Вы здесь

Электронды үкімет

21 апреля 2013 | 6203

Жоспар

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ
1. МЕМЛЕКЕТТI БАСҚАРУДЫ АҚПАРАТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСIН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

  1. Мемлекеттi басқару жүйесiндегi ақпарат ерекшелiктерi
  2. Мемлекеттi басқарудағы ақпарат жүйесiн дамыту мәселелерi
  3. Электрондық үкiметтi қалыптастыру ерекшелiктерi

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТI БАСҚАРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСIНIҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ
2.1. Қазiргi кезеңдегi әлемдiк ақпараттық технологиялардың даму жүйесi

  1. Қазақстан Республикасындағы Интернет нарығын талдау
  2. Қазақстанда ақпараттық тауар мен қызмет нарығын қалыптастыру

3. МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫН АҚПАРАТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСIН ЖЕТIЛДIРУ

  1. Ақпараттық жүйе-экономиканы басқару құралы ретінде
  2. Қазақстан Республикасына электронды үкiметтi дамыту бағыттары

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГIЛЕУЛЕР

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

Кіріспе

Соңғы жылдары есептеуiш техникалардың қарқынды дамуына байланысты мемлекеттi басқарудағы ақпараттық жүйенi қолдану заман талабы. Сондықтан ақпараттық жүйенiң дамуын қарастыру - мемлекеттi басқарудың аспаптық тәсiлi ретiнде өзектi мәселе болып отыр.

Қазақстандағы ақпараттық-техникалық қызмет нарығының қазiргi жағдайын дәлме-дәл анықталған дәрежеде олигополия деп атауға болады, бұл берiлген салада өндiрушiлердiң азғантай санымен сипатталады. Бұндай жағдайда өндiрiс нарығында бәсекелес-фирма әрекетiн болжауға, талдауға талпынуы мүмкiн; басқа өндiрушiлердiң бағытын және жағдайын ескермей бiр-бiрiмен келiсiмге келуi мүмкiн. Нарықтың мұндай күйi Қазақстандағы ақпараттық-техникалық қызмет нарығының әлi жас және даму үшiн келешегiнiң мол екенiн көрсетедi.
Бүгiнде барлық орталық ақпараттандыру саласында және адамзаттың қызмет саласында ғылым мен техниканың қазiргi жетiстiктерiнсiз, телекоммуникацияның қазiргi құралдарынсыз және жаңа ақпараттық технологиясыз қоғамның дамуы мүмкiн емес.

Кеңес үкiметi жылдарындағы ақпараттандыруда тек қана КСРО (соның iшiнде Қазақстанда да) қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн салалар мен орталықтарға, ең алдымен қорғаныс және космос салаларына берiлдi. Халық шаруашылығының қалған салалары әлемдiк үлгiден ерекшеленетiн отандық өндiрiстiк телекоммуникация және байланыстың дәстүрлi құралдарымен жабдықталды. Көп нәрседен артта қалушылық Батыс пен Шығыс арасындағы "темiр жолқыш" әрекетiнiң әсерiнен болды.
Сондай-ақ, қоғамда орталықтанған саяси басқарудың қатал жағдайы және халық шаруашылығын экономикалық басқару басылып қалған ақпарат ағымының одан әрi жоғалуына, ақпараттық инфрақұрылымының орталықта "тұйықталып қалуына" әкелдi.

Одақ ыдырағаннан кейiн пайда болған жаңа тәуелсiз мемлекеттер кадр, технология, қаржы мәселелерiне қатысты өзiндiк ақпарат кеңiстiгiн құруда өткiр мұқтаждықтармен кездестi.
Қазақстан да осы орайда, қиын жағдайға тап болды. Бiр жағынан, Қазақстан құрылғаннан бастап ұзақ жылдар бойы Ресей Федерациясымен терең экономикалық интеграцияда болуынан және Одақтың басқа республикаларымен жалпы одақтық еңбек бөлiнiсiнiң орнауынан, екiншi жағынан - алып территориядағы өз аудандары арасында көлiк қатынасының және ақпараттық қамтамасыз етiлудiң нашарлауынан.

Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң алғашқы жылдары қиын экономикалық дағдарыспен сипатталады: ұзаққа созылған құлдырау кезiндегi экономикалық байланыстың үзiлуi экономиканың нақты бөлiмi болып табылды. Құнсызданудың күшеюi және бюджет тапшылығының төменгi дәрежеге жетуi халық тұрмысын нашарлатты. Мұндай жағдайда экономиканы басқарудың ақпараттық жүйесiн дамыту мәселелерiне аса көңiл аударылмады.

Тек соңғы жылдары экономикалық реформаның жүзеге асуы нәтижесiнде экономиканың бiрте-бiрте көтерiлiп, тұрақтауына әкелдi.
Телекоммуникация және байланыс, көiлк инфрақұрылымының дамуы үшiн сыртқы және iшкi қорлар пайда болды. Елдiң ақпараттық қауiпсiздiгi туралы шараларды өңдеу, бiрыңғай ақпараттық кеңiсiтктi құру жайындағы үкiмет шешiмдерi жүзеге асырыла бастады. Бiрақ мұның бәрi ұйымдастыру ретiндегi шаралар болып табылады, ал тәжiрибе жүзiнде жүзеге асыру үдерiстерi ендi басталуда, сондықтан да бұл салада шешiлмеген мәселелер көп.

Атап айтқанда, экономиканың жеке салаларын ақпараттандыруға бағытталған тар көлемдегi iс-әрекеттер мемлекеттi басқарудың ақпараттық жүйесiнiң (МБАЖ) дамуын толықтай қамтамасыз ете алмайды. Бұл мәселенi кешендi түрде дамыту қажет.

Бүгiнде ең бастысы-дамудың нарықтық жағдайында маңызды болып есептелетiн, ақпараттық технологиялық және техникалық құралдардың ұсынысы мен сұраным негiзiнде мемлекеттi басқарудың ақпараттық жүйесiнiң қажеттi көлемiн болжайтын және ғылыми-әдiстемелiк негiзде талдайтын құралдар тәжiрибе түрiнде пайдалынылмаған.
Мемлекеттi басқарудың ақпараттық жүйесiн реформалаудағы шың қажеттiлiк пен маңызды мұқтаждық, олардың қалпын халықаралық үлгiге сәйкестендiру және нарықтық жағдайда шаруашылықтандыру дипломдық тақырыбын таңдауға, оның мақсатын, мiндетiн және бағытын зерттеуге негiзделдi.

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 3000 теңге
Kaspi Gold:
  1. Номер карты: 5169 4931 1873 7181
  2. Тел: +7 707 912 14 62
  3. ФИО: Мадина Кайратбеккызы
  4. Төлегеннен кейін, Мына форма арықылы хабарласыңыз:
Қысқаша шолу
Пән: Информатика
Көлемі: 77 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу