Вы здесь
Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы күресі
06 июня 2013 | 18611Қазақстанның тәуелсіздік алуы бұрынғы Кеңес қоғамында қалыптасқан ахуал-қоғамдық жүйенің күйреуінің, кеңестер Одағының ыдырау салдары нәтижесінде іске асты. КСРО-ның ыдырауының басты себептерінің бірі – ондағы орын алған экономикалық күрделі мәселелер, экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің әлсіздігі еді. Оның үстіне, Ұлы Отан соғысынан кейін Кеңестер Одағы халық шаруашылығын аяғына дейін қалпына келтірмей жатып, өзінен экономикалық потенциалы (мүмкіндіктері) екі есе және одан да артық Америка Құрама Штаттарымен әскери, әскери-техникалық, стратегиялық бағытта тай-таласқа түскенін айту қажет.
Осының нәтижесінде Одақ ішінде жалпы өнім, ұлттық табыс, еңбек өнімділігі артпады, оның көрсеткіштері бойынша КСРО АҚШ-тан жыл өткен сайын артта қалып отырды. Соған қарамастан, Одақ ұзақ жылдар бойы әскери-стратегиялық тепе-теңдікті, әсіресе 1949 жылы құрылған АҚШ бастаған НАТО және КСРО бастаған Варшава шарты /1955 ж.ж./ арасындағы әскери-стратегиялық теңдікті сақтау үшін тыраштанды. Екі жүйенің /капиталистік және социалистік/ теке тіресі кеңінен етек алған, 1950 жылмен 1990 жылдың арасындағы қырық жылда, әскери шығын 20 триллион долларға жеткен. Сексенінші жылдардың аяғында соғыс өнеркәсібі мен әскери-өндірістік комплекспен байланысты өндірісте планетаның 60 – 80 миллион тұрғыны жұмыс жасап, шикізаттың негізгі түрлерінің 5 пайызы соғыс мақсатында жұмсалған. Әрине, мұндай зор шығындар экономиканы да орасан зор зардаптарға ұшыраиады.
Бұрынғы кеңестік экономикалық құрылым тым күйкі тартып, негізінен шикізат өндірушілік пен әскери-өнеркәсіп кешеніне тоғыз министрлік қызмет етті. Олардың қажеттілігі кедергісіз қанағаттандырылып отырды. Бұлар ұлттық жалпы өнімнің едәуір бөлігін шығарды. Ол статистикалық есепте халық шаруашылығы өніміне қосылғанымен , шын мәнінде, халық шаруашылығы мойнына асылған масылдық еді. Осыған қарамастан Кеңестер Одағының әскери техникасы бәсекелес елдердікімен салыстырғанда әлдеқайда артта қалды. Мұндай артта қалушылықтың зардабы таяу Шығыстағы, Африка елдеріндегі, Ауғанстандағы майдан далаларында әлденеше рет тойтарыс алып, соққы жегенінен айқын көрінген еді.
1979-1989 жылдардағы Кеңестер Одағының Ауғанстан жеріндегі соғыс авантюрасы, оның сыртқы саяси бағытына халықаралық жұртшылықтың сенімін жойды. Ол социалистік және капиталистік мемлекеттер арасындағы шиеленістің жаңа айналымын бастап берді. Ауғанстандағы соғыс елге жыл сайын 5 млрд. сомға түсті. Бұл соғыста мыңдаған кеңес отбасылары жақындарынан және туыстарынан айырылды. Соғыс Қазақстанға да үлкен зардабын тигізді. Республикадан оған 21979 адам қатысты. Олардың ішінен 780 – дей адам қаза тапты, 393 адам мүгедек болды, 22 адам хабарсыз кетті.
КСРО – ның экономикасының артта қалуы 1970 жылдан басталған тоқырау кезеңінде, халық шаруашылығы жоспарларының орындалмауынан өз көрінісін тапты. Экономиканың артта қалуы, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында өріс алды. 1965 жылдан кейін ауыл шаруашылығына 1 триллион сомға жуық қаржы жұмсалған, бірақ бұл ақша тиімсіз пайдаланылады, нәтижесінде соңғы /1990 ж. дейін / 25 жылда КСРО - да тек ауыл шаруашылығындағы қордың қайырмасы / АҚШ – пен салыстырғанда / үш есе төмендеді, бір американдық фермер бес колхозшының өндірген өнімін өндірді, ауыл шаруашылығында 80 пайыздан астам адам қол еңбегімен айналысты.
Жалпы бүкіл Одақ бойынша 1970 - 1985 жылдары тоқырау кезеңінде экономиканың басты көрсеткіштері өспеді, қайта төмендеп кетт. Егер ұлттық табыстың өсу қарқыны сегізінші бесжылдықта – 41 пайыз болса, тоғызыншы бесжылдықта – 28 пайыз, оныншы бесжылдықта – 21 пайыз, он бірінші бесжылдықта – 17 пайыз болып кеміді. Ал еңбек өнімділігінің артуы сегізінші бесжылдықта – 37 пайыз, тоғызыншы бесжылдықта – 25 пайызға, оныншы бесжылдықта - 17 пайызға азайды. Сөйтіп, жыл өткен сайын төмендеп отырды. Жалпы КСРО – ның өмір сүрген соңғы 18 жыл ішінде 1972 -1990 жж. жоспарлар 13-рет орындалмаған.
КСРО экономикасының артта қалуы Қазақстанға да өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Біз соңғы кезге дейін Қазақстан Одақ құрамындағы ірі индустриялық - аграрлы республика болды деп мақтанышпен айтып келдік. Оған негіз бар еді. Кезінде республика жалпы қоғамдық өнім шығаруда РСФСР мен Украинадан соңғы үшінші, өнеркәсіп өнімін өндіруде Белоруссиядан кейінгі төртінші орынға шықты. Қазақстан үлесіне мемлекетке өткізілетін астықтың 20 пайызы, әрбәр төртінші тонна қой еті, әрбірбесінші тонна жүн, тапсырылатын қаракөл елтірісінің үштен бір бөлігі тиді.
Бірақ, бұл мүмкіндіктер, ашығын айтсақ, соңғы кезге дейін жете пайдаланылмады. Оның әр түрлі себептері бар еді. Біріншіден, республика халық шаруашылығының құрылымы бір жақты дамып, оның аса маңызды салалары кейін қалып қойды. Ауыр өнеркәсіптен энергетика, түсті және қара металлургия, мұнай газ және химия өнеркәсәбә басым дамыды. Оның есесіне жаңадан өңдеп шығару өнеркәсібінің салалары, әсіресе, машина жасау және халыққа қажетті тауарларды шығару салалары артта қалды. Мәселен, машина жасау республика жалпы өнеркәсіп өнімінің 17,1 пайызын ғана қамтыды, ал Одақ бойынша бұл көрсеткіш 27,4 пайыз еді. Қазақстанда қазіргі кезеңдегі талапқа сай құрал-жабдық жасау, радиотехника, автомобиль, жеңіл және тамақ өнеркәсібі үшін қажетті машиналарды жасау салалары жетіспеді.
Екіншіден, республика халық тұтынатын тауарлардынң 60 пайызға жуығы сырттан әкелінеді, ал іште өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдерінің, соның ішінде астықтың, мактанын, терінін тен жартсы,жүннің 70 пайызы баска жерлерде оңделді. Мұндай жағдай тек ауыл шаруашылыгында ғана емес,сол селілді өнеркәсіпте де орын алды. Мәселен, Торгай облысында алюминий жасау үшін кажетті шикізат боксит өндіріліп, ол Павладарга жөндетіліп, онда онделіп глиноземге айналдырылды, ал глинозем алюминий шыгару үшін Сібір кәсіпорындарына жіберілді. Атырау, Маңғыстау облыстарында шығарылған мұнай Орал қаласынан 200 шакырым қашықтықтағы Орынбор облысының жеріне айдалып, онда қайтадан өңделді.Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында балықтың аса қымбат түрлері ұсталып,қара уылдырык алынса, оны дайындап өңдеу, консервілеу Астрахань қаласында іске асырылды.
Одақты әмірімен Қазақстан шет елдерге бір миллиард сомга дейін алтын қорына тең бағалы өнімдер шыгарып келсе де, одан республика қазынасына бір тиын да түспеді.
Үшішіден, Республикадан сыртқы тауарлар барынша арзан бағамен шығарылып, ал шеттен тек қымбат, дайын тауарлар әкелінді. Сөйтіп, тек 1988 жылдың өзінде республикадан сыртқа шығарылған тауар 6,7 миллиард сомға жетті, нәтижесінде аса бай Қазақстан өне бойы басқа республикаларға қарыздар, экономикалық жағынан тәуелді болып келді.
Төртіншіден, Қазақстанның экономикасының дамуы көп жылдар бойы тек қарабайыр жолмен, яғни өнімнің көлемін, жалпы санын арттыру арқылы ғана іске асырылды. Өндірістік күштің өсуі, оны тиімді пайдалану дәрежесінен артта қалды. Көптеген кәсіпорындардың, соның ішінде жаңадан салынып, іске қосылғандардың экономикалық күші жете пайдаланылмады.
Бесіншіден, аграрлық секторда дақылдардың түсімі, малдан алынатын өнім әр шаруашылықта әр түрлі дәрежедетін. 1987 жылы республикадағы совхоздардың үштен бірі, колхоздардың бестен бірі экономикалық жағынан тиімсізшаруашылықтар болды. Суармалы егістің түсімі де басқа жерлермен салыстырғанда төмен еді.
Жоғарыда айтылған кемшіліктер мен қайшылықтардың салдарынан 70-ші жылдардан бастап 80-ші жылдардың аяғына дейін қазақстандағы жан басына шаққандағы ұлттық табыстың көлемі Одақпен салыстырғанда 12 пайызға төмендеді. Осыған қарамастан, соңғы кезге дейін Қазақстандағы жағдайды мадақтап, әсірелеп көрсету, даңғазалық орын алды. Оған жылдық есеп бергендегі қосып жазу, өндірілген өнімді және жалпы бағалық көрсеткіштерді негізсіз көбейтіп көрсетудің елеулі әсері тиді.
