Вы здесь

Оқушылардың ересектермен қарым-қатынасы

09 мая 2013 | 26311

Жоспар

КІРІСПЕ
I ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ, ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті және ондағы ғылыми көзқарастар
1.2 Жеткіншектер мен жасөспірімдер психологиялық дамуында олардың ересек адамдармен қарым-қатынасының маңызы
1.3 Қарым- қатынас дағыларын қалыптастырудағы отбасының рөлі
1.4 Жеткіншек жасындағылардың қарым-қатынасының түрлері
ІІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
2.1Оқушылардың қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу және олардың нәтижелері
2.2 Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру және дамыту әдістемелерін экспериментте қолдану
2.3 Психологиялық түзету сабақтарын жүргізу арқылы балалардың ересектермен қарым - қатынасын дамыту
2.4 Қарым-қатынас мәдениетін зерттеу бағдарламасын жасау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының қоғам өмірі саласында жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі бір әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне қойылған талаптар арта түсуде. Бірақ, нақты айғақ ретінде соңғы жылдары ғана қабылданған мемлекеттік мәні зор мына төмендегі құжаттарды атауға болады.

Оның бірі Қазақстан Республикасының білім туралы заңының жаңа жобасы, екінші Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы, үшіншісі Президетіміз Н.Ә. Назарбаевтың елдің стратегиялық бағытын айқындап, кемел келешекке жол сілтеген «Қазақстан-2030» атты халыққа жолдауы. Бұл құжаттарда жас жеткіншектрге қарым- қатынас арқылы шәкірттердің бойына ізгілік, адамгершілік, зиялылық қасиеттерді қалыптастыру мәселесі негізінде еңбек ету делінген. Осыған байланысты біздің зерттеу тақырыбымыздың бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі екендігін жоғарыда көрсетілген мемлекеттік құжаттардың қағидаларын негізге ала отырып жүргізгілгені байқалады.[1,5]

Қарым- қатынас мәселесі ересек адамға ғана тән қасиет емес, ол жасөспірімдер мен ұстаздар арасындағы өзара қарым- қатынас жасау мәселесі педагогика және психология ғылымында тәлім- тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі мәселелердің қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген зерттеу мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері оқушылар мен ересектер арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар, түрліше түсініктер бар екенін көрсетті.

Мұндай мәселедегі елеулі жәйттің бірі-ересек пен оқушылар арасындағы қарым - қатынас жасауда әр қилы қиыншылықтардың үнемі кездесіп отыратындығы егер бастауыш сынып оқушылары үшін мұғалім барлық бейнесі мен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, ал ересек балаларға мұғалімнің әрбір қимыл қозғалысына, іс- әрекеті мен сөйлеген сөзіне оның ақыл кеңесіне, өзге адамдармен қарым- қатынасына, оқушыларға қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштен сын көзбен қарайды. Бұдан келіп шығады, бастауыш сынып оқушыларына мұғалім өзінің құдайы санаса, ал жоғарғы сынып оқушылары ересектер қатарына қосып отыр. Осы мәселеде қарастырған ғалымдар С.М. Елеусізова, Қ.Ж. Қарақұлов, С.И. Қалиева, Д.Ж. Намазбаева, В.К. Шабальников, Н.Д. Хмель. Олар ересектер мен оқушылардың қарым- қатынасын, олардың психикасының жан- жақты дамып, қалыптасуында үлкен маңызы бар фактор екендігі анықтаған. Ұстаз бен оқушылардың қарым- қатынасы оқу – тәрбие үрдісінде ұйымдастыру жөнінде көптеген маңызды зерттеулер бар. В.А. Кан-Калик, А.В. Мудрик, А.В. Запорожец, М.И. Лисина, А.В. Петровский т.б. қарастырған [6,7,34].

Сонымен қатар қарым- қатынас мәселесімен бірге отбасы ішілік қарым- қатынастар ерекшеліктерін А.И.Захаров, А.С.Спиваковская, А.Я.Варга, Э.Г. Эйдемиллер, Ю.Гипнрейтер, М.Буянов, З.Матейчек, Г.Холкентаускас, А. Фромм, Р.Снайдер және басқалар зерттеген.

Балалар мен ата- аналар арасындағы қарым- қатынастарды зерттеуге А.С. Макаренко көп үлес қосты. «Ата- аналарға» деген кітабында Макаренко отбасының алғашқы ұжым екенін көрсетеді, мұндағылардың барлығы толық құқықты мүшелер болып келген, олардың әрқайсысының өзіндік жұмыстары бар, оларға баланың да кіретінін көрсеткен.
Э.Арутунянның еңбектері де қызықтырады, мұнда тәрбие мен бала ата- аналар арасындағы қарым- қатынастар отбасының құрылымның талдауымен байланыстырады. Ол отбасының 3 түрін бөліп көрсетті: дәстүрлік, ерлі- зайыптылық және достық.

А.Е.Личко отбасы ішілік қатынастардың мәселелерін зерттей келе, отбасындағы жайсыз жағдайларды бөліп көрсетті (қатты қоластына алу, бақылаусыздық, отбасында «кумирдің» пайда болуы, және т.б. келтіретін жағдайлар).

Жалпы балалар мен ата – аналар арасындағы қарым- қатынастар бала жеке басының дамуына әсер ететіндігін көптеген ғалымдар зерттеп, оны жан-жақты қарастырады. Бұл мәселе оқушылар мен ересектер арасындағы өзара қарым- қатынас психологиясына теориялық және практикалық тұрғыда зерттелінген жұмыстар өте көп. Олардың әрқайсысы іс- әрекет барысында тиімді әрі жүйелі түрде қолданылуда.

Біздің елімізде ойға олақ, сөзге шорқақ және қарым- қатынаста белсенді азаматтарды тәрбиелеу болып табылады. Біздің талқыланып жатқан тақырыбымыз осы мәселеге терең әрі өзекті жауап қайтарады және осы тұрғыда қарастырған ғалымдар (Н.Ф.Талызина, А.С. Макаренко, В.В.Давыдов, К.М.Личко, В.А. Кан-Калик, А.В. Мудрик, Х.Т Шерьязданова, А.В. Запорожец, М.И. Лисина, А.В. Петровский, С.М. Елеусізова, Қ.Ж.Қарақұлов, С.И. Қалиева, Д.Ж. Намазбаева, В.К. Шабальников, Н.Д. Хмель т.б.) болды.[8,24,25]
Зерттеудің мақсаты: Оқушылар мен ересектер арасындағы өзара қарым- қатынас психологиясындағы ерекшеліктерінің мазмұнын ашып көрсету және оқыту процесінде теориялық, тәжірибелік негізін дәлелдеу.
Зерттеу обьектісі: Оқушылар мен ересектер арасындағы қарым-қатынастың даму үрдісі.
Зерттеу пәні: Оқушылар мен ересектердің арасындағы өзара қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері.

Зерттеу міндеттері:

  1. Оқушылармен ересектер арасындағы өзара қарым-қатынас психологиясындағы мәселелердің теориялық негізін қарастыру.
  2. Оқушылармен ересектер арасындағы өзара ізгілікті қарым- қатынасын психологиялық әдістер арқылы анықтау.
  3. Жеткіншектер мен жасөспірімдердің ересектермен қарым-қатынасын тренингтік сабақтармен ұйымдастырудың тиімді жолдарын көрсету.
  4. Балалардың отбасы мүшелерімен қарым–қатынас дағдыларын қалыптастыру.

Зерттеу әдістері:

  • психологиялық– педагогикалық әдебиеттерге және әдістемелік құралдарға теориялық талдау жасалды;
  • анықтау экспериментінің нәтижелерін алу үшін оқушылардың ересектер мен қарым- қатынас деңгейіне диагностика жасалынды.
  • В.А. Кан-Калик бойынша, В.Ф. Ряховскийдің қарым- қатынас деңгейін анықтау бойынша жүргізілген әдістемесі.
  • қалыптастыру экспериментінде «Қарым-қатынасқа жету жолдары» тақырыбына педагогикалық- психологиялық сабақтар жүргізу.
  • Т.Лиридің «Жеке тұлғалар арасындағы қарым- қатынасты анықтау» әдістемесі негізінде түзілген бақылау тесті.

Жалпы болжам. Ересектер мен оқушылар арасындағы өзара қарым- қатынас психологиясын оқу процесінде оқытудың жаңа технологияларды енгізу арқылы дамытудың әдістемелік жүйесін педагогикалық және психологиялық тұрғыдан пайдаланса, онда оқушылардың қарым- қатынас кезіндегі қабілеттілігі жоғары деңгейде көрінеді.

  • оқушылармен ересектер арасындағы өзара қарым- қатынасына әсер ететіндей зерттеу негізінде арнайы ұйымдастырылған педагогикалық- психологиялық бағдарлама ұйымдастыруға болады;
  • қарым- қатынас кезінде арнайы ұйымдастырылған психологиялық ойындар мен тренингтер арқылы оқушылардың іс- әрекетіндегі түрлі жетістіктерге жетуге болады;
  • Іс-әрекет кезінде жаңа технологияларды педагогикалық-психологиялық негіздеу және танымдық жаттығулармен әдістерді жүйелі пайдалану барысында оқушылардың ересектермен, отбасы мүшелерімен қарым- қатынасын дамытуға болады.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері.
Ғылыми жұмысты орындау барысында (М.И. Лисина, Х.Т. Шерьязданова, Кан-Калик, Т.Лири, С.М. Жақыпов, Ряховский) еңбектері негіз болды.
Зерттеудің жұмысының теориялық маңыздылығы: Оқушылар мен ересектер арсындағы өзара қарым- қатынас психологиясын дамытудың мазмұны, құрылымы мен даму механизмдерінің тұтастық тұрғыдан зерттелініп теориялық ережелерін толықтырады. Зерттеу мәселесіне байланысты олардың қарым- қатынасын педагогикалық- психологиялық мәні мен мазмұны ашылады. Зерттеу жұмысында ересектер оқушыларға әсер ететіндей зерттеулер талқыланып, осының негізінде олардың қарым-қатынас ерекшеліктеріне теориялық тұжырымдамалар жасалынды.
Жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымша соңында беріледі.

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 3000 теңге
Kaspi Gold:
  1. Номер карты: 5169 4931 1873 7181
  2. Тел: +7 707 912 14 62
  3. ФИО: Мадина Кайратбеккызы
  4. Төлегеннен кейін, Мына форма арықылы хабарласыңыз:
Қысқаша шолу
Пән: Психология
Көлемі: 58 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу