Вы здесь

Үлгерімі төмен балалар зейіні

09 мая 2013 | 16958

Жоспар

КІРІСПЕ
1 . ЗЕЙІННІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Таным процестеріндегі зейін болмысы туралы негізгі көзқарастар
1.2 Зейін адам тұлғалығының ерекше феномені ретінде
1.3 Зейіннің негізгі қасиеттері және жас ерекшеліктеріне байланысты дамуы
1.4 Үлгерімі төмен орта сынып оқушыларының зейінін көрнекілік құралдар арқылы арттыруда селекция модельдерінің маңызы
2. ЗЕЙІН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ОҚУ ҮЛГЕРІМІНЕ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ
2.1 Үлгерімі төмен жеткіншектердің зейін қасиеттерін түрлі әдістермен анықтау
2.2 Үлгерімі төмен балалардың зейін қасиеттерін түзету қалыптастыру жұмыстары
2.3 Зерттеу нәтижелерін талдау
3. МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕЙІН ҚАСИЕТТЕРІН ПСИХОДИАГНОСТИКАЛАУ
3.1 Көрнекілік құралдарды пайдалану арқылы үлгерімі төмен жеткіншектердің зейін қасиеттері көрсеткіштерін анықтау
3.2 Мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде орта сынып оқушыларының зейінін тәрбиелеу және дамыту мүмкіндіктері
3.3 Үлгерімі төмен оқушылар зейін ерекшеліктерінің қалыптасуын салыстырмалы түрде эксперименттік зерттеу және психологиялық қызмет арқылы оқу іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру негізінде зейін қасиеттерін дамыту
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде зейін өзінің субъективті және объективті көріністерімен адамның психикалық іс-әрекетінің жүйелілігін талап етеді. Жүйелі психикалық іс-әрекеттің кез келген түрі: белсенді қабылдау, терең ойлау, естегі бейнеге шоғырлану немесе күрделі қозғалыстарды сапалы орындау - зейіннің қызметіне тәуелді. Зейін психологиядағы сана және ерік-жігер сынды іргелі ұғымдармен тығыз байланысты. Бүгінге дейін мектеп оқушыларындағы зейін психологиясының теориялық негіздері толық ашылмай, әсіресе эксперименталды зерттеулер қолданбалы дәрежеде жеткілікті қалыптаспаған. Сонымен қатар зейін психологиясында көптеген жетістіктерге қарамастан қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтар баршылық. Зейін психологиясына қатысты көптеген шешімін таппаған күрделі мәселелер де жеткілікті. Сол себепті зейін мәселесінің тағдыры мен оны шешу - психология ғылымының өзекті тақырыптарының бірі.

Педагогикалық психология ғылымының басқа гуманитарлық ғылымдардан айырмашылығы, әлеуметке міндетті түрде пайдалы болу және тұлғаның мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталуы тиіс. Мұнда негізгі міндет білім жүйесіндегі психологиялық зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негіздерін қамтитын білімдерді кешенді жүйемен қалыптастырып іс жүзінде нақты мәселелерді шешудің жолдарын көрсету маңызды. Қазіргі кезде білім саласындағы талаптардың бірі танымдық іс-әрекет үрдісін тұлғаға бағдарлай оқыту тұжырымдамасын басшылыққа алуда.

Мектептің оқу-тәрбие үдерісінде көрнекі құралдар арқылы оқушылардың зейінін арттыру жұмыстарын ғылыми зерттеулердің негізінде ұйымдастыру қажеттілігі жетекші орында. Зерттеу жұмысы осы бағытта орындалып мектептің оқу тәрбие үдерісінде үлгерімі төмен оқушылардың зейін қасиеттерін қажетті деңгейге дамыту механизмін ашу мақсатында жүргізілуімен өзекті.

Зерттеу тақырыбының маңыздылығы оқушылардың іс-әрекетінің нәтижелілігі зейін қасиеттеріне тікелей тәуелді деген қағиданы эксперименталды анықтаумен және зейіннің қолданбалы бағыттары түрлі мамандардың: психологтардың, педагогтардың, дәрігерлердің, заңгерлердің, техникалық жүйе операторларының, актерлардың т.с.с. күнделікті қажеттілігінен туындайтынымен бекітіледі.

