Вы здесь

Қабылдаудағы ішкі ыңғайлануды зерттеу.

15 мая 2013 | 2304

Қабылдау да түйсік секілді рефлекторлы процесс. Оның негізінде қоршаған орта заттары мен құбылыстарының рецепторларға әсер етуінен үлкен ми сынарлары қабығында пайда болған шартты рефлекстер мен уақытша жүйке байланыстары жатыр. Ми қабығы бөлектеріне келіп түскен құрамды тітіркендіргіштер күрделі талдаудан өтіп, бірігіп жатады. Қабылдау нысаны талдау арқылы жалпы ортадан (фон) бөліп алынады, сонымен бірге оның барша қасиеттері біртұтас сапалық бейнеге біріктіріледі.

Түйсікпен салыстырғанда қабылдау процесі ми қызметінің ең жоғары талдану-бірігу формасы. Талдау болмай, қабылданатын зат не құбылыстың мән жайына жету мүмкін емес. Мысалы, түсініксіз тілдегі ауызша баянның басы мен аяғын аңдау мүмкін емес, тұтасқан дыбыстық сарын. Ал енді осы баянды түсініп, қабылдау үшін оны бөлек тіркестер мен сөздерге мағынасына орай жіктеу қажет, яғни естіп тұрғанымызды дұрыс қабылдауымыз үшін талдаумен бір уақытта біріктіру әрекеті же жүріп жатады. Осының арқысында біз дараланған дыбыстарды ғана қабылдап қоймастан, тұтас сөздер мен сөз тіркестерін ұғамыз. Мұндағы бірігім уақытша жүйке байланыстарының түзілумен жасалып отыр. Жалпы қабылдау жүйке байланыстарының екі түріне негізделген: бірініші байланыс түрі талдағыш төңірегінде түзілген де, екіншісіне – талдағыштар арасындағы байланыстар себепті. Бірінші жүйке байланысы ағзаға бір текті құрамды тітіркендіргіштердің әсер етуінен болады, мысалы есту талдағышына әсер етуші жеке дыбыстардың ерекше бірікпесінен пайда болған ән-күй біртұтас күрделі тітіркендіргіш ретінде қабылданады. Бұл үлкен ми сынарларында өтетін бірігу (интеграция) процесі мен күрделі синтездің болуынан.

Құрамды тітіркендіргіштердің әсерінен түзілетін жүйке байланыстарының екінші түрі - әртүрлі талдағыштардың аралық байланысынан, заттар немесе кеңістікті қабылдау, көру, қозғалыс, сипап-сезу және басқа да түйсіктердің өзара байланысынан (ассоциация) жүзеге келеді (И. М. Сеченов). Адамдағы бұл ассоциацияларға нақты зат не кеңістіктегі қатынастарды белгілейтін сөздің дыбыстық бейнесі қосылады. Заттардың көлемі мен жайласу аралығын қабылдауда көру түйсігі бұлшық еттер түйсігімен байланыспай болмайды.
Қабылдау негізінде жатқан уақытша жүйке байланыстары объектив дүние заттары мен құбылыстарының шындық арақатынастарының болуынан туындайды. Әртүрлі талдағыштар арасында орныққан байланыстардың жәрдемімен біз арнайы талдағышты болмаған заттар мен құбылыстар қаситеттерін де қабылдап, бейнелей аламыз (мысалы, зат аумағы, меншікті салмақ және т.б.). Түйсікке қарағанда қабылдау барысында біздің дүниені тереңірек қабылдап, дәлірек тануымыз осыдан.