Вы здесь
Балалар бақшасындағы жер учаскесінің маңызы
26 апреля 2014 | 14243Жоспар
Кіріспе.
І тарау. Балабақшадағы жер учаскесі.
1.1. Учаскенің маңызы және оны ұйымдастыру.
1.2. Учаскені көгалдандыру.
1.3. Жер учаскесіндегі бақша, бау - бақша, гүлбақшаның маңызы
Қорытынды
Практикалық бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Балалар бақшасының жер учаскесі, әсіресе қалалық жағдайларда, бұл – ойындардың, серуендер мен сабақтардың орны. Күзде, қыста және көктемде балалар күннің көп уақытын учаскеде өткізеді, егер саяжайға (дачаға) кетпесе күні бой болады. Осындай ойын кездерінде балалардың сезіну қабілеті арта түседі.
Гүлбақшада, бақта, бау-бақшада жұмыс істей жүріп балалар колективті түрде еңбек етуге бейімделеді, еңбекке дағдыланады, олар еңбекті сүюге, құрметтеуге және тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиеленеді. Учаскеде балаларды табиғаттың маусымдық құбылыстармен таныстырады, өсімдіктердің өсіп жетілуін сымдық құбылыстармен таныстырады, өсімдіктердің өсіп жетілуін және жануарлардың қылықтарын біраз бақылауды ұйымдастырады. Осының бәрі балалардың дүние танымын, едәуір кеңейтіп, өздерін қоршаған өмір туралы білімдерімен байытады, оларды табиғатқа аялай қарауға және ондағы сұлулықты көре білуге тәрбиелейді.
Дұрыс ұйымдастырылған және жақсы көгалдандырылған учаске – балалар бақшаларындағы оқу тәрбие міндеттерін іске асырудағы ең қажетті база болып табылады.
Жер учаскесі көгалдандырылуы және балалар ондағы өсімдіктерді өсіруге, оларды бақылауға күнбе күн қатыса алатындай болып ұйымдастырылуы тиіс. Сондықтан әр жастағы балалар топтарының гүлдік, декоративтік, жемістік, жидектік және овощтық өсімдіктер, сондай – ақ балалар ойнай алатындай шөп те болуы керек. Балалар бақшасының топырақты алаңы жеткілікті болған жағдайда, естияр, ересек топтардың балалары үшін гүлбақша, бау-бақша және бақ ұйымдастырылады.
Көгалдандыруға кіріспей тұрып учаскені қоқыстардан және тастардан тазартып алу керек, оны өлшеп, балалар бақшасының барлық топтары үшін оған өсімдіктерді орналастыру жоспарын жасау керек.
Учаскені әдетте дуалмен қоршайды. Аумақты ағаштар немесе 1 – 3 қатар етіп бұталар отырғызып, өсімдіктермен қоршаған жақсы. Бұл – учаскені көріктендіреді және желден, шаң мен түтіннен қорғайтын болады. Ағаштар мен бұталарды отырғызып, әр жас топтарының учаскесін бөлуге болады.
Ағаштар мен бұталарды өсіру үшін бірнеше жыл керек. Сондай-ақ жақсы шөп ұстағышты өсіру де біраз мерзімді қажет етеді. Учаскеден ағаштар мен бұталарды тек олар балалар бақшасы үйіне көлеңкесін түсірген жағдайда, дымқылдандырып немесе қандай да бір ауруға шалдыққанда ғана тастауға болады.
Күркелердің, көлеңке түсіргіштердің және басқа құрылыстардың маңына шырмауық секілді өсімдік тұқымын себеді.
Балабақша дақылдары үшін ашық, солтүстік жағынан құрылыстармен, дуалмен немесе жазық орынға, су жиналмайтын жерге отырғызады.
Учаскедегі жол балалар өсімдіктерді басып жанышпайтындай кең болуы тиіс. Гүлбақшадағы клумбалардың және бақшадағы жидектердің ара қашықтығын 50-60 см етіп жасайды.
Жер учаскесінде ұсақ жануарларын (үй қояндары, тауықтар) асырайтын орындар және ұшып келетін құстарды бақылау үшін жем салынған ыдыстар бар құстардың үйшіктері мен алаңшалары болуы тиіс.
Зерттеу мақсаты:
- Балалардың балалар бақшасының жер учаскесі жөнінде түсініктерін қалыптастыру.
- Зерттеу міндеттері:
- Балалардың балалар бақшасының жер учаскесі жөнінде білімдерін нақтылау.
- Балалар бақшасының жер учаскесінде болатын бақша, бау-бақша, гүлбақша жөнінде білімдерін қалыптастыру.
- Жер учаскесінде өсетін көкөністерді күтуге үйрету.
Пән атауы: | Биология, валеология |
Көлемі: | 21 бет |
Жұмыстың түрі: | Курстық жұмыс |
Төлем түрлері
Жұмыстың құны: 500 теңге
Kaspi Gold:
|