Вы здесь

Серуеншіліктегі шағын кәсіпкерлік

09 июня 2013 | 2375

Бүгінгі күнде кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөнінде құқықтық негізде қалыптасқандықтан кәсіпкерлікпен жаңадан айналасушыларға көмек керек. Кәсіпкерліктің алғашқы даму сатысында керегі құқықтық заңнамаларды қабылдау болса, қазіргі таңда қазақстандықтарға құқықтың аумағында не болып жатқанын түсіндіру қажет. Кәсіпкерлік жөнінде шағын түсінік , іскерлік жөніндегі маңызды әңгімеге әкеледі.

Іскерлік әрқашанда көзжұмушылықтан басталғандықтан көпшілік азаматтар жұмысты шағыннан бастайды. Шағын кәсіпкерлікті тұлғаларын заңды тұлғаны құрмаған жеке адамдар және кәсіпкерлікпен айналысатын құрамында 50 адамға дейін, жылына 60000 есе айлық есептік көрсеткіш бар активтен тұратын заңда тұлғалар құрайды. Көрсетілген негіздерден ауытқу асқан жағдайларда шағын кәсіпкерлік тұлғалары орта кәсіпкерлік тұлғаларға жатқызылады, осындай талаптар негізінде керсінше орта кәсіпкерлік тұлғалар ірі кәсіпкерлік тұлғаларға жатқызылады.

Шағын кәсіпкерлік тұлғаларына мыналар жатқызылады:

  • заңды тұлғаны құрмаған жеке адамдар, немесе жеке кәсіпкерлер;
  • заңды тұлғалар (төменде көрсетілгендей) толық серіктестік, командиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестік, өндірістік кооператив.

Ең көп тараған түрі – жеке кәсіпкер.

Шағын кәсіпкерлікпен айналысу ҚР азаматтық заңдары шеңберінде айқындалғандықтан болашақ кәсіпкер өзіне не керек екендігін таңдау мүмкіндігі бар.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау негіздері болып табылатын:

  • ҚР шағын кәсіпкерлікпен айналысуға артықшылық берілген;
  • Мемлекеттік қолдаудың кешенділігі;
  • Шағын кәсіпкерлікті дамыту аумағында барлық жағдайлардың жасалуы;
  • Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында жасалған халықаралық қатынастар;

Шағын кәсіпкерлікті қолдау келесі бағыттарда жүргізіледі:

  • шағын кәсіпкерлікпен айналысатын мамандарды дайындау, қайта дайындау, білімін жетілдеру шаралары;
  • шағын кәсіпкерлік тұлғаларына жеңілдік шаралары мемлекеттік қаржы ,статистика, материалды–техникалық , ақпарат және ғылыми–техникалық зерттеулер мен технологиялары жүйесінде қамтамасыз етілуі;
  • шағын кәсіпкерлік тұлғаларын мемлекеттік тіркеу кезінде жеңілдіктер, жұмысты лицензиялау, өнімдерді сұрыптауды ұйымдастыру;
  • шағын кәсіпкерлік тұлғаларына құқықтық жеңілдіктер беру, салық жеңілдіктері, кедендік төлемдер (салықтық каникулдар, мүліктік гранттар, салықтық несиелер, салық мөлшерінің азайтылуы, кедендік төлемдердің жеңілдіктері);
  • шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында инвестицияларжүйесін құру (шетелдіктермен қоса)
  • шағын кәсіпкерліктің сыртқы экономикалық байланыс негіздерін құру, оның ішінде сауда байланысы, ғылыми–техникалық, өндірістік және шетел кәсіпкерлерімен байланысты ұйымдастыру;
  • шағын кәсіпкерлік тұлғаларын қолдау мақсатында арнаулы несие бағдарламаларын, оның көздерін ашу;
  • шағын кәсіпкерлік тұлғаларын мемлекеттік тапсырыстармен (өнім өндіруге, жұмыс жасалуына, қызмет түрлерін көрсетулеріне ) қатынастар кездерінде жеңілдіктер көрсету.

Осы көрсетілген жағдайлардың бәрі Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту шеңберінде қолданылатын мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларда анықталып,, айқындалып отырылады. Шағын кәсіпкерлікті қолдау кезінде көрсетілетін жеңілдіктер шағын кәсіпкерлікті қолдау жөнінде ҚР заңдарында көрсетілген.

  • статистикалық және ақпарат қолқабыстары ғылыми–техникалық зерттеулер және технологиялар бойынша жеңілдіктер мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі жылдық бюджеті бекіткен мөлшерде атқарылады.
  • шағын кәсіпкерлікке мамандарды дайындау, қайта дайындау, білімін жетілдіру жөніндегі шаралар ғылыми зерттеу орталықтарында, арнаулы консалтингтік мекемелерде ақпаратты қолдау жүйелері шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бөлінетін қаржының 2% мөлшерінде атқарылады;
  • шағын кәсіпкерлікке мамандар дайындайтын және оқытатын тұлғалар жылжымайтын мүлікті тіркеу және саудалау кезіндегі төлемдерден тіркелгеннен кейінгі 3 жылға босатылады;
  • шағын кәсіпкерлік нысандарын тіркеу жеңілдетілген тәріппен атқарылады;
  • шағын кәсіпкерлік жұмыстарына берілетін лицензиялар 10 жұмыс күні ішінде беріледі (ал жалпы жағдайда 30 жұмыс күні ішінде)
  • шағын кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға берілетін жерлер (сату, жалға беру) шаруашылық жұмыстарымен айналысатындарына жергілікті атқарушы органдар жерді пайдалану жөніндегі актісін алу кезіндегі төлемдерді және жерді сатып алу, жалға алу төлемдерін 3 жылға кешіктіріп төлеуіне рұқсат беріледі.
  • өндіріспен айналысатын шағын кәсіпкерлік нысандары электр қуатына, жылу , су көздерімен, лас су құбырларына қосу көздерінде төлемдерді төлемейді.
  • шағын кәсіпкерлік тұлғалары 2-ші деңгейдегі банктерде есеп–шот ашқан кездегі төлемдерден босатылады;
  • шағын кәсіпкерлік тұлғаларға арнаулы салық жеңілдіктері қолданылады;

Осының бәрі шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында мемлекеттің жүргізіп отырған саясатының арқасында жүзеге асады. Өздерінің құқықтарын қорғау мақсатында шағын кәсіпкерлік тұлғалары бірлестіктер ұйымдастыра алады.

Заңды тұлғалар одақтар құрса, жеке кәсіпкерлер қоғамдық бірлестіктер құра алады. ҚР заңдары шағын кәсіпкерлер нысандармен* мемлекеттік мекемелер арасындағы қатынастарды реттейді. Шағын кәсіпкерлік нысандарына лауазымды адамдардың, мемлекеттік мекемелердің орынсыз шаруашылық жұмыстарына араласуына тыйым салады.

Қорытынды :
Кейінгі жылдары елімізде шағын кәсіпкерлік нысандары көптен өсті. Мұндай мекемелер тұтынушылық заттар шығару және қызмет көрсету, ғылыми орталықтарында көптеп саналады. Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін экономикалық– әлеуметтік, құқықтық жағдайларды қамтамасызету қажет.