Вы здесь

Интерфейс түсінігі

18 сентября 2013 | 41199

Интерфейс (inter—өзара, face—бет жағы) 1) программалаушылардың кәсіптік тілінде — өзара әрекеттесу "жазықтығы", пайдаланушы мен компьютердің қарым-қатынасы, яғни екі жүйенің немесе адам мен компьютердің өзара мәліметтер алмасуын жасақтайтын аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы; 2) есептеуіш жүйе құрылғыларының не (немесе) программалардың өзара әсерлесуін жасақтайтын құралдар мен ережелер жиынтығы; есептеуіш жүйедегі құрылғыларды үйлестіру немесе жүйелер арасында үйлестіруге пайдаланылатын үйлестіргіш техникалық және программалық құралдар жиынтығы; жүйелердің, құрылғылардың немесе программалардың екі арасын бөлу шекарасы; екі қызметтік құрылғының және олардың қосылу, алмасу сигналдары және т.б. сипаттамаларымен анықталған шекарасы; 3) ішкі программаға басқаруды беру мен бастапқы программаға қайту процедурасы туралы сипаттамалар мен келісімдер жиынтығы

Пайдаланушы интерфейсі (Интерфейс пользователя (пользовательский интерфейс); user interface) — пайдаланушының жүйемен әрекеттестігін жасақтайтын программалық құралдар кешені; пайдаланушы мен жүйе арасындағы байланыс құралы. Мұндай стандарттар программа қызметтерімен операцияларын қолайлы түрде пайдалануды қамтамасыз ететін экран пішімі мен орындалатын командалардың меню құрылымын тағайындайды. Пайдаланушыға арналған компьютермен (программамен) жылдам әрекеттесу тәсілдері, оның мынадай ерекшеліктерін атауға болады: жүйелік объектілерді (файлдар, құрылғылар, терезелер), меню және мәліметтерді бейнелеу үшін пиктограммаларды (белгішелер) пайдалану; объектілерді тандау, белгілі бір іс-әрекетті бастау, терезені ашу және объектілерді жылжыту үшін сілтеуіш құрылғыларды, мысалы, тышқанды пайдалану; экранды жұмыс үстелі немесе басқару тақтасы ретінде пайдалану.

Соңғы жылдарда компьютерлік жүйелерді көптеп қолдануда. Басты себептерінің бірі пайдаланушы мен программалық қосымшаның өзара қарым-қатынас интерфейстерінің ролі зор. Жалпы алғанда, интерфейс түсінігі кең мағыналы және компьютерлік технологиялардың әр түрлі салаларында қолданылады. Аталмыш курста қарастырылатын негізгі мәселе - пайдаланушылық интерфейстер және олардың қосымша деңгейінің программалы-аппараттық интерфейстері арасындағы байланыстары болып табылады. Осы мәселеге қызығушылық тек есептеу техникасы мамандарының ғана емес, сонымен қатар эргономисттердің, психологтардың, социологтардың және графикалық жүйелерді жасаушылардың да қызығушылығын туғызып отыр. Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйелердегі көптеген қолданбалы есептерді шешу үшін интерфейсті таңдау мен (немесе) құрастырудағы проблемаларды толығымен, жан-жақты қарастыру қажет. Пайдаланушылық және программалы-аппараттық интерфейстерді құру технологиялары кешенді түрде қарастырылуы тиіс.

