Вы здесь

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдегі мектеп пен педагогика.

15 мая 2013 | 2578

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Россияның ішкі өмірінде капитализмнің дамуына байланысты креспостнойлық құрлыстың жүру процесі күшейе берді. Соның нәтижесінде таптық қайшылықтар шиеленісті. Шарулар қозғалысы өріс алды, дворян ревалюционерлері – декабристер, онан кейін интелегенция бас көтерді.

ХІХ ғасырдың басында Россияда капиталистік қатынастардың дамып өріс алуымен байланысты, патша үкіметі алдыңғы қатарлық қоғамдық ой-пікірдің алдында көз бояушылық мақсатымен рибералшыл бағытта кейбір реформалар жүргізді. Осы кезеңде таққа отырған І Александар мемлекеттік билеудің ескірген жүйесін өзгертті. Бұрынғы коллегиялардың орнына бір орталыққа бағынған министірліктер құрды. Соның бірі 1802 жылы құрылған Халық ағарту министірлігі болды. Бұл министірлік ғылым, әдебиет, баспасөз, ағарту және тәрбие ісін басқарды. 1803 жылы Халық ағарту министрлігі «Халық ағарту ісінің бастапқы ережелерін» жариялады. Бұл «Ережелер» бойынша бүкіл Россия 6 оқу округтеріне бөлінді, әр оқу округін мемлекет чиновнигі – оқу округінің попечителі деген басқарды.

Осындай халық ағарту ісін ағартудың қатаң бюракраттық жүйесі құрылды. Мектеп реформасының келесі сатысы – 1804 жылы қабылданған «Оқу орындарының уставы» болды. Бұл «Устав» бойынша Россияда төмендегідей жаңа оқу орындары ұйымдастырылды.

1. Приход училишелері әр қалалар мен селоларда ұйымдастырылады, оқу мерзімі бір жылдық. Мұның міндеті: үздік училищелерге оқушылар әзірлеу, өзін тәрбиесін және элементарлық сауат ашу. Училищенің оқу жоспарында: «Құдай заңы» мен ережелері, оқу, жазу, арифметиканыңбастапқы төрт амалы, үй тұрмысы мен денсаулыққа байланысты оқыту пәндері болды.
2. Уездік училищелер губерниялық уездік қалаларда ашылды. Оқу мерзімі – екі жылдық. Мұның мақсаты – гимназияға оқушылар әзірлеу, сол кездегі өндіріс және сауда салаларынан білім беру. Осыған байланысты оқу пәндерінің саны шамадан артық көп болды, сондықтан олардың сапалы түрде өтуі күмәнді болды.

3. Гимназиялар оқу жоспарындағы оқу пәндерін кең, әр салалы болды (шет тілдер, география мен тарих, жалпы және Росия мектептерінің статистикасы, филасофия ғылымдарының бастапқы курсы) метафизика, табиғат тарихы (минералогия, ботаника, зоология) коммерция теориясы, технология мен сурет.

Гимназиялар университеттерге бағындырылды. Бұл оқу орны халық бұқарасына арналған приход және уездік училищелерге қарағанда материалдық жағынан жақсы болды.
4. Университеттер мемлкеттік жұмысқа чиновниктер, оқушылар даярлады. Оқу орындары уставын әзірлеген ғалымдардың талаптарына сәйкес және үкіметтің либералшыл саясатына байланысты университеттердің өзін-өзі басқару түрі қабылданды. Оны сайланып қойылатын совет, ректорат және деконаттар басқарды.

Уставта оқу орындарының барлық түрінде жалпыға бірдей, тегін білім берілетіндігін жариялаған еді, бірақ қабылданған уставтың ізінше крепостной шаруалар гимназияға алынбайды деген түсініктеме хат жіберілді. Купец, қолөнерші, басы бос егіншілер сияқты сословиелеердің өздері балаларын гимназияға қабылдату үшін бұрынғы қоғамдық сословиелерден шығуы тиіс болды.

Орыстың ревалюцияшыл демократтары Белинсий мен Герценнің педагогикалық теориясы.
ХІХ ғасырдың 30-40 жылдарында Россияның алдыңғы қатарлы қоғамдық-педагогикалық ой-пікірінің дамуында осы кезеңнің екі ұлы ойшылы болған В.Г.Белинскийдің және А.И.Герценнің алатын орны аса ерекше.

Бұл тамаша қайраткерлердің өмірі Ресейдің ревалюцияшыл-азаттық қозғалысымен тығыз байланысты, бұлар орыстың классикалық филасофиясының және ревалюцияшыл-демократиялық педагогикалық негізін салушылар болып есептелді. В.Г.Белинский мен А.И.Герцен орыс социал демократтарының алдынан өтушілер бола отыра, сол кездің өзінде социалист-утопистер мен шетелдегі ағартушылардан анағұрлым жағры тұрды.

В.Г.Белинский (1811-1848) Орыстың ұлы ойшылы сыншы ревалюцияшыл-демократ, ревалюцияшыл-демократиялық педагогиканың негізін салушы. Педагогтық қызметке ертеден құмар болған ол, Москва университетіне түсер қорсанында, Пенза гимназиясының төменгі кластарына біраз сабақ берді. Университеттен шығарылғаннан кейін де Белинский оқытушылық қызметке сұранды, бірақ оның өтініші қабылданбады. Осыдан кейін ол педагогикалық жұмыспен тікелей айналыса алмады.1838 жылдан бастап В.Г.Белинский «Москва» газетінде сонымен бірге Москвадағы «Телескоп» және «Московский наблюдатель» журналдарында әдеби сыншы болды.

Ұлы орыс ақыны Пушкин және басқа орыс жазушылары Белинскийдің алғашқы мақалаларын, әсіресе 1834 жылы жарияланған «Әдеби қиялдар» атты мақаласын жоғары бағалады.
Белинский өзінің филасофиялық және саяси идеялық дамуында идеализмнен материализмге және ағартушылықтан ревалюцияшыл демократизмге қарай көтерілудің күрделі жолын өткізді. Осыған байланысты оның филасофиялық және саяси идеялық көзқарастарындағы эвалюция оның педагогикалық пікірлеріне де әсер етті.
Табанды түрде ревалюцияшыл демократия жолында көшу кезінде Белинский өзінің бұрынғы ағарту ісінің рөлі жөніндегі көзқарастарын да негізінен қайта өзгертті. Ол адамдарды бір-бірімен тең ететін социалистік қоғам ғана деген қортыынды пікір айтты.