Кеңестер Одағының құлауының саяси себептері туралы айтқанда, ондағы саяси-идеологиялық бірлік пен біртұтастық сол сексенінші жылдардың соңы мен тоқсаныншы жылддардың басында-ақ көзден ғайып болғанын ерекше атап көрсеткен жөн. Бұл кезде бұрынғы кеңес Одағы елдерінде бұрын болмаған ұлт толқулары күшейді. Ең қауіптісі – олар таза ұлттық сипат ала бастады. Сумгаиттегі, Таулы Қарабахтағы, вильнюстегі, Ферғанадағы оқиғалар ұлттық мәселелерді шешудің ешқандай бағыт-бағдары жоқтығын анықтады. Кеңестік кезеңде қабылданған мәлімдемелер, тұжырымнамалар, бағдарламалар ұлтаралық қатынастар мен оны шешудің жолдарын нақты көрсетіп бере алмады. Ел басында отырған басшылар ұлт мәселесінің байыбын терең түсінбеді, оның теориялық базасы жасалмады. Ақыр соңында ұлтаралық қайшылықтар тартысқа, ал тартыс қантөгіске әкеліп тіреді. Бұған мысал ретінде Қазақстанда болған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын айтуға болады.
Сондықтан, бірқатар ұлт республикалары одақтан бөлініп шығу, өздерінің егеменді мемлекет болуы жөніндегі талаптарын қойды.міне, осының нәтижесінде1988 жылдың қараша – 1989 жылдың мамыр айлары аралығында Балтық жағалауындағы Эстония, литва, Латвия республикалары өздерінің егемендігі туралы алғашқы құжаттарын қабылдады. Сөйтіп, олар КСРО құрамынан шығып, жеке тәуелсіз мемлекетке айналды. Осыдан кейін, көп кешікпей-ақ, яғни 1989-1990 жылдары егемендік туралы Декларацияны КСРО-ның басқа республикалары да қабылдады. Сөйтіп, 74 жыл бойы өмір сүрген республикалар Одағы ыдырады. Ыдырау қалай болды?
1991 жылдың 8 желтоқсанында Белорусь, РСФСР және украина республикаларының басшылары (Шушкевич, Б. Ельцин, Кравчук) Минск қаласында –Беловеж кездесуі/ кездесіп, мәлімдеме қабылдады. Онда саяси одақ тұйыққа тірелді, сондықтан республикалардың Одақтан шығуы объективтік прцесс және тәуелсіз жеке мемлекет құру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Себебі, Орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терең экономикалық және саяси дағдарысқа алып келді, бұқара халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп кетті, қоғамда әлеуметтік шиеленіс, ұлттар мен халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар күшейді деп атап өтілді. Мұның өзі бұрынғы Одаққа кірген барлық мемлекеттердің, жаңа достық Одағын – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын /ТМД/ құруға жол ашты. Бұл құрылым бұрынғы Одақ бойынша осы кезге дейін алынған халықаралық міндеттердің орындалуына кепілдеме береді, ядролық қарудың таралуына жол бермейді және оған бірыңғай бақылау орнатуды қамтамасыз етеді деп көрсетті.
Алайда, бұл шешім әуелгі кезде басқа республикалар тарапынан қарсы көсқарастар туғызды. Өйткені заң бойынша Одаққа кірген Қазақстан, Орта Азия, Закавказье республилаларырың келісімінсіз бұл үш республика егемендік туралы күрделі мәселені жеке дара шешуге тиіс емес еді. Міне,осымен байланысты 1991 жылдың 12 желтоқсанында Ашхабад қаласында Орта Азия республилалары мен Қазақста басшыларының кездесуі болып отті. Онда тәуелсіз мемлекеттердің Достастығына тек барлық республикалардың тең құқықтық негізінде құрұлушылық жағдайын мойындағанда ғана қосылуға болатындығы айрықша атап көрсетілді.
1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілдері қатынасқан кездесу болды. Олар тең құқықтық жағдайдағы тәуелсіз мемлекеттер достастығы құрылғандығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алматыда қабылданған декларация минскідегі айтылған жалпы принциптік мәселелердің барлығы мақұлданды. Жаңадан құрылған Достастық мемлекет басшылары және үкімет басшыларының Кеңесі деген жетекші органдар құрылды. Онда жалпы бағыттағы көкейтесті саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу көзделінді. Достық Одаққа кірген мемлекет басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымы алдында бұл тәуелсіз мемлекеттердің барлығын осы халықаралық ұйымға толыққанды мүше етіп алу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар бұрынғы КСРО-да жасалған ядролық қаруды және оған әскери басшылық жасауды бірігіп іске асырып отыру жөніндегі келісімге қол қойды. Тәуелсіз мемлекеттердің Достастығы /ТМД/ осы кезге дейін кеңестер Одағы қол қойып, халықаралық дәрежедегі жасаған келісімдердің әрдайым орындалуын өз мойындарына алады деп көрсетті.
Пән атауы: | Қазақстан тарихы |
Көлемі: | 4 бет |
Жұмыстың түрі: | Реферат |