Зерттеу мәселесіне қатысты ғылыми еңбектердегі теориялар мен тұжырымдар тарихи тұрғыдан кешенді жүйені құрастыруды талап етеді. Кешенді жүйелік бағыт бүгінгі педагогикалық психологияда зейін мәселесін зерттеуде нақты қолданысқа ие болуы тиіс. Зейіннің қасиеттерін оқытудың түрлі көрнекі құралдары арқылы арттыру контексінде кешенді жүйемен және іс-әрекеттік қатынас әдіснама негізінде зерттеу мен дамыту оны теориялық-эксперименталды аумақта түсініп игеруге мүмкіндік тудырады.

Зерттеу мақсаты: Үлгерімі төмен балаларды оқытуды тиімді ұйымдастыруда зерделеу жұмыстары арқылы зейінділікті және зейін қасиеттерін қалыптастыру. Оқушылардың зейін қасиеттерін дамыту үрдісінің динамикасын психологиялық теорияларды басшылыққа ала отырып, мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде кешенді жүйемен арттыру жолдарын қарастыру.
Зерттеу нысаны – оқу үлгерімі төмен балалардың зейінін арттыру үрдісі мен орта сынып оқушылары іс-әрекетінде зейін қасиеттерін дамыту.
Зерттеу пәні – оқыту жүйесін тиімді ұйымдастыруда оқушылар зейінін психологиялық зерттеу тәсілдері мен бала зейінінің тұрақтылығы, шоғырлануы, көлемі, ауысуы, бөлінуі, тұлғаға-бағдарлай оқыту тұжырымдамасы.

Зерттеу болжамы: Егер оқыту жүйесінде үлгерімі төмен оқушылар зейінін дұрыс ұйымдастыру және қалыптастыру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілсе, онда сана – сезімнің жетілуіне, жүйке жүйесінің типтік ерекшеліктерін дамытуға, ақыл-ой қызметінің белсенділігіне, жеке тұлғалық қасиеттердің толысуына қол жеткізуге болады
Зерттеудің міндеттері:

  1. Отандық және шетел зерттеулеріндегі зейіннің психофизиологиялық, психологиялық теорияларын талдауда зейіннің анықтамасының, түрлерінің, қасиеттерінің психологиялық мазмұнын қазіргі психологиядағы ғылыми тұжырымдарын ескере жаңаша өңдеу.
  2. Оқушыларда зейін қасиеттерін дамытудың теориялық-әдіснамалық мазмұнын ашып, қолданбалы мүмкіндіктерін зерттеу. Зейін қасиеттерін (тұрақтылығын, шоғырлануын, ауысуын, бөлінуін, көлемін) тұлғаға-бағдарлай оқыту және оқушыларға көрнекілік құралдарды пайдалана отырып зейін деңгейін анықтау контексінде эксперименталды зерттеу. Зейін қасиеттерін дамытуға негізделген іс-әрекет үрдісін тиімді ұйымдастыру жолдарын сараптау.
  3. Орта сынып оқушыларының зейінін қалыптастыру және дамыту барысында туындайтын қиындықтарды сараптау мен оларды шешу мүмкіндіктерін зерттеу. Зейін қасиеттерін зерттеудегі әдістемелерді талдау негізінде зерттеудің кешенді жүйесін қалыптастыру.
  4. Психологиялық қызмет атқару жүйесіне, зейін қасиеттерін жетілдіруге бағдарланған психологиялық көмекті ұйымдастырудың сынақтан өткізіліп мақұлданған ғылыми-әдістемелік жүйесін ұсыну.

