Вы здесь
Түркия мемлекеті
13 июня 2013 | 30823Жоспар
1. Кіріспе.......................................................................................................3
2. Негізгі бөлім
Табиғаты............................................................................................................4
Экономикасы....................................................................................................5
Мәдениеті...........................................................................................................6
Тарихы................................................................................................................8
Стамбұл қаласы Түркия Республикасының дамыған туристік орталықтарының бірі...................................................................................10
Түкия мемлекетінің туристік мүмкіншіліктері.......................................11
3. Қорытынды............................................................................................15
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Түркия мемлекеті - Батыс Азияда жіне ішінара Оңтүстік Шығыс Еуропа жерінде орналасқан мемлекет. Аумағаның 97%-ы Кіші Азия(Анадолы) түбегін, 3%-ға жуығы Еуропа ендігін немесе оңтүстік Шығыс Балқан түбегін (Шығыс Фракияны) қамтиды. Солтүстік Шығысында ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТЫҒЫ елдерімен, Шығысында Иранмен, оңтүстік батысында Иракпен, Сириямен, солтүстік батысында Болгария мен Грекиямен шектеседі. Жерінің аумағы 780,6 мың км 2, халқының саны 75,1 млн адам(2004). Астанасы Анкара қаласы. Негізгі Түрік халқы. Одан басқа күрдтер, арабтар, гректер, кавказ халқы т.б тұрады. Сондай ақ екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тұтқында болып, кейін Батыс Еуропада қалып қойған, 1940-50 жылы.
Шығыс Түркістанда Қытай комунистеріне қарсы күресіп, Үндістан мен Пәкістан арқылы келген және 1970-80 жылы. Ауғаныстандағы соғыстан бас сауғалаған қазақтар мен олардың ұрпақтары тұрады.(10-15 мың адам). 1982ж қабылданған соңғы конституциясы бойынша мемлекет басшысы президент. Жергілікті халық негізінен ислам дінінің суннит тармағынр ұстанады. Президент елдегі бір палаталы парламент Түркия мемлекетінің Ұлы ұлттық мәжілісі жеті жылға сайланады. Президент пример министр мен үкімет мүшелерін мәжіліс депутаттары арқылы тағайындалады. Елде көппартиялы сайлау жүйесі орныққан.
Премьер министр сайлауда ең көпшілік алған партия арасынан үсынылады және үкімет мүшелері партиялардың мәжілістегі орнына тәуелді. Ресми тілі түрік тілі. Әкімшілік жағынан алпыс жеті уәлатқа бөлінген. Түркия 1991ж 16 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы ел болып табылады. Ұлттық валютасы түрік лирасы. Түрік халқы алғашқы болып елге инвестиция тартты. Қазір Қазақстанда көптеген түрік компаниялары әртүрлі салада жұмыс істеуде. Екі ел арасында тығыз экономикалық, мәдени, саяси байланыстар орныққан.
Табиғаты
Түркия Кіші Азия мен Армян қыраттары шегінде жатқан таулы ел болып табылады. Солтүстік және оңтүстік жағалаулары аз тілімденген. Батыс жағалауы шығанақты келеді. Жері батыстан шығысқа қарай 160 - км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 500-600 км, ал теңізбен шектесетін жағалауы 7 мың км созылып жатыр. Жері негізінен таулы үстіртті. Солтүстігін Понтии таулары (Качкар тауы, биіктігі 3937м), оңтүстінгін Тавр тау жүйелері (Демирқазық тауы, биіктігі 3726м), ал шығысын Солтүстік Тавр жоталары, ішкі бөлігін Анадолы үстірті алып жатыр. Жері әртүрлі клима белдеулерінде орналасқан. Жерорта теңізі жағалауның жазы ыстық, құрғақ, қысы жылы, аяз болмайды. Қара теңіз жағалауыны қызы жылы, жазы ыстық, жауын шашын мөлшері 900-2000мм аралығыныда. Жауын шашын күзден бастап көктемге дейін жауады. (600-700мм). Ішкі аймақтарында (Орталық және оңтүстік шығыс Анадолы) климаты континентті( жазы ыстық, қысы суық әрі ұзақ).
