Туристік сапарларды үйлестіруші мекемелер
01 апреля 2015 | 1503Жоспар
Туристік бизнес - экономиканың әртүрлі салаларының дамуына әсер ететін күрделі кешенді жүйе. «Туристік бизнес» - аз қаржы салып, көп пайда табатын және табиғи шикізатты үнемдеуге үлес қосып, экологиялық - экономикалық жағынан тиімді іс. Дүние жүзі елдері туристік бизнесті ХХ ғасырға дейін жоспарсыз жалпылама жүргізіп келген болса, ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, жоспарлы туризм индустриясы жаппай етек алды. Бүгінгі күні туристік бизнес бүкіл дүниежүзін қамтып, туристік индустрияның дамуына зор ықпал еткендіктен, «ХХІ ғасыр туризм ғасыры» деп аталып отыр.
Батыс пен Шығыс арасындағы сауданың дамуы мен жаңа жерлердің ашылуы, керуен жолдарының пайда болуына әсер етті. Сол арқылы дүниежүзі елдері арасында өз ара қарым-қатынас басталды. Жергілікті халықтар өз өнімдері мен ұлттық салт- дәстүрін, ұлттық құндылықтарын насихаттау арқылы дүниежүзіне танымал бола бастады. Халықтар пайда табудың жаңа жолы ол – өз елінің халықтары мен қатар шетелдік туристерге қызмет етіп, өздерінің қолымен жасалған өнімдерін сатуды меңгерді. Жылдан- жылға туристерге қызмет етудің арқасында мол тәжірибелер жинақталды. Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.
Пән атауы: | Туризм |
Кол-во страниц: | 94 бет |
Жұмыстың түрі: | Диссертация |