Вы здесь
Желілердің жүйелік программалармен қамсыздандырылуы
02 октября 2013 | 3951Желілік операциялық жүйелер OSI моделіне сай желілік және одан да жоғары деңгейлердің функцияларын орындайды. Жалпы жағдайда жеке компьютерге орнатылған желілік операциялық жүйенің арнайы бір құрылымы болады және де төмендегідей бөліктерден тұрады. Біріншіден кез-келген операциялық жүйенің жергілікті операциялық жүйелердің функцияларын орындайтын. компьютердің жергілікті ресурстарын басқаратын мүмкіндігі болуы керек.
Мысалы процесстер арасында оперативті жадыны бөлу, процесстерді жоспарлау және кадағалау, қосымша құрылғыларды басқару және баска да функцияларды орындауға болады. Екіншіден желілік операциялық жүйелер жалпыға ортақ кандай да бір кызметтер көрсетуі және өзінің ресурстарын ұсыныста кабілетті болуы, яғни сервер немесе серверлік бөліп болуы кажет.
Сервер функциясына мысалы жазбалар мен файлдарды корғау, анықтамалыктарды енгізу, сұраныстарды өңдеу, қолданушылардың қосалқы құрылғыларға сұранысын басқару т.о. жаткызуға болады. Үшіншіден желілік операциялық жүйелерлің баска да ресурстарын колдануға мүмкіндІк беретін клиенттік бөлігі немесе редиректоры болуы керек. Бұл бөлік желідеп сұраныстарды танып колданушыларға багыттауды орындайды. Клиенттік бөлік серверлерден келген жауаптарды кабылдауды іске асырады. Операциялық жүйелердің коммуникациялық мүмкіндіктері мәлімет алмасудың сенімділігін, желі бойымен жүретін мәлімет алмасудың маршрутын таңдауды, мәліметтердің буферленуін және адресациялануын камтамасыз етеді, яғни мәліметтерді транспортировкалау кұралы болып табылады. Желілік компьютер көмегімен шешілетін тапсырмаға байланысты оған желілік операциялық жүйені арнайы модельдер жинағы орнатылады.
Желілік компьютерлер серверлер мен клиенттерге бөлінеді. Әдетте клиент желіні колданушыларға өзшш жергілікті ресурстарын ұсына алмайды. Клиент-компьютерлерге кандай да бip желілік кызметтер орнатылмайды. Бүл кәдімгі операциялық жүйелер орнатылған және қысқаша желілік функциялар жиыны бар дербес компьютер. Клиент-компьютер желілік ресурстарға мүмкіндік алу үшін желіге сұраныс жібереді. Компьютер-сервер өзінін ресурстарына бірлескен мүмкіндіктерді камтамасыз етіп, кандай ла бір желІлік сервис кызметін орындайды. Клиентерден түскен сұраныстарды сервер өндеп жауаптарын кайта жібереді. Тәжірибе жүзінде жекелеген клиенттер кейбір серверлік функцияларды аткара алады, мысалы өзінің дискілік ресурстарына бірлескен мүмкіндік беру б.т. Бірақ толыққанды серверлік функцияларды клиент ешқашан аткармайды. Компьютер-сервер клненттік функцияларды аткара алады, демек бір компьютерде кәдімгі дербес компьютердегдей жергілікті программаларды орындай алады. Бұл жағдайда "клиент-сервер" байланысынын аралас схема асуы мүмкін. Операциялық жүйелердің желілік модульдері әртүрлі тәсілмен іске асырылады.
Ең бірінші мүмкін болатын жағдай жергілікті операциялық жүйелердің үстінен орналасқан желілік қабықша түрінде болуы. Желілік қабықша редиректор ресурстарға деген сұранысты анықтап оларды кажетті адрестерге бағыттап отырады. Кері жағдайдағы сұраныс операциялық жүйелердін негізгі модульдеріне желілік функциялардын тізбектелуі анағұрлым өнімді және әсерлі болып табылады. Сондыктан да бұл вариантқа почталар, желілік операциялық жүйелердің казіргі кездеп барлық серверлік варианттары және кейбір клиенттік варианттар орналасқан. Компьютерлер арасында функциялардын таралуына байланысты желілерді біррангті желілік операциялық жүйелер және белгіленген серверге желілік операциялық жүйелерге бөлуге болады.
Біррангті желілік операциялық жүйелер әрбір компьютер клиент функциясын да сондан-ак сервер функциясын да орындай алатын біррангті желілер құруға қолданылады. Іс жүзінде біррангті операциялық жүйелерлі порттық жергілікті операциялық жүйелерге жаткызуға болады. Ереже бойынша желілік қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшш базалык желілІк функциялар енгізілген. Бұл функциялардың негізгісі жұмыс станцияларының дискілік құрылғыларына, принтерлеріне және де жергілікті құрылғыларына мүмкіндік алуды қамтамасыз ету болып табылады. Біррангті желілік операциялық жүйелерді инсталяциялау мен эксплуатациялау өте карапайым. Бір жағынан олардын өнімділігі төмен, желілік сегменгтермен байланысты қамтамасыз етуде мүмкіндіктері шектеулі. Біррангті желілік операциялық жүйелерде желі баскару мүмкіндіктері дамымаған, "клиент-сервер" жарғыс режимін қамтамасыз етпейді.
Күрделі желілер құруда әсіресе бір немесе бірнеше компьютерлер жекелеген желілік функцияларды орындауға белпленеді. Мұндай желілерді белгіленген серверлі желілер деп атайды, ал оларға орналастырылған желілік операциялык жүйелерді белгіленген серверлі операциялық жүйелер дейді. Атқаратын функцияларына карай файлдық-сервер, баспа-сервері, косымшалар сервері т.о. болып бөлінеді. Компьютер-серверлерге желілік операциялық жүйелерді арнайы серверлік варианттары орналастырылады. Мұндай операциялық жүйелердің желілік мүмкіндіктері зор. Олардың жұмысы енгізілген фукцияларды жүзеге асыруға негізделген.
Әлбетте серверлерде клиенттік бөлік болмайды, мысалы Novell Net Ware да жок. Бірак Windows NT for Server операциялық жүйесінде бар. Серверлі жергілікті клиенттік компьютер ретінде қолдану шектеулі болуы қажет, өйткені бұл компьютерде сервер ретінде дауыс істеу өнімділігін төмендетеді. Белгіленген серверлі немесе бірнеше серверлі желілер бір рангті желілермен салыстырғанда қолданылатын желілік операциялық жүйелердің потенциалдық мүмкіндіктеріне ғана емес сондай-ақ жоғары сапалы серверлік техниканы қолдануда да бірқатар мүмкіндіктерге ие.
- желінің жоғарғы өнімділігі;
- жұмыс станцнялары мен желі сегменттерінің дамыған аппараттық және программалық байланыс мүмкіндіктерінін болуы;
- желіні админстрациялау мен басқарудың дамыған мүмкіндіктерінің болуы;
- "клиент-сервердің' белгіленген жұмыс режимі;
Кемшіліктеріне, клиенттік машиналар ресурстарына мүмкіндік алудағы шектеуді және де операциялық жүйелерді эксплуатациялау мен игерудегі киыншылықтарды жаткызуға болады. Ал Windows NT және Novell Netwre белгіленген серверлі желілік операциялық жүйелердің көш бастаушылары болып табылады.
Пән атауы: | Информатика |
Көлемі: | 3 бет |
Жұмыстың түрі: | Реферат |