Жауын шашыш мөлшері 300-550мм. Шығыс Анадолының климаты тым континентті, қысы суық (-40 оС дейін) әрі ұзақ (5-6 ай) Жазы салқын құрғақ. Дегенмен, кей жерлерде (Дияртақыр қазаншұңқырында) ыстық, құрғақ (+46оС дейін). Тауларныда мәңгі қар жатады. Пайдалы қазбалардан хромит(Тавр, Батыс Понтии таулары), борат (Батыс Понтии таулары), боксит (Батыс Понтии, Тавр таулары), вольфрам, сынап, сүрме (Қыршехир, Мендерес, Батыс Понтии таулары), мыс (Понтии, Шығыс Тавр), тас көмір (Понтии таулары), мұнай (Оңтүстік Шығыс), мырыш, темір, қоңыр көмір, марганец, қорғасын, магнезит, барит, асбест, күкірт, тас тұзы өндіріледі. Жан жануарлар дүниесі дала мен таулы орманды жерлерді мекендеушілерге бөлінеді (борсық, бұғы, аю, елік, қабан, тауешкі және құстардың толып жатқан түрлері) Туркияны қоршап жатқан теңіз бассейндері балық түрлеріне бай.
Экономикасы
Түркия аграрлы индустриялы ел. Ол азық түлік өндіруде дербестікке жеткен әлемдегі санаулы елдердің бірі. Егіншілік ауыл шарашылығының жетекші саласы. Ел аумағының 33%-ын егістік алп жатыр. Оның 80%-ын дәнді дақылдар өсіріледі. Егістік алқаптың 15%- ына техникалық дақылдар егіледі. 4.2%-ын бақ пен жүзім баулары алып жатыр. Жерорта теңізінің жағалауында негізінен жүзім, інжір, маслина, алма, цитрусты жемістер, өрік өсіріледі. Ал Қара теңіздің шығыс бөлігінде шай(жылына екі жүз мың т шамасында) өсіріледі. Мал шаруашылығы да жақсы дамыған. Түркия ангор ешкісінің жүнін әлемдік нарыққа шығаратын жетекші елдердің бірі. Ауыл шаруашылығының ежелгі саласы жібек тұтын өсіру әлі күнге дейін сақталып қалған. Елде балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерліктер өте көп: жылына шамамен 180 мың балық ауланады. Ел аумағының шамамен 25%-ын орман тоғай алып жатыр.
Түркия өнеркәсібінің тарихы XIX- ғ соңынан басталады. 1927 жылы өнеркәсіпті қолдау жөніндегі жаңа заң қолданысқа енді. 1927 - 50 жылы жалпыұлттық өндірістегі өнеркәсіптің үлесі 20% -ға артты. 1960 жылы жоспарлы даму кезеңі басталып, үкімет мемлекеттік секторға басшылық жасауды өз қолына алды. 1980 жылы экономика мен өнеркәсіптегі тоқырауды жоюға арналған жаңа экономикалық бағдарлама әзірленді. Бұл бағдарлама елдің экономикасын әлемдік экономикамен ынтымақтасуға бағыттайтын жаңа жаңа саясатқа жол салды. Бағдарлама нарықтық экономикаға жол ашып, импортты ырықтандырды. Және төлемдердің табиғи балансын қалыптастырды. Өнеркәсіп секторының үлесі ауыл шаруашылығының үлесін қысқарту есебінен ұлғайды. Соған орай осы кезеңде өнеркәсіп өнімдерін экспортқа шығару арта түсті.
