Вы здесь

Музыка арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық шарттары

18 апреля 2015 | 5785

Жоспар

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ..................................................................................................................... 3

1 МУЗЫКА АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ......................................8

1.1 Музыка арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың мәні............................................................8
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын музыка арқылықалыптастырудың педагогикалық – психологиялық негіздері.........................16
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының музыка арқылы ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың құрылымдық моделі...............................30

2 МУЗЫКА АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ...........................34

2.1 Бастауыш сынып оқушыларыны ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастыру мазмұны........................................................................34
2.2 Сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларда ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастыру мүмкіндіктері..........................................................................45
2.3 Бастауыш сынып оқушылардың ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың тиімділігін тәжірибелік эксперименттік жұмыста тексеру және оның нәтижелері.........................................................54

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................75
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................21

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Жас ұрпақтың санасын шыңдауға қызмет ететін білім жүйесін қалыптастыру – қазіргі заманның өзекті мәселесі болып тұр. Ал мұндай білім жүйесі сол ұлттың төл болмысымен санасу арқылы жүзеге асады. Өйткені, өткен тарихтың сын көзінен өткен құнды ұлттық дүниетаным мұралары жас буынның рухына негіз болып қаланып, болашаққа бағыт жасап отырған жағдайда ғана ұрпақтар арасындағы сабақтастық үзілмейді. Жастарды халық тық тәрбиенің негізінде оқытуда ұлттық өнердің өркендеуіне жол ашу қажеттілігі туып отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты міндетінің бірі ретінде көрініс тапқан. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының бұл заңында: «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» керектігі белгіленген[1]. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегіндегі: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді. Өзінің тарихи, мәдени тамырларына қайта оралу - бұл әрине, оң процесс... Қазақстанда ұлттық тілді, мәдениетті, экономиканы ... дамытуға барынша қолдау жасалып отыр»,- деген болатын [2,10].
XXI ғасырда Қазақстанның өркениетті әлемнен орын алып, дамыған елдер деңгейіне жетуіне ықпал етер бірден-бір құдірет - білімді ұрпақ болмақ. Қазіргі кезде Қазақстан сияқты көп ұлтты мемлекет алдында, біріншіден, біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру міндеті тұрса, екіншіден, ең негізгісі - ұлттың этнопедагогика мен этнопсихологияның негіздеріне сүйене отырып, бастауыш сынып оқушыларының санасына туған халқының дүниетанымына деген құрметпен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрін меңгеру, тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеуді қажеттілікке айналдыру.
Қандай бір халықтың ұлттық дүниетанымының мол мұрасын толық зерттемей және оны күнделікті оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланбай, жан-жақты жетілген ұлтжанды жастарды тәрбиелеу мүмкін емес. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру барысында, біріншіден, бүгінгі өркениетті дүниеде болып жатқан өзгерістерді ескеріп отыруға, екіншіден, өз халқының ұлттық мәдени –тарихи, әлеуметтік-экономикалық ахуалын терең танытуға айрықша назар аудару қажет. Мұндай жағдай басшылыққа алынған жерде, ұлттық мектептің өзекті мақсаты - адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына дарытқан парасатты тұлғаны тәрбиелеу болып шығады.
Әр халықтың ұлттық мәдениеті халықтың ежелден келе жатқан өзіне тән өнері, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі есебінде жетілетіні белгілі. Сол себепті, бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап зерделеудің, оның айналасындағы тәлім-тәрбиесі мол тәжірибесі негізінде жас өспірімдерді тәрбиелеудің қажеттігі өсе түсуде. Сондай-ақ, еліміздің қоғамдық- экономикалық өміріне нарықтық қатыстардың енуіне байланысты өзгеріске түскен саяси экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани қарым-қатынас жағдайлары жас ұрпақ тәрбиесінің проблемаларын осы үдеріс талаптарына сай ойластыруды қажет етеді.
Бұл дана халқымыздың бесік жырларының ұрпағының санасында ұлттық дүниетанымды қалыптастырудың дидактикалық шарттарының бірі екендігін алға тартады.
Ал мұндай оқу-тәрбие үдерісіндегі қажеттіліктің орнын толтыратын-музыка өнері.
Мектепке дейінгі, мектептің, оның ішіндегі бастауыш сыныптарды, оқу-тәрбие үдерісінде музыка өнерін пайдалану, оқыту үдерісінде оларды ұлттық мәдениет контекстінде, дүниетанымдық мазмұны мен оларды қалыптастыруда ғылыми-педагогикалық негізде жүйеленгенін көрсетеді.
Дүниетанымның қалыптасуына жалпы адам, табиғат, қоғамдық білімдер тірек болады. Адам, табиғат, қоғам - біртұтас дүние. Адам, табиғат, қоғам арасындағы байланысты және олардың бірлікте дамитынын оқушыларға музыка өнері арқылы түсіндірген дұрыс. Өйткені тәжірибеден байқағандай, дүниетанымды өнер арқылы білу барысында оқушының таным үдерісі дамиды. Дүниені біртұтас тірлікте сезініп қабылдау нәтижесінде оның санасында білім қоры жиналып, ой-өрісі қеңейеді.
Бұл мәселе, философ ғалымдардың зерттеулерінде (Ә.Нысанбаев, А.Қасабеков, І.Ерғалиев пен Ғ.Телібаев, М.Орынбеков, Ж.Алтаев, Д.Кішібеков т.б.) «дүниетаным», «таным», «қазақ дүниетанымы» саласында көптеген құнды ой-пікірлері мен көзқарастар жан-жақты мазмұндалып жүр [3; 4; 5; 6; 7;8].
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекетінің түрлері әр аспектілерден бірқатар психологтар мен педагогтардың еңбектерінде (С.Л.Выготский, В.В.Давыдов, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, Л.В.Занков, Т.И.Шамова, М.И.Махмудов, А.Н.Леонтьев, Н.Б.Менчинская, П.Я. Гальперин, Д.Б.Эльконин, Ю.К.Бабанский т.б.) зерттеу міндеттеріне қарай жүйелі талданған [9; 10; 11; 12; 13; 14; 15; 16; 17; 18; 19; 20].
Дүниетанымның қалыптасуына үлкен ықпал жасайтын өнердің бірі – ол музыка өнері. Сонымен бірге, бұл өнер халық тәрбиесінің маңызды құралы ретінде қарастырылып келе жатыр.
Ұлттық дүниетанымының арқауы болып табылатын халық тағылымының мән-маңызы мен құндылығын кеңес өкіметі тұсында көптеген ғалымдар зерттеген. Республиканың егемендігі, ұлттық сана сезімнің өсуі, мәдени рухани дәстүрлердің қайта өркендеуі ұлттық тәрбиедегі ғылыми негізделген ұсыныстарды талдап жасауға қажеттілік қана өсіп қоймай, сонымен бірге оларды іске асыру мүмкіндіктері де анағұрлым ұлғайды.
Сондықтанда халықтық педагогика мәселелері ғылыми түрғыда бұрынғы одақ бойынша ең алғаш 50-ші жылдардың екінші жартысынан бастап түбегейлі зерттеле бастады. Жарық көрген ғылыми зерттеулер (Г.Н.Волков, А.Ф.Хинтибидзе, Я.И.Ханбиков, А.Ш.Гашимов, А.Э.Измаилов, және т.б.) халықтық педагогиканың түрлі бағыттарын қарастырды [21; 22; 23; 24;25].

Сексенінші жылдары орта және жоғары мектепті қайта құруға байланысты оқушыларға ұлттық өнерге баулу және эстетикалық тәрбие беру ісін жандандыруға едәуір көңіл бөліне бастады. Оны нәтижелі шешуде жеткіншек ұрпақты өз ұлтының өнерімен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрыпымен таныстыру қажет болды. Ал мұның өзі халықтық педагогика саласында терең мазмұнды зерттеулер жүргізуді талап етті. Осы мәселелер бойынша Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, Ж.Наурызбай, Қ,Қожахметова, М.Балтабаев, Р.Дүйсенбінова т.б. еңбектері жарық көре бастады [26; 27; 28; 29; 30; 31; 32]. Оларда қазақтың халықтық педагогикасындағы құнды ой пікірлерге талдау берілді, халықтық тәрбие саласында қалыптасқан дәстүрлері мазмұндары ондағы еңбек, ақыл-ой, эстетикалық адамгершілік тәрбие берудің жекеленген әдістері мен амал-жолдары баяндалып, жеткіншектер дүниетанымын қалыптастырудың тәрбелік мәні ерекшеленіп көрсетілді.

Көптеген ғалымдардың еңбектерінде біздің жұмысымызға негіз болған мына еңбектері болды: Р. Төлеубекованың «Бастауыш сынып окушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық педагогикасының озық дәстүрлерін пайдалану», Н.Албытованың «Қазақ балалар фольклоры арқылы бастауыш мектеп окушыларының дүниетанымын қарастыру», К.Әтемованың «Оқушыларда гумандық қасиеттерді қалыптастыруда мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы», Әбдікәрім Ашайдың «Ұлттық педагогика негізінде оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру», А.С.Мағауованың «Подготовка будущего учителя к использованию прогрессивных традиций народной педагогики в учебно-воспитательном процессе общеобразовательной школы», Ж.Ж. Еңсеповтың «Музыка мен әдебиет байланысы арқылы оқушылардың музыкалық қызығушылықтарын қалыптастыру» [33; 34; 35; 36; 37;38].

Қазақстан ғалымдары С.А.Ұзақбаева [28], М.Х.Балтабаев [31], Т.А.Қышқашбаев [39], М.Оразалиева[63], Ш.Б.Құлманова[70], Е.Ш.Қозыбаев[40] және т.б. өз еңбектерінде қазақ халық музыкасы мен дәстүрлі көркем мәдениетін оқушылар тәрбиесінде (музыкалық, эстетикалық, адамгершілік) жетілдіру мақсатын қарастырып, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсеткен.

Дегенмен, жоғарыдағы және басқада зерттемелер, жарық көркен еңбектер жалпы музыка өнерінің, оның дүниетанымды қалыптастырудағы ролі, дидактикалық шарттарына (әдістер, формалар, тәсілдер т.с.с.) оның ішінде бастауыш сыныптағы маңызына ғылыми-педагогикалық зерттеулер жасалынбағанын көрсетеді.

Бастауыш сынып оқушылары өзінің табиғатына қарай жаңаны тез қабылдап оны ерекше сезінеді. Қызығушылығы мол, интелектуалды белсенділігі арта түседі. Сондықтан да балалардың қабілетін тек оқу үдерісінен шектемей, біздің ойымыз ша, сыныптан тыс жұмыстарға көбірек көңіл бөлген дұрыс.

Өз ойымызды тұжырымдай келе, бастауыш сынып алдындағы басты міндет – оқушыларды халқымыздың ұлттық игіліктері мен адамзат мәдени мұралардың сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу мен оқыту және оның дүниетанымының қалыптасуына жан-жақты мүмкіндік жасау.
Жоғарыда айтылғандар зерттеліп отырған мәселенің ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыда әлі де келесі мәселелердің шешімін табу керектігін дәлелдейді:

  • музыка негізінде бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру мүмкіншілігі мен олардың оқу-тәрбие үдерісінде жүйеленбегендігін;
  • тиімді әдістемемен қамтамасыз етілмеуін;
  • оларды іске асырудың дидактикалық негіздері жасалынбағандығы.

Оқыту үдерісінде музыка арқылы оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың ғылыми–педагогикалық және ғылыми әдістемелік жолдарын қарастыру, біздің зерттеу проблемаларымызды айқындап берді және оны «Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастыру» деп таңдауымызға себепші болды.
Зерттеу мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының музыка арқылы ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын теориялық тұрғыда негіздеу.
Зерттеудің нысаны – бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні – музыка арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық шарттары.
Зерттеу ғылыми болжамы: егер, бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері педагогикалық шарттар тұрғысында айқындалып, мазмұны мен әдістемесі жасалса, нәтижесі шығарылса, онда, музыка туындылары оқушылардың сезімталдығын ояту және шығармашылық қабілеттерін дамытуда оқу-тәрбие үдерісінде ұлттық мәдениет негізін қалайтын ұлттық дүниетанымды қалыптастырудың мүмкіндіктері артады.
Зерттеу міндеттері:

