Вы здесь

Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы дағдарысты жағдайдан шығу әрекеттері.

07 июня 2013 | 1286

Қауым мен ұжымдар арасындағы ұқсастық пен жақындық туралы пайымдауларды жиі кездестіруге болады. Бірақ ол ұқсастық - бар болмастай және өте күдікті, өйткені революцияға дейінгі Ресейде қауымдастық 20%-ға жуығы меншік жақынырақ келетін уй басы қарамағындағы жерге иелік еткен. Ал А.П.Столыпиннің реформасы кезеңінде толықтай дерлік үй басылық меншік пен жекеменшікті теңдестіру орын алды.

Революцияға дейінгі кезеңдегі қауым жердің меншік иесі, ал ұжымшылар-тек пайдаланушы болды. Жерді барынша емін-еркін пайдалана отырып, қауым өз мүшелеріне де көбірек еркіндік берді. Мысалға, шаруа өз үлесін келесі уақыт аралығына дейін 12-15 жылға беруге құқылы болған. Меншік иесі ретінде қауым жеке адамдарға өз жерлерін жалға берген, ал бұл өз мүшелеріне қорғаныс ретінде еді. Жекеленген шаруа-қожалықтары мен помещиктер ірі жер шаруашылықтары (латиорциндия) арасындағы тең қатынастары жөнінде сөз етудің өзі мүмкін болмағандықтан шаруаның помещикпен және билеуші өкіметпен барлық іскерлік қатынастары негізінен дәл сол арқылы жүзеге асырылды. Қауым болмаса помещик шаруаны қанаған болар еді.

Шаруа, жер алып әрі қауымға өту түрлерінен құтылып, өз шаруашылығының деңгейін көтеруге мүмкіндік алды. Мүндай жағдайларда қауымның қайта құрылуын не тездету, не оның тарауы керек болды, өйткені, помещиктік жер иелену жойылғаннан кейін шаруа енді оған аса мұқтаж емес еді. Сондай-ақ помещик те қауымға наразы болды: енді оған әрбір жекеленген шаруамен емес, бүкіл шаруалар "әлемімен" келісуі қажет. Қауымның жойылуы шаруалардың жекеленіп бөлінуіне алып келер еді, ал бұл помещиктердің өз иеліктерін капиталистік үлгіде қайта құруына мүмкіндік ашары сөзсіз.

Бірақ бұл шаруалар үшін азапты, дамудың өте ұзаққа созылған жолы болмақ, өйткені олардың шағын бөлігі ғана табанды, тұрақты шаруа иесі болып, ал басқасы - кедейленіп, қалғандары бұрынғыдай өте ауыр жағдайда күнелткен болар еді. Лениндік терминология бойынша аграрлық дамудың демократиялық (американдық) және кертартпалық (консервативтік- пруссиялық) жолдары болған.

Столыпин реформасы пруссиялық жолмен жүзеге асырылды, әрі ол помещиктерді құтқару үшін ойластырылған болатын. Столыпин, реформасының "тұтастай толып жатқан, білімді жер иеленушілер тобының" мүделеріне қатысты болуына үзілді-кесілді қарсы, әрі мәселе, ешбір бөліп жармай ақ, тұтас 130 мыңдық помещиктер тобы жөнінде еді. Қауымды жай ғана жарлықпен жоюға болмайды. Ол үшін шаруалардың үлесін бөлуге және қауымдық технологияны жоюға бағытталған шаралар жүесі қажет.

1906 жылы 9 қарашадағы Жарлық - осы жолдағы алғашқы қадам болды. Жарлыққа сәйкес, әрбір шаруа өз пайдаланудағы үлесін жеке меншікке бекітуді талап ете алады. Оны сатуға немесе өзінің әр жердегі бөлік бөліктерін бір жерге біріктіруді талап етуге хақылы еді. Осылайша оңашаланған елді мекендер (хутор) пайда болды. Столыпиндік реформада хуторлар мен үлесі алынған жерлер елдің бүкіл аумағында шаруалардың аграрлық шаралар деңгейін арттырудың әр жақтылы құралы ретінде қарастырылады.Осы шаралардың көмегімен шаруалар "әлемнің" тұтастығы бұзылды. Хуторлар ауылдарды (деревня), сонымен бірге мыңдағанжылдық шаруалар "әлемін" ыдыратуға ұшыратты. Өкімет екі жүзділікпен қауымды тіпті де жойғысы келмейтіндігін мәлімдеді, бірақ оны жоюдың бар тәсілдерін қолданды.

Помещиктік жер иеліктеріне тиіспей-ақ жер жетіспеушілігінің орнын толтыру үшін және де орталық губерниялардағы деревнялық қозғалыстарды (бас көтерушілікті) басу үшін Столыпин үкіметі шаруаларды Сібірге және бір бөлігін Орта Азия мен Кавказға жаппай қоныс аударуды ұйымдастырды. 1906-1916 жылдары барлығы үш миллионнан астам адам қоныс аударды. Негізінен кедейлер қоныс аударып, оның жартысынан көбі кері қайтып оралды.

Нәтижесінде реформа не қауымды жоя алмады, не меншік иесі болған шаруалардың тұрақты қалың көпшілік тобын қалыптастыра алмады. Қауымнан барлығы үш миллионға жуық адам бөлініп шыққан, бұл реформа жүргізілген губернияларды олардың жалпы санның шамамен үштен бір бөлігі. Ал ең бастысы ірі помещиктер жер шаруашылықтары (латифундиялар) қол сүқпайтын (сатылмайтын) меншік болып қала берді.

Айта кету керек, Столыпин помещиктер иеліктері турелы мәселе көтеруге әрекет жасады, бірақ ол сондай тегеуірінді қарсылық тудырғандықтан, мұндай әрекеттер одан кейін ешқашан қайталанбады. (Бұл жерде "жергілікті басқару құрылымының басты негіздерін белгілеу туралы" заң жобасымен танысып көруге болады. Ол заң жергілікті биліктің дворяндық қағидасын жойды).

Столыпин, оңшылдардың (помещиктер), сондай-ақ орташа либералдық (ымырашылдардың қаржы капиталы) және көптеген солшыл, революциялық партиялардың қарсылықтарына тап болғандықтан өз бағдарламасын соңына дейін жеткізе алмады. Ленин мемлекетке і "сөзсіз прогрессивті" болса да жоғарыдан жасалатын реформалар емес, төменнен революция қажет деп санады.