Вы здесь
Жергілікті желілер
30 сентября 2013 | 15973Элементтері, яғни есептеуіш машиналар, терминалдар, байланысқан аппаратуралар бір – бірінен салыстырмалы қашықтықта (10км – ға дейін) орналасқан желіні жергілікті есептеуіш желілер деп атайды. Жергілікті желілер көбінесе фирмалар, офистар, зертханалар және басқа да мекемелердің арасына ақпарат алмасу мен оларды өңдеу үшін қолданылады. Көп жағдайларда жергілікті есептеуіш желі басқа есептеуіш желілер мен де байланыста болады ( ішкі және сыртқы, жергілікті және бүкіл әлемдік желілер ). Кез келген есептеуіш желінің басты мақсаты қосылып отырған тұтынушыға ақпараттық және есептеуіш ресурстарды жеткізу болып табылады.
Жергілікті есептеуіш желі мен интернетті қосуды хост – компьютер немесе жұмыс станциялары арқылы іске асыруға болады. Интернетте жұмыс істеу үшін арнайы мамандандырылған бағдарламалар қажет. Мысалы: EasyProxy, WinProxy, WinGate.
Жергілікті есептеу желілерінің түрлері
Есептеуіш желілерді мынадай түрлерге бөлуге болады: жұмыс топтарының желісі, бөлімшелер желісі, кампустар желісі, корпативтік желілер.
Жұмыс топтарының желісін бір операциялық ортамен басқарылатын дербес компьютерлер қатары құрайды. Бұл компьютерлердің ішінде арнайы файлдық сервер, баспа сервері, факс серверімен жұмыс істеуге арналған мамандандырылған серверлер жиі кездеседі.
Бөлімшелер желісін бір бөлімде жұмыс істейтін кәсіпорындардың жұмыскерлеріне біріккен топтар қолданады ( кадрлар бөлімі, бухалтерия, маркетинг бөлімі және т.б.). мұндай желіде жүздеген компьютер қолданылады. Территориясы бойынша бір ғимараттың ішінде орналасады. Олардың серверлері мәоіметтер қорымен , лазерлік принтерлермен, модемдермен және т.б. жұмыс жасай алатындай мамандандырылған.
Кампустар желісі campus (студенттер қалашығы) сөзінен шыққан. Бұл желінің мақсаты бірнеше ұсақ желілерді бір желіге біріктіру. Кампустар желісі үлкен территорияны алуы және әр түрлі желілерді біріктіруі мүмкін. Ол бөлімшелер желісі мен жұмыс топтарының арасына байланыс орнатып, өнеркәсіптерге және басқа да қымбат желі ресурстарының мәліметтер қорына доступ құрады.
Корпаративтік желілер барлық корпарация мен өнеркәсіптер аумағында қолданылады. Олар бірнеше континенттерді, яғни өте үлкен территорияларды алып жатуы мүмкін. Жеке коммуникацияның қымбат болғандығынан және ақпараттың қауіпсіздігінің салдарынан бұл желіде көбінесе Интернеттің коммуникациялық мүмкіндіктері қолданылады. Сондықтан желінің алатын территориясы бұл жерде аса үлкен рөл ойнамайды. Атқаратын қызметі бойынша жергілікті есептеуіш желіні мынадай топтарға бөлуге болады.
- Есептеуіш, есеп жұмыстарын орындайды;
- Ақпаратты – есептеуіш есеп операцияларынан басқа да тұтынушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету жұмыстарын атқарады;
- Ақпараттық -тек қана тұтынушыларды ақпаратпен қамтамасыз етеді;
- Ақпартты іздегіш тұтынушыға қажетті тақырып бойынша желіде ақпарат іздеу жұмыстарын атқарады;
- Ақпараттық кеңес беру, қолданушыға дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі техникалық және технологиялық ақпараттарды өңдеу жұмыстарын атқарады;
- Ақпарттық басқару техникалық және технологиялық ақпарттарды өңдеу кезінде автоматты түрде басқару жүйесіне әсер ету және т.б.
Желіге қосылып тұрған компьютерлерді саны бойынша желіні кішкентай (10-15 машина), орташа (50 машинаға дейін), үлкен ( 50 машинадан жоғары ) деп бөлуге болады.
Жергілікті есептеуіш желілер алатын территориясы бойынша бір аумақтағы және таратылған деп бөлінеді.
Топологиясы бойынша жергілікті есептеуіш желілер шиналық, радиалдық, иерархиялық және аралас болып бөлінеді.
Шиналық топология.
Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистралға қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистралға басқада желілік құрылғылар қосыла береді.Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптелеріне жеткізіледі,бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды. Мұндай желі сервер және басқа жұмыс станциялары қосылған орталық линияға ұқсас.