Интерфейстерді құрудың жалпы принциптері

Интерфейсті құрушы өз білімдерін пайдаланушылар жұмысына жағдай жасауға қолдана білуі керек. Ол оның талаптарын қолданбалы міндеттеріне сай қанағаттандырып қана емес, пайдаланушының физикалық және психологиялық сұранысына сай интерфейс жасап шығуы қажет. Адамның психикасының бейімделу мүмкіндігін ескеру керек. Адамдар тез үйренеді, соған карай олардың психологиялық сұраныстары және жұмыс тәсілдері өзгеріп отырады. Компьютер ойындарын жасаушылар көп күштерін адам мен компьютер арасындағы интерфейсті жобалауға жұмсайды, мысалы компьютер ойынының өзі - интерфейс болып табылады. Түр-түс, дыбыс, графиканы пайдалану кездейсоқтық емес, саналы турде қабылдаған шешімі. Ойындар ішіне бейімделу элементтері кіреді, сол арқылы пайдаланушының ойынға қызығушылығын қолдайды; пайдаланушы ойынға үйренуіне карай, оның дәрежесі жоғарылап, ойын өзгереді, мысалы жылдамдығы өседі. Ойын жасаушылар ақпараттық және программалық құрылғылардың мүмкіндіктерін біліп, сондай-ақ ойлау мүмкіндіктері жақсы болып, шешім шығару кезінде тапқырлық көрсете білулері керек. Сонымен мұндай операциялардың негізінде жалпы принциптер жатқанын мақұлдауымыз керек.

Адам - компьютер интерфейсі жүйенің бөлек компоненті ретінде.

Жүйедегі деректер құрылымын осы құрылғылардың өңдеу алгоритмінен бөліп алғандай, біз интерфейс адам - компьютерді қолданбалысынан белгілі дәрежеге дейін бөліп ала аламыз.
Жүйені өңделетін файлдардың құрылымын бөлек жасаған сияқты, интерфейсті де белек жобалау керек. Кіріс және шығу деректерін берудін құрамы мен түрі интерфейсті жасаушылардың мұкиятты талдауында болуы керек.
Аппараттың және программалық құрылғылардың мүмкіндіктерінің ескерілуі.

Жүйені кұрушылар, баска да мамандар сияқты, жұмысында өздерінің ескі тәсіл-дағдыларын пайдаланады. Бұл ішкі консерватизм соңғы кездегі аппараттық және программалық тәсілдерінің жүйткіп өсуіне байланысты әлсіремей, керісінше күшейіп келеді. Бірақ, интерфейстің компоненттерін өзі құралатын негізгі элементтерінің мүмкіндіктері мен шектеулерін түсінбей кұру мүмкін емес.

Жасап-шығарудың реті.

Жасап шығару процесі жаңалықты қажет етеді, және де бұл жаңалық майда-шүйденің ішінде жоғалып кетпеуін, қолданылатын әдіс-амалдарын дұрыстығын қадағалау керек. Қазіргі кезде пайдаланушылардың көпшілігі әртүрлі жүйелерге кіре алады, сондықтан олар жүйелер ауысқан кезде өз жұмыс тәсілдерін ауыстыра қоймайды. Ішінде біркелкі жұмыс істейтін программалық "жанұяларын" дамытқан дұрыс. Бұған, сондай-ақ әртүрлі жүйедегі программалық интерфейстерін жасап шығару үшін қолданылатын стандарттық модульдер библиотекасы мүмкіндік береді.

Интерфейс құрудың қабылданған принциптерін пайдалану.

Пайдаланушының жұмыс бекеті мен физикалық байланысының, адам мен машинаның қарым-қатынасымен ортақ жағдайлары көп. Сондықтан, жұмыс бекетін жасауға және ұйымдастыруға оңай әкелетін, эргономикадағы жалпылама көптеген ұсыныстары болады. Сонымен қатар, ақпаратты экранда көрсету түрі әртүрлі компьютерлік жүйелерде бірдей емес: графикалық дизайні ақпаратты экранда көрсетілуіне, сөйлемдердің сөздік құрамына, негізгі кілттік элементтерді көрсету тәсілдеріне, деректерді ұсынылуына байланысты болады және т.с.с. Интерфейсті жасаушылар осы принциптерді білулері, және басқа саладан білімдерін өз проблемаларын шешудегі қиындықтарға қолдануға тырысулары қажет.
Міндеттерді және пайдаланушыны түсіну.

