Вы здесь
XVІІІ-XX Қазақстанның экономикалық дамуының ерекшеліктері
02 июня 2013 | 2516Қазақстанның экономикалық дамуының ерекшеліктері. XVІІІ-XX ғасырларда Қазақстан экономикалық дамуының өзіне тән ерекшеліктері - тауар-ақша қатынастарының қалыптасуы болды. Тауар өндірісі роліның артуы қазақ буржуазиясының қалыптаса басталуына септігін тигізді. Қазақстанда енгізілген салық және несие - банк жүйесі өлкені шаруашылықтың игеру саясатына толықтай сай келді. Өкінішке орай, қазақ тарихнамасында өлкенің экономикалық дамуындағы жергілікті сауда буржуазиясының ролі жеткілікті зеттелменген, ал оның Ресейдің ішкі нарығын кеңейтуге қатысқаны айқын.
Табиғи ресурстарға, мал шаруашылығы шикізатына бай қазақ өлкесі ресей кәсіпкерлерінің назарын өзіне көптен бері-ақ аударған болатын. Басқарудың әкімшілік жүйесі Ресей империясы жағдайына қолайлы болды. Крепостнойлық құқықты жол салысымен Ресей өкіметі әлеуметтік-саяси өмір ағысын түбірінен өзгерткен бірқатар реформаларды: земстволық, саттық, қалалық және басқаларын жүзеге асырды. Капитализмнің дамуы “тереңінен” де, “кеңінен” де жүрді.
Реформаларды жүргізгенде қазақ халқының көңіл-күйі еске алынбады. Ш.Уалиханов қазақтардың материалдық тұрмыс халін арттыруға және аман-есендікте өмір сүрулеріне жәрдемдесетін радикалды (негізді) реформалар жүргізуді жақтады. Ол Қазақстанда халықтың өзін-өзі басқару негізіндегі әкімшілік басқару жүйесін енгізуді ұсынды. “Сот реформасы туралы хатында” ол қазақ халқы үшін аса маңызды нәрсе әлеуметтік-экономикалық жаңалықтар енгізу деп есептеді.
1867-1868 жылдары уақытша еңгізілген реформа сұлтан-билердің билігін шектеді құқықтық, экономикалық, саяси жағдайларын төмендетті. Реформаларда “тыныштық пен тәртіптің” сақталуын, салықтардың төленуін және халықтың әр түрлі борыштарын өтеуін талап етті. 1867-68 жылдары реформалар уақытша екі жылға деп енгізілгенмен, ол 20 жылға созылды. Қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайына кері әсерін тигізіп, бұхара халықтың нараздылығын тудырды.
Сол кездері отырықшылықпен және егіншілікпен айналысатын халық санының арта бастағанына қарамастан көшпелілер салық төлеушілердің 90,5% 1897ж. 82 пайызын құрады.
Үйлер бойынша алым қазақ халқына арналған мемлекеттік салық түрі болып есептелді. Жетісу мен Сырдария облыстарында әр үйден жылына 2 сом 75 тиын, төрт далалық облыстарда - әр үйден жылына 3 сом мөлшерінде салықтар алынды. Өнеркәсіптің пайда болуына қарай, оның ұлттық шет аймақтарға жылжуы, шикізаттардың аса бай көздерін пайдалануы, өткізу нарықтарының кеңеюі банк филиалдары мен кредит (несие) мекемелері құрылды.
Қазақстанның несие жүйесі Ресей империясы қаржы жүйесінің бір бөлігі ретінде мемлекеттік банктің бөлімшелерінен, коммерциялық банктердің филиалдарынан, қаланың орташа капиталистік топтарының банктерінен, сондай-ақ кредиттік кооперациялар мен майда несиелердің басқа да мекемелерінен құралды. Мемлекеттік банктің Қазақстан территориясындағы бөлімдері ең алдымен өлкенің сауда-өнеркәсіптік орталықтарында Оралда (1876ж.), Петропавлда (1881ж.), Семейде (1887ж.), Омбыда (1897ж.), Верныйда (1912ж.) ашылды.
Ресейдің экономикалық дамуы қазақ қауымдың қоғамының - қызмет етуі мен жойылуының өзіндік өзгешеліктері болған тұтастай әлеуметтік-экономикалық жүйенің ыдырауының басталуына алып келді. Әлеуметтік-мәдени реттеу мен көп ғасырлық дәстүрлерге негізделген дәстүрлі құрылым біртіндеп жойыла бастады. Бұл процестің басты мәселесі - аграрлық мәселенің шиеленісуі мен қазақ қоғамының әлеуметтік жағынан нашарлауы болды. Экономикалық өмірдің жағымды жақтары: қазақтардың бір бөлігінің отырықшылдануы, егіншілікке ауысуы, шаруашылықтар тауарлығының өсуі, тауар-ақша қатынастарының енуі еді. Өз алдына прогрессивті капиталистік түрдегі кәсіп орындардың дамуы - классикалық отарлау саясаты түрінде, яғни Қазақстанның салалық құрылымының отралаушы мемлекеттің шикізат көзі ретінде қалыптасуы жағдайында көріне бастады.
Пән атауы: | Қазақстан тарихы |
Көлемі: | 2 бет |
Жұмыстың түрі: | Реферат |