Вы здесь
Қазақстанда өнеркәсіптің пайда болуы
04 июня 2013 | 11261ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда өнеркәсіптер пайда бола бастайды. Бұл кезең Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталу кезеңі еді. Ресейде капитализмнің дамыған, әсіресе экономикасының, соның ішінде өнеркәсіптің біршама тез дамуының кезеңі болды.
Ресей әсерін толықтай баянды ету мақсатында Қазақстанда 60-90 жылдары бірқатар әкімшілік реформалары жүзеге асырылады. 1867 жылы 11-шілдеде “Жетісу мен Сырдария обылыстарындағы басқару туралы” уақытша Ереже және 1868 ж. 21 қазанда “Қырғыз өлкесінің Орынбор және Сібір ведомоствосы мен Орал және Сібір казак әскерлерін басқаруды өзгерту туралы Ереже” бекітілді. Әкімшілік реформалар жерді иелену, пайдалану және салық салуды реттеді.
1891ж. наурызда патша өкіметі басқарудың жалпы ресейлік жүйесіне біржолата өтуді жүзеге асыра бастады. 1861-1891 жылдардағы реформалар Ресейдің Қазақстандағы отарлық орын алуын заң жүзінде бекітті.
Қазақстанның Ресейге экономикалық жағынан қосылуы сондай-ақ өнеркәсіп ошақтарын құрумен айқындалды. Ресейге крепостнойлық құқықты жойғаннан кейін Ресейлік капитализімді “кеңінен” тарату кезеңі басталады. Ең алдымен Ресейлік кәсіпкерлер Қазақстанда құрылып жатқан таулы-зауыттарға тартыла бастайды. Қазақ даласындағы кең орындарына көпестік капиталда назар аударады. Болмашы қаржыға, мысалы, Жезқазған мен Успенск мыс кен орындары, сатылады. ХІХғ. соңында бір бөлігі солтүстік шығыс Қазақстан арқылы өтетін Трансібір темір жолының құрылысына байланысты Екібастұз, ауданындағы көмір кен орыны зерттеледі. Ресей капиталын Қазақстанда пайдаланудың отарлық сипаты болды. Ол Қазақстанның жалпы Ресейлік нарыққа шикізат көзі және елдің өнеркәсібі дамыған орталығының өнім өткізу нарығы ретінде көруіне алып келді.
Қазақстан өнеркәсібінде салалық құрылымның қалыптасу ерекшеліктерінің бірі - пайдалы қазбалар мен кен орындарын Ресейлік және шетелдік кәсіпкерлермен бірлесіп игеру болды. Спасск-Успенскілік, Атбасар мыс, Риддерлік полиметалл рудниктері Қарағанды және Екібастұз кендерімен Ембіден мұнай өндіру, соларға қарайтын болды. Таулы зауыттық өнеркәсіптің шетел капиталының үлесі, Ресейді тұтастай алғанда одан жоғары еді. Ағылшын капиталы басымдық жағдайда болды.
Ең ірі “Спасск мыс рудалары” мен “Атбасар мыс кендері” акционерлік қоғамдары болған. Олар көпес Рязановтарға қарайтын көптеген бұрын ашылып өңделген кен орындарының негізінде құрылды.
Таулы-зауыт өнеркәсібі ошақтарының бірі Қазақстанның солтүстік шығысы - АЛТАЙ болған. Риддерлік полиметалл кен орындары ХVІІІғ. соңында-ақ өңделе бастады. Алтайда ашылған рудниктер, Романовтар әулетіне қарайтын металлургиялық зауыттарды негізгі рудамен жабдықтаған, өндірістің негізі өнімі сол уақытта жұмыс еді. Кенді Алтай жерлері патша отбасының кабинеттік жерлер деп аталатын жеке меншігі болды. Риддерлік кен орындарымен қатар Зырян, Зменногор және Ертіс маңындағыларда белгілі болған. “Орыс-Азиялық корпорациясы” ірі кәсіпкерлік бірлестік бола басталды. Оның құрамына Ресей банкілерінің өкілдері-Орыс Азия және Петроградтық жеке коммерциялық банк кіреді. Путилов пен Давидов 1912ж. Лондонда құрылған «Орыс бас корпорациясың ірі мұнай компаниясының директоры болған. 1914ж. «Орыс-Азия корпорациясың Қазақстанда екі тау-өнеркәсіптік; риддерлік және қырғыздық акционерлік қоғамдарын құрды. ХХғ. басындағы экономикалық дағдырысқа байланысты ол басқа қожайындарға өтеді. Мұнай өнеркәсібі өзінің ең алғаш пайда болуынан бастап экономиканың аса монополияланған саласы болды. ХІХғ. ортасында каспий маңын геологиялық зерттеу басталды. 90-ж Ембіде “Леман және К” бірінші мұнай өнеркәсіптік компаниясы құрылды. 1907ж ағылшындық кәсіпкерлер Леманнан жалға беру шартын сатып алып “Орал-Каспий мұнай қоғамын” құрады.
Ембі ауданының айналасында нағыз дау туындайды. Орыс және шетел банкілерінде қаржыландырған мұнай өңдеумен айналысатын бірқатар қоғамдар пайда болады. Олар – “Орыс бас мұнай корпарациясы” Райял Датч Шелл және Нобель ағайындыларының серіктестігі. Орал-Ембі аудандағы мұнай өңдеуші акционерлік қоғамдар, капиталының жалпы сомасы 1917 жылға қарай 60 млн.сомдай болған.
Ең бай рудалар ғана өңделіп, ал қалғандары үйінді болып қала берді. Ескі, тозған жабдықтар мен өндірістің артта қалған әдістерін қолдану кезінде мысты көптеп жоғалту, ысырап қалушылық орын алды. Ол кейде 20-30%-ға дейін жететін болған. Мүндай шаруашылық жүргізудің нәтижесінде 1915 жылы мыс балқыту толықтай дерлік доғарылып, Қарсақпай мыс балқыту зауытының құрлысы тоқтатылады. Бүл ірі Ресейде соғысқа байланысты, түсті металдарға деген қажеттілік артқан кезде болды.
Барлық кәсіпшіліктер техникалық жағынан артта қалған кәсіпорындар еді. Кен орындарын игеру өте қарапайым әдістермен жүргізілді. Рудниктерде, мысалы техникалық жабдық жоқтың қасы болды және барлық жұмыстар қол еңбегімен атқарылды. Мұндай үнемдеу сәтсіз оқиғалар санының артуына себепші болды. Өте арзан жұмыс күшін жалдау мүмкіндігіне ие бола отырып, кәсіпкерлер Қазақстанда өндірістің ең артта қалған формалары мен әдістеріне қанағатанып ешқандай техникалық жаңалықтар мен жетістіктерді қолданбады.
Алайда өндірістің артта қалғанына қарамастан кәсіпкерлер үлкен пайда алған. Мысалы, Спасск қоғамы әрбір өндірілген 1 пұт мыстан таза пайда тапқан. Мүндай жоғары пайдалық осы компаниялардың акциялар курсының өсуіне мүмкіндік жасаған. Акция бағасы көрсетілген бағасынан 300-600%-ға жоғары болған. Қыс айларында кәсіпорындардың көпшілігінде жұмыс мүлдем тоқтатылған. Акционерлік компаниялар сондай-ақ кез-келген бәсекені болдырмау мақсатында үлкен жер алқаптарын қамтып алуға тырысқан. Фантан болып атқылаған мұнайға-жеңіл табысқа ұмтылыс, мысалы: экологиялық жағдайдың нашарлауы мен кен орындарының ерте бүлінуіне таусылуына алып келеді.
Қазақстанды экономикалық отарлау коммуникация жүиесін және бірінші кезекте өзен мен темір жол көлігін дамытуды талап етті. Сол уақытқа дейін байланыс жолдарының болмауы ішкі нарық пен сыртқы сауданың дамуын тежеді. ХІХғ. бастап 60жылдары Балқашта, Іле мен Ертісте кеме жолын жөнге салуға әрекет жасалынды. 70жылы темір жол құрлысы басталды. 1917 жылға қарай Қазақстанда жалпы ұзындығы шамамен 3 мың шақырымды құрайтын жекелеген, бөлек темір жол тараптары болған. Мұндағы жалпы жүк айналымы 1917 жылы 1114 мың тоннаны құрады.
ХХғ. басындағы Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы өлкенің экономикасына әсер етпеді, олардың шаруашылық өміріндегі ролі шамалы болды. Бір жағынан алғанда, капиталистік бұрғыда ұйымдастырылған шамалы кәсіпорындар болса, ал екінші жағынан, қолөнер өндірісі мен экстенсивті мал шаруашылығы орын алды. Өнеркәсіпте өндірілген өнімдер шикізат ретінде сыртқа шығарып, алынған пайда да Қазақстанда қалмады. Жоғары пайда табу мақсатында ресейлік және шетелдік кәсіпкерлер қарапайым кәсіпорындар ашқан. Сондықтан да ашылған рудниктер, кен орындары мен тағы басқалары да ұзақ уақытқа созылмады.
Ресейдің Қазақстандағы экономикалық саясаты аймақты шикізат көзіне және өнім өткізу нарығына айналдыруға бағытталды.
Пән атауы: | Қазақстан тарихы |
Көлемі: | 3 бет |
Жұмыстың түрі: | Реферат |