1990-1994 жылдардан бастап өнімдерді бөлу жүйесі жақсарып, елдегі жұмыссыздық пен аймақтық сәйкессіздік ахуалы жойыла бастады. Қазіргі кезеңде түкия әлемдік стандарттар бойынша тауар шығаратын өнеркәсіптің жетекші салаларын құрылымдық жағынан жетілдіріп, экспортқа бағдарланған даму стратегиясын ұсынуда. Елде туризм жақсы дамыған және ол экономикаға үлкен кіріс кіргізуде. Түркия мемлекеті Еуроодаққа кіруді мақсат етіп, ел экономикасын Еуропалық стандартқа жақындату мақсатында көптеген шаралар жүргізді. Негізгі сауда серіктестері: ЕУРООДАҚ елдері, АҚШ, Иран, Ирак, ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТЫҒЫ елдері,т.б
Мәдениеті
Түркия әдебиеті көп жанрлы, терең мазмұнды фольклордан бастау алады. Түркі дәстрлі мәдениетінде ежелгі «Оғызнама», «Китаби дәдам Қорқут» эпостық шығармалары мен «Көроғлы» дастаны ерекше аталады. Романтикалық хикая әңгімелер, қиял ғажайып, тұрмыс салт, күлдіргі т.б ертегі, мысалдар, мақал мәтелдер, жұмбақтар елеулі орын алады. Ауыз әдебиетінде түрік қошма ташлама сияқты өлең түрлері бар. Кейіннен Түрік халқы ислам дінін, мәдениетін қабылдаған соң араб тілі, діни және ғылыми танымдық, парсы тілі сарай әдебиетінің тілі болды. Жазба әдебиеттің алғашқы үлгілері он үшінші ғасырда пайда болды. Алғашқы шығармалар сопылық сарында жазылды. 15-17 ғасырлар түркі поэзиясының таихындағы классикалық дәуір болады. Сарай патшалары , Михри Хатун, Атмет паша, Месихи Махмуд Бақи өз дәуірін жырлады. XVII- ғасырдың басында түркі әдебиетінде сатирикалық дидактикалық жаңа әдеби жанр пайда болды. 18- ғасырда сопылық поэзия пайда болып, әдебиетте жаңа жанр (новелла, драма, роман) белең алды.
Әсіресе, Ибраһим Шинасидің, Намық Кемалдың, Шәмсеттен Самидің туындылары тек түр пішім жағынан емес, мазмұндық тұрғыдан да жаңалық алып келді. 19- ғасырдың екінші жартысында Абдулхақ хамид Тархан , Реджаизаде Экрам түркі поэзиясын жаңа сапалық деңгейге көтерсе, танзимат жаңа әдебиетінің өкілдері ретінде танылған қаламгерлер Ахмед Хикмед, Тауфиқ Фикрет, Хамид Зия Ұшақлыгил, Мехмед Рауф, Хұсейн Жаһид Ялчинтың атқырыптарға қалам тартты. Түркі әдебитінде тың ағымдар қосылып, көркем шығармаларға ескі мен жаңаның тартысы өзек болды. 20- ғасырдың 60-жылдарынан бастап роман жанрына жазылған туындылар көбейді. Түркия мемлекетіндегі сахналық өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Халық шығармаларының дәстүрлі түрлері қуыршақ пен көлеңке театрлары, ойын сауықты қойылымдар мен суырып салма әңгімелердің өнерсайыстары кәсіби түрік театрының дамуына негіз қалады. 1869 жылы «Гедик паша» театры құрылып, оның репертуарына әлем әдебиеті классиктерінің пъессалары енді.