  1. бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;
  2. бастауыш сыныпта оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау;
  3. бастауыш сынып оқушыларының музыка арқылы ұлттық дүниетанымының қалыптастырудың педагогикалық шарттарын ұсыну;
  4. музыка арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастыру әдістерінің нәтижесін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, тарихи-этнографиялық, археологиялық, өнертану, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге, музыка мұраларына теориялық талдау жасау; бақылау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, озық тәжірибелерді зерделеу, жинақтау, қорыту, тәжірибелік-эксперемент жұмысының нәтижелерін математикалық өңдеуден өткізу.
Зерттеу базасы: Қаратал ауданындағыорта мектебі.
Зерттеудің негізгі кезеңдері.

Бірінші кезеңде (2008 – 2009 жылдар) зерттеу проблемасы бойынша жарық көрген философиялық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми- әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды; адамзат дүниетанымының қалыптасуы мен тарихи дамуы; қазақ халқының өнер құралдары арқылы дүниетанымдық көзқарастардың қалыптасуы туралы материалдар жинастырылып, теориялық тұрғыда талданды. Анықтау эксперименттерінің нәтижелері өңделді.
Екінші кезеңде (2009–2010 жылдар) зерттеу тақырыбы бойынша жиналған теориялық материалдарға талдау жалғастырылды Бастауыш сынып оқушылардың музыка арқылы дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталып, даярлаудың кезеңі бойынша жұмыстардың әдістемесі негізделді. Базалық мектептерде қалыптастыру эксперименті жүргізілді.

Үшінші кезеңде (2010–2011 жылдар) тәжірибелік-эксперимент жұмысы одан әрі жалғастырылып, зерттеу нәтижелері жинақталып, ғылыми жүйеге келтірілді. Ғылыми-әдістемелік қорытындылар жасалынды. Барлық кездерде жинақталған материалдар мен тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері сарапталынып, диплом жұмысы түрінде дайындалды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен мәнділігі:
- бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымының музыка арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды;
- бастауыш сынып оқушыларының музыка арқылы ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды;
- бастауыш сыныпта ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталды;
- бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың әдістемелік жүйесі ұсынылды;
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастыру жүйесінің процессуалдық аспектілері, оқу әрекеттері, оқу қызметі мен оқушылардың ақыл-ойын дамыту тәсілдері, әдістері (музыка сипаттарын талдау, ой түйіні әдісі, музыканы танып-білуге қатысты ұғымдарды қалыптастыру т.с.с.) ұсынылды;
- бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың педагогикалық шарттары ұсынылды;
- бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастыру әдістері берілді.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімнен тұрады.
Кіріспеде зерттеу мәселесінің көкейтестілігі мен маңызы негіз¬делген, жұмыстың мақсаты, нысанасы, пәні анықталған, зерттеудің міндеттері мен болжамы, әдіснамалық негізі, ғылыми жаңалығы, практикалық құндылығы сипатталып, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар, зерттеу нәтижесінің дәлелдігі, зерттеу нәтижелерінің тәжірибеге енгізілуі тұжырымдалды.
«Музыка арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың теориялық негіздері» деп аталатын бірінші тарауда зерттеудің теориялық негізі тұрғысында отандық, ресейлік және шетел ғалымдардың философиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулердегі ой-пікірлері талданып, негізгі тұжырымдары басшылыққа алынып, педагогикалық-психологиялық негізі анықталды, құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды.
«Музыка аркылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық шарттары» атты екінші тарауда ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың мазмұны, әдістері жасалынып, эксперименттік жұмыстардың нәтижелері баяндалады.
Қорытындыда зерттеу нәтижелері бойынша бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға қатысты қорытындылар мен ұсыныстар берілген.

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 10000 теңге
Kaspi Gold:
  1. Номер карты: 5169 4931 1873 7181
  2. Тел: +7 707 912 14 62
  3. ФИО: Мадина Кайратбеккызы
  4. Төлегеннен кейін, Мына форма арықылы хабарласыңыз:
Қысқаша шолу
Пән: Педагогика
Көлемі: 70 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу