Вы здесь
Басқарудағы ГРИД торы
09 июня 2013 | 1854 Басқарудың ГРИД торында - басқарушының өз қызметін жүзеге асырудың әртүрлі тәсілдері көрсетілген. ГРИД басқарушының қызметі екі негізгі өлшемде жүзеге асады:
Өндіріске деген қамқорлық ( Х осі) – жоғары өндірістік нәтижеге деген ұмтылыс.
Адамдарға деген қамқорлық-(У осі) - адамдарға деген сыйластық, бір біріне деген сыйластық, қолдау және түсінушілік арқылы жоғары нәтижеге жету.
Басқарушы жұмысқа ыңғайлы жағдай жасайды, еңбекақыны көтеруге деген ұсыныс жасайды. Екі өлшемнің байланысы басқару типін анықтау мақсатында схемалық кесте түрінде тоғыз балдық шкала арқылы көрсетілуі мүмкін. ГРИД таблицасында бір балл төмен, ал тоғыз балл жоғары дегенді білдіреді. Қалған көрсеткітер аралық бағалалықты көрсетеді. Басқарудың нақты типі нақты жүйеге негізделеді. Басқарудың барлық типтерінің ішінен басқарушының жеке мінез құлқына негізлелген бес типті бөліп көрсетуге болады:
9.1- өндірістің максималды нәтижелілігіне деген жоғары қамқорлықпен сипатталады (тоғыз балл), қызметкерлердің минималды жұмысымен үйлеседі (бір балл).
1.9- өндіріс өнімділігіне деген төменгі қамқорлық, (бір балл) қызметкерлерге деген максималды қамқорлықпен үйлеседі.(тоғыз балл).
1.1-өндіріске деген және қызметкерлердің қажеттілігіне деген төменгі қамқорлық. Бұл басқарушу мекемедегі өз орнын сақтап қалуға минималды күш салады;
5.5-«алтын орта» философиясын ұстанушы басшы;
9.9- өндіріске және қызметкерлерге деген жоғарғы қамқорлық. Ол демократиялық әдісті қолданады.
ГРИД жүйесіне сәйкес көрсетілген типтер аса маңызды болып табылады. Алайда, практикалық басқаруда тағы да қосымша үш тип көрсетіледі. Оларды жоғарыда көрсетілген бес типпен үйлесімділік ретінде көрсетеді:
- Патернализм (материализм) - өндіріске деген және қызметкерлерге деген жоғары қамқорлық, алайда, ол интеграциондық емес, толықтырушы сипат атқарады.
- Оппортунизм - басқарушының рөлін арттыра түсетін немесе оған белгілі бір жеке артықшылықтар беретін кез келегн немесе барлық басқарушылық жағдайларының үйлесімділігі;
- Фасадизм («фасад» сөзінен шыққан) - ғимараттың алдыңғы, беткі жағын білдіреді. Басқарушуылқ фасад өзгеше (фронталдық жағы жалған болуы мүмкін, өйткені ар жағында не бар екені көрінбейді.
Негізгі және көмекші басқару.
Басшы таңдаған жұмыс стилі, кей жағдайларда тқрақты болуына байланысты, оған кей жағдайларда болып жатқан оқиғаларға бейімделуіне және толықтыру енгізуіне тура келеді. Басқарушылардың басым көпшілігі негізгі басқару моделімен қатар, қосалқы басқару моделін қолданады немесе мүлде бірнеше модельдерді қолданады.
Қосымша басқару моделі, негізгі модель арқылы басқару мүмкін болмаған жағдайда ғана қолданылады. Осыған орай, басқарудың қосалқы моделі- басқарушы стрестік және конфликттік жағдайда ж.гінетін және оған белгілі бір артықшылықтарды беретін басқару ережесі.
Негізгі және қосалқы модельдердің өзара байланысын басшаның «қиын» қызметкерлер басқару жұмыстарынан көруге болады. Басында басшы оларды 99 типімен «жөнге» келтіруге тырысады. Егер ол жүзеге аспаса, басшы қатаңдау тәсілге көшеді, яғни 91 таңдайды. Егер нәтиже болмаса, басқарушы 11 қолданады.