Алғашқы түрік актерлері Ахмед Фехим, Ахмед Неджип,т.б 1923 жылы Түркия республикасы жарияланғаннан кейін Стамбұл, Анкара, Измир т.б қалаларда жартылай кәсіби театрлар пайда болды. Көптеген әуесқой руппалар шықты. Солардың арасындағы анкарадағы Үлкен, Көркем Достар театрлары, Стамбул қаласындағы Кентер актерлерінің театры кеңінен танымал болды. Олардың репертуарлары түріктің классикалық және змануи жазушыларының пъессаларынан, әлем әдебиеті классиктаерінің шығармаларынан тұрады. Түркия елінде кино өеррі де жақсы дамыған. 1914 жылы оператор Узунакай алғашқы деректі фильмдер түсірген. Алғашқы көркем ленталар қатарына «Бестік» және «Барлаушы» фильмдері аталады. Әлеуметтік тақырыпқа арналған «Ақ орамал», «Жылан кегі», «Жеткізбейтін жол», «Бедрана», т.б фильмдері ұлттық кино өнеріндегі үздік туындылар саналады. Түріктің музыкалық фольклорлары түркі тектес халықтардың ұлттық саз өнерімен үндес. Түркия елінде кеманжа, репаб, тамбур, ковар, зурна, дэф т.б музыкалық аспаптар кең тараған. Президенттік Стамбұл қаласының, Измир филармониясы қоғамының симфониялық оркестрі, аспапты және вокалды ансамбль ұжымдары бар.
Тарихы
Түркия жерін адамдар ерте замандардан мекендеген. Ежелгі халықтар: фракиялықтар, хеттер, лилиялықтар, галаттар, армяндар, ассириялықтар, гректер, және т.б бұл жерде өз мәдениеттерін қалдырған. Ежелгі заманда және орта ғасырларда бұл аймақ түрлі мемлекеттер бірлестіктердің Хетт патшалығының, Мидияның, ахемен әулиетінің, Александр Македонский державасының, Селевки әулиетінің, Пергамның, рим империясының, Византияның және т.б құрамында болды. Б.э.д III ғасырда басталған халықтардың ұлы қоныс аударуы кезінде қазіргі Түркия жеріне сақ скифтер, сарматтар, ғұндар, аландар т.б келе бастаған. 750 жылы Бағдат халифатын құрған Аббас әулиеті Орталық Азия түріктерін әскерге көптеп тарта бастады. Ол әскерлер өз отбасымен Кіші Азияға орналасты.
Жалпы Түркі тайпалары Түркия жеріне екі бағыттан:
- Кіші Азияға Иран мен Кавказ сырты арқылы;
- Балқан түбегіндегі Шығыс Еуропа арқылы келді;
XI ғасырдың аяғында қыпшақтардан ығысқан Түрік халқы мен оғыз тайпалары Кіші Азияда Салжұқ әулиетінің басшылығымен өз мемлекетін құрды. XII ғасырда түркі салжұқтар Византияны кішіАзиядан біржолата тартып алды. 1243 Кіші Азияны түркі монғолдар бағындырды. XIII ғасырдың аяғына таман бұл өңірде тәуелсіз ұсақ иеліктер пайда болды. XIV ғасырдың 20-30 жылдары Кіші Азияның солтүстік батысында дербес иеліктерді бір орталыққа біріктірген Осман сұлтанның атағымен Осман сұлтандығы қалыптасты. XIV ғасырдың 2 жартысында осман түріктері Шығыс Фракияны, Болгарияны, Македонияны бағындырды. 15 ғасырдың бас кезінде Әмір Темірден күйрей жеңілгенімен көп ұзамай қайта күшейгкн түрік Османдар 1453 жылы Византияның орталығы Константинопольды басып алып, Стамбұл деген атпен өз астанасына айналдырды. 1450-70 жылы Себияны, Боснияны, Аттиканы, Трапезун ипериясын, Қырым хандығын, Валахия мен Албанияны өзіне қаратты. 1514-17жылдары Осман сұлтандығы Месопатамия, Сирия, Палестина, Египет, Хиджиз, 1519 жылы Алжирдің біршеме бөлігін бағындырды.
XVI ғасырда қуатты Осман флоты бүкіл жерорта теңізі бассейнін бақылап тұрды. Түрік зиялылыры, әсіресе, әскери элита өкілдері ел тәуелсіздігі мен тұиастығы үшін күресті өз қолдарына алды. Оларды Түрік ұлтшылы Мұстафа Кемал Ататүрік басқарды. 1920 жылы -1923 жылы сәуірде Анкраға шақырылған Түркия мемлекетінің Ұлы ұлттық Мәжіліс өзін елдегі бірден - бір заңды үкімет органы ретінде жарилап, 1921-1922ж шетел басқыншыларынан бүкіл Анадолы жерін азат етті. 1923 жылы 29 қазанда Түркия Республика болып жарияланды. 1924-34 жж елдің экономикалық әлеуметтік және мәдени саласында реформалар жүзеге асырылды, шетел концериялары түгел дерлік жойылып, ұттық банктер құрылды, порт құрылыстарры, өнеркәсіп орындары салынды.
II - дүниежүзілік соғыс басталған кезде Түркия алғашында Ағылшын – Француз блогында қосылып, 1940 жылы Франция тізе бүккеннен кейін Гитлершіл Германиямен дақындаса бастады . КСРО- ға шабуыл жасағаннан кейін Ұлыбританиямен одағын сақтай отырып, өзін бейтарап ел ретінде жариялады. 2- дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ- пен жақындасып 1952 жылы НАТО – ға мүше болды. Халықтың тұрмыс деңгейі нашарлап, елде бейберекетсіздік орын алуына байланысты 1960 жылы әскери төңкеріс іске асты. Бірақ 1960-70 жылы халықтың тұрмысы көтерімеді. 1980 жылы болған кезекті әскри төңкерістен кейін, 1982 жылы жаңа Концтитуция қабылданды. Экономика нарықтық қатынастарға көшіріліп, 1980-90 жылдары ел жедел дами бастады . 1987 жылы Түркия Еуроодақққа мүше болуға тырысқанымен, әртүрлі себептермен бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. 1991 жылы желтоқсанда КСРО ыдырағаннан кейін тәуелсіздік алған Орта Азия түркі мемлекетттері мен тығыз байланыс орнатты.
Стамбұл қаласы Түркия Республикасының дамыған туристік орталықтарының бірі.
Истанбұл Түркия мемлекетінің ең дамыған қаласы. Стамбұл иліннің әкімшілік орталығы. Мәрмәр теңізінің жағалауында, Босфор бұғазының қос жағасында, Азия мен Еуропаны байланыстыратын су торабында орналасқан. Тұрғыны 10.1 млн адам. Стамбұлдың Еуропалық бөлігі Азиялық бөлігімен Византии көпірі (ұз.1560) және парлмдар арқылы байланысқан. Стамбұл мемлекеттің ең ірі сауда, қаржы , өнеркәсіп және мәдени орталығы. Мұнда жиһаз, машина жасау, қағаз, химия, цемент, дәнді дақылдар, жеңіл өнеркәсіп, әйнек өнеркәсібі жақсы дамыған. Қалада үш университет, экономика және сауда академиясы, мәнерлі өнер және кескіндеме, археологиялық музей, қыш музейі, муниципалдық музей және т.б бар. Қала алғашында Рим императорының құрметіне константинополь деп аталды. 395- 1453 Византия мемлекетінің, 1453- 1918ж Осман сұлтандығының, 1918-23 жылы Түркия мемлекетінің астанасы болды.
Стамбұлда көне ескерткіштер өте көп. Ола үш дәуір сәулет ескерткіштерінен тұрады. Византия кезеңінен қалған император сарайлары мен ғибадатханалары, қасиетті Ирина, Айя Софья музей ғимараты, қасиетті килесе Димаси шіркеуі сақталған. Сонымен қатар орта ғасырлық түрік өнерінен Анадолухисары, Румелихсары, Едлкуле қамалдары, Шахзаде Фатих Исами, Баязит мешіттері сақталған. Қазір музей саналатын топкана сұлтанның кешені т.б көптеген кесенелер мен фонтандар қала сәулетінің құрамдас бөлігі болып табылады. 18- ғасырдан Стамбұл сәулетіне Батыс Еуропа стилі ене бастады. Қазіргі заманғы биік ғимараттар да бой көтерді. Қаладағы тарихи орындарды біріктіретін Ататүрік атындағы мәдени орталық және т.б мәдени, денсаулық орындары бар.
Түкия мемлекетінің туристік мүмкіншіліктері.
Түркия мемлекетіні өзінің экономикасын туристік бизнесін дамыту арқылы экономикасын дамыта алған елдердің бірі болып табылады. Түкияның туристік орталықтарының бірі тарих тамыры тереңде жатқан қамалдарымен танымал. Олар: Сұлтанахмет мешіті, Сүлеймен мешіті, Рүстем Паша мешіті, Фатих мешіті, Жаңа мешіт, Михримах сұлтан мешіттері негізгі болап табылады. Сұлтанахмет мешітін 1609-1616 жылдары Мехмет атты сәулетші салған. Негізінен ғимараттар көк мешіт деген атпен танымал. Мешітте 6 мұнара бар. Стамбұлдың ең әдемі мешіттердің бірі 1550-1557 жылдары Синан атты сәулетшінің туындысы Сүлеймен мешіті болып табылады.
Мешіттің іші ақ мәрмәрдан жасалған, бағында сұлтан Сүлеймен сұлтан мен оның жұбайы Роксананың кесенесі және Осман империясы кезінде өмір сүрган атақты сәулетші Синанның моласы, 4- медресе, медициналық мектеп, түрік моншалары, асхана және кедейлерге арналған пана болатын орындар бар. Түркия мемлекеті елдегі мұражйлардың санымен және әрқилылығымен танымал. Олар: Әулие Софи мұржайы, Археолгия мұражайы, Түрік керамикасының мұражайы, Әулие Ирина мұражайы, түрік және ислам мәдениетінің мұражайы, түріккілем мұражайы, Еретабан қамалының мұражайы, әшекейлер мұражайы, әуе мұражайы, әскери мұражай, Ататүрік үйінің мұражайы, Сардарбек ханымның мұражайы, теңіз мұражайы, Қала мұражайы және т.б бар.
Әулие Софи мұржайы адамзатттың керемет көз тартар туындыларының бірі болып табылады. Бұл мұражайдың негізін Ұлы Константин құрған. Ал VI ғасырда Юстианның бұйрығымен қайта жөндеуден өткен. Оның биіктігі 55 метрге, ал диаметрі 31 метрге дейін жетеді. Туристерді бұл мұражай тамаша византиялық әшекейлерімен таң қалдырады. Түрік керамкасының мұражайы Мехмет басқыншының бұйрығымен ХV ғасырда салынған. Бұл мұаражайда VІІ ғасырдағы ең әжемі керамикалық бұйымдар сақталған. Түрік және Ислам мәдениетінің мұражайы 1524 жылы Сүлеймен сұлтанның резеденциясы ретінде ұлы уәзір Ибраһим Пашаның қолдауымен салынған. Бұл Осман империясының ең танымал тұрғын үй кешендерінің бірі.
Әшекейлер мұражайында V-VІ ғ Ұлы Византия императорлардың сарайында әлі күнге дейін сақталған мозайкалы еденімен танымал. Теңіз мұражайы Бешіктас ауданында орналасқан. Бұл мұражайдан сұлтандардың ортағасырлық қайықтарын көруге болады. Түркия тарихы тереңге ескерткіштерге толы. Ежелгі кезеңдегі византиялықтардың арбалар жасауға қолданған және қоғамдық өмірлерінің негізгі орталығы болған иппподромнан қазіргі кезде тек үш ескерткіш қалған. Олар Феодосия обелискісі, күміс серпетин және Константин колонналары. Ахмет ІІІ фонтаны Топкан қамалының алдында орналасқан. Беязыт мұнарасы 1828 жылы ІІ Махмұтттың бұйрығымен салынған. Оның биіктігі 85 метрге дейін жетеді. Галат мұнарасы (62 метр) 1348 жылы салынған. Бұл жерде кешке туристерге романтикалық кештер ұсынылады.. Қыздар мұнарасы Қыз Кулеси деген атпен танымал. Бұл Стамбұлдың ең романтикалық орындарының бірі болып табылады. Ол ХІІ ғасырда салынған. Стамбұл дүниежүзілік мәдениет орталығы болып табылады.