Зерттеудің теориялық маңызы:

  1. Зейін психологиясы бүкіл әлемдік зерттеулердің нәтижелері негізінде кешенді қарастырылып, психологияның жетістіктеріне қажетсінетіндердің іргелі және қолданбалы білімдерін дамытуға мүмкіндік жасалды.
  2. Зерттеу мақсатын теориялық талдау арқылы алғаш рет зейін ұғымының анықтамасы психология ғылымының қазіргі пәніне сәйкес өңделді.
  3. Жұмыста алғаш рет зейіннің түрлері мен қасиеттерінің теориялық сипаттары толықгырылып өңделген мазмұн кең ауқымды бүтіндік жүйе ретінде ұсынылды.
  4. Алғаш рет зейін тұлғаның когнитивтік үрдісі және даралык қасиеті ретінде қарастырыла отырып, түрлі көрнекілік құралдарды пайдалану оқытудың әдіснамалық тұрғысынан зерттеліп зейін психологиясының теориясына үлес қосылды.
  5. Педагогикалық іс-әрекетте зейін қасиеттерінің рөлі мен міндеттерінің мазмұны көрнекілік құралдарды пайдалану арқылы артатындығы алғаш рет теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тұтастық принципін басшылыққа ала талданды.
  6. Психологиялық қызметтің даму тарихы мен қазіргі жайы алғаш рет зейін қасиеттерін зерттеуде психологтарға, педагогтарға тікелей көмек беру мүмкіндіктерін ескере, жұмыста құрылымдық мазмұны психологиялық қызметті іске асыру механизмімен ашылды.

Зерттеудің әдістемелік маңызы: Зейін қасиеттерінің арту деңгейін анықтайтын әдістемелер(оқытудың түрлі көрнекілік құралдары) сарапталып бейімделген және модификацияланған түрде эксперименталды зерттеулер жүргізу негізінде статистикалық және сапалық көрсеткіштер талданды. Іс-әрекет барысында жетекші рөл атқаратын зейін қасиеттерін зерттеу арқылы тұлғаның(оқушының) жұмысқа қабілеттілігі зерттелді.
Оқушылардың зейінін басқару мен ұйымдастыру мүмкіндіктері туралы байқау және әңгімелесу әдістемелерінің көмегімен кешенді жүйелі қорытындылар жасалды.
Мектептегі педагогикалық іс-әрекеттің зейінге тәуелді ерекшеліктері қойылған мақсатқа сәйкес салыстырмалы түрде талданды.

Бейімделген және модификацияланған әдістемелер жүйесі психологиялық қызметгі ұйымдастыруда және болашақ психолог, педагог мамандарды дайындауда қолдану мүмкіндіктері ашылды.

Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі мен сенімділігі зерттеу нысаны мен пәнінің теориялық, әдіснамалық, әдістемелік тұтастығы тұрғысынан кешенді жүйені құрап, зерттеу мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әдістемелер жиынтығы қолданумен, эксперименталды зерттеулердің нәтижелерінде алынған мәліметтердің беріктілігі мен сенімділігін тексеруде екінші реттегі математикалық статистикалық (тәжірибелік және теориялық бөлінуді салыстыру мен екі эмпирикалық бөлінуді салыстыруда χ2 - Пирсон критерийі, λ - Колмогоров-Смирнов критерийі және өзгерістердің сәйкестілік дәрежесін анықтайтын r5 - Спирменнің сатылық корреляция коэффициенті) өңдеу әдістерін қолданумен қамтамасыздандырылды.

Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік материалдар мен әдебиеттердегі зейін туралы ғылыми деректерді кешенді жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау модельдері, эксперименталды-диагностикалау әдістемелері, француз психологы Б. Бурдонның «Корректуралық сынақ» әдістемесі, Б.У. Найссердің таңдамалы көру әдістемесі, зейіннің бөлінуін зерттеуге талап қоятын әдістеме, Шультенің «Іздеу әдістемесі», «Алдын ала бағытталу» әдістемесі, «Көз қозғалысын тіркейтін» әдістеме, «Шатасқан сызықтар» әдістемесі, «Қызыл-қара кесте» әдістемесі, «Сандарды орнықтыру» әдістемесі, «Мюнсгерберг-Дворяшинаның» бейімделген әдістемесі, байқау және әңгімелесу әдістері педагогикалық тәжірибені сараптауда іске асырылды.

Зерттеудің әдіснамалық мәні: Оқу үлгерімі төмен оқушыларда зейін қасиеттерін және зейінділікті қалыптастыру арқылы оқу әрекетіне деген қызығушылық пен белсенділікті дамытуға бағытталған әдістемелерді іс-тәжірибелік тұрғыда қолданысқа енгізу.
Зейін теориялары кешенді жүйе негізінде талданып, Қазақстандағы психологияға қатысты мамандарының зейін психологиясы аумағындағы іргелі және қолданбалы білімдерін интеграциялы әдіснамалық негізде дамыту мүмкіндіктері зерттеліп іске асты.

Біріншіден, бізге дейінгі ұсынылған зейін ұғымының анықтамалары салыстырмалы талданып, психологияның бүгінгі жетістігінің негізінде айқындалған пәнін ескере зейіннің толықтырылып өңделген анықтамасы ұсынылды.
Екіншіден, зейіннің түрлері мен қасиеттерін, көрнекі құралдар арқылы орта сынып оқушыларының зейінінің шоғырлануын зерттеу барысынан туындаған сараптау кестесі оқу-әдістемелік жүйесінің бағдарламасына бейімделіп құрастырылды.

Үшіншіден, психологиялық қызмет тәжірибесінде орын алған әдіснамасы жұмыста бейімделіп және модификацияланып құрастырылған эксперименталды әдістемелердің мазмұны негізінде келесі зерттеулерге жағдай тудырды:

  • зейін қасиеттерінің даму үрдісінің деңгейін диагностикалау негізінде сыналушының даралық іс-әрекетінің мүмкіндіктеріне бағдарлануды ұйымдастыру іске асты;
  • зейін қасиеттерін когнитивтік үрдіс және тұлғаның қасиеті ретінде

интегративті әдіснама негізінде қарастыру психология ғылымында алғаш рет орын алды;
-зейіннің мектеп оқушылары іс-әрекетінде жетекші рөл атқаратын процесс ретінде ескере отырып оқытудың түрлі көрнекілік құралдар әдістері арқылы оның нәтижесін баланың қабілеттілігінің деңгейінің көрсеткіші ретінде бірінші рет қолданылды.

Төртіншіден, зейіннің атқаратын функциялары мен тұлға қасиеттерінің көрсеткіштері арасындағы тәуелділіктер эксперименталды әдістемелер негізінде кешенді жүйемен зерттелді.
Зерттеудің теориялық мәні: Зейінді зерттеуге арналған үш ірі классикалық бағыттарын: сана психологиясын, іс-әрекет психологиясын, когнитивтік психологияны теориялық-әдіснамалық және эксперименталдық тұрғыдан талдау құрайды. Зейіннің феноменологиясы, түрлері мен қасиеттері С.В. Кравковтың, С.Л. Рубинштейннің, Р. Вудвортстың, Н.Лангенің зейінге арналған еңбектерінен, оларға қосымша С.Л. Франктің, А.Ф. Лазурскийдің және Л.С. Выготскийдің рухани өмірдің үрдістерін, адамның даралық ерекшеліктерін және педагогикалық міндеттерді зерттеген еңбектері негізінде танылады.

Біріншіден, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында сана психологиясының классиктері В. Вундт, Э. Титченер, У. Джемс, Т. Рибо, Н.Ланге зерттеулерін зейіннің теориялық және эксперименталды мәселелеріне зейінді зерттеудің жалпы стратегиясына дәнекер болғанын, Э.Титченер вундттық психологияны қолдап зейінді сана деңгейімен ұштастыра, сонымен қатар зейіннің түрлерінің генетикалық ара қатынасын көрсеткенін және санаға функционалдық көзқараспен, ырықты зейіннің шешетін арнайы міндеттерін ашқан. Джемстің теориялық-ақпараттық пікірі бүгінде жалғасын тапқан, зейіннің таңдамалығы (селективтілігі) туралы жетекші идеясы қазіргі зерттеушілердің сүйенетін инварианттық тірегіне айналған.