Артықшылықтары:
- Кабельге шығынның аз кетуі;
- Жұмыс станцияларын керек уақытта тоқтатпай ақ қосуға немесе ажыратуға болады;
- Жұмыс станциялары бір бірімен сервердің көмегінсіз ақ байланыса береді;
Кемшіліктері:
- Кабель үзілген жағдайда үзілген жерден бастап, барлық аймақ жұмыстаншығады;
- Желіге станциясыз ақ кіруге болады;
Жұлдыз тәрізді топология. Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін желілік сервер болуы тиіс,ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады.Бұл топологияның артықшылығы кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді. Бұл жерде әрбір терминал орталық станциямен байланыстырылады. Бұл топология үлкен электронды есептеуіш машиналар обылыстарынан алынады. Мұнда файлдық сервер орталықта орналастырылады.
Артықшылықтары:
- Кабельдің үзілуі тек бір ғана компьютереге әсер етеді;
- Жұмыс станциясынан серверге мәліметтерді тасымалдаудың жоғарғы жылдамдығы, себебі екі компьютер бір бірімен тіке байланысқан.
Кемшіліктері :
- Жұмыс станциясынан серверге мәліметтерді тасымалдау жоғары жылдамдықта болғанымен басқа жұмыс станциясының арасындағы жылдамдық төмен болады;
- Барлық желінің қуаттылығы сервердің мүмкіндігіне байланысты, егер ол төмен жылдамдықта жұмыс жасайтын болса, сәйкесәнше желі де де төмен жылдамдық болады.
Сақиналық топология.
Мұнда байланысу арнайы тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларының аралап шығады да, оның керекті компютерін қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі кез келген бір жұмыс станциясына істен шығуы жалпы байланысты бұзады. Сахина түріндегі желі мұнда әрбір терминал қасындағы көрші терминалдарға қосылған. Бұл жағдайда барлық жұмыс станциялары және сервер бір бірімен сахина түрінде байланысқан. Жұмыс станциялары жіберілген хабарлар адресіне жолдау жасайды және егер қабылдаушы адресі станция адресіне сәйкес келсе ғана қажет мәліметтерді алады.
Артықшылықтары:
- Жұмыс станциялары бір бірімен сервердің көмегінсіз ақ байланыса алады.
Кемшіліктері:
- Мәліметтерді беру уақыты сахинадағы компьютер санына байланысты жоғарылап отырады;
- Егер арнайы қосыоулар жасалмаса, бір жұмыс станциясының жұмысынан шығуы барлық желіге әсер етеді;
- Жаң жұмыс станцияларын қосқан кезде желі уақытша сөндірілген болу керек.
Жергілікті желі - компьютерлердi бiрiктiру үшiн қолданылады. Компьютерлiк желiлер компьютерлерден басқа да желiлiк құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғы желi арқылы жiберуге арналған ақпаратты түрлендiруге мүмкiндiк бередi.
Ақпарат - желiлер арқылы берiлетiн сигналдарғa түрлендiрiледi (кодтау процесi), осыдан кейiн сигнал қайта түрлендiрiледi (декодтау процесi).
Компьютерлер, жергiлiктi желiге желiлiк тақша деп аталатын интерфейстiк блок - желiлiк адаптер арқылы қосылады.
Желiлiк адаптер – компьютердің байланыс желiсiмен сәйкестендірiлуiн қамтамасыз ететін құрылғы.
Кең таралған адаптерлерге: Ethernet, Token Ring жене ArcNett типтерi жатады. Адаптердiң әр типi деректердi тара¬ту жене желiмен қатынасудың нақты бiр технологиясына сейкес келедi.
Ақпарат байланыс тораптары арқылы сандық түрде берiледi.
Байланыс желiсiнiң сымды жене сымсыз түрлерi бар.
Желiлік құрылғыларға - концентратор мен коммутаторлар жатады. Олар дерек алмасу сапасын жақсартады жене дepeктepдi таратудың әр түрлi стандартын қолданатын желiнiң әр түрлi бөлiктерін бiрiктiредi.
Кабельді тікелей жалғау екі компьютердi желiгe қосудың Direct Сablе Connection (DCC) - тiкелей кабельдiк жалгау деп аталатын қарапайым әpi тиiмдi тәсiлi бар. Бұл жағдайда қосымша желілік құрылғылардың қажетi жоқ: компьютерлер бiр-бiрiнe параллель немесе тiзбектi порттары арқылы қосылады.
Тiкелей жалғауда компьютерлердiң бiрi - жетекшi, екiншici жетекте болады. Жетекшi компьютерден жетектегi компьютердiң бумаларына, дискiсiне, принтерiне қатынacы қамтамасыз етiледi. Жетектегi компьютердiң дискілерi мен оған қосылған принтері жетекшi компьютерге қатысты желiлiк болып қалады. Жетекші компьютерден дepeктepдi бiр компьютерден екiншi компьютергe жiберудi басқаруға болады.
Тiкелей кабельдік жалғаудың кемшiлiгi - дерек тасымалдау жылдамдығьның баяулығы. Сол себептi тiкелей жалғау мекемелерде сирек қолданығранымен, ұурмыстық жағдайда қолдануға ыңғaйлы. Ткелей жалғау арқылы бiрнеше адам қатысып ойнайтын көптегeн компьютерлік ойындар жұмыс iстейдi.
Eкiдeн көп бiрнеше компьютердi бiр-бiрiмен байланыстыру үшін тiкелей жалғау жеткiлiксiз. Бұл Жағдайда әрбiр компьютерге желiлік тақша орнатылуы қажет, оларды бiр-бiрiмен кабель арқылы байланыстырып, компьютерлердiң бiрлескен жұмысые басқаруға арналған арнайы программаларды iскe қocy керек. Егер компьютерлер бiр-бiрiнен өте алшақ орналаспаса, олар үшін ортақ желiлік жабдық пайдаланылады да, олар бiр программалық қамтамасыз ету дecтeciмeн басқарыла бередi. Осындай желіні жергілікті желі деп атайды.
Жергiлiктi желiнiң eкі түpi бар: клиент-сервер жене бiр деңгейлі (бiр рангiлi), яғни тең дережелi желi. Егер желiде оны басқаруға арнайы бөлiнген файлдық сервер деп аталатын қуатты компьютер бар болса, онда олар клиент-сервер түрiнe жатады. Клиент-сервер желiсiндегi серверден басқа компьютерлер - жұмыс стaнциялары немесе клиенттер, яғни тұтынушылар деп аталады.
Сервер
Сервер - opтақ пайдалануға арналған барлық pecypcтapды қамтитын компьютер. Opтақ ресурстарды пайдалану үшiн сервер қосулы болуы қажет. Серверге принтерлер, модем, оpтақ қолданбалы программалар (электрондық пошта), факстар және т.б. қосылады. Желiдегi жұмыстың көп бөлiгiн сервер aтқарады. Клиент-сервер типiндегi желiлер қамтылан ресурстарды толығырақ қолдануға мүмкiндiк бередi. Әдетте, сервер жұмыс өнiмдiлігімен жене қатты дискiдегi aқпарат көлемiнiң үлкендiгiмен ерекшелeнеді.
Мұндай желiде барлық ресурстар - дерек жинақтаушы дискiлер, принтерлер, модем, CD-ROM (компакт-диск) дискілер серверге қосылады. Сол себептi opтaқ ресурстармен жұмыс жасау үшiн алдымен сервермен байланысу қажет.
Бiр деңгейлi желiде барлық жұмыс станциясы қайсы бір ¬мағынасында басқалары үшiн сервер қызметiн aтқapaды. Олар ортақтастырылған желi ресурстарын бiрдей қолдана алады және ресурстарды бөлудi бақылап отыратын қyaтты ортақ сервер компьютер болмайды. Бiр деңгейлi желiлердің маңызды ерекше¬лiгi - онымен жұмыс iстey үшiн арнайы программалық жабдықтың қажетi жоқ.
Деңгейлерi бiрдей жергiлiктi желiлерде әрбiр жұмыс станциясы басқалары үшін сервердің қызметін атқара береді. Мысалы, бiр компьютерге принтер, басқасына компакт- диск орналастыруға арналған дискжетек (дискiнi айналдырып мәлiмет алатын құрылғы) арқылы басқарылса және қосылуы мүмкiн. Егер мұндай желi Windows 2000 операциялық жүйесi шалғай құрығры ортақ ресурс ретiнде анықталса, онда желiдегi әрбiр тұтынушы осы ресурстардың барлығын пайдалана бередi. Бiрақ принтер қосылған принтер қосылған компьютер iскe қосылмай тұрса, онда желi арқылы басуға мәлiмет шығара алмаймыз. Бiрдей деңгейлi жергiлiктi желiнi құру өте жеңiл және осындай тәсiлмен байланысқан компьютерлер кез келген мәселенi тиiмдi түрде шеше алады.
Модеммен жабдықталған кез келген компьютер иесі телефон арқылы провайдермен байланысып, интернет жүйесі қызметін пайдалана алады. Қарапайым модемге қарағанда ADSL модемі сигнал құрмайды, бірден телефон тізбегі арқылы сан түрінде береді. Бұл модемнің тағы бір өзгешілігі Интернетпен байланыста телефон бос болады. ADSL - байланыстың теориялық жылдамдығы(провайдерд ен қолданушыға дейін) 7 Мбайт/с (ал шын мәнінде1 Мбайт/с).
Пән атауы: | Информатика |
Көлемі: | 5 бет |
Жұмыстың түрі: | Реферат |