Вы здесь
Ж.Баласағұнидің "Құтты білік" педагогикалық дастаны
21 ноября 2015 | 5088Жоспар
КІРІСПЕ ................................................................................................................ 3
1 ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИДІҢ "ҚҰТТЫ БІЛІК" ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАСТАНЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
1.1 "Құтты біліктің" жазылуының тарихи-әлеуметтік, мәдени және психологиялық-педагогикалық алғышарттары .................................................9
1.2 Жүсіп Баласағұнидің тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің рухани бастаулары және поэмадағы жетекші педагогикалық идеялар ............................................16
Тұжырым ................................................................................................................26
2 ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИДІҢ ТӘЛІМ–ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ТӘЖІРИБЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Жүсіп Баласағұни мұрасындағы отбасы тәрбиесі мәселелері және халық педагогикасымен сабақтастығы ............................................................................28
2.2 Ж.Баласағұнидің „Құтты білік” педагогикалық дастанын оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың маңызын зерттеу бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижесі .........................................................44
Тұжырым ..................................................................................................................49
Қорытынды .............................................................................................................. 51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...........................................................................58
Қосымшалар ..............................................................................................................62
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы ғасырлар бойғы бодандық құрсауынан босанып, жеке дара тәуелсіз мемлекет құрудың өтпелі кезеңінде жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісін өте маңызды бағдарлардың бірі ретінде қарайды.
Республика президенті Н.Ә.Назарбаев: "Қазақтар – ұлы өркениеттердің мұрагерлері, тарихтың сан-сапалақ құз-қияларына өзінің ұлттық "мен" дегізерлік қасиеттерін алып шыға алды. Жай ғана алып шығып, жай ғана сақтай білген жоқ, сонымен қатар еселеп жаңғырта да білді" (1), - деп жазып, қазақ халқының мол мәдени, рухани мұраларының өміршеңдігіне баса назар аударады.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында "Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау" (2) екендігі атап көрсетілді.
Сондықтан, халқымыздың өткен тарихындағы прогрессивті педагогикалық дәстүрлерін ұлттық және адамзаттық құндылықтар тұрғысынан қарап, бүгінгі ұрпақты жан-жақты дамыған тұлға етіп қалыптастыруға пайдалану керектігі айқын.
Қазақ халқының өткен дәуірлерінде өзіндік айшықты орыны бар, "Өткірлігімен, тапқырлығымен, көрегендігімен, қажымас күш-қуатымен, ақыл-парасатымен, басқаша айтқанда, көсемдігімен, шешендігімен, әділдігімен, өз мүддесін ұлт мүддесімен ұштастыруымен, ұлтжандылығымен ерекшеленген" (3) тарихи тұлғалар аз болмаған.
Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан бері сондай тарихи тұлғалардың, ғұлама ойшылдардың, ақын-жыраулардың, педагог-ағартушылардың қайталанбас тәліми мұралары туған халқымен қайта табысуда. Қазақстаңдағы педагогикалық ой мен халыққа білім беру тарихының аясында оқыту мен тәрбие беру мәселелері Т.Т.Тәжібаев (4), А.И.Сембаев (5), Г.М.Храпченков (6), К.Қ.Құнантаева (7, 8) секілді зерттеушілердің монографиялық еңбектерінде қарастырылды.
Революцияға дейінгі Қазақстандағы педагогикалык ойдың дамуы Қ.Б.Жарықбаев (9), С.Қ.Қалиев (10), А.К.Көбесов (11), К.Ш.Шаймерденова (12), А.М.Құдиярова (13), Т.М.Әлсатов (14), Ш.Ж.Жұматаева (15) еңбектерінде көрсетілді.
Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірдің дамуына арналған М.Б.Мадин (16), М.Б.Көккөзова (17), К.К.Камалиева (18), К.Ж.Ибраева (19), С.С.Садуақасова (20), Р.Н.Көшенова (21), А.Б.Тұрсынова (22) сияқты зерттеушілердің еңбектерін атау керек. Бұл педагог-ғалымдардың назары қазақ ғұламалары мен ақын-жазушыларының, қайраткер жеке тұлғаларының педагогикалық мұраларын зерттеуге, Қазақстандағы мектеп және ағарту ісінің даму тарихына аударылған.