Екіншіден, зейіннің бейімделуі мен моторлық механизмін ескеруіне байланысты, алғаш рет зейіннің әлеуметтік болмысы мен зейіннің бұзылуының жоғары түрлерінің сарапталған жүйесін Т. Рибо ұсынды. Зейінді түсіндіруде Н. Лангенің "Психологиялық зерттеулер. Перцепциялар заңы. Ырықты зейін теориясы", "Зейін" еңбектерінде сол кезеңдегі көптеген психологтардың назарын аударды. Зейін мәселесіне гештальтпсихология өкілдерінің көзқарастары Э. Рубиннің, К. Коффканың зерттеулерінде орын алған. Сол гештальтпсихология аумағында В. Кёлер және П. Адамс еңбектерінде де зейін мәселелері терең талданған. Француз зерттеушісі М.Мерло-Понтиде зейін мәселесін қарастыруда осы гештальтпсихология бағытына жүгінген. Француз психологы Г. Рево д'Аллон зейінді тиімді ұйымдастырудың ерекше мәнін көрсетіп, осы үрдіс барысында белгінің (символдың) рөлін анықтауға әрекеттеніп Л.С. Выготскийдің «интеллект және аффект» идеясына жақындаған. Д. Узнадзенің еңбектерінде зейіннің тұжырымы нұсқа (бейім бағдар) теориясының аумағында берілген. Н.Добрынин, П. Гальперин, Ю. Гиппенрейтер, В. Романов және Ю.Дормашевтардың еңбектерінде зейін іс-әрекеттік бағытында, дәлірек айтқанда А.Н. Леонтьевтің іс-әрекеттің психологиялық теориясын басшылыққа ала қарастырылған.

Үшіншіден, когнитивтік психологияның өкілдері К. Черри, Д. Бродбент, Р. Солсо, У. Найссер зейін теориясының дамуына айтарлықтай үлестерін қосты. Адамның өмірі мен танымдық іс-әрекетіндегі зейіннің орнын, әйгілі адвокат А. Кони өзінің кәсіби тәжірибесіне сүйене, куәлар зейіндерінің ерекшеліктерін талдаған. Актерлар зейінінің динамикасы К. Станиславский, А. Чеховтың шығармашылық бағдарларында орын алған. Спорттық іс-әрекетті ұйымдастыруда зейіннің мәні Р. Найдиффер, Н. Цзен және Ю.Пахомовалардың еңбектерінде жетекші орында. Қарым-қатынас үрдісіндегі зейінділікке И. Атватердің еңбектері арналған. А.Ф. Лазурский түрлі психологиялық теорияларды шолуда зейіннің өзектілігін келесі сөздермен айқындаған: "Егер, адам өміріндегі барлық қарама-қайшылықтар, зейін үрдісі деп аталатын күрделі құбылысты түсіндіруге тікелей қатысты десек, біз қателеспейміз. Зейінді сипаттауда, біз әрдайым оның жеке бір қасиетіне сүйенеміз. Түсінбеушіліктер, тек қана сол қасиеттердің қайсылары басты, қайсылары жанама деген сұрақтардан туындайды". Зейінді дүниетанымдық және этикалық аумақта жоғары бағалануын көптеген авторлар еңбектерінен байқауға болады.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Зерттеу нәтижесінде алынған кешенді жүйелік бағдар, тұлғаға бағдарлай оқыту тұжырымын мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне орнықтыруда психологтарға, педагогтарға және педагогикалық іс-әрекетке дайындап жатқан болашақ мамандардың зейін психологиясына қатысты іргелі және қолданбалы психологиялық білімдерін тереңдетуде қолданылады. Сонымен қатар зерттеу нәтижесін студенттер мен магистранттар педагогикалық практикада және психологиялық қызмет атқаратын мамандар ғылыми-әдістемелік нұсқа ретінде пайдаланады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

