Вы здесь

Ақпараттық жүйелер

19 апреля 2013 | 21355

Ақпараттық жүйелер

  1. Ақпарат ұғымы
  2. Жүйе ұғымы

1 . Ақпарат ұғымы зат, энергия және ақпараттың өзін түрлендірумен байланысты процестерді жақсарту мүкіндігін беретін жаңа мәліметтерді атайды. Ақпарат ұғымы ақпараттандыру ұғымымен тікелей байланысты, сондықтан онымен қатар ақпараттың көзі және ақпаратты тұтынушы ұғымдарын қарастырған жөн. Ақпарат тұтынушының маңызы мынадай анықтамаларда көрсетілген. Ақпарат дегеніміз - тұтынушының қабылдаған, түсінген және пайдалы ретінде бағаланған жаңа мәліметтер. Ақпарат деп тұтынушының білімдер қорын кеңейтетін мәліметтерді атайды.

Ақпарат 3 кезеңде « өмір сүреді» :

  1. Ассимиляцияланған ақпарат – өзіндік түсініктер және бағалау жүйесіне қабылданған хабарламаның адам саласында бейнеленуі.
  2. Құжатталған ақпарат – қандай да бір физикалық тасымалдаушыда таңбалық формада жазылған мәліметтер.
  3. Жіберілетін ақпарат – ақпараттың ақпарат көзінен қабылдаушыға жіберілу мезетінде қарастырылатын мәліметтер.

Көп жағдайда құжатталған және жіберілетін ақпарат қарастырылады. Ақпараттың үлкен көлемі таңбалар көмегімен жинақталады, жіберіледі және өңделеді. Таңбалар деп ақпарат көзімен қабылдаушы арасындағы ақпараттың мағыналық мазмұны жөніндегі келісім бар болған жағдайдағы ақпаратты жібере алатын сигналды атайды. Осындай келісім орнатылған таңбалар жиыны таңбалық жүйе деп аталады. Көптеген таңбалық жүйелерді шектеу шын мәнінде мүмкін емес, дегенмен ақпаратты ЭЕМ көмегімен өңдеуде таңбалардың шектелген нақты тізімі қолданылуы міндетті.

Тұтынушының ақпаратты дұрыс қабылдауы ақпараттық шу да түрлі кедергілердің әсерінен қиындауы мүмкін. Шудың 3 түрін бөліп қарауға болады, сәйкесінше оларды шектейтін 3 ақпараттық фильтр қолданылады:

1. Синтаксистік фильтр – тасымалдаушыда сақталынатын немесе жіберілетін таңбалар тізбегінде олардың мағыналық мәні жоқ бөліктері болуы мүмкін. Осы бөліктер синтаксистік шуды құрайды және оларды синтаксистік фильтр анықтайды. Фильтр дұрыс (мағыналы) және дұрыс емес (мағынасыз) таңбалар тізбектерін айыра алатын шешуші ережелердің жиынынан құралады.

2. Семантикалық фильтр – семантикалық шудың алғашқы аспектісі қабылданатын хабарламада жаңа мәліметтердің болмауымен байланысты, яғни хабарлама тұтынушының білімін кеңейтеді. Семантикалық шудың 2-ші аспектісі синтаксистік фильтрден жалған хабарламаның өтуімен байланысты.

3. Прагматикалық фильтр – ақпараттың тұтынушы үшін құндылық деңгейін анықтайды. Прагматикалық бағалау элементтері әдетте ақпараттың толықтығын ( құбылысты толық сипаттайтын) оның уақытқа сәйкестілігін, ықшамдылығын,қолданымдылығы және қол жетімділігін қамтиды.

Ақпарат алғаш көзінен тұтынушыға дейін кодтаушы және кері кодтаушы құрылғылар, есептегіш машина т.б. сияқты түрлендірушіден өтеді. Түрлендірудің аралық кезеңдерінде хабарламалардың семантикалық және прагматикалық қасиеттері тұтынушыдан алшақтығына байланысты қарастырмай қалады. Сондықтан ақпарат ұғымы «берілгендер» ұғымымен алмастырылады.

Берілгендер бір-бірімен лексикалық және синтаксистік түрде байланысқан тұжырымдар , деректер мен сандардың жиынтығын құрайды. Лексикалық қатар тіл құрылымындағы тұрақты байланыстарды сипаттайды,ал хабарламаның жекеленген бөліктерінің арасындағы байланыстар синтаксистік қатынастармен сипатталады. Семантикалық және прагматикалық фильтрлар деректерге әсер етпейді. Ақпарат пен деректер арасындағы айырмашылықтар болмаған жағдайда,олар синонимдер ретінде қолданылады.

Экономикалық ақпарат ұғымын анықтау үшін экономикалық процестерді айқындап алу қажет. Жалпы түрдегі экономикалық процестер ретінде материалдық құндылық өндірісі , таратылуы және тұтынылуы қарастырылады.Аталған процестер жөніндегі ақпарат алгоритмдердің қолданылуымен арифметикалық берілгендерге қолданылатын логикалық амалдар (реттеу, таңдау,жөндеу) үлесінің үлкен болуымен бастапқы және нәтижелік мәндерді кестелік түрде бейнелеуімен ерекшеленеді.

Экономикалық ақпараттың классификациялануы орындалатын маңызды белгілері ретінде мыналарды атауға болады:

  • Берілген басқару жүйесіне қатысы бұл белгі хабарламаларды кіріс,ішкі және шығыс ақпаратты деп бөлу мүмкіндігін береді.
  • Уақыт белігсі – хабарламаларды уақытқа қатысты перспективті және ретроспективті болып бөлінеді. Бірінші класқа жоспарлы және болжам ақпараты, ал екіншіге есепке алу деректері жатады.Келіп теру уақытына байланысты хабарламалар периодты және периодты емес болып бөлінеді.
  • Функционалдық белгілері - экономикалық объектінің функционалдық ішкі жүйелері бойынша классификация орындалады. Мысалы, еңбек ресурстары,өндіріс процестері, қаржылар жөніндегі ақпарат.

2. Жалпы бүтін болып әрекет ететін өзара байланысты элементтердің кешені жүйе ұғымын қамтиды.Жүйе деп бір жағынан жалпы бүтін болатын ,екінші жағынан өзара байланысқан құрамдас бөліктердің жиыны ретінде қарастыратын кез келген объектіні атайды. Жүйе құрамына мынадай компоненттер енеді:

  1. Құрылым - жүйенің элементтерінің жиыны және олардың арасындағы өзара байланыстар. Құрылымның математикалық моделі граф болып табылады.
  2. Кіріс және шығыстар .
  3. Жүйенің «өмір сүру» заңы – кіріс және шығыс өзгерісін байланыстыратын функция.
  4. Мақсат және шектеулер – жүйенің сапалы қызмет етуі белгілі бір айнымалының мәндерімен байланысты.Айнымалылардың біреуі әдетте максималды мәнге бағытталып, мақсаттық функция немесе жай ғана мақсатты анықтайды, ал қалған айнымалыларға шектеулер қойылады.
Жүйенің мынадай қасиеттерін қарастырайық: салыстырмалылық, бөлінгіштік, тұтастық.
  • Салыстырмалылық қасиеті – жүйенің элементтерінің өзара байланыстарының кірістері, шығыстары, мақсаттары мен шектеулерінің зерттеу мақсатына тәуелді екендігін анықтайды.
  • Бөлінгіштік қасиеті - жүйенің әрқайсысы жеке жүйе ретінде қарастырыла алатын ішкі жүйелерге бөліне алатындығын анықтайды.
  • Тұтастық қасиеті – жүйенің толық әрекет етуіндегі,оның ішкі жүйелерінің іс-әрекетімен сәйкесті келісілген түрде ұйымдастырылатындығын анықтайды.

Экономикалық ақпараттық жүйелер нақты өмірдегі қандай да бір экономикалық объектінің іс-әрекеті жөніндегі ақпаратты жинақтаумен, сақтаумен,өңдеу және тасымалдаумен айналысады. Олар деректерді өңдеу мәселесін шешуге, құжаттық жұмыстарды автоматтандыруға, керекті ақпаратты іздеуге және жасанды интеллект әдісіне негізделген шешім қабылдауға арналған.

Қысқаша шолу
Пән атауы: Информатика
Көлемі: 3 бет
Жұмыстың түрі: Реферат

Жүктеу үшін авторизация жасаңыз