Вы здесь
Жеке кәсіпкер
09 июня 2013 | 6343Жеке меншік кәсіпкерлік субъектіне қатысты жағдайлар: жеке кәсіпкерлік субъекттері, микро – бизнес субъектері, шағын кәсіпкерлік субъекттері, орта кәсіпкерлік субъекттері және ірі бизнес субъекттері.
Жеке кәсіпкерлік субъектісі дегеніміз – заңды тұлғалардың қатысуынсыз жеке кәсіпкерлікпен шұғылданатын жеке тұлғалар. Жеке кәсіпкерлік жалғыз адам болуы немесе біріккен адамдар болуы да мүмкін. Жеке меншік кәсіпкерлікте жеке адамның өз - өзінің жеке мүлкімен жауап береді. Ал біріккен кәсіпкерлік бірнеше адамдардың өз мүлкі арқылы жауапкершілігімен бірігіп кәсіпкерлікпен шұғылдануы.
ҚР жеке кәсіпкерлік түрлерін схема түрінде көрсетуге болады:
Жеке кәсіпкерлік түрлері:
Жеке - жеке азаматтар өз меншігіндегі мүлік негізінде жауап береді
Біріккен - ерлі зайыпты адамдардың бірге меншігіндегі пайдаланатын мүлкі негізінде отбасы кәсіпкерлігі:
- тұрғын үйге біріккен меншігі
- шаруа қожалығын бірігіп ашу негізінде
- Жай серіктестік, әрқайсысының өз меншігінен үлесін қосу арқылы
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ішінде ең көп тараған түрі жеке кәсіпкерлік болып табылады. Бизнестің бұл түрімен айналысу арзан, әрі қарапайым, себебі:
- – біріншіден, құрылтайшылық құжаттар дайындау қажет емес;
- – екіншіден, егер әріптестер анықталмаса, жұмысты өз бетімен бастауына немесе патент алуына болады;
- – үшінші, мемлекеттік тіркеу және басқа мөр, бухгалтерлік есебін дайындау айтарлықтай күрделі емес;
- – төртінші, I, II, III топтағы мүгедектер мен оралмандар (азаматтығын алғанша) ұйымдастырған шаруа қожалықтары мемлекеттік тіркеуден тегін өтеді.
Жеке кәсіпкерлікті тіркеу тәртібі:
- кәсіпкерлікте талон алғандар және кәсіпкерлік ісі 910 күннен аспайтын жеке тұлғалардан басқа жеке кәсіпкерлердің барлығы мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс;
- салыө органдарындағы тіркеу кәсіпкердің өзі келіп хабарланғаннан кейін, өзі тұрақты тұратын жерінде ғана жүзеге асады;
- мемлекеттік тіркеу дегеніміз жеке кәсіпкер ретінде есепке алып, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру;
- мемлекеттік тіркеу барлық қажетті құжаттар ұсынылған күші жүзеге асырылады.
Салық комитетіне мынандай құжаттар дайындау қажет:
- белгіленген формаға сай өтініш толтыру керек; аты – жөні, туған жылы, төлқұжат немесе жеке куәлігіндегі мәліметтер, тұратын жері, егер бар болса кәсіпорынның тұрған жері;
- мемлекеттік тіркеуден өткені үшін төлеген төлемі туралы түбіртек (4 есептік көрсеткіш көлемінде).
Мемлекеттік тіркеу куәлігі шексіз мерзімге беріледі. Мемлекеттік тіркеу аяқталды деп есептелгеннен кейін кәсіпкерлік қызметке қажетіне қарай лицензия беріліп, өз жұмысын бастай береді.
Жеңілдетілген салық ҚР Салық кодексі ережелерінде қаралып, белгіленеді.
Жеңілдетілген салық арнайы өтініш бергеннен (табысы туралы) кейін белгіленеді. Шағын бизнес субъектісі салық төлеудегі жеңілдіктердің біреуін ғана таңдай алады:
- жалпы ережелер;
- бір рет пайдаланылатын талон бойынша;
- патентке негізделген арнайы ережелер;
- жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық ережелері.
Пән атауы: | Экономика |
Көлемі: | 2 бет |
Жұмыстың түрі: | Реферат |