Орта Азия мен Қазақстанның ортағасырлық ойшыл ақындары мен энциклопедист-ғалымдарының педагогикалық мол мұрасын бүкіладамзаттық құндылық тұрғысынан саралап зерттеудің маңызы өте зор. Солардың ішінде XI ғасырда өмір сүрген түркі данасы, ойшыл-ақын Жүсіп Баласағұниді ерекше атауға болады.
Қазақтың педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасу кезендерін зерттеген ғалымдар Қ.Б.Жарықбаев (23), С.К.Қалиев (24), Г.М.Храпченков (25) өз еңбектерінде дастандағы тәлім-тәрбиелік идеялардың маңызын аша отырып, олардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызын көрсеткен.
Республикамызда бүгінгі күні рухани салада жүріп жатқан сананың жаңаруы, адами құндылықтарды кайта бағамдау процестері нәтижесінде ғасырлар бойы жинақталып, ата-баба тарихынан бізге жеткен тәлім-тәрбиелік мол мұраларды болашақ ұрпақты тәрбиелеуге пайдалану мүмкіндігі туып отыр. Осыған байланысты, ұлттық педагогика тарихының маңызды кезеңдері болып есептелетін ортағасырлық ойшылдардың педагогикалық ой-пікірлерінің өзіндік қалыптасу, даму ерекшеліктерін, олардың өздерінен кейінгі ұрпақ санасына еткен әсері мен пікір сабақ-тастығын жан-жақты жүйелі зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
"Құтты білік" дастаны Қазақстан педагогика ғылымында бұған дейін арнайы жеке зерттеу тақырыбы ретінде каралмаса да, оның тәлім-тәрбиелік маңызы еліміздегі педагогикалық ой-пікірдің даму тарихындағы орны туралы жекелеген пікірлер, ізденістер баршылық.
Бірақ, олар зерттеу нысаны бөлек болғандықтан "Құтты біліктегі" педагогикалық ой-пікірге арнайы тоқтамаған. Сондықтан, Жүсіп Баласағұнидің тәлім-тәрбиелік идеяларын зерделей зерттеу – бүгінгі күн үшін тың тақырып, өзекті мәселе.
Өкінішке орай, қазіргі кезде жас жеткіншектерді тарихи ірі ойшылдардың мұралары негізінде, жеке дара тұлғалардың өмірі мен ісі үлгісінде тәрбиелеу өз деңгейінде емес. Соның ішінде Жүсіп Баласағұнидің мұрасы Қазақстанда әлі күнге дейін арнайы педагогикалық зерттеулердің нысаны болмағандықтан, "Құтты біліктегі" тәлім-тәрбиелік идеяларынсыз Республикадағы педагогика ғылымының даму тарихын толық түсіну мүмкін болмайды және оның бүгінгі жағдайын зерделеу мен даму болашағын болжау қиындық тудырады.
Демек, осы мәселелердің бүгінгі күн тәртібінде тұруы мен олардың өмірлік кажеттілігі, қазақ халқының педагогикалық ой-пікірінің калыптасу және даму тарихына қатысты қоғамдық талап-тілектері мен Қазақстандағы педагогикалық ағарту идеяларының зерттелу дәрежесі арасында қайшылық байқалады. Сондықтан, "Құтты білік" дастанына тәлім-тәрбиелік құндылықтардың қайнар көзі ретінде тарихи-педагогикалық талдау жасап, сипаттама беру, отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін екшеп, ғұлама идеяларының қазақтың халықтық педагогикасымен сабақтастығын анықтау зерттеу проблемасы болады.
Осы аталған мәселелердің шешімін табу қазақ халқының педагогикалық ой-пікірінің қалыптасу тарихын зерттеу жағдайын одан әрі тереңдетуге мүмкіндік жасайды. Аталмыш рухани мұраның елімізде тарихи-педагогикалық тұрғыдан арнайы қарастырылмауы және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуге байланысты ғылыми негізделген ұсыныстарға деген қажеттілік "Жүсіп Баласағұнидің тәлім-тәрбиелік идеялары" атты зерттеу тақырыбын таңдап алуымызға себепкер болды.
Зерттеудің мақсаты: Жүсіп Баласағұнидің тәлім-тәрбиелік идеяларына теориялық негіздеме беру және оларды жүйелі түрде талдау.
Зерттеу объектісі: Қарахандар дәуіріндегі педагогикалық ойлардың қалыптасу процесі.
Зерттеу пәні: Жүсіп Баласағұнидің "Құтты білігіндегі" тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер жүйесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, Жүсіп Баласағұнидің мұрасына тарихи-педагогикалық талдау жасалынса, "Құтты біліктегі" өміршең тәлім-тәрбиелік идеялардың мән-мазмұны анықталса, зерттеудің нәтижелері бүгінгі жас ұрпақты иманжүзді, текті, парасатты жеке тұлға ретінде қалыптастыруға ықпал ететін мүмкіндіктер іске асар еді.
Зерттеу міндеттері:
- Жүсіп Баласағұнидің педагогикалық көзқарастарын қалыптастыруға әсер еткен Қарахандар дәуіріндегі тарихи-әлеуметтік, мәдени және психологиялық-педагогикалық алғышарттарға сипаттама беру.
- "Құтты білік" дастанындағы жетекші педагогикалық идеялар мен ондағы адами кұндылықтардың қазіргі ғылыми педагогикамен үндестігін анықтау.
- "Құтты білік" дастанындағы отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін анықтап, ондағы көтерілген жекелеген психологиялық мәселелерді талдау.
- Жүсіп Баласағұнидің тәлім-тәрбиелік идеяларының қазақтың халықтық педагогикасымен сабақтастығын дәлелдеу.
- "Құтты білік" дастанындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды оқу-тәрбие жұмыстарына пайдалану жолдарын ұсыну.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасында қабылданған ресми кұжаттар (Қазақстан Республикасының Конституциясы, Білім беру туралы Заң), сонымен қатар, тұжырымдамалар, жарғылар, нұсқаулар, бағдарламалар, т.б., халқымыздың көрнекті ғұлама ойшылдарының, ағартушы ғалымдарының, ақын-жазушыларының мұралары және оларға байланысты жазылған тарихи-педагогикалық зерттеу еңбектер, Жүсіп Баласағұнидің "Құтты білік" дастаны және оған байланысты жазылған отандық, шетелдік ғалымдардың ғылыми шығармалары.
Зерттеудің әдістері: Тарихи-педагогикалық әдебиеттерді, зерттеу мәселесіне байланысты мақалаларды талдау, тарихи және логикалық процестердің бірлігі, тарихи-салыстырмалық, жинақтап-талдау, қорыту әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі негізделеді, зерттеу объектісі мен пәні анықталады, зерттеудің мақсаты, міндеті, ғылыми болжамы және зерттеу әдістері, көздері, жұмыстың құрылымы көрсетіледі.
"Жүсіп Баласағұнидің "Құтты білік" педагогикалық дастанының дүниетанымдық және ғылыми негіздері" атты бірінші тарауда "Құтты біліктің" жазылуының өзіндік тарихи-әлеуметтік, мәдени және психологиялық-педагогикалық алғышарттары қарастырылып, Жүсіп Баласағұнидің тәлім-тәрбиелік идеяларының рухани бастаулары және поэмадағы жетекші педагогикалық идеялар анықталады.
"Жүсіп Баласағұнидің тәлім-тәрбиелік идеяларын тәрбие тәжірибесінде пайдалану жолдары" атты екінші тарауда XI ғасырда ғұмыр кешкен Жүсіп Баласағұнидің тәлім-тәрбиелік идеяларының терең мәні ашылып, ойшыл ақынның тәрбие қағидалары екшеленіп, жар таңдау, отбасын құрудың салыстырмалы жүйесі көрсетіледі, "Құтты біліктегі" тәлім-тәрбиелік идеялардың қазақтың халықтық педагогикасымен сабақтастығы дәлелденеді. Жүсіп Баласағұнидің тәлім-тәрбиелік идеяларын оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижесі беріледі.
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижесіне негізделген тұжырымдар мен Жүсіп Баласагұнидің педагогикалық мұраларын пайдалануға байланысты ұсыныстар беріледі.
Төлем түрлері
Жұмыстың құны: 3000 теңге
Kaspi Gold:
|
Пән: | Психология |
Көлемі: | 62 бет |
Жұмыстың түрі: | Дипломдық жұмыс |