Басқару элементтері (жүріс тұрыс факторлары)
Басқарудың мінезін көп жағдайда жетістік немесе шығын анықтайды. Басқару күрделі процесті білдіргенімен, оны басқару элементтері арқылы көрсетуге болады. Олардың қатарына құлшыныс білдіру, ақпараттылық, өз ойын қорғай білу, конфликтік жағдайларды шеше білу және сындық анализ жатады. Барлық алты элемент басқаруда маңызды орын алады, себебі біреуінің жоқ болуы екіншіснің орнын толтыра алмайды.
Әрбір элемент (басқарушының әрекеті) типтердің алты түрін сипаттайды А,В,С,Д,Е,F. Бқл сипаттамалар өте маңызды орын алады. Оларды нақты мысалмен қарастырайық.
Мінез құлық (бихевиористік) элементтер. Құлшыныс басқарушы нақты бір қызметке бағытталғанда, жаңа бір істі бастау үшін пайда болады.
танытуы мүмкін немесе қашып жүруі мүмкін.
А. Мен жағдайдың талабына сәйкес бар күшімді салып жүрмін.
В. Мен басқаларға көмектесетін және оны қолдайтын шешім қабылдап жүрмін.
С. Мен қызметтің тұрақты жағдайын сақтауға тырысып жүрмін.
Д. Мен өзімді және қызметкерлерді белсендірек жқмысқа ынталандырамын.
Е. Мен қызметкерлердің адалдығына үлкен көңіл бөлемін және олрды марапаттаймын.
Р. Мен белсенді іс әрекеттер жасап жүрмін және басқалар да мені аса қызығушылықпен қолдауда.
Ақпараттылық басшыға фактілерге ие болуға және басқа да ақпарат көздерін алуға мүмкіндік береді. Кейбір басшылар ақпараттылық факторына жоғары мән береді, ал кейбіреулері аса маңызды деп есептемейді.
А. Мен қарамағымдағылардан алған фактілерде жеткілікті.
В.Мен барлығы дұрыс екенін куәландыратын фактілер мен ақпараттарды іздеймін.
С. Мен болып жатқан жағдайларды қалыптызаңдылық ретінде қабылдаймын.
Д. Мен фактілерді және дәлелдерді алдағы қателіктердің алдын алу үшін зерттеймін.
Е. Мен басқалардан алынған ақпаптаттарды қайта тексеремін.
Р. Мен ақпараттарды жинаймын және оның шындыққа жақындығын зерттеймін.
Өз пікірін қорғау - белгілі бір позицияны алуды білдіреді. Бір басшы нақты пікірде болуы мүмкін, алайдй, екінші бір пікірден бас тартудан қорқады;екінші біреулер өз ойын нақты пікірлердің жоқтығынан тастаудан қорқады; келесі біреулері оппазицияға тұру үшін немесе белгілі бір артықшылыққа ие болу үшін кез келген пікірден бас тартып, екіншісін қабылдауы мүмкін.
А. Мен үнемі өз пікірім бйынщша басқарамын, алайда, өсыныстарға көңіл бөлемін.
В. Мен басқалардың пікірімен санасамын, келіспеушіліктерсіз болмасада.
С. Мен өз ойым мен пікірімді нақты шешім қабылдаудан бұрын қараймын.
Д. Мен өз пікірімді қорғаймын, тіпті онымен басқалар келіспеседе.
Е. Мен өз пікірімде тұрамын, бірақ объективті болу мақсатында басқалардың да пікіріне де жүгінемін.
F. Мен өз пікіріңді айту және басқалардыі ойын тыңдап, қателерді түзетуді дұрыс деп санаймын.
Конфликті жағдайларды шешу жолдарына байланысты конфликттер «бұзуды» тудыратын фактор ретінде немесе шығармашылық және консервативтік бастамалардың негізі болуы мүмкін. Конфликтті шеше білген басшы өзіне деген құрметтін арттыра түседі, керісінше болған жағдайда ол һз беделін жоғалтады.
А. Мен конфликтке араласпау арқылы өз беделімді түсірмеуге тырысамын.
В. Мен конфликттерден қашуға тырысамын, бірақ олар туындаған жағдайда олар туындаған жағдайда үжым дстығы үшін шешемін.
Егер конфликт орын алса, мен конфликтті ұйымдастырушы ретінді қызмет атқарамын.
F. Конфликт пайда болған жағдайда себебін анықтап, жоюға тырысамын.
Пән атауы: | Экономика |
Көлемі: | 4 бет |
Жұмыстың түрі: | Реферат |