрлі табиғат, қасында жағажай, ыңғайлы, аса керемет.
Кенгуруларға аңға шығады (олар 50 миллион,), түлкі, қабан, түнгі мысық, жабайы ит дингоні және қолтырауындарға.
Қалай түсініксіз болса да бірақ оған лицензия керек емес. Лицензияны, қару сияқты, қала аңшысында да болады, ол туристтерге әрі жолсерік әрі ұстаз. Жол серік иегері өзінің бірлестігіндегі аңға шыққан әрбіреуі үшін жауап береді. Ол аңдар қатты жылдамдықпен жылжитын болғандықтан, аңшылар олардың артынан ашық джиппен қуалауға мәжбүр. Ең бастысы – жүгіріп бара жатқан аңға тию. Аңды түнде аулайды, күндіз өте ыстық және аңдар ашық кеңістікте жоқ болады.
Ең жақсы жер – Шығыс жағалауы, Брисбен районы. Бұнда ең атақты «алтын» аңшы – Дэвид Голд.

Кенгурудан айырмашылығы, түлкі және т.б., жыл бойы ауласа және шектелмеген болса, ал қолтырауындарға шектелген болып келеді. Қатал квота және мерзім бар – оларды тек қыркүйек және қазан айында ғана атуға болады. Аң аулау бір ғана жерде өтеді – Солтүстік елде, Дарнвин районында, жылы ылғалды тропиктерде, жергілікті тұрғындары көп жерде өтеді. Олар үшін қолтырауын – ең негізгі ас болып табылады.

Егер аңшылықпен айналысу жалықтырып жіберсе, – балық аулаумен айналысуға болады. В районе Дарвина водится аборигенская рыба барамунди – здоровенная, до метра длинной, белая, как треска, но намного сочнее и вкуснее. Ловят ее в ловушки, сплетенные из прутьев, и аборигены показывают гостям, как снастями пользоваться.

Австралиядан қалай барынша рақат алуға болады: Үлкен Барьерлік Рифке саяхат жасау– планетадағы маржандардың үлкен жиыны. Серфинг - кең тараған теңіз спорты болып табылады. Машинамен бүкіл елді жүріп өтуге болады Солтүстіктен Оңтүстікке немесе шығыстан батысқа. Өзінің ашық-қызғылт түсімен бүкіл әлемге әйгілі, Хиллер көлін көруге болады. Алтын іздеушілердің ізімен аттанып, табиғатпен көзбе-көз қалу, адам айтқысыз лашықта тұру. Мүмкін жолыңыз болып– сіз, шыныменде, алтын тауып аласыз!

Сонымен бірге көптеген ресторандар, барлар, түнгі клубтар және Австралиядағы ең үлкен казино «Юпитер» кім өмірді, ойын-сауықты жақсы көреді соларды өзіне тартады.
Мельбурнның төңірегіндегі «Пыхтящий Билли» деген ескі поезбен ну орман арқылы жүріп өтуге болады. Жабайы табиғатты жақсы көретіндерді ұмытылмас жаңбырлы орман арқылы жүретін джип сафариге немесе Талли-Ривер таулы өзені арқылы атақты ағызу рафтингіне шақырады.

Мұражайлар

Австралияда көптеген алуан түрлі мұражайлар мен галереялар бар. Австралиядағы мұражайлар (1827жылы ашылған ) Ұлттық теңіз мұражайы; Жаңа Шығыс Уэльсіндегі көркем галереяның австралиялық, еуропалық және азиаттық өнері; Қазіргі кездегі Мұражай өнері және Астрономиялық Мұражай Сидней елінде де бар.
Көркем галерея Солтүстік Австралиядағы Аделаидте; көркем галерея Батыс Австралиядағы Пертте. Сиднейде сонымен бірге көптеген қызықты мұражайлар бар, олар: Николсонның қолданбалы және ғылыми қолөнер мұражайы.
Сонымен қатар:
Ұлттық Викторияндық Галерея – бұл Австралиядағы ескі өнер галереясы,бұнда Оңтүстік Жартышардағы ең бай бейнелеу өнер жинағы бар. Галереяда Рембрант, Уильям Барракканың, Луиса Бувелотаның және көптеген өнерпаздардың жұмыстары бар.

Мельбурнде сақталған ескі абақтыға барып қайтуға болады. Абақтыда маска киіп асылып тұрған тұтқындар, қансорғыштың іліп қоюға арналған шын сандығы, сонымен бірге Робин Гуд үлгісінде Австралияның халық батыры – Нед Келлидің құрал – сайманы бар.

Капитан Куктің үйі. Ол үй Англиядан Австралияға көшірілген.

Соверен-Хилл–алтын іздеушілер қаласы болып табылады, ол Мельбурннан алыс емес жерде орналасқан. Ашық аспан астындағы мұражай.Бұнда толық әрекетпен атмосфераны сезініп алтынның қалтырауын көруге болады. Барлық тұрғындары сол кездегі киімдерді киеді, көшеде атқа жегілген доңғалақ арбалар жүреді. Балалар қарапайым тамағы бар корзиналарымен мектепке барады, ал өздерінің әйгілі қалпақтарымен алтын іздеушілер барда сыра ішеді. Тұрғындарымен алтын қалтырауыны кезінде қалай тұрғандары жайлы сөйлесуге болады, тіпті алтынды жылғада жууға болады!

Австралия – табиғатты жақсы көретіндердің жері болып келеді. Қытай сыртындағы ең үлкен дәстүрлі бақ ол - Гуандонг жергілігінің арнайы мамандарымен жасалған Сиднейлік Қытайлық бақ. Гиннес рекордтары кібанына ең көп су көлемі сиятын Сиднейлік аквариум. Ең алдымен келушілер океанариум туннелінің мөлдір суының астынан өтеді, содан соң акулалармен және басқада теңіз шайтандарымен бетпе-бет кездеседі.

Ескерткіштері

Елдегі көне және үлкен қаланың бірі Сиднейдің солтүстік жағалауындаескі отаршылдық бұрыш сақталған. Сиднейдегі грамматикалық мектеп «викториандық» дәуіріндегі айрықша ғимарат болып табылады. Қалада Солтүстік жаңа Уэльстің өсімдіктанулық патшалық саябағы және суреттік галереясы бар. Қазіргі кездегі Сиднейлік опера ғимараты – Австралияның жаңа бейнесі болып табылады, ұлутас секілді жоғарыға котеріледі, ал шығанақ арқылы Сиднейлік көпір созылып жатыр. Сиднейдің Оңтүстігінде Ботани-Бей шығанағы орналасқан, онда Джеймс Кукпен қамауды орнатқан Артур Филип тоқталып кеткен.

Мельбурнде көптеген сәулет ескерткіштері Еуропаның өткен ғасырын еске түсіретін: тенистік саябақ, атақты қаладағы галереялық суреттер сақталған. Джеймс Куктың (1728 — 1775) дүниеге келген Англиядан әкелінген үйі, өсімдік бағынан алыс емес жерде орналасқан. XIX ғасырда Суон-Хилл қаласында жаңадан ауыл салынған.

Тасманияның астанасы Хобортта шағын мөлшерде сәулет ескерткіші, Австралиядағы ескі театр және парламент ғимараты сақталған. Оңтүстік-батыстан 80 шақырым жерде Порт-Артур абақтысы орналасқан. 1830 жылы бұнда құрылыс заттары сақталған.

Сиднейлік опера – ұшуға дайын тұрған, аққуға ұқсайтын шыныдан және бетоннан жасалған. Патша II Елизаветаның қатысуымен операның ресми түрде ашылуы 1973жылы 20 қазан күні болып өтті. Бұл шығарма сәулетші Йерна Утзондікі. Көбісінің пікірі бойынша екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұрғызылған ең әдемі ғимарат ол – опера, ал кейбіреулерінің айтуы бойынша бұл, бүкіл әлемдегі ең әдемі ғимарат. Ең жақсысы оны кемеден тамашалау. Сонда ол ұшайын-ұшайын деп тұрған үлкен аппақ аққу сияқты болып көрінеді. Түнде ол өзінің әдемілігімен бүкіл әлемді алып тұрады.
Опера ғимараты гаваньдағы Беннелонг Пойнтта тұр. Бұл орын австралия тұрғынының атымен аталған. Ғимараттың ауданы алаңның 2,2 гектар жерін алып жатыр.

Бұл ғимараттың ішінде дүниежүзіндегі ең үлкен театрлық перде ілулі тұр. Әрқайсысының екіден бір бөлігі 93 м.кв. Францияда жүннен тоқылған Обюссон стиліндегі кілемді Австралиялық Коберн нобайы тоқыған. Коцерттік залдағы мүше - дүниежүзіндегі ең үлкен механикалық мүше болып табылады, онда 10 500 құбыр бар. Бұнда әртүрлі ойындар үшін арналған бес қана зал, кинозал және екі ресторан бар. Опералық зал1550 көрерменге саналған, концерттік – 2700-дік. Сиднейлік көпір арқылы - тағыда бір сәулетті - инженерлік ой гимні. Бұннан таңқаларлықтай мұхитқа көрініс ашылады.

Австралияның ескі қаласы Пертте ағылшындық және католиктік соборы; Аделаидте – ағылшындық собор.Петра, католикалық собор, Мельберн – соборы.

Қорықтар мен ұлттық парктер

Ұлттық парк – қорық Какаду. Дарвиннің шығысынан 157 шақырымда орналасқан. Қорықтың жануарлар және өсімдік табиғаты таңқалдырар, әсіресе көптеген құстардың түрі. Өзеннің сары суында мекендейтін қолтырауындарды көруге болады. Бұнда Австралияның көркем ландшафтын баяндайтын ертедегі елдің салт – дәстүрлері, мәдениеті туралы тас суреттері бейнеленген Нурланги жартасы орналасқан.

Литчфилд ұлттық паркі – Солтүстік өңірдегі ең әсем табиғи парктердің бірі.Бұл паркте Австралия табиғатына тән қызыл топырақ көркем Ванги Фоллз, Флоренс Фоллз сарқырамалары бар.

Фогг Дам табиғи паркі, Дарвиннің шығысында 69 шақырымда сазды жерде орналасқан, Какаду саябағына ұқсас құстардың түр түріне бай.
Дайнтри қорығы– Дайнтри өзенінің төңірегінде 56 гектардан астам баспаған тропикалық орманында орналасқан.

Саябақтар

Австралия одағында 1000 астам қорғау аумақтары– резервационалдық және табиғи саябақтар ел аумағының 3% көлемін алып жатыр.
Алайда аз уақыт алдында оның көбі табиғат жиынтығын қорғау емес, тек сирек кездесетін өсімдік және жануарлардың түрлерін ғана сақтап қалу мақсатын көздеген. Тек қана 1994 жылы құрылған аумағы 600 мың гектардан астам Косцюшко ұлттық саябағы аздап табиғат жиынтығын қорғау принциптерін сақтаған. Бірақ саябақ аумағы күнделікті мыңдаған туристер шабуылынан қор болады. Саябақ аумағында көптеген мейрамхана, қонақүйлер, кемпингтер салынған. Саябақтан 50 шақырымда орналасқан Канберрадан жылына жарты миллионнан астам адамдар келеді. Туристер арасында саябаққа тек күннің шығысын «Австралиның төбесінен» байқау үшін ғана келетіндері де бар.

Соңғы жылдары Австралияда бірнеше үлкен табиғи саябақтар құралған, соның ішінде аумағы 2 миллион гектардан астам елдің орталығында белес-белес шөлдегі Грей-Виктория-Дезерт саябағы. Кэрнс қаласының маңында Грин-Айленд аралында әлемдегі сирек су асты паркі құрылған. Онда су астының көркем маржандары және оның мекендеген жандардың қорғалады.

Австралиялық ұлттық табиғат саябақтары ұлттық табиғат ескерткіштері болып салынған жәнеде қазірде ескерткіштер болып саналады. Фрейзер аралы, бүкіләлемдік мұра болып ЮНЕСКО тізіміне еңгізілген. Ламингрон ұлттық саябағы да ЮНЕСКО қамқорлығында.
Үлкен Барьерный рифі – БҰҰ мұра тізіміне дүниеге танымал маржан рифтары мен және демалыс аралдарымен танымал болып еңгізілген. Бұл дүние жүзіндегі рифтерден салынған жүйе және планетадағы тірі ағзадан құралған жүйе.

Тасмания ормандары. Ең жарқын бұрынғы танымал жауынды ормандар үзінділері Тасманияда кезігеді. Өңірдің аумағының бірден төрт бөлігі осы күнге дейін аяқ баспаған болып жатыр.Оның табиғи мұра болып құпталған 10813 шаршы метр жері өзіне төрт табиғи саябақ, екі мемлекеттік қорық, екі табиғи зоналар және мемлекеттік ормандар енгізген. Шынымен адам қолы тимеген аяқ баспаған табиғат, сирек кездесетін құбылыс болып табылады. Орасан зор жауынды орман аумағы өздерімен бағасыз қорғау және қамқорға лайық табиғи ресурстар болып танылады. Бұл жабайы жерлер теғіз деңгейінен 1615 метрге көтеріліп жағалаудан Тасмания жүрегіне созылып жатыр. Жауынды орманның жағалау жолағындағы бірқалыпты жолақта мәңгі жасыл ағаштары өседі.Бұл жұмсақ және ылғал климатта ағаштардың көптеген түрі дамып айтылмас биіктерге жетіп өседі. Олар бүкіл әлемде бағаланатын аса биік сапалы ағаш деп есептеледі, сондықтан шамадан тыс шабу қауібі ылғида төніп тұрады.

Спорттық кешендер

«Австралия» Стадионы – Олимпиялық ойындар тарихындағы ең үлкен ашық стадион. 2000 жылғы Олимпиадаға арнайы салынған. Ашылу салтанатында 100 мыңнан астам адамды сидырды.

Австралияның Күмбезі – бұл өзінің тұқымындағы жалғыз - өте үлкен жабық садион. Парниктік жүйемен тұрғызылған энергетикалық қүрылыс жүйесі болып табылады. Шатырда орналасқан бүкіл ғимаратқа жарық беретін электр шамы орналасқан.

Курорттары

Австралия – жағажай және күн, мұхиттар әлемі болып келетіндіктен бұл жер « жағажайда демалу» орны болып келеді. Брисберннен алыс емес жерде орналасқан Алтын Жағалауы аса үлкен атаққа ие. Бұл курорттық аймақ өзінің таптаза жағажайымен әйгілі, жағажайдың жалпы ұзындығы 42 км құрайды, таза алтын құмы және ауа райы таңқаларлықтай . Бұнда жыл бойы шомылуға болады – қазан айының аяғы мен мамырға дейін кепілді жылы маусымы жалғасады, бірақ қыста судың температурасы воды 18градустан төмен емес, ал ауасы – 22 градус жылы. Бұл курорттық аймақ өзінің жағажайымен ғана емес, сонымен бірге дүкендерді, ресторандарды, түнгі өмірді және өз таңдауын бойынша ойын түрлерін ұсынады. Бұл курорт сонымен бірге жанұямен демалуға арналған – бұнда үлкен аквопарк, сонымен бірге ойын – сауық саябағы Теңіз Әлемі, Кино Әлемі және Арман Әлемі орналасқан.

Ең көпке танымал Голд-Коуст (Алтын жаға). Бұл Солтүстік Брисбенадан Солтүстік Уэльсомның шекарасына дейін 80 км созылып жатыр. Онда жағажайлар, отельдер, ойын аулалары бар. Кәзір курорт, қала зонасының орталығы Surfers Paradise мәртебесі бар.

Алтын жағажайда орналасқан Surfers Paradise қаласының атын оқу сәнді болып келеді, шынында да оның аты … серфингті жақсы көретіндер үшін таңқаларлықтай, оңаша бұрыш. Бұнда созылып жатқан алтын жағажайлар, жылына 300 күн және жақсы толқындар, - бұлардың барлығы серфингке керемет жер.
Бонди Бич (Bondi Beach) сиднейдегі жағажай патшасының атағына йе. Сиднейдің Шығыс Уэверли территориясында орналасқан. Жағажайдың ұзындығы бір километрге азғана жетпейді. Бұл әдемі жағажайлардың бірі және жаздың ыстық күнінде серфинг ойнайтындардың сүйікті жері болып табылады

Қорытынды

Қорыта келгенде рекреациялық талдау потенциялы және кәзіргі кездегі туризмді дамыту Австралияда қорытынды жасауға рұқсат етіледі, бұл мемлекет үлкен мөлшермен артық жерге ие бола алады. Мысалы географиялық жерге – бұл бүкіл материкті алып тұратын дүниежүзіндегі жалғыз ел болып табылады.

Әр түрлі мәдениеттің Австралияның мәдени – тарихи потенциялына асері оны өзге мемлекеттен ерекшелейді, мемлекеттің кәзіргі халқының көп бөлігі кезінде осы мемлекеттерден келген. Австралия тұрғындарының көп бөлігі тарихи – мәдениетке және басқада мәдениеттерге әсерін тигізеді.

Қазіргі уақытта жоғарғы деңдейдегі Австралия туризмі дамуын ертеден бастаған және индустрия дамуына бірден – бір себеп болды. Бұл елде туристтерге арналған жол желісі жақсы дамыған оларға саяхатты тез және ыңғайлы өткізуге қамтамасыз етеді. Австралиядағы қонақүйлер жоғарғы стандартқа сай және қоныстанушылардың түрлі қаржы мүмкіншілігіне байланысты жасалған .

Сонымен бірге Австралия бүкіл әлемдегі туристтерді өзінің алуан түрлі демалысы: дайвинг, серфинг, балық аулау, шаңғы тебу т.б ойын - сауық бағдарламасы беріледі. Сонымен қатар онда Сидней маңында сноуборд және таудан шаңғы тебуге болады.

Австралия сонымен бірге аралдық экотуризм сияқты жаңа туристік бағытын жетілдіретін болашағы зор ел болып танылады жәнеде батыс жағалауына ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар сарапшылар мәліметтері бойынша ұйымдастыру туризмнің болашағы зор.

Австралия өз алдында туристердің әртүрлі сұраныстарын қанағаттандыра алатын бәсекелесуге қабілетті турөнім болып саналады. Жұмыс жазылу барысында алға қойған өлкетану мақсаттары жетіліп шешілді.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Азар В.И. Экономика и организация туризма.- Москва., 2000г.- 298 с.
  2. Адасбаева Е. По Шелковому пути // Понорама – 2005 г. - 7 декабрь.
  3. Балабанов И.Т., Балабанов А.И. Экономика туризма: Учебное пособие. – М.:Финансы и статистика. 2000-176с.
  4. Биржаков М.Б. Введение в туризм.- Санкт-Петербург., 2001г.-356 с.
  5. Кабушкин Н.И. Менеджмент туризма: Учебное пособие.- Москва: БГЭУ, 2000 г. – 239 с.
  6. Кабушкин И.Н., Дурович А.П. Организация туризма: Учебное пособие – Мн.:Новое знание, 2005.
  7. Квартальнов В.А. Туризм и отраслевые системы.- Москва, 2004 г.