Түркия елінде маусым-шілде айларында әлемдік әртістердің қатысуымен мәдениет фестивалі өтеді. Ал наурыз- сәуір айларында Халықаралық кино фестивалі өтеді. Кұмқапы Стамбұлдың ең танымал жерлерінің бірі. Бұл жерде көптеген таверналар, балық мейрамханалары, барлар өте көп. Ортакей- Стамбұлдың түнгі өмірінің орталығы. Мұнда көптеген джаз клубтар, мейрамханалар, кафелер мен клубтар көптеп кездеседі. Татилия Джумхириети – елдің ең үлкен атттракцион паркі болып табылады. Кез - келген турист белгілі бір елге барған кезде міндетті түрде суенирлер сатып алғысы келеді. Түрік халқы ерте заманнан жақсы сатушылар болған.
Егер, сіз арзан бағамен ұлттық тауарларды сатып алғыңыз келсе, Капалы Шаршы базарына барғаныңыз дұрыс болады. Ол қаланың ескі бөлігінде орналасқан. Бұл жерде кішігірім 4000 жуық дүкендер бар. Мысыр Шашысы базарына барсаңыз сіз өзіңізді шығыс елінде жүргендей сезінесіз. Бұл жерде әртүрлі шөптер мен шай түрлері сатылады. Ал егер турист жаңа еуропалық стильдегі заттарды ұнатса, Ақмерез, Карусель, Капитоль сауда үйлеріне барсаңыз өкінбейсіз.
Сонымен қатар, Түркия әлемге экологиялық таза курорттарымен танымал. Бұл курорттар өзінің төмен бағасымен және жоғарғы дәрежедегі қызмет көрсетуімен туристердің ағынын мыңдап тартуда. Түркия мемлекетіндегі танымал курорттардың қатарына Анталия, Кушадасы, Кемер, Алания, Белек, Мармарис, Бодрум жатқызуға болады. Түркия курорттарында турстер жоғарғы дәрежеде демалып қана қоймай, сонымен қатар, кернекмт көңіл көтерулеріне болады. Кемер- Тарус тауының етегінде, теңіз жағасында орналасқан.
Курорт өзінің экологиялық таза ауасымен, қарағайлы ормандарымен және жаңа заман талабына сай қонақ үйлер мен клубтардың жиынтығынан тұрады. Бірнеше жылдар бұрын Кемер кішкене балықшылар кенті болған. Қазір бұл курорттарда теңіз жағалауында демалып қана қоймай, сонымен қатар романтикалық кештер өткізуге болады. Кемер курорты ежелгі антикалық қала олимптің жанында орналасқандықтан, онда танымдақ экскурсиялар жүргізуге болады. Фитхие- инфрақұрылымы жақсы дамыған жас порттық қалаларының бірі болып табылады. Ол қарағайлы ормандар басқан тау етегінде орналасқан. Қала 1913 жылы әуе апатында қайтыс болған ұшқыштың атымен аталған. Фитхие сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан. 1956 және 1957 жылы бұл қалада қатты жер сілкіністері болған. Туристерге танымал демалыс орны Кушадасы - теңіз айлағы. Қаланың маңында археологтар қазба жұмыстарының нәтижесінде ежелгі гректің Эфес, Милет, Дидила, Афродииас қалдықтарын тапқан.
