Вы здесь
Стандартты коммуникацялык протоколдар TCP/IP протоколдары
02 октября 2013 | 7074TCP/IP стектері әртекті желілерде жұмыс істеу үшін шығарылды. Бұл стек UNIX операциялық жүйесін қолданғаннан кейін кең көлемде тарала бастады. Қазіргі уақытта операциялық жүйе Internet желісіндегі компьютерлер мен корпоративті желілерді байланыстыру үшін қолданылады. Физикалық және арналық деңгейлерде стек жергілікті желілердің барлық базалық технологияларьн қолданалы. TCP/IP стегі төрт деңгейден тұрады:
- қолданбалы деңгей;
- негізгі деңгей;
- желіаралық байланыстар деңгейі;
- желілік интерфейстер деңгейі;
Қолданбалы деңгейде қолданушыларға желілік сервис көрсететін қызметтер жинақталған. Мұнда қызметтер негізі жиі өзгеріп тұрады. Негізгі қызметтер арасынан төмендегідей белгіге қарауға болады: Telnet, FTP. TFTP, DNS, SNP. HTTP. Қолданбалы деңгей OSI моделінің қолданбалық деңгейі мен таңдау деңгейлерінің функцияларын біріктіреді.
Негізгі деңгей мәліметтер пакетін жеткізу сенімділігін, олардын тұтастығын және жеткізілу тәртібін қамтамасыз етеді. Бұл деңгейде берілетін мәліметтер сегменттерге (пакеттерге) бөлігіп төменп деңгейге жіберіледі. Жіберілгеннен кейін пакеггер жиналып, содан соң мәліметтер қолданбалы деңгейге беріледі. Бір деңгейдің негізп протоколы TCP (Transission Control Protocol) мәліметтерді басқару протоколы болып табылады. Негізгі деңгей OSI моделінің транспорттық және сеанстық деңгейлергінің функцияларын орындайды. Бұл деңгей транспорттық деп те аталады. Желіаралық байланыс деңгейінің негізп протоколы пакеттерді жеткізу IP протоколы (Internet Protocol) болып табылады. Бұл протокол жергілікті желілерде ғана емес, сондай-ақ бүкіләлемдік байланыстарда болатын, құрылымдық желілердегі мәліметтер пакетін жеткізуді қамтамасыз етеді. Осы деңгейде маршрутгық ақпаратты жннау үшін RIP (Routing Internet Protocol), OSPF (Open Shortest Path First) сияқты бағыттаушылар протоколдары қолданылады. Бұл деңгей OSI моделінің желілік деңгейіне сәйкес келеді.
Желілік интерфейс деңгейі құрылымдық желіге интеграцияланатын желілік иннтерфейстерді анықтайды. Қосылатын желі кез-келген технологияны қолдана алады. Әрбір желілІк технологияға, қолланылатын технологияның қатарларына желілік деңгейдің IP пакеттері орналасатын протоколдар шығарылады. Деңгей OSI моделінің физикалық және арналық деңгейлеріне сәйкес келеді. TCP/ IP стектерінің денгейлері OSI моделінің деңгейлеріне сәйкес келуі шартты. Бұл TCP/IP стектарының осыдан 20 жыл бұрын шығарылуымен байланысты.
IPX/SPX протоколдары
80 жылдардың басында Novell фирмасы Netware желілік операциялық жүйесі үшін IPX'SPX стектарын жасады. Протоколдар, кішігірім желілік ресурстары бар, бірақ сапалы физикалық коммуникация ортасымен қамтылған жергілікті желілерде қолдануды есепке алып жасалынды. Сондықтан да бұл протоколдар бүкіләлемдік төменгі жылдамдықты байланыста құрылымдық желілерле айтарлықтай жақсы жргыс істемейді. Бірақ Novell протоколдар жұмысының ірі құрылымдық желілер жұмысына бейімделуі үшін әрдайым өзгерістер енгізіп отырады. Қазіргі бүкіләлемдік желілердің өткізгіштік қабілеті күн санап өсіп келеді: IPX'SPX протоколдарына жасалған соңғы ескерту корпоративтік желілерді жасауда басқа стектармен бәсекелестікке түсуге мүмкіндік береді. Стектің неізгі протоколы OSI моделінің желілік деңтейіне жататын желіаралық пакеттер алмасу IPX (International Packet Exchange) протоколы болып табылады. SPX (Sequenced Packet Exchange) протоколы мәлімет алмасудың сенімділігін қамтамасыз етеді. SPX протоколдарын жоғарғы деңгей протоколдарында қолдану мідетті емес. Жоғарғы деңгейдің негізі протоколы — ол OSI моделінің транспорттық деңгейінен бастап, қолданбалық деңгейіне дейінгі барлық деңгенлер функцияларын біріктіретін және Novell Netware желілік операциялық жүйесінің непзгі қызметтерінін жұмысын қамтамасыз ететін NCP (Netware Core Protocol) протоколы.
SAP (Service Advertising Protocol) протоколы торап желілік қызметтер жайлы ақпарат берген кезде, орынылатын кең таралымды мәліметтерде қолданылады. Дәл осы жерле желілік адрес көрсетіледі. IPX протоколы сокет номернен, торап номерінен және желі номерінен тұратын адресті қолданады. Желі номері серверде администратормен бекітіледі. Торап номері оның (желілік адаптердің MAC- адресі немесе маршрутизаторлар портының адресі) ақпараттық адресі болып табылады. IPX протоколының көмегімен, берілетін мәліметтердің қосымшасын идентификациялайды. Желінің клненттік бөлініп конфнгурациялау көп жұмысты қажет етеді. Торап адресі тораптың желілік адресінен автоматты түрде оқылады. Желі адресі SAP-тың серверлік хабарландыруынан танылады. Клиент жүйесі қосылғанда маршрута затордың адресін анықтау үшін аталған маршрутизаторлар жауап ретінде өз адрестері жайлы SAP-қа мәлімет жібереді.
Пән атауы: | Информатика |
Көлемі: | 3 бет |
Жұмыстың түрі: | Реферат |