Вы здесь
ХVІІ – ХVІІІ ғасырдағы педагогиканың дамуы.
15 мая 2013 | 11724XVII ғасырдың аралығында жаңа педагогиканың негізін қалаушы ұлы славян педагогы Ян Амос Коменский 1592 жылы 28 наурызда туды. Бұл кезде XV ғасырдың бас кезенінде болған тарихтағы аса зор ұлт-азаттық қозғалысының әсері әлі де бар еді.
1620 жылычех басқыншыларымен күресте жеіліске ұшырауына байланысты ұлы педагогтың отаны өзінің дербестігін жайды. Коменскийдің қысбат бағалы кітапханасы мен қол жазбалары отқа жағылды және барлық жанұясынан айрылды.
Отанынан айрлыған қауым мүшелері Польшаға келіп паналады. 1631 жылы Коменский «Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі» деген оқулығын жазып шығарды. Білім беру тарихындағы тұңғыш оқулық жедел 15 елдің тіліне аударылып, мектептерге кенінен таралады. Келесі жылы Коменскийдің есімін дүние жүзіне танытқан «Ұлы дидактика» еңбегі жазылып бітті.
«Ұлы дидактика» Коменскийдің педагогикалық жүйесін толық және дәлелді түрде баяндаған шығарма болды. Бұл еңбекте ақыл-ой адамгершілік тәрбиесінің мәселелері сондай-ақ ұлы педагог ұсынған жаңа мектепті ұйымдастыру мәселелері зерттелді. өмірінің соңғы жылдарын ұлы педагог Амстердамда өткізді, оның «Ұлы дидактикасы» 1957 жылы Лешко қаласында баспаға бастырылды. Коменский 1670 жылы Амстердамда таяу жердегі каарденде қайтыс болды.
Орта ғасыр мен жаңа дәуірдің, феодалдық және капиталистік формацияларының аралығында өмір сүрген Коменскийдің көз қарасы сол дәуірдің ерекшеліктеріне мен қайшылықтарына байланысты қалыптасты.
Коменский дидактикасында реалистік те, материалистік көқарастар да бар болды. Дидактиканың принциптері материалистік сексуализм тұрғысынан түсіндірілді. Бірақ оқу мен тәрбиенің жүйелерін құруда маңызды болып саналатын таным проблемасын шешуде оның көзқарасы екі жақты болды. Коменский ақиқаттың бір саласы – логикалық, оның көзі – діни сала. Ақиқаттың екінші саласы табиғатты танудан шығады. Табиғат жер бетіндегі бақыттың байлықтың көзі, бұл көзді ретті иемдену үшін табиғатты білу керек, ол үшін білім қажет етеді.
Тәрбие мен білім берудің маңызын Коменский өз заманындағы білім беру жүйесіне, мектеп құрлысына мектептің жаңа түрі жөніндегі идеяны қарсы қойды. «Ұлы дидактиканың» негізгі тарауларында Коменский реалистік позицияда екендігін, педагогиканың маңызды мәселелерін шешуді өмір тілегіне, өз қоғамының демократиялық топтардың мұқтажына бағындыратының көрсетті. Коменский – жас жеткіншектерге тәрбие және білім беру. Оның ойынша адам тек тәрбие арқылы ғана адам болады. «Адам болу үшін ол білім алуы тиіс...» «Білімділер нағыз адам...» - деді.
Бүкіл тәрбие ісі Коменскийге табиғатқа тән, жалпы заңдылықтарға сәйкес болуы тиіс. Ол адамды табиғаттың бір бөлігі ретінде алып қарап, тәрбие ісін адамның табиғатына сәйкес, оның табиғи қабілеті мен қасиеттерін дамытуға бағыттап жүргізу керек деп кеңес берді.
Осы талап оның бүкіл педагогикалық іліміне енді және мұны ол тәрбие мен оқытудың жалпы принципі ретінде санады. Кейінен Коменский анықтаған бұл идея педагогикада «табиғатқа сәйкестік принципі» оқудағы схоластика мен догматизмге қарсы күресте мәнді болды. Ол құрғақ жаттау мен догматизмге қарама-қарсы оқытудың бала табиғатына, оның мүмкіншіліктеріне сәйкесті болуын талап етті.
Мектеп оқуының жүйесі, оқыту теориясы.
Коменский адамның өсіп-жетілуіндегі жас ерекшеліктерін негізге ала отырып, бір-бірімен байланысты құрылған оқудың 4 сатылы кезеңін осыларға сай 4 түрлі мектеп оқудың жүйесін ұсынды.
- баланың туғаннан 6 жасқа дейінгі кезеңінде әр үйде – «Ана мектебі»
- 6-дан – 12-жасқа деінгі балалар үшін әрбір қауымда «Ана тілі» мектебі
- 12-ден – 18 жастағы жастар үшін - әрбір қалада латын мектебі (гимназия)
- 18-ден 24жастағы жастар үшін әрбір мектепте академия болу керек деді. Көрсетілген әр сатыдағы оқу бір-бірімен байланысты болды. ХVІІ ғасырдың өзінде бір тексті мектеп жүйесі жөнінде демократиялық принцип ұсынды.
Коменский оқудың мақсаты ғылыми білімді меңгеру және өмірге пайда келтіру деп білді. Мектеп материалдық жағдайында біліммен қаруландыру жағынан да оқудың жаңа мазмұнын беруге тиіс еді.
Коменский сол кездегі мектептерде латын тіліндегі оқу үстем болып тұрған кезде, бастауыш мектептің (элементарлық) ана-тілінде болуын талап етті. Бұл мәселеде ол өнерге қажетті бастапқы білім тек ана тілі арқылы ғана бірілді, тек осылай ғана балалардың ақыл-ойын одан әрі дамыту міндетін жемісті шешуге болады деген негізгі қорытындыға сүйенді. Коменский мектепте ана-тіліне кеңінен ендіру және оны дамыту жолында қажымас күрес жүргізді.
Коменский мектеп білімінің мазмұнын мен көлемін де жаңа бағытта шешті. Мектеп оқуында тек ескі тілдерге үйрету, сыңар жақты формалистік граматика мен риторикаға негізделген классицизм кең тараған дәуірде ол әр салаға жан-жақты білім беруге шақырды. Ұлы педагог жалпы білім негіздерімен қарулану керектігін ескертті. Оның ойынша қай тіл, қай ғылым мен өнер болса да әуелі қарапайым элементтерден бастап оқытулы керек делінді.
«Біз білім саласындағы тамаша атаулардың бәрі ақыл арқылы енгізілуін тілейміз», - деген. Латын мектебінің (гимназия) оқуына: физика, география, тарих пәндері енгізулі тиіс, бұл пәндер бір-бірімен байланысты түрде берілгені жөн», - деді.
Оқыту теориясы. Коменский өзінің тамаша шығармасы «Ұлы дидактика» барлық халық жастарын бүкіл білім салаларына жаңа жолмен оңай және ұғымды етіп оқыту үшін жазды, онда өзінің алдына оқытудың жолын жаңа негізге салу мақсатын қойды.
«Ұлы дидактикада» мұқабасындағы толық атты бұл әйгілі еңбектің мақсаты мен мазмұнын түгелдей ашып берді.
Коменский мектеп үшін жалпы бағдарламалар, оқулықтар, оқыту әдістерін жасап шығару ісін ең міндет деп санады.
«Жұрттың бәрін қалайша арнаулы бір кітаптан оқытуға болар еді» деген сұраққа ол әр ғылым мен өнер-білім саласы бойынша оқу кітаптары болу керек деп жауап берді. Ол оқулықтарға қойылатын талаптар арқылы дидактика міселелерін анықтады.
«Мұнда кітаптарда жеңілдік, тиянақтылық және ықшамдылық жөніндегі принциптерімізге сәйкес барлық мектептерге арнап шығару керек; олардың баяндалуы толық, негізді және дәл яғни бүкіл дүние жүзінің дәл суреті сияқты болуы тиіс. Коменскийдің талабы кітаптар түсінікті және жеңіл тілмен жазылып, оны пайдалнаған әріптер барлығын, тіпті мұғалімнің көмегінсіз ақ, сөздері түсінетіндей дәрежеге көтерілетін болсын».
«Ұлы дидактика» төмендегідей 4 дидактикалық сұраққа жауап береді:
- Қалай жақсы оқып, тәуір оқуға болады
- Оқыту мен оқудың жеңілдігі
- Оқыту мен оқудың негізділігі
- Тез оқытудың ережесі мен тәсілдері.
Коменский өмірге жаңа келген адамның ақылы жас ұрық-тұқыммен салыстырады да, оны дамытса, адамның дүниеде түсініп танымайтын нәрсесі жоқ деп тұжырым жасайды.
«Ұлы дидактиканың» арнаулы тарауларында оқыту ісіне қойылатын басты-басты дидактикалық талаптар баяндалады.
Олар:
- Оқытуға қолайлы таңдау.
- Оқушыларды сабақ оқуға ынталандыру.
- Материалды біртіндеп күрделендіру (дәйектілік, жүйелік)
- Анық пайда келтіретін нәрсені ғана оқыту
- Саналы түрде меңгеретін нәрседен басқаны жаттатпау
- Бала табиғатын ескеріп отыру; қалған нәрсені немесе оның меңгере алатын нәрсесін ғана оқыту.
- Материалды меңгерту үшін мүмкіндігінше сыртқы сезімдерді де қарастырып оқытуды қарастырады.
Пән атауы: | Педагогика |
Көлемі: | 3 бет |
Жұмыстың түрі: | Реферат |