Вы здесь

Қазақстанның Ресей империясының жүйесімен одақтасуы

02 июня 2013 | 2359
Ресейге қосылғаннан кейінгі ауыл шаруашылық өндірісінің сипатының өзгеруі

Қазақстанның Ресейге қосылғаннан кейін экстенсивті жайылымды мал шаруашылығының шөп шабу мен егінгшілікті ұштастырған аса тиімді түрлері пайда бола бастады. Қазақтар шаруашылығы жартылай көшпелі, әсіресе отырықшы малшылық-егіншілік шаруашылық сипатына ие болды. Осы жағдайлардың нәтижесінде қазақ қоғамында жер иеленуде өзгерістер болды. Мұның алғашқы көріністері XVІІІ ғ. аяғында Ресей шекараларына жақын орналасқан аймақтарда біліне бастады.

Көшпелі қазақтар орыс халқымен өндіріс өнімін айырбастады, олардан еңбектің жаңа түрлерін: шөп шабу ісін ұйымдастыру, балық аулау мен егіншілікті, өз шаруашылықтарында Ресеи ауыл шаруашылық құралдарын пайдаланудағы, тұрақты үй салудағы дағдыларына үйрену үшін араласа бастады.

Округтік қалалар пайда бола бастады. Осының нәтижесінде орыс халқымен сауда қарым-қатнас ұласып олардың әкімшілік-экономикалық отарлауы күшейе бастады. Мысалға, 1831 жылы Аягөз бен Көкпекті округтері, ал 1832 жылы Ақмола мен Баян ауыл округтері пайда болды. Бұл жаңалықтардың бәрі де 1822 жылғы қабылданған “Сібірлік қырғыздар туралы Жарғыға” сәйкес жүргізілді.

Қазақтар арасында отырықшылдықтың дамуы жер иеленудің “қауымдық-ауылдық” түрі кеңінен тарады. 1822 жылғы жарғыға сәйкес қазақтардың бөліп берілген жерлерге иелік ету құқығы тек, егер олар сол жерде егіншілікпен айналысса ғана мақұлданатын болды. Сібірлік қырғыздар туралы Жарғыға отырықшылық пен егіншілікті қолдану және дамытуға бағытталды. Әкімшілік аймақтық бөлу рулардың орналасуын ескерместен жүргізілді, бұл белгілі бір мөлшерде ру-тайпалық бөлудің біртіндеп жоюлуына жағдай жасады.

Шекараға жақын орналасқан көшпенділер бірінші болып отырықшылық пен егіншілікті дамыту барысында жер иеленудің шекарасын орната бастады. Шөп шабу мен егіншілікке ауысуы олардың жер иеленуінің бұрынғы формасына өзгерістер енгізді.

Осылайша, Қазақстанынның солтүстік-батыс бөлігінде Ресей экономисының әсер етіумен ірі ру-тайпалық топтардың отырықшылыққа ауысуы жүзеге асты. 1822 жылы Жарғы қазақ қоғамының барлық әлеуметтік топтарына жеке меншікке жер берудің ретін анықтады, сонымен бірге бұрын экстенсивті мал шаруашылығымен айналысқан аудандарда жеке жер иеленудің пайда болуына жағдай жасады. Қазақтардың отырықшылдыққа өтуін басшылар Ресеилік әкімшілікте қызмет еткен – билеуші-сұлтандар, болыстық және ауылдық старшындар - қазақ чиновниктері болды.

Отыршылықтың дамуы мен егіншілікті ендіру XІX ғ. Сібір мен Орынбор ведомостволарында орын алған отырықшы шонжарлардың өзіне және ұрпақтарына жақсы жерлерді иелікке алып қалуға, үй салып, егнішілікпен айналысуға ұмтылған. Қазақ қауымының бұл бөлігі жерлерді жиірек күштеу жолымен, кейде тұтастай ауылдарды қудалап басып алатын болған. Әкімшіктен белгілі бір жер бөлігін иеленуде рұқсат алып жартылай шонжар-малшы біртіндеп жер иеленуші- шонжарларға айналған.

Қазақстанда егнішілік ертеректен басталады. Ресейлік чиновниктер мен қазақ өлкесін зерттеушілері жер өңдеудің дәстүрлі тәсілдерін сипаттаған Европалық егіншілік тұрғысынан қарапайым болып көрінсе де, ол жерді жырту мен суғарудан өнім жинауға дейін тұтастай жүйе ретінде анық игерілген болтын. Мысалға, солтүстік-шығыс Қазақстанда жерді ағаштан жасалған соқа – “тіс ағашпен” жыртқан. Арық старостасын “тоған басы” деп атаған. Егісті суғарудың бірнеше түрі болған: топырақ су- көктегеннен кейін бір айдан соң суғару, орақ су - ору алдында суғару.

1868 жылы 21 қазанда “Қырғыз өлкесінің Орынбор және Сібір ведомоствасы мен Орал және Сібір қазақ әскерлерін басқаруды өзгерту туралы Ереже” енгізілді, оған сәйкес жазғы көшіп-қону орындары уездер мен болыстар арасында бөлініске салынды. Шабындық және жайылым жерлердің бөлінуіне қарай оларды пайдаланудің негізгі - басып алу құқығы болған жаңа тәртіптер пайда бола бастады. Мұндай жолмен алынған жер отбасының мұралық пайдалануына қалатын болған.
Ру-тайпаларының байлығы мен адамдарының көп болуы алғашқы басып алудың және кейігі көлемі жағынан кең - сапасы жағынан ең жақсы жерді иемденуді қамтамасыз ететін негізгі фактор болды. Бұл фактор біртіндеп отырықшы қазақтардың жер қатынастарына өзінің өзгерістерін енгізді.

Бірлескен қауым өз жерлерін қорғай бастады. Қазақтардың жер қатынастарындағы мұндай өзгерістер тек біртіндеп отырықшылыққа ауысу нәтижесінде орын алды. Отырықшылықтың прогрессивтілігі- оның мал шаруашылығының қарапайым көшпелі және отырықшы- мал шаруашылықтың - егіншікке ауысуы қарқыныды ауысуына себепші болғандығында.

Ресейге қосылғаннан кейін қазақ халқының өміріндегі жаңа құбылыстар, Қазақстанның қазіргі жер аумағының шекарасын белгілеу, жеке жер иеленудің белгілері бар. Жартылай көшпелі және отырықшы өмір қалпына ауысуы болды.

Егіншілікке ауысқан қазақ шаруашылықтары үшін маңызды экономикалық өзгерістер де орын алды: оларға мұралық өзгермейтін меншік құқығындағы жерлер бөлініп берілді, ауыл шаруашылық құралдармен жабдықталып, олардың жинаған өнімдері салықтан босатылды. Далалық өлкеде өзінің бір келкі орналасуы мақсатында патшалық әкімшілік қазақ халқын округ бойынша бөлуді жойып, олыстық аймақтар жүйесі арқылы тікелей басқаруды енгізді. Әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты Қазақстанға шаруаларды қоныс аудару Ресейлік капитализмнің даму барысына байланысты болды, ал қоныс аудару мәселесі оның аграрлық саясатынан туындады.

Ресей саясаты нақтылы тарихи жағдайға байланысты өзгеріп отырды. Алдымен патшалық өкімет Қазақстанды Казактармен отарлауға шектеді. XІX ғ. 60-жылдары жағдай өзгерді, жаппай шаруашылық отарлау басталды. Әлеуметтік құрамы бойынша XІX ғ. қоныс аударушылары XX ғ. басындағы қоныс аударушылардан өзгеше болды. 1906 жылға дейін қоныс аударушылардың негізгі бөлігі орташа қамтамасыз етілген шаруашылықтардан болды.

Әкімшілік, мұндай шаруалар өлкедегі отарлау саясатын таралуына көмектеседі деп санады. Патшалық өкімет қазақ халқын ең жақсы жерлерден ығыстыру үшін оның заңды негізін іздеуі. XІX ғ. Қазақстанның жергілікті тұрғындарының мүдделеріне шек келтіретін бір қатар ережелер мен жарлықтар шығарды. Осындай “заңды ережелердің” бірі 1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформасы болды.

Қазақ халқының иелігіндегі барлық жер мемлекеттік меншік болып жарияланды. Мысалға, 1868 жылғы 21 қазандағы “уақытша ережеде” былай деп атап көрсетілген:

“Қырғыз көшпеділерінің тұрып жатқан жерлері мемлекеттік болып табылады және қырғыздарға қоғамдық пайдалануға берілді”

патша чиновниктері қазақтардың европалық түсінік бойынша заңды түрде бекітелген жерге хақысын дәлелдей алмайтындығын пайдаланды. Жер, жоғарыда атап өткеніміздей, мұнда қауымдық меншік те болды және бұл тек ауызша дәстүрлермен баянды етілген.

Сонымен, XІX ғ. аяғындағы Ресей шаруаларының көшіп-қонып дамуы әскери-стратегиялармен қолданылып отырды. Қазақстанның ауыл шаруашылығы Ресеи капитализмінің әсерінен әлеуметтік экономикалық формациясы да өзгерді.