Вы здесь
ХІХ-XX Қазақ ауылындағы жеке кәсіпкерлік қызмет
03 июня 2013 | 2965Қазақ ауылында байлар өз шаруашылығында басқа біреудің еңбегін пайдалану дағдылы шаруа болды. Байлардың шаруашылығында басқа біреудің еңбегін пайдалану қазақ ауылында дағдылы шаруа болды және кіші-гірім тұтынушы шаруашылықтарда орын алды. Осылайша, байлар қосымша өнімді осыдан қалталы шаруалар шаруашылығында қор жинау деңгейіне қарай капиталистік даму байқала бастады, өйткені олар негізінен жалдамалы еңбекті пайдаланды. Сондықтан да осы жерде өте жоғары қосымша өнім жасалды, ол мөлшері жағынан өте жоғары болды. Алайда, қосымша өнім өндіріс өрісіне тартылғанын айта кету керек.
Ауыл халқының нақ осы бөлігі жалдамалы жұмыс күшінін қалыптастыру мен толықтырудың негізгі көзі болды.
Ол әлеуметтік тұтынуды жүзеге асыру көзі болды немесе сол сияқты өндірістік емес өріске өсім алушылыққа делдалдық саудаға және т.б. жұмсалды. Бұдан ХІХғ. аяғы мен ХХғ. басында байлар шаруашылықтарының басым көпшілігі тұтыну бағытында болғандығын, ал сырттан жалданылатын жұмыс күші қосымша құн өндірмегенін көруге болады.
Қазақ ауылында барлығын тұтас қамтитын негіз ретінде қауымдық қоғамның көшпелі түріне тән жеке адамға байланысты себептер мен ынтасы орын алды. Капиталистік өзгерістерге дейінгі жіктеу әр түрлі ерекше экономикалық механизмнен жалпылай сипатқа ие болды. Оның нәтижесі - ұсақ натуралды өндірушіні жарлы-жақыбайға айналдыру еді. Сондықтан қазақ ауылында халықты жарлы-жақыбайландыру тенденциясы басты роль атқарды.Бұл әлеуметтік топ өз шаруашылығы есебінен ең төменгі күнкөріс қажеттілігін қамтамасыз ете алмады, сондықтан қосымша табыс іздеді.
Экономикалық ғылымда оларды “маргиналды өндірушілер” деп атады. Олар өндіріс пен тұтынуды маргиналдаудың барысында пайда болып,өз шаруашылығын жүргізуді жалданып еңбек ету мен ұштастырды.
Бұл процесс қазақ ауылында қауымдық идеологияның әсерін жолдың құрамдас бөлегі еді. Жоғарыда аталған халықтың бөлігі әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан түпкілікті өзгерістерге әзірленді.
Енді қазақ қауымдық қоғамында жеке кәсіпкерлік қызметтің таралу денгейін қарастырайық.
Тарихи даму капиталистік құрлыстың негізі-ұсақ тауарлы өндіріс екендігін көрсетті. Ал қазақ ауылында жеке кәсіпкерлік құрылымның өзінің ұдайы өндірісі үшін берік негізі болмады. Сондықтанда қазақтардың дәстүрлі қоғамында капиталистік құрылыстың өзіндік даму мүмкіндігі шамалы еді. Қазақ ауылындағы өндіріс құралдарын әдеттегі иеленушілер өндірістік қызметін тек кәсіпкерлік шаруашылық жүргізілу бағытына қайта бейімдеуге ұмтылмады, яғни олардың тұтынудағы қол жеткізген деңгейі өздерін толық қанағаттандырды. Нақ осы жағдай экономикалық ынтаны арттырмай, қосымша құнның жасалуын тежеді
Жеке кәсіпкерлік қызмет қазақ ауылында капиталдың төменгі формаларында, мысалға делдалдық сауда мен өсім алушылық түрінде болды. Екеуіде айналым өрісіне шықпады және өндіріс тәсіліне әсер етпеді. Бүл тұрғыда саудагерлердің, алыпсатарлар мен делдалдың экономикалық әсері күшті еді.
Осылайша тек кәсіпкерлік құрылым қазақ ауылында бірқатар өзіне тән өзгешеліктерге ие болды. Ол нақтылы капитализмдегідей таза күйінде болмады. Мысалы, кейде шарушылық өндіріс мақсаты бойынша капиталистік үлгіге жақынырақ болса, ал оларға жету тәсілдері бойынша дәсүрлі қоғам деңгейінде қалып қойды. Жеке кәсіпкерлік құрылым шаруашылықтардың капиталистік өзгерістерге дейінгі түрлерімен ұштасып көп құрылымды шаруашылық сипатына ие болды.
Пайда болған шаруашылық жүргізу түріне қазақ ауылында төменгі әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық-техникалық деңгей тән еді. Аграрлық секторда экономикалық қызметтің жаңа түрлерінің таралуы шамалы болды. Мысалы ХХ ғ. басында Қазақстаның солтүстік аймақтарында жалдамалы еңбекті “тұрақты” шаруашылық деп аталатындардың 16%-ын пайдаланған.
Пән атауы: | Қазақстан тарихы |
Көлемі: | 2 бет |
Жұмыстың түрі: | Реферат |