Вы здесь

Ақпараттық жүйелердiң өмiрлiк циклiнiң каскадтық моделi

19 апреля 2013 | 4010

1) Ақпараттық жүйелердiң өмiрлiк циклiнiң моделi деп ақпараттық жүйелердiң өмiрлiк циклi бойына орындалатын тапсырмалар, процестер мен әрекеттердiң жүзеге асырылу тiзбегiн және сонымен қатар осы тапсырмалар, процестер мен әрекеттердiң өзара байланысын анықтайтын қандай да бiр құрылымды атaймыз. Қазiргi кезде өмiрлiк циклнiң мынадай негiзгi екi түрi кең тараған:

  1. Каскадтық модель waterfall- водопад деп те аталады.
  2. Спиральды модель.

Каскадтық модель кез келген қолдану саладағы түрлi жүйелердi жасаудың классикалыұ тұрғыдaғы әдiсiн анықтайды. Ол жумыстарды тiзбектей етiп ұйымдастыруды қарастырады. Мұнда ақпараттық жүйенi жасау әрекетiнiң бiрнеше кезеңге бөлiнуi негiзгi ерекшелiк болып табылады. Сонымен қатар бiр кезеңнен екiншiсiне өту үшiн сол кезеңнiң барлық жұмыстары толық аяқталуы тиiс. Әр кезеңнiң орындалу нәтижесiнде программалушы мамандардың келесi тобының жұмысты жалғастыру үшiн жеткiлктi болатын құжаттардың толық жиынтығы жасалуы тиiс.
Каскадтық модель бойынша ақпараттық жүйенi жасаудың негiзгi кезеңдерi:

  • тапсырыс берушiнiң талаптарын талдау;
  • жобалау;
  • жасау;
  • тесiтлеу жане тәжірибелiк эксплуатация;
  • дайын өнiмдi тапсыру;

Схемасы:
Талдау - жобалау - жасау - тестiлеу - тапсыру
Бiрiншi кезеңде шешiлуi қажеттi мәселенi зерттеу орындалады. Тапсырыс берушiнiң барлыкқ талаптары орындалады. Бұл кезеңнiң орындалу нәтижесiнде екiжақты мақұлданған техникалық тапсырма жасалады.
Екiншi кезенде техникалық тапсырмада көрсетiлген барлық талаптарды қанағаттандыратын жобалық шешмдер жасалады. Бұл кезеңнiң орындалу нәтижесiнде жобаның жүзеге асырылуы үшiн қажеттi деректерден тұратын жобалық құжаттар жасалады.
Үшiншi кезен- жобаның жүзеге асырылуы. Мұнда алдындағы кезеңде алынған жобалық шешiмдерге сәйкес болатын программалық қамсыздандыруды жасау орындалады.Бұл кезеңнiң орындалу нәтижесiнде дайын программалық өнiм жасалады.

Төртiншi кезенде жасалған программалық қамсыздандырудың техникалық тапсырмада көрсетiлген талаптарға сәйкестiлiгi тeксерiледi. Тәжріибелiк эксплуатация кезiнде ақпараттық жүйелердiң накты қолданыс кезiнде пайда болатын жасырын кемшiлiктерн аныктауға болады.
Сонғы кезең- дайын жүйенi тапсыру. Бұл кезеңнiң негiзгi мәселесi- тапсырыс берушге дайын программалық өнiмдi тапсырғанда барлық талаптардың орындалғанын дәлелдеу.
2) Бiрқатар жақсы жақтарынын арқасында каскадтық модель түрлi инженерлiк бағдарламаларды жасауда колданылып, кеңiнeн таралды.
Каскадтық модельдiн негiзгi жетiстiктерiн атап өтейiк:

  • әр кезенде толықтық және мақұлданған шарттарына сайкес болатын жобалық құжаттамаларының аяқталған жиыны жасалады. Сонғы кезендердe сонымен қатар ақпараттық жүйенi қамсыздандырушы қужаттамасы дайындалады.
  • жұмыс кезендернiң логикалық тiзбек түрiнде орындалуы жұмыстын аяқталу мерзiмдерi мен сәйкестi шығындарды жоспарлау мүмкiндiгiн бередi.

Бастапқыда каскадтық модель түрлi инженерлiк есептердi шешуге арналған, дегенмен қазiрге дейiн түрлi қолданушы салалары үшiн маныздылығын жоғалтқан жоқ.
3) Жетiстiктерiне қарамастан каскадтық модельдiң ақпараттық жүйелердi жасауда қолданушыға шектеу қоятын кемшiлiктерi де бар.
Бұл кемшiлiктерi модельдiң мулдем қолданыла алмауына немесе жасау мерзмдерi мен жоба бағасының өсуiне әкеледi. Ақпараттық жүйелердi жасауда каскадтық модельдi қолданудың кемшiлiктерi:

  1. Нәтижелердi алудың көп уақытқа кешеуiлдеуi.
  2. Кезеңдердiң кез келгенiнде жiберлген қателер келесi кезендерде байқалатындықтан алдыңғы кезеңдерге қайта оралу қажеттiлiгiнiн пайда болуы.
  3. Жоба бойынша орындалатын жұмыстарды параллель жүргiзу қиындылығы
  4. Кезеңдердiң әрқайсысының ақпараттық асырыла жүктелуi.
  5. Жобаны басқару күрделiлiгi.
  6. Тәуекелдiң жоғары деңгейi және инвестициялардың сенiмсiздiгi.

1. Каскадтық модельдeгi негiзгi кемшiлiгi болып табылады. Ол негiзнен ақпараттық жүйенi жасауға тiзбектiк тұрғыда қарастыруда екiжақты мақұлдау нәтижелерi жұмыстың керектi кезеңi аяқталған соң орындалатынымен анықталады.
2. Бiрiншi кемшiлiктiң көрiну белгiлерiнiң бiрi болып табылады. Алдыңғы кезенде жiберлген қателердiң келесi кезенде белгiлi болуына байланысты оларды жөндеу үшiн қайта оралу қажеттiлiгi пайда болады. Мұнда қателiктердiн көп уақытқа дейiн байқалмауы мүмкiн. Нәтижесiнде жұмыс бастапқы денгейге оралуды талап етуi мүмкiн.
3. Жоғарыда аталған кемшiлiктерi жұмыстың тiзбектелген қадамдар түрiнде жүргiзiлуiне қатысты пайда болады. Мұнда жобаның кейбір бөлiктерiн параллель жүргiзу мүмкiндгi болғанымен, жұмысты параллель жүргiзу қиындықтар туғызады. Олар жобаның түрлi бөлiктерiнiң үнемi мақұлданып қажет екeндiгiмен байланысты. Жоба бөлiктерiнiң параллель жүргiзiле алмауы программа жасаушы мамандардың жұмысын ұйымдастыруда қиындыктардың туындайтынымен байланысты. Бiр топтардың жұмысы басқалардың жұмысының тежелуiне әкеледi.
4. Бұл маселе программа жасаушы мамандардың түрлi топтарының арасындағы тәуелдiлiктiң пайда болуымен тығыз байланысты. Сонымен қатар жобаның бiр бөлiгiне енгiзiлген өзгерiстердiң басқа мамандарға хабарлану қажеттiлiгiмен байланысты.

5. Негiзiнен жасау кезеңдерi тiзбектiң қатаң тәртппен орындалуы және жобаның түрлi бөлiктерiнiң арасында күрделi арақатынастар болуымен байланысты. Кезеңдер тiзбектiң сақталуы программалаушы мамандардың бiр тобының екiншi топтың нәтижелерiн күтуiне акеледi. Мамандар тобының арасындагғы ара қатынасты жеңiлдету және ақпараттық жүйенiң құжаттары мен асыра жуктелген бөлiктерiн азайту ушiн жобаның жекеленген бөлiктерiнiң арасындағы байланыстар санын азайту арқылы шешуге болады. Дегенмен бөлiктердiң арасындағы арақатынасы аз болатын ақпараттық жүйенi жасау мен қолдану тиiмсiз болады.

6. Күрделi жобаны жасауға кететiн уақыт жане қаржы мөлшерiнiң айтарлыктай улкен болуымен байланысты күрделi жобаның әр кезеңде алдыңғы кезеңге жөндеу ушiн қайта оралу мумкiндiгiн жасау әрекеттерiнiң үнемi қайта оралу нәтижесiнде аяқталу не аяқталмау ықтималдығына әкелуi мүмкiн.

Қысқаша шолу
Пән атауы: Информатика
Көлемі: 3 бет
Жұмыстың түрі: Реферат

Жүктеу үшін авторизация жасаңыз