1. Зейіннің психологиялық және психофизиологиялық теорияларын тұтастық даму принципі негізінде зерттеу жұмыстың теориялық-әдіснамалық бағытын интегративті ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
2. Зейін ұғымының анықтамасын психология ғылымындағы зерттеулердегі және оқулықтардағы зейінді арттыруға арналған материалдарды(оқытудың түрлі көрнекілік құралдарын) салыстырмалы талдау негізінде ғылымның бүгінгі талаптарына сәйкес жаңаша оқыту әдістері қалыптастырылады.
3. Зейіннің қасиеттерін психикалық үрдіс және тұлғалық қасиет ретінде зерттеу интегративті әдіснамалық кешенді жүйелік принципті ұстану негізінде іске асырылады.
4. Зейін қасиеттерін модификацияланған әдістерді қолданып эксперименталды зерттеу тұлғаға бағдарлай оқыту тұжырымын тәжірибелік тұрғыдан іске асыруға мүмкіндік береді:

  • оқу бағдарламасының мазмұнын жекелік ерекшеліктерді ескере дайындауға;
  • жекелік ерекшеліктерді сатылы кезеңдермен дамытуға;

-дидактикалық-коммуникативтік жүйелерді тұлғалық ерекшеліктерді есепке ала ұйымдастыруға.
5. Жоғары сынып оқушылар мен орта сынып оқушылары зейіндерінің даму деңгейін анықтау оқу іс-әрекетін тиімді ұйымдастырудың түрлерін қолдануда мұғалімдердің, оқытушылардың әдістемелік тәжірибелерін дамыту мотивациясын іске асырады.
6.Тұлғаның зейінділігі іс-әрекеттің кез келген түрінде жетекші орын алғанда психологиялық жағымды шырай және мәдениеттілік тұлғааралық қатынаста орнығып нәтижелі көрсеткіштерге ие болады.
7. Зейін қасиеттерін эксперименталды зерттеу болашақ психологтар мен педагогтардың теориялық, ғылыми-әдістемелік шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастырып тұлғалық қасиеттерін дамытуға септігін тигізеді.
Зерттеудің негізгі жорамалы.

Зейін қасиеттерінің даму деңгейлерін анықтау негізінде психологиялық шарттар белгіленсе, тұлға іс-әрекетін ұйымдастыруын, өзін бақылауын, басқаруын тиімді жетілдіруге мүмкіндік алады.
Жеке жорамалдар:

  • -зейіннің психологиялық теорияларын зерттеу зейін феноменін терең түсінуге мүмкіндік береді;
  • -зейін қасиеттерін зерттеудің теориялық-әдіснамалық бағытын анықтау танымдық іс-әрекетке интегративті кешенді жүйені іске асыруға ықпал етеді;
  • -зейін қасиеттерінің деңгейін анықтау негізінде жетекші іс-әрекетті талапқа сәйкес ұйымдастыруға мүмкіндік туады;
  • -зейін қасиеттерін дамыту негізінде оқу-тәрбие үдерісінде көрнекілік құралдар арқылы оқшылардың жағымды қасиеттерін қалыптастыру психологиялық көмекті тиімді ұйымдастыруды қажет етеді.

Зерттеу кезеңдері:

  1. Бірінші кезеңде ғылыми-теориялық, психологиялық - педагогикалық әдебиеттер тізімі құрастырылып, жинақталған материалдар бір жүйеге келтіріліп, ғылыми аппарат жасау іске асырылды
  2. Екінші кезеңде тәжірибелік – эксперименттік іс – шаралар мазмұны ойластырылып, оларды жүргізудің әдіс-тәсілдерді сараланды.
  3. Үшінші кезеңде зерттеу материалдары іріктеліп, жұмыс нәтижелері реттелді.

Диплом жұмысының құрылымы.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, суреттерден (диаграммалар, гистограммалар, графиктер), кестелерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 3000 теңге
QIWI терминалы арқылы төлеу:
  1. Экранда «Оплата услуг» бөлімін таңдау:
  2. «Электронная коммерция» бөлеміне кіру:
  3. "QIWI Кошелек" таңдау:
  4. "QIWI Кошелек" нөмерін теру:
    +7 707 855 00 01
  5. Чекті алу
  6. Төлегеннен кейін Чектің номерін форма арқылы жіберіңіз
Қысқаша шолу
Пән: Психология
Көлемі: 70 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу