Вы здесь
Желілік құрылғылар
30 сентября 2013 | 14095Жергілікті желінің желілік құрылғылары
Концентраторлар. Бұл құрылғылар апаратты бір немесе бірнеше түйіндерге қайта таратуға арналған. Кез келген топология түріндегі желілер қолдана береді. Олар бір бірінен сандары, типтері және қосылған кабельдер ұзындықтары арқылы автоматты түрде басқара алады ( үзілген және бұзылған жағдайда қосып және ажырату).
Қабылдап таратқыштар. Желі жұмыс станциясының контроллерінің пакеттерін қабылдап және оны желіге тарату қызметін атқарады.
Қайталағыштар(сетевые повторители) Желідегі сигналдарды күшейтуге және қайта орнына келтіруге арналған құрылғы.
Көпірлер(сетевые мосты) Физикалық айырмашылықтары бар жеке түрлерін құруға арналған.
Шлюздер(шлюзы) Әр түрлі айырбастау протоколдары бар желі түрлерін біріктіруге арналған құрылғы. Шлюздер желідегі протоколдарды қайта құруға арналған, яғни бір форматтағы хабарламаны басқа форматқа ауыстыруды немесе кодтау жүйесінің басқа кодтау жүйесіне ауысуды қамтамасыз етеді.
Маршрутизаторлар. Бұл құрылғылар желідегі байланысты орнатады.
Жергілікті желі екі кластан тұрады:
- Бір рангты ( бір деңгейлі )
- Иерархиялық ( көп деңгейлі )
Бір деңгейлі желілер. Мұндай желілерде орталық дербес компьютер болмайды. Кейбір апараттық құрылғылар ( қатты диск, CD, DVD-ROM ) және перрифериялық құрылғылар барлық жұмыс орындарында бірге пайдаланылады. Бір деңгейлі желілердің әрбір пайдаланушысы өзінің дербес компьютерінде админстратор болып табылады. Пайдаланушы құқығын тоқтату үшін өз компьютерінде кейбір құрылғыларда доступты алып тастай алады.
Бір рангты желінің артықшылықтары:
- Төмен баға, жоғары сенімділік.
Кемшіліктері:
- Желі интерактивті түрде жұмыс жасайды;
- Екі желі де бір уақытта онға дейінгі пайдаланушы отырғанда ғана жұмысжасайды;
- Жұмыс станцияларындағы бағдарламаларды жаңарту және өзгерту қиындықтары, ақпартты құпия түрде сақтау.
Иерархиялық желілер
Иерархиялық желілерде барлық тапсырмалар, мәліметтерді өңдеуге, сақтауға және тасымалдауға арнайы орталық компьютер сервер арналады. Сервер дегеніміз (хост компьютер) желінің барлық жұмысын басқаратын бассты компьютер.
Артықшылықтары:
- Ақпараттарды қорғау жіне құпия түрде сақтау жүйесі;
- Мәліметтерді өңдеудің жоғарғы жылдамдығы
Кешіліктері:
- Ақпараттық және бағдарламалық қамсыздандырудың бағасының өте жоғарылығы;
- Өте жоғары экстивтвциялық шығындар.
Жергілікті желі компоненттері
Жергілікті желілер дербес компьютерлерді бір бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютерлерді байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі. Жергілікті желінің барлық клмпьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер, факс тәрізді шеткер құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбірдербес компьютер жұмыс станциясы деп аталады.
Клиент/сервер желісіндегі сервер дегеніміз осы желіге қосылған басқа компьютер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғары көлемі бар қатты дискісі бар дербес копмьютер болып табылады. Серверлік желілерде компьютерлердің функциялары алдын ала айқындалған. Оның кейбіреулері сервер болып қызмет атқарса, қалғандары тұрақты түрде клиент болып табылады.
Компьютерлік желілерді атқаратын қызметтерінің көп түрлілігіне байланысты серверінің бірнеше типтері бар. Олар: желілік сервер, файлдық сервер, баспа сервері, пошталық сервер.
Желілік сервер желіні жалпы басқару функциясын және есептеу жұмыстарының негізгі бөлігін атқаратын арнайы компьютер болып табылады. Бұл серверде желіні толық басқаратын операциялық жүйенің негізгі жүйесі сақталады.
Файлдық сервер термині негізгі функциясы мәліметтер файлын сақтау, басқару және тасымалдау істерінен тұратын арнайы компьютерге байланысты шыққан. Ол өзінде сақталатын және тасымалданатын файлдарды өңдемейді және өзгертпейді.
Баспа сервері ( принт – сервер ) желі адаптері көмегімен мәлімет тасымалдау ортасына қосылған баспа құрылғысы болып табылады. Мұнда желілік баспа құрылғысы басқа желі құрылғысынан тәуелсіз күйде өзі жеке жұмыс жасайды.
Пән атауы: | Информатика |
Көлемі: | 2 бет |
Жұмыстың түрі: | Реферат |