Памукале – түрік тілінен аударғанда «Мақта қамалы» дегенді білдіреді. Осы жерде құрамында калции бар ыстық бұлақ көзерінің көмегімен ақ тау массивтері пайда болған. Туристер тамаша ақ массивті тауларды тамашалап қана қоймай, «Клеопатра хауызында» шомылады. Бұл жерде көптеген сауықтыру орталықтары бар. Сиде- жаңа және ең танымал туристік орталықтардың бірі . Мрамариас- Эгей теңізі мен Жерорта теңізі түйіскен жердегі ежелгі Фискос қаласының орнында орналасқан. Бұл жерде ежелгі ескерткіштер жаңа ғимараттармен тамаша үйлесім тапқан. Көптеген барлар, кафелер, мейрамханаларда би мен әннің ұштасуына, бұл қаланы бишілер қаласы деп атаған.
Ал Анталияға жазда түрлі мемлекеттерден көптеп туристер ағылып келеді. Қыс мезгілінде бұл жерде қысқы ойынға дайындықтар өткізіледі. Стамбұл қаласы Түркия мемлекетінің ең дамыған туристік оратлықтарының бірі болып табылады. Стамбұл қаласы дүние жүзіне сан ғасырлық қамалдарымен танымал. Алтын мейіс және Мрамор теңізі қиылысқан жерде Х V – ХІХ ғғ Осман империясының билігі кезінде Топкан қамалы салынған. Қамал өте үлкен аумақты алып жатыр және көптеген ғимараттар мен аулалардан тұрады. Бірінші қамалдың ауласында татмаша бақ орналасқан. Екінші қамалдың оң жағында бұрын асхана болған, ал қазір оны хрусталь, күміс және қытай форфоры қойылған мұражай жасалған. Үшінші аулада аудиенциялар, ІІІ Ахметтің кітапханасы, зергерлік бұйымдар мен киімдердің көрмелері орналасқан. Бұл затттарды сұлтандардың отбасы кезінде кигендіктен аса құнды мұра болып табылады.
Қорытынды
Туризм ХІХ ғасырдың феномені және табыстың тайқазаны болып табылады. Есебін таба білген елдер бұл салаға белсене кіріскелі қашан. Индустриясын дамытып, өз өлкесінің жарнамасымен жұрт назарын аударуда.: Табиғатын тамшалатып, тарихын танытқаны үшін қып-қызыл пайдаға батып жатыр. Түркия мемлекетінде шикізат көздері өте тапшы болғанымен, ел табыстың 50 пайызын туризмнен табады. Туристерді тартудан дүние жүзі бойынша бірінші орында тоғызыншы орында.
Алдағы уақытта алғашқы бестіктің қатарына енбекші. Жыл сайын 22 млн туристі қабылдап, бюджетіне 18-19 млрд қаржы құятын елдердің бірі болып табылады. Ал енді ел діни туризмді дамытуға да білек сыбана кірісті. Түркия мемлекетіндегі туризмнің дамуы еуропалық мемлекеттер, әсіресе Германия мен Ресей мемлекеттің туристердің елеулі үлестерін қосты. Сонымен қатар, Түрік халқы ерте кездерден жақсы саудагерлер болғандықтан, туристер бұл елде ұтымды және арзан бағамен тауарлар сатып ала бастады. Сондықтын туризмнен елеулі пайда тауып отырған түіктерден еліміз үлгі алып, төл туристік бизнесімізді дамытамыз деген ойдамын!
Қолданылған әдебиеттер:
- Интернет: www. Kulturturizm.gov.tr
- Журнал : «Стамбул и регион мраморного моря» Анкрара 2007
- Вернадский Д.К., «Международный туризм» Москва 2005
- «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия\ Бас редакторы. Ә.Нысанбаев.- Алматы 2001
Пән атауы: | Туризм |
Көлемі: | 11 бет |
Жұмыстың түрі: | Реферат |