Интерфейсті жасаушы міндеттерді орындауға қажетті есептеу процесін түсініп қана емес, пайдаланушының мақсаты мен міндеттерін шешуге бағытталған іс-әрекетін бағалай білуі керек. Ол жүйенің потенциалды пайдаланушыларының ерекшеліктерін білуі керек. Соңғы жылдары компьютер мен программист арасындағы интерфейсті программалау саласындағы қарқынды атап өту керек.

Пайдаланушыларды тарту.

"Пайдаланушыны және оның мақсатын түсіну" нұсқауларын орындаудан, беру оңай. Жүйені жасаушы және аналитик өз жұмысын қолданудың барлық саласын жақсы біледі деп және потенциалды пайдаланушының психологиялық қажетін терең түсіне алады деп күтуге болмайды. Негізгі типтік принциптерінің бірі, аналитиктің болашақ пайдаланушыларға сұрак жүргізу арқылы дерек алуында болады. Керек сұрақтарды жинаудың пайдалы әдісі - өзін жүйемен жұмыс істейтін пайдаланушының орнына қою. Бірақ интерфейстің қолайлылығын бағалаудың бірден бір әдісі - ол іс жүзінде, пайдаланушы дұрыс жұмыс жағдайында, жүйемен қалай қарым-қатынас жасайтынын көріп білу. Интерфейсті жобалау процесі, бірнеше кезеңнен тұратын: Сараптау - жасап шығару - компоновка - іске асыру - сызықтық процессінің өңдеу программасының дәстүрлі көзқарасына қайшы келеді.
Іске асыруды үйлестіру.

Интерфейстік тәжірибелі үлгілерін өңдеуге әкелетін, олармен пайдаланушылар жұмыс істейтін және де олардың реакциясына қарай керекті өнім пайда болғанша өзгеріп отыратын, интерактивті әдіс-амал керек. Бұл дегеніміз - интерфейстің элементтерін үйлестірудің икемді әдісті қолдану. Бейімделу әдістерін интерфейстің шеңберінде қарау керек. Негізгі принциптер интерфейсті жасау негізін құраса да, олар пайдаланушылардың бәрін қанағаттандыра алмайды. Орташа пайдаланушыға есептелген интерфейстің жасалын шығуы - бұл ең кіші ортақ бөлгішті іздеу сияқгы болады. Тура солай, пайдаланушыларды жасап шығаруға тарту, оның абсолютті қолданғыштығына кепілдік бермейді. Максаттарының жағдайы өзгермесе де, пайдаланушылардың сұранысы, өздері сияқты өзгеріп отырады. Дұрыс жобаланған интерфейс, мысалы, компьютер ойынындағыдай, әртүрлі пайдаланушылардың қажеттілігіне және де бір пайдаланушының жұмысының әртүрлі кезеңіне қарай бұрылып отыруы қажет. Адам - компьютер интерфейсінің бейімделу проблемасы - соңғы кездегі ізденістердің негізгі бағыты.

Бағалау.

Жоғарыда қаралған стратегияны ұстанатын шығарушы, қалай керекті нәтижеге жететінін біледі? Интерфейсті бағалауға мүмкіндік беретін бірнеше критерийлерді болжауға болады. Олардың бәрі үш негізгі аспектілерді қамтиды:

  • операциялық жүйені игерудің және есте сақтаудың қарапайымдылығы;
  • жүйенің көмегімен шешілетін мақсаттардың тез орындалуы;
  • жүйенің эксплуатациясы кезінде субъективті қанағаттанушылық.

Нақты пайдаланушыға, берілген білім денгейіне жетудің, бақылау уақытын белгілеуге болады. Критерий, сондай-ак қажетті нәтижеге жеткізетін жаттығулар түрін көрсете алады. Мұндай критерийге төмендегідей тұжырымдама беруге болады:

"Жүйемен бірінші рет екі күн өз бетімен жұмыс жасаған пайдаланушы, иерархиялық байланысты каталогтардағы дискіде сақтаған файлдармен жұмыс істеудің барлық командаларын игереді".

Біраз уақыт өткеннен кейін барлық жұмыс әдістерін сақтау - бұл жұмыс үзілісінен кейін, іс-әрекетін қайта көтеруге жеткілікті білім деңгейін көрсететін басқа критерий. Тапсырманың тез шешілуін жылдамдықпен дәлдікпен бағалауға болады. Жылдамдықты бағалаған кезде жүйенің тез жұмыс істеуі емес, қойылған мақсатқа жетуге қажетті уақыт ескерілетінін байқайық. Сондықтан да деректер енгізу жүйесіне пернетақтамен жұмыс жылдамдығы емес, мысалы былай көрсетуге болатын:

"банк қызметкері бір сағатта қатесі бір пайыздан аспайтын жиырма есеп қағазын дайындауы керек"

тәрізді бақылау саны маңызды. Субъективті канағаттанушылық критериі пайдаланушылық жүйе және онымен жұмыс істеу ыңғайлығы жайында көзқарасын көрсетеді. Бұл критерийді саны бойынша бағалау киын, бірақ оны, мысалы, пайдаланушылар қосымша орнатқыштарға қарайтын жиіліктер көмегі арқылы көрсетуге болады. Барлық үш критерийді де пайдаланудың кез келген саласына жатқызуға болса да, нақты пайдалану үшін олардың біреуі ғана маңызды.

Авиакөлік басқару жүйесі сияқты жүйелер үшін маңызды факторларға дәлдік пен жылдамдық жатады. Жанжақты пайдалануға арналған жүйелерінің негізгі талабына жұмыс алдындағы алдын-ала үйретудің болмауы жатады, өйткені мұндай сабақтарды ұйымдастырудың мүмкіндіктері жоқ. Электрондық пошта сияқты жүйемен жұмыс жүргізгенде, пайдаланушылар өздерін күрделі емес жүйелермен жүмыс істегендей қолайлы сезінуі керек, ондай болмаған жағдайда олар одан мүлдем бас тартады. Әрбір критерийдің мәнін орнату - қиындықтардың тек бір бөлігі ғана; интерфейсті жасаушы алға қойылған мақсаттарға сай жүйенің нақгы өнімділігінің өлшемін білу керек. Бұл өлшемдерді жүргізу үшін бірнеше әдістер қолданылады. Жүйелер автоматты түрде нақты диалогты көшірмелерін құрып сақтай алады, тапсырмалардың әртүрлі кезеңдерін орындауға жұмсаған уақытын, қателерінің саны мен түрін жүйелік журналға енгізеді.

Жүйенің жұмысына қанағаттанғандықтарын білу үшін, пайдаланушыларға біраз сұрақтарға жауап беріп, анкета толтыру ұсынылады. Жүйенің жұмысын визуалды түрде бақылап ары қарай сараптау жасау үшін бейнетаспаға жазып алуға болады. Бұл тәсілдерді қолдану барысында, шынымен дұрыс нәтиже шыққанына және де кандай да болмасын сіз байқаған ауытқушылықтар сыртқы факторлармен анықталмай, жүйеге тән болуына сенімді болу киын. Жиі қолданылатын статистикалық тәсілдер, сыналған объектінің және өлшеу жүргізу тәсілдерінің табиғатын түсіндіруде қатал әдіс — амалдарды талап етеді. Дәл және нақты жауап беруге болатын анкета сұрақтарын тандаудың қиындықтары белгілі. Адамдар өздерін қадағалап немесе "сынақтан өткізіп" жатқанын біліп қойса, мінез-құлықтарын түбкілікті өзгертуі мүмкін.

Адам-компьютер интерфейсі, пайдаланушыға байланысы бар есептеу жүйесінің аспектілерді құрайды. Бұл есептеу жүйесінің табысты жұмысын камтамасыз ететін маңызды фактор, өйткені интерфейстің эргономикалық (физикалық және психологиялық) сипаттамалары пайдаланушылық өнімділігіне белгілі әсерін тигізеді.

Стресстік жағдайларды төмендету үшін, жүйе пайдаланушының физикалық жағдайына, және де максаттарын түсінуіне сәйкес болуы керек; бұл талап жүйелерде көптеген пайдаланушылар жұмыс істегендіктен күрделіне түседі, және де жеке пайдаланушылық талаптары оның жүйемен танысу барысында өзгеріп отырады. Талаптардың кешенді түрде ескеру, пайдаланушыға ыңгайлы жүйелерді кұрауға әкелетін, интерфейсті жобалау стратегиясын құруға мүмкіншілік береді.

Пайдалану интерфейстерінің талаптары (ПИ).

ПИ-дің идентификациясының негізгі мүмкіндіктерінен белек ПИ-дің сыртқы пішіні мен іс-әрекеттерінің белгілі сипаттамасы талап етіледі. Төменде ПИ жасаушылары ескеретін сипаттамалары беріледі:

  • ПИ стилін тандау.
  • Қосымша үшін ПИ-дің платформасы мен басқа стандарттары.
  • Берілген платформада жұмыс жұргізетін, ПҚ-ны қолдаушымен сәйкестігі (мысалы қосымша X немесе Ү пакеті).
  • Экранның мазмұны (мысалы, мақсаттардың орындауына қажетті деректер мен функциялары).
  • Экранның іс-әрекеті (мысалы, экранда көрсетілген кездегі, баскарудың бірінші элементінің кіру фокусы).
  • Экранның сыртқы пішінінің сипаттамалары (мысалы, графиканы пайдалану, деректердің көрсетілуі, эстетикалық қасиеті).
  • Пайдаланушылар мен жүйенің өзара қатынастарының әдістері (мысалы, командаларға кіру, пернелердің комбинацияларын кұрудың тәсілдері және т.б.).
  • Пернетақтамен жұмыс істеу мүмкіндіктері, оның ішінде табуляция кұралдарының іс-әрекеті, табуляция пернесінің циклды жұмысы.
  • Жүйенің жағдайы мен қайта шақыру уақытының жауабына, пайдаланушының кері байланысы.
  • Пайдаланушының әр түрлі функцияларды бақылауы.
  • Терезенің орналасу және өзгеру операцияларының нәтижесін, сондай-ақ деректерді, жағдай мен контексті есте сақтау.
  • Қосымша үшін навигацияның мүмкіндіктері.
  • Навигация кезінде пайдаланушылық деректерін сақтау.
  • Навигация кезінде пайдаланушының аралық деректерін есте ұстау.
  • Интерактивті оқыту, өнімділікті қолдау және аныктамалық жүйе.
  • Қателерді болдырмау және қателерден кейінгі жүйені қалпына келтіру.
  • Түр-түсті, индикаторларды, графикті және т.б. стандартты түрде қолдану.
  • Физикалық кемістіктері бар пайдаланушыларға қолайлы тәсілдермен қамтамасыз ету.

Жоғарыда көрсетілген ПИ сұрактарының көпшілігі, көптеген жағдайда ПИ стилінің нұсқауларында, талаптарды суреттеу құжаттарында немесе өнімнің спецификациясында нақты көрсетілмеген.
4-ші кестеде, GUI-бағытталған ПҚ-ға әсер ететін, интерфейсті жасау кезінде ескеретін, факторлар көрсетілген. Web-бағытталған және GUI-бағытталған пайдаланушы интерфейсіне де осы факторлардың басым бөлігі сәйкес.

Негізгі факторлар Сипаттамалары
Функционалды мүмкіндіктер Объектілердің, командалардың сипаттамалары және баскада қасиеттері.
ПИ-дің мүмкіндіктері Менюдің жолы, шығатын меню, менюдің пункттері, құралдардың панелі, құрал панелдерінің элемент-тері, "ауыстыру мен орналастыру" операциялары, алмастыру буферімен жүргізетін операциялар, команданы тез таңдау пернелері, қатынас пернелері және т.б.
Объектілер саны Әртүрлі өлшемдегі және шешімдегі пиктограммалар мен екілену бейнелері, деректер түрі; жұмыс үстелінін іс-әрекеті, жүйелік функциялар, басылымның
форматтары.
Объектті терезе/парақ саны Стандартты терезенің жадысы (өлшемі, позициясы, жағдайы).
Объектіге көрсетулердің саны Көрсетулердің сұлбасы; пернетақтаның іс-әрекеті, тышқанның іс - әрекеті.
Объектіге келтірулер саны Терезеге және бүкіл пайдалану интерфейсіне есептеліп келтірілген қасиеттер саны.
Объектіге командалық терезелер саны Тіркеме үшін өте ерекше; жалпы жүйелік; "көленкеленген" командаларының іс-қимылы.
Объект терезесінің басқару элементтерінің саны Шығарылатын тізімдер, енгізу жолдары, бағыты бар батырмалар және т.б.
Командалық терезеге хабарлама саны Алдындағымен бірдей
Пайдаланушымен кері байланыс операцияларының саны "Құмсағат", процесс жүрісінің индикаторлары және т.б.
Басылымның ерекше форматтарының саны Алдын ала көрсету және басылым сұлбалары
Кемек көрсету және үйрету экрандарының саны Пи терезелерін ауыстыру реті пайдаланушыға көмекті ұйымдастыру
Өнімділікті қолдау панелдерінің саны Әртүрлі қолданатын тәсілдерде бар
Объект терезесіне хабарламалар саны Кері байланыс, қателер, хабарламалар
Командалық терезенің басқару элементтерінің саны Кері байланыс, қателер, хабарламалар
Сыртқы түр-түсі, іс-әрекетінің ерекше түрлерінің саны ПҚ-ның жасалуын және жобалауын талап ететін, сыртқы пішіні мен іс- әрекетінің арнайы сипаттамалары
Басқарудың пайдаланушылық элементтерінің саны ПҚ-ның жасалуын және жобалауын талап ететін, ПИ-ді басқарудың стан-дартты емес және арнайы элементтері
Инсталляция/деинсталляция жаңарту мүмкіндіктері Пайдаланушы жүйесіндегі қосымшаны жаңартуға, жоюға және инсталляциялауға қажетті арнайы ПК
Пернетақтамен, тышқанмен, басқа құралдармен жүргізтін ерекше операциялар "Ыстық пернелер", қатынас пернелері, "жестілер"- басылатын пернелердің ретін немесе командаларды көрсететін, пайдаланушы программалаған графи-калық белгілер.

Пайдалы ереже. ПИ-дің әрбір терезе/парағына, жұмыстардың жасалуына егжей-тегжейлі декомпозициясын қарастыру қажет. Бұл әдіс бірінші рет интерфейспен айналысқан, оларды құрылымдауда тәжіребиесі жоқ, интерфейс жасаушылар немесе бригадалар үшін өте пайдалы.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Джеф Раскин, Интерфейс: новые напрвления в проектировании компьютерных систем.-Пер. с англ. - СПб: Символ-Плюс,2003.
2. Торрес Роберт Дж., Практическое руководство по проектированию и разработке пользовательского интерфейса. - Пер. с англ. - М. Издательский дом "Вильямс",2002.
3. Коутс Р.,Влеймник И. Интерфейс "человек - машина " - Пер. с англ. - М.:Мир, 1990.
4. Алиев Т.М., Вигдоров Д.И., Кривошеев В.П. Системы отображения информации.//М.: Высшая школа ,1988.

Қысқаша шолу
Пән атауы: Информатика
Көлемі: 10 бет
Жұмыстың түрі: Реферат

Жүктеу үшін